КІРІСПЕ
Бұл әдістемелік нұсқау 6В07360 – «Кадастр», 6В07350 – «Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасы студенттері үшін «Жер кадастры» пәнінен тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған. Мұнда гидротехникалық құрылымдардың жеке бөліктерін жобалау бойынша сұрақтар қамтылған.
«Жер кадастры» курсы бойынша жүргізілетін тәжірибелік сабақтардың мақсаты студенттерді ғимараттарды жобалаудың алғашқы дағдыларын, курстың теориялық бөлігін меңгеру, сонымен қатар жобалау бойынша терең түсініктер қалыптастыру. Жобалау мысалдары болып қалыпты топографиялық және геологиялық шарттардағы мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған ақпараттық жүйе, онда жерді тіркеу, есепке алу және мемлекеттік есептілікті жүргізудің әдістемелік негіздері, жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің қалыптасуы мен жердің саны мен сапасын есепке алуды жүргізудің және жылдық жер есептерін орындаудың әдістемесі мен тәртібі қарастырылған.
Студент ғимаратты жобалаудың орынды әрі ұтымды әдістерін меңгеруі шарт, өзіне берілген мәндері бойынша оңтайлы шешім табу үшін инженерлік ізденіс дағдыларын қалыптастыруы керек.
Пәнді оқытудың мақсаты:
Бірыңғай мемлекеттік жер тіркелімін (БМТМЖ) жүргізу және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жер кадастры жүйесінде барлық кадастрлық жұмыстарды орындау негізделетін автоматтандырылған жер-ақпараттық жүйесінің технологиясын қарастыру.
Пәнiнің міндеті:
- студенттерге мемлекеттік жер кадастры туралы теориялық білім беру, негізгі кадастр жұмыстарының әдістемесін үйрету;
- жер кадастрын жүргізу жөнінде практикалық дағды беру;
- топырақты бонитеттеу мен жерді бағалау;
- жер кадастры материалдарын жер ресурстарын басқару және ауыл шаруашылық өндірісін жоспарлау.
Достарыңызбен бөлісу: |