Марзуова М. Е. «Жер кадастры» пәнінен практикалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұСҚау ш ымке нт, 2023


Студенттердің сабақ дайындығына арналған ұсыныстар



бет9/18
Дата24.02.2024
өлшемі123.41 Kb.
#493119
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
CrJLvZpYpLqpAwV6Ouz3PHKDWSbT6z8hjRCRfg4Z 4

Студенттердің сабақ дайындығына арналған ұсыныстар
Студент практикалық сабаққа дайын болуы шарт. Практикалық сабаққа дайындық дәрістер жинағы, оқулықтар мен оқу құралдары көмегімен жүзеге асады.
Практикалық сабақта студенттер гидротехникалық құрылымның жер асты элементі – бөгет жайында мағлұмат жинайды, сонымен қатар бөгетті жобалау есептерін жүргізеді.
Практикалық сабақта студенттер орындау керек:
- алдын - ала берілген нормативтер арқылы бөгеттің элементтерінің өлшемдерін қабылдаймыз;
- белгіленген өлшемдер бойынша масштабпен бөгеттің бойлық қимасын тұрғызамыз;
- бөгеттің жер асты контурының жазылған ұзындығын анықтаймыз;
- бөгеттің ұзындығын қажетті мәнін анықтаймыз;
- мен L0 салыстырамыз;
Бақылау сұрақтары:
1 Жоспарлы-картографиялық материалдар және оларды алу көздері.
2 Жер кадастрының қазіргі заманғы ақпараттар алу әдістері.
3 Статистикалық бақалаудың негізгі түрлері және әдістері.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1993 жыл, 23 қаңтар.
2 Қазақстан Республикасының Жер кодексі. - Алматы: Жеті жарғы, 2003.- 256 б.
3 Дегтярев Н.В. Земельный кадастр – М., «Колос», 2009, 464 с.
5 Практикалық сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған көпмақсатты ақпараттық жүйесін қалыптастыру


Практикалық сабақты өткiзу формасы: семинар
Қысқаша теориялық мәліметтер
Жер қойнауында адамның тіршілік әрекетіне қажетті байлықтың аса маңызды қоры жинақталған. Қазақстан Республикасы жер ресурстарын қорғауға, жердің құнарлығын көтеруге және нысаналы мақсатына байланысты пайдалануына көп көңіл бөледі. Жер кодексінде жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін мемлекеттік жер кадастры жүргізіледі деп көрсетілген. Кадастр бір жүйеде жүргізіледі. Жер кадастрын енгізу, құжаттардың формасы мен мазмұны, кадастрлық мәліметтерді жаңарту және оны бекітуді Қазақстан Республикасы Үкіметі жүзеге асырады. Мемлекеттік жер кадастры, Қазақстан Республикасы жерлерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, орналасқан орны, нысаналы пайдалануы, ауданы мен шекарасы, сапалық жағдайы, жер пайдалануды есепке алу мен жер учаскелерін бағалау туралы және т.б. мәліметтерден тұрады. Мемлекеттік жер кадастры мәліметтері жер пайдалануды жобалау мен қорғауда, жерге орналастыру және жермен байланысты жұмыстар жүргізілгенде, жер учаскесіне төленетін төлемдерді анықтау кезінде негіз болып табылады. Жер кадастры барысында суретке түсірулер мен тексерулер, жер кадастрын жүзеге асыру процесінде еліміздің біріңғай жер қорының құқықтық жайын, табиғи және шарушылық жағдайларын, жер пайдаланулардың әртүрлі ақпараттарын пайдаланады, осыларды үйренеді және талдайды. Бұл ақпараттардың дұрыстығы оны алу тәсілдеріне байланысты. Бұл мақсаттар үшін халық шаруашылығы есебіне белгілі амалдар, сондай-ақ жер кадастрына тән және бірінші кезекте графикалық ерекше тәсілдер қолданылады. Соңғысы дұрыс ақпараттар алуға негіз болады. Жер кадасты объектісі ретінде бәрінен бұрын кеңістік өлшемдер және түрлі жағдайлар сипатталады. Республика аймақтарының климаттық, топырақтық және экономикалық жағдайлары мен олардың жерлерін пайдалану сипаты әр түрлі болғандықтан, облыстар мен жалпы республикада жер кадастрын жүргізудің ең бір маңызды міндеті- ауылшаруашылық өндірісінің табиғи-экономикалық аймақтары және әкімшілік аудандары бойынша жағдайларын, даму ерекшелікетерін анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтерді алу болып табылады. Жер ресурстарын басқаруды қамтамасыз ететін міндеттерді тиімді, уақытылы және сапалы түрде жүзеге асыру үшін жер кадастры жерді үйлестіру, жер мониторингі, топографиялық-геодезиялық, топырақтық, геоботаникалық, гидрогеологиялық және басқа ізденістер бойынша көп көлемде ақпаратты тез іздеу мен пайдалануда көптеген қосымша мақсаттарды шешу қажет. Осы ақпаратты іздеу, сақтау және пайдалану қазіргі еептеуіш және телекоммуникациялық желілерсіз, яғни бір сөзбен айтқанда жаңа технологиялардың кмегіне жүгінбеу мүмкін емес. Сондықтан республикамызда қазір де белсенді түрде қалыптасып жатқан жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (ЖКААЖ) өзегі болып келетін жер ресурстарын басқарудың бірыңғай ақпаратты- есептеуіш жүйесін құрудың қажеттілігі туындап және ол қалыптасқан жүйе қарқынды дамуда. ЖКААЖ құрудың негізгі мақсаты жер ресурстарын басқарудың барлық ауқымын жоғарғы өнімді компьютерлік технологияларды пайдаланып, жер кадастрын жүргізудің түбегейлі жаңа тәсілдері мен түрлеріне көшу болып табылады. Ол тиісті мәліметтер базаларында жер ресурстары туралы ақпаратты жинайды, сақтайды. Оларды барлық деңгейдегі кәсіпорындар, қызметтер, тиісті министрліктер және ведомстволар пайдаланады. Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи, шаруашылық жағдайы, орналасқан жері, жер учаскесінің шекарасы мен көлемі, оның сапалық жағдайы, жер учаскесін есепке алу мен бағалау, өзге де қажетті мәліметтер жүйесін құрайды. Жер кадастрындағы жер учаскелері мен жер ресурсының мүмкіндігі туралы ақпараттар жер ресурсын тиімді жоспарлауды және басқаруды ұыймдастыруға ықпал етеді. Жер заңдарына байланысты, жер кадастрын ұйымдастыруды жүргізу жер ресурстарын басқару жөніндегі құзырлы орталық орган мен оның жергілікті органдарына жатады. Жер кадастрын енгізу жұмыстарын мемлекеттік билікке жататын жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттіке бағынышты мемлекеттік арнаулы өндіріс орындары атқарады. Заңда көрсетілгендей, мемлекеттік жер кадастрын құру мен оның жоғарғы дәрежедегі автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қызметі Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық бөлінуге сай, аудандық, облыстық және республикалық деңгейде жүргізіледі. Республикада соңғы 15 жылдың ішінде осы сала инфрақұрылымының негізі қалыптасты, яғни мұнда мынадай басты-басты жұмыстар атқарылды: -кварталдардың кодын есепке алу мен шекараларын анықтау, жерді аймақтарға бөлуде жер-кадастр бойынша жұмыстар жүргізу; -жер-кадастр картасы; мемлекеттік жер-кадастр кітабы; жер-кадастр ісқағазы; осындай жер-кадастр құжаттарының жаңа формасы жасалды; -стандарттау мен оның технологиясы базасында кварталдық есеп жүргізу мен аудандарда жер-кадастр карталарының технологиясы жетілдірілуде; -жер кадастрын ғылыми-әдістемелік және бағдарламалық қамту жетілдіруде; -мемжерғылөнорталығының өндірістік бөлімшелерін техникалық және бағдарламалық тұрғыдан жаңарту жүргізілуде, Мемжерғылөнорталығының еншілес мемлекеттік кәсіпорындары құрылымының облыс орталықтарында жер кадастрының автоматтандырылған мәліметтері жиынтығы құрылымы (ЖКААЖ) жасақталуда, аудандық кадастрлық филиалдар құрылуда; -жер кадастрын енгізудің толық жүйесін қалыптастыру бойынша Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі бірыңғай технология бойынша мемлекеттік жер кадастрын енгізуде, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жылжымайтын мүлікті тіркеу орталықтарымен, Мемлекеттік кіріс министрлігімен, өзге де мемлекеттік басқару органдарымен өзара байланыс және ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта информация (қоғамдық қызмет салаларына есептеуіш техниканың енгізілуі) қолданылмайтын адам қызметінің қандай да бір саласын атау қиын. Ақпараттық технология кез келген ғылымның ажырамас бөлігі болып келеді, оны түрлендіре отырып шексіз жетілдіруге ұмтылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет