11.5. SWOT және GAP талдауларын жүргізу әдістемелері
SWОТ-талдауының (ағылшын сөздерiнiң бастапқы әрiптерi: stгеngths - күштi жақтар, weaknesses - әлсiз жақтар, оppоrtunities - мүмкiндiктер, threads - қауiптер) немесе TOWS- талдауының мақсаты - фирманың бесекелестерiне қарағандағы күштi және әлсiз жақтарын, сонымен қaтap опың қызметiне әсер eтeтiн сыртқы факторларды анықтау. Бұл талдау компания жағдайын анықтап, мүмкiндiктерiн арттыру үшiн төнген қауiптер мен әлсiздiктердi азайтып, қандай бағытта жұмыс iстey керектігін анықтайды. SWOT талдаудың қарапайым түpi 32-суретте көрсетiлген.
32-сурет
SWOT – талдау
Сыртқы Ішкі
|
Күшті жақтар Әлсіз жақтар
Ішкі элементтер сатып алушыларға байланысты қарастырылады. Олар шектеліп, қысқартылуы керек.
|
Мүмкіндіктер Қауіптер
Сыртқы элементтерге ортаның әр түрлі салаларына байланысты факторлар жатады: олар – заң, саясат, мемлекеттік реттеу, қоғам, экономика, технология.
|
Маркетингтi жоспарлау тәжiрибесiнде толық жүргізілмеген талдау немесе менеджерлердiң субъективтi ойларының тiзбегi жиi кездеседi. Барлық ұсыныстар маркетингтік зерттеулердiң объективтi мәлiметтерi және фактiлерiмен негiзделген болуы тиiс. Кей кезде компаниялар жалпы талдау жүргiзедi, ал ондай жалпылама сипаттама нарықтағы нақты жағдайларды ашып көрсетпейдi. Мұндай қателiктер болмау үшiн мына ережелердi caқтay қажет:
1. SWOТ- талдау фокусты түрде жүргiзiлуi керек, мысалы, жеке бiр аймақ, нақты сегмент немесе өнiм бойынша.
2. Фирманың күштi және әлсiз жақтарын олардың жағдайы мен қызметтерiн бәсекелестермен салыстыру негiзiнде анықтау керек.
3. Ақпарат объективтi, нақты және қысқаша болуы қажет. Екiұдай, керексiз мәлiметтер болмауы тиiс.
4. Фирманың күштi және әлсiз жақтарын, мүмкiндiктері мен қауiптерiн нақтылай анықтау қажет. Күштi және әлсіз жақтар - бұл компанияның iшкi сипаттамаларына, мүмкіндіктер мен қауiптер - нарық ортасының сипаттамаларына байланысты, компания оны бaқылай алмайды.
5. Фирманың, күштi немесе әлсiз жақтарын тек тұтынушылар анықтайды, олар маңыздылығына байланысты тiзбектеледі.
6. Талдау фирма мамандарының, пікіp алмасуы арқылы жасалса, объективтi болады, сондықтан талдауды бiр адамға жүктeyгe болмайды.
SWOT-талдаудың әрбiр элементi сатып алушының қабылдауына байланысты қауіптi және әлсiз жақтары болуы мүмкін. Фирманың күштi және әлсiз жақтарының тiзiмiн құру кезiнде қызметтiң мынадай аумақтары қарастырылады:
1. Маркетинг (4Р, маркетингтiк ақпарат, персонал, қызмет ету, сатып алушыларға қызмет көрсету);
Достарыңызбен бөлісу: |