Масимова хуршидам ташболатовна


оқу жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамыту»



Pdf көрінісі
бет7/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68
жетісітк бағалау

оқу жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамыту» деп таңдауымызға негіз болды. 
Зерттеудің мақсаты 
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамыту жүйесін ғылыми-әдіснамалық негіздеу, 
әдістемесін дайындау және тиімділігін тәжірибелік – экспериментте дәлелдеу. 
Зерттеудің нысаны: педагогтердің біліктілігін арттыру. 
Зерттеудің пәні: педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамыту үдерісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер «педагогтердің оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс-әрекеті» ұғымының мәні, мазмұны, құрылымы 
анықталып, педагогтердің бағалау іс-әрекетін дамытудың теориялық – 
әдіснамалық негіздері айқындалса, құрылымдық – мазмұндық моделі мен 
әдістемесі құрастырылып, ғылыми – тәжірибелік негіздері нақтыланса, онда 
педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін 
бағалау іс-әрекетін дамыту тиімді жүзеге асады, өйткені мақсатты 
ұйымдастырылған біліктілікті арттыру үдерісі педагогтердің оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс-әрекетінің нәтижелі дамуын қамтамасыз етіп, оқыту 
сапасын арттыруға мүмкіндік береді. 
Зерттеудің міндеттері 
1. «Бағалау іс-әрекеті», «педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін 
бағалау іс – әрекеті» ұғымдарының мәнін айқындау және нақтылау;
2.
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамытудың әдіснамасын жасау, теориялық
және практикалық алғышарттарын негіздеу;
3. Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамытудың психологиялық – педагогикалық 
шарттарын анықтау;


13 
4. Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамытудың құрылымдық – мазмұндық моделін 
құрастыру, әдістемесін дайындап, тиімділігін тәжірибелік – эксперимент арқылы 
тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет