Марзуова М. Е. «Жер кадастры» пәнінен практикалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұСҚау ш ымке нт, 2023


Мақсаты: Студенттерді жер кадастры кезінде мәліметтер алу, өңдеу және талдау әдістерімен таныстыру. Тапсырма



бет6/18
Дата24.02.2024
өлшемі123.41 Kb.
#493119
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
CrJLvZpYpLqpAwV6Ouz3PHKDWSbT6z8hjRCRfg4Z 4

Мақсаты: Студенттерді жер кадастры кезінде мәліметтер алу, өңдеу және талдау әдістерімен таныстыру.
Тапсырма: Бөгеттің сүзілу есебін орындау:

  • Жер кадастры кезiндегi түсiру және зерттеу

  • Жер кадастрында мәліметтерді алудың, өңдеудің және талдаудың статистикалық әдістері



Практикалық сабақты өткiзу формасы: семинар
Қысқаша теориялық мәліметтер
Жер кадастрын жүзеге асыру процесінде, еліміздің біріңғай жер қорының құқыктық жайын, табиғи және шаруашылық жағдайлары мен жер пайдаланудың әр түрлі ақпараттарын жинайды, үйренеді және талдайды. Бұл ақпараттардың дұрыстығы мен толыктығы, оны алу тәсілдеріне байланысты. Бұл мақсаттар үшін, халықшаруашылық есебіне белгілі амалдар, сондайақ жер кадастрына ғана тән және бірінші кезекте графикалық ерекше тәсілдер қолданылады. Соңғысы, дұрыс ақпараттардың алынуы үшін негіз болады. Оның мәні мынадай, жер кадастрдың объектісі ретінде жер қоры, бәрінен бұрын, кеңістік өлшемдері және жағдайларымен сипатталады. Оның сандық және сапалық көрінісін, кеңістіктегі белгілерін анықтау үшін тиісті өлшемдерді жүзеге асыру укерек, ол үшін арнайы түсірістер мен тексерулер жүргізу талап етіледі. Алынған нәтижелер негізінде қағазда тиісті масштабта, сол жердің ұқсасты бейнесі немесе кеңістіктегі көлемімен, орнымен сипатталады. Бұл жоспарлы-картографиялық құжат – жоспар, карта. Жердің кеңістікте орналасуы оның пішіні, үйлесімі (конфигурация), тұстарының арақатынасы, көршілес орналасқан жер учаскесімен нобайы (очертания) және т.б. сипатталады. Жоспарда немесе картада қандай мәліметтер көрсетіледі немесе бейнеленеді, соған байланысты, олар, мысалы, топырақ, геоботаникалық және т.б. түрлерге бөлінеді. Сонымен қатар кешенді жоспарлы-картографиялық материалдар ретінде де болуы мүмкін, онда жер кадастрына қажетті деректердің жинағы бейнеленеді - жер-кадастрлық карта. Жер-кадастрлық картасы оның мазмұны, тапсырмасы және кадастрлатын аумақтың (жер пайдалану, облыс, аудан территориясы және с.с) көлеміне қарай масштабы әртүрлі болады. Мысалы, ұсақ контурлы жағдайлар масштабы 1: 10000 болғаны дұрыс. Қазақстанның тың игерілген аудандарында 1: 50000 масштабы қолданылады. Суармалы жерлерде және көпжылдық екпелерде 1: 5000, ал елді мекендер жерлерінде, қалаларда және ауылды жерлерде жер кадастры 1: 2000 және 1: 500 масштабында жүргізіледі. Бұл деректер жер кадастрына көрнектілігін қамтамасыз етеді, бос жер 39 қалмауын, немесе қайталанбауын алдын ала ескертеді. Былайша айтқанда жоспарлы-картографиялық материалсыз жер кадастрының қай құрамы бөлігінен болсын деректер алу мүмкін емес. Жер кадастрының мақсаттары үшін аумақты картаға түсіру, картографияның және геодезияның тиісті әдістеріне сүйінеді. Жоспарлы-картографиялық материалдар қашанда, қазіргі заман дәрежесіне лайықты болуы керек. Бұл мақсаттар үшін, оларға түзету жүргізіледі, яғни бұл жер жағдайында болып жатқан өзгерістерді жергілікті жерде аныктайды және жоспарға немесе картаға енгізеді. Жер кадастрының жоспарлы-картографиялық материалдарына нақты талаптар ұсынады. Олар жердік кеңістік жағдайын, сапалық жағдайын және пайдалануын сипаттайтын жергілікті жердің барлық элементтерін қамтамасыз етуі керек. Жергілікті жердің барлық элементтері жоспарларда талаптағы дәлдікпен және толықтықпен бейнеленеді. Кадастр және жерді ұтымды пайдалану мақсаттары үшін суретке түсірулер мен тексерулер жүргізіледі. Суретке түсірулер мына түрлерге: жердегі (жер бетіндегі), аэрофототүсіріс, аэрокосмостық немесе аэроғарыштық болып бөлінеді.
Жер бетіндегі түсіріс теодолиттік, мензулдық және т.б. атқарылады және ауданы онша үлкен емес, аэрофототүсіріс материалдары жоқ алаңдарда қолданылады. Ол, жердің құрамы мен пайдалануындағы күнделікті өзгерістерді есепке алу барысында қолданылады. Қазіргі кезде жер кадастрында аэрофототүсірістер кеңінен қолданылады. Ол біршама қысқа уақыт ішінде еліміздің барлық территориясынан жағдайы мен пайдалануын сипаттайтын, жергілікті жердің барлық элементтерін егжей-тегжейлі бейнелейтін қажетті жоспарлы материал алуға мүмкүндік береді. Кадастрда аэрофототүсірістің әртүрлі түрдегі (аэрофотосуреттер, фотопландар және с.с) жоспарлы материалдары қолданылады. Аэрофототүсіріс материалдары аумағы бойынша үлкен емес жер пайданушыларды, соның ішінде үй іргесіндегі учаскелерді есепке алу барысында да қолданылады. Жеке жер пайданушылар жерін есепке алу барысында фотопландар (жоспарлар) және фотопланшеттер қолданылады. Олардың масштабтары жер пайдалану өлшемдеріне, алқаптар контурлылығына және с. с байланысты түрліше болуы мүмкін. Қазіргі уакытта жасанды спутниктер, автоматтандырылған космостық станциялар, лабораториялар пайда болғаннан кейін, енді жер бедерін аэрокосмостық әдістермен зерттеуге жағдай жасалды, оның ішінде жерді қашықтықта түтік тәріздес құралдар атауы (дистанционный метод зондирования) арқылы зерттеу. Космостық аппараттар арқылы жер ресурстарын зерттеуде ең көп тараған әдістер оптикалық және инфрақызыл диапазонда көпспектрлі және радиолакациялық түсірістер. Бірінші әдіс әр түрлі жер учаскелерінің, жер бедері мен т.б. ылғалдану 40 және тұздалуы дәрежелері, топырақ және өсімдік жамылғылары туралы мәліметтер алу үшін қолданылуы мүмкін. Екінші немесе радиолокациондық түсіріс әдісі арқылы жердің топографиялық картасын жасайды, тереңде жаткан жер асты суларын және су тұтқыш қабаттарды анықтайды, топырақтың ылғалдану дәрежесін бағалайды, қар жамылғысының қалыңдығы мен оңдағы су қорларын анықгайды. Сонымен қатар, ол табиғи мал азықтық алқаптардың өсімдіктері және егістіктің жағдайы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Аэрокосмостық түсіріс, әсірісе үлкен аудандарда жер кадастырын жүргізу және жер ресурстарын зерттеу кеңінен қолданылады. Жерлерді тексеру - жер кадастрлық мәліметтерді алу үшін зор мәні бар. Олар жер алқаптарының нақты жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді және оларды ұтымды, интенсивті пайдалану мүмкіндігін аныктайды. Жерлерді тексеру екі негізгі түрге бөлінеді: агрошаруашылық және арнайы. Агрошаруашылық тексерулер барысында жер алқаптарының, олардың сыртқы белгілері бойынша сапалық жағдайлары туралы керекті мәліметтер алынады. Бірақ, бұл белгілері бойынша жер алқаптары сапасының жан-жақгы сипаттамасын алуға болмайды. Бұған байланысты арнайы: топырақ, геоботаникалық және мелиоративьік тексерулер жүргізіледі. Топырақты тексеру барысында, топырақгы жан-жақты сипаттайтын, олардың негізгі табиғи қасиеттері бойынша мәліметтер мен материалдар алынады. Геоботаниклық тексерулер табиғи мал азықтық алқаптарда (шабындықтар, жайылым) өсіп жетілетін өсімдік топтарының қрамы мен сапасы туралы мәлімет береді. Олар мал азықтық алкаптардың типтерін анықгауға және олардың өнімділіктерінен сипаттама алуға мүмкіндік береді. Мелиоративтік тексерулер барысында жер алқаптарының мәденитехникалық жағдайлары, ылғалдану дәрежесі, жер асты суларының орны және т.с.с. анықталады. Сонымен қатар барлық материалдар мазмұны, дұрыстығы және толықтығы жағынан талданады, жер кадастрлық материалдарды алу үшін өнделеді және кейін пайдаланылады. Ертеде жүргізілген іздестіру және тексеру материалдары мерзімімен жаңаланып тұруы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет