Зерттеу жұмысының жетекші идеясы – педагогтердің біліктілікті арттыру
жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамытудың
нәтижелі болуы, педагогтердің біліктілігін арттыру процесін әдістемелік
қамтамасыз ету және оқытуды шығармашылық пен тиімді ұйымдастыруға
байланысты.
Зерттеудің теориялық – әдіснамалық негіздері болып білім беру
жүйесінің философиялық, психологиялық – педагогикалық негіздері;
- педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінің әдіснамалық
негіздері (Ш.Таубаева[21] , Б.А Альмухамбетов [87], Б.А Тұрғынбаева [23], А.А
Жайтапова [11], Г.К Ахметова [86], Е.С Заир - Бек[88] , В.Г Быкова[89]);
- ересектерді оқытудың теориялық және практикалық тұжырымдары (Б.Г.
Ананьев [90], С.Г. Вершловский [91], С.И Змеев[92], К.Фопель [93]);
- тұтас педагогикалық үдеріс теориясы (Н.Д Хмель [94], Н.Н Хан[25], Е.Н
Землянская [50]):
- критериалды бағалау теориялары (P.Black [66], D.Wiliam [68], C.W. Harlen
[95]);
- оқу жетістіктерін критериалды бағалау бойынша зерттеулер (М.А Пинская
[53], И.С Фишман [54], А.А Кросноборова [57],Е.А Селищева [58], Х.М
Ерфанфар [59]; Л.В Вилкова [60], В.В Воронов [61] , Н.А Курдюкова [62])
- педагогтің бағалау іс-әрекетінің теориялық негіздері (Н.Ю Волковинская
[74], Е.Г Матвиевская [75], Доманов А.Г [76], А.Г Пачина [78], Л.А Баландина
[79]) бойынша жазылған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері
саналады.
Зерттеу әдістері: зерттеу жұмысымыздың мақсат, міндеттерін жүзеге асыру
және ғылыми болжамды тексеру барысында төмендегі ғылыми – зерттеу әдістері
қолданылды:
- Теориялық: педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс –
әрекетін дамытудың теориялық және практикалық аспектілерімен байланысты
философиялық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, нормативтік
құжаттарды, біліктілікті арттыру бойынша оқу бағдарламаларын зерделеу,
ғылыми әдебиеттерге аналитикалық шолу жасау.
- Эмпирикалық: бақылау, сұхбат алу, әңгімелесу, сауалнама жүргізу,
педагогтердің бағалау іс-әрекетінің даму нәтижелеріне талдау жасау,
педагогикалық эксперимент нәтижелерін өңдеудің статистикалық және
графикалық әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |