Марзуова М. Е. «Жер кадастры» пәнінен практикалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұСҚау ш ымке нт, 2023



бет4/18
Дата24.02.2024
өлшемі123.41 Kb.
#493119
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
CrJLvZpYpLqpAwV6Ouz3PHKDWSbT6z8hjRCRfg4Z 4

1 Практикалық сабақтың тақырыбы: Жер кадастры барысындағы деректерді алу, өңдеу және талдау әдісі


Мақсаты: Студенттерді жер кадастры кезінде мәліметтер алу, өңдеу және талдау әдістерімен таныстыру.
Тапсырма: Жер кадастры кезiндегi түсiру және зерттеу

  • Жер кадастрында мәліметтерді алудың, өңдеудің және талдаудың статистикалық әдістері



Практикалық сабақты өткiзу формасы: семинар


Қысқаша теориялық мәліметтер
Жер бетіндегі түсіріс теодолиттік, мензулдық және т.б. атқарылады және ауданы онша үлкен емес, аэрофототүсіріс материалдары жоқ алаңдарда қолданылады. Ол, жердің құрамы мен пайдалануындағы күнделікті өзгерістерді есепке алу барысында қолданылады. Қазіргі кезде жер кадастрында аэрофототүсірістер кеңінен қолданылады. Ол біршама қысқа уақыт ішінде еліміздің барлық территориясынан жағдайы мен пайдалануын сипаттайтын, жергілікті жердің барлық элементтерін егжей-тегжейлі бейнелейтін қажетті жоспарлы материал алуға мүмкүндік береді. Кадастрда аэрофототүсірістің әртүрлі түрдегі (аэрофотосуреттер, фотопландар және с.с) жоспарлы материалдары қолданылады. Аэрофототүсіріс материалдары аумағы бойынша үлкен емес жер пайданушыларды, соның ішінде үй іргесіндегі учаскелерді есепке алу барысында да қолданылады. Жеке жер пайданушылар жерін есепке алу барысында фотопландар (жоспарлар) және фотопланшеттер қолданылады. Олардың масштабтары жер пайдалану өлшемдеріне, алқаптар контурлылығына және с. с байланысты түрліше болуы мүмкін. Қазіргі уакытта жасанды спутниктер, автоматтандырылған космостық станциялар, лабораториялар пайда болғаннан кейін, енді жер бедерін аэрокосмостық әдістермен зерттеуге жағдай жасалды, оның ішінде жерді қашықтықта түтік тәріздес құралдар атауы (дистанционный метод зондирования) арқылы зерттеу. Космостық аппараттар арқылы жер ресурстарын зерттеуде ең көп тараған әдістер оптикалық және инфрақызыл диапазонда көпспектрлі және радиолакациялық түсірістер. Бірінші әдіс әр түрлі жер учаскелерінің, жер бедері мен т.б. ылғалдану 40 және тұздалуы дәрежелері, топырақ және өсімдік жамылғылары туралы мәліметтер алу үшін қолданылуы мүмкін. Екінші немесе радиолокациондық түсіріс әдісі арқылы жердің топографиялық картасын жасайды, тереңде жаткан жер асты суларын және су тұтқыш қабаттарды анықтайды, топырақтың ылғалдану дәрежесін бағалайды, қар жамылғысының қалыңдығы мен оңдағы су қорларын анықгайды. Сонымен қатар, ол табиғи мал азықтық алқаптардың өсімдіктері және егістіктің жағдайы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Аэрокосмостық түсіріс, әсірісе үлкен аудандарда жер кадастырын жүргізу және жер ресурстарын зерттеу кеңінен қолданылады. Жерлерді тексеру - жер кадастрлық мәліметтерді алу үшін зор мәні бар. Олар жер алқаптарының нақты жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді және оларды ұтымды, интенсивті пайдалану мүмкіндігін аныктайды. Жерлерді тексеру екі негізгі түрге бөлінеді: агрошаруашылық және арнайы. Агрошаруашылық тексерулер барысында жер алқаптарының, олардың сыртқы белгілері бойынша сапалық жағдайлары туралы керекті мәліметтер алынады. Бірақ, бұл белгілері бойынша жер алқаптары сапасының жан-жақгы сипаттамасын алуға болмайды. Бұған байланысты арнайы: топырақ, геоботаникалық және мелиоративьік тексерулер жүргізіледі. Топырақты тексеру барысында, топырақгы жан-жақты сипаттайтын, олардың негізгі табиғи қасиеттері бойынша мәліметтер мен материалдар алынады. Геоботаниклық тексерулер табиғи мал азықтық алқаптарда (шабындықтар, жайылым) өсіп жетілетін өсімдік топтарының қрамы мен сапасы туралы мәлімет береді. Олар мал азықтық алкаптардың типтерін анықгауға және олардың өнімділіктерінен сипаттама алуға мүмкіндік береді. Мелиоративтік тексерулер барысында жер алқаптарының мәденитехникалық жағдайлары, ылғалдану дәрежесі, жер асты суларының орны және т.с.с. анықталады. Сонымен қатар барлық материалдар мазмұны, дұрыстығы және толықтығы жағынан талданады, жер кадастрлық материалдарды алу үшін өнделеді және кейін пайдаланылады. Ертеде жүргізілген іздестіру және тексеру материалдары мерзімімен жаңаланып тұруы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет