Масимова хуршидам ташболатовна



Pdf көрінісі
бет9/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68
жетісітк бағалау

Зерттеудің дереккөздері: Зерттеу мәселесі бойынша Қазақстан 
Республикасы Оқу – ағарту Министрлігінің ресми құжаттары, Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының білім 
және ғылымды дамытуға бағытталған Бағдарламалары, жалпыға міндетті білім 
беру стандарттары, білім беру бағдарламалары мен жоспарлары, философия


14 
психология, педагогика саласындағы ғылыми еңбектер, озық педагогикалық 
тәжірибелер, диссертанттың педагогикалық және зерттеушілік іс – тәжірибесі.
Зерттеудің негізгі кезеңдері 
Зерттеу жұмысы 3 кезеңге сәйкес жүргізілді. 
Бірінші кезең (2018-2019жж) - зерттеу мәселесі бойынша материалдар 
жинақталып, жүйеленді, зерттеудің ғылыми аппараты құрастырылды, 
педагогтердің бағалау іс-әрекетін дамыту және біліктілігін арттыру бойынша 
ғылыми зерттеулердің озық нәтижелері жинақталып, жүйеленді, теориялық 
зерделеудегі негізгі категориялардың құрылымы және мазмұндық сипаты 
түзілді, ғылыми мақалалар дайындалып, басылымнан шықты, тақырып аясында 
материалдар жинақталды. 
Екінші кезең (2019-2020жж ) - зерттеудің теориялық – әдістемелік 
негіздерін жасау өз жалғасын тапты, педагогтерге арналған біліктілікті арттыру 
курсының білім беру бағдарламасы жасалды, оқыту модульдері бойынша оқу – 
әдістемелік кешен әзірленді, әдістемелік құралдар жарық көрді, ғылыми 
мақалалар баспадан шықты.Тәжірибелік эксперименттің бағдарламасы жасалып, 
диагностикалық, анықтау және қалыптастыру кезеңдері жүзеге асырылды. 
Үшінші кезең (2020-2021жж) - диссертацияның мазмұны бойынша 
мәліметтер ғылыми мақалаларда жарияланып, семинарларда баяндалды
талқыланды. Тәжірибелік эксперимент барысында алынған қорытынды
нәтижелерге талдау жасалынып, өңделді.Зерттеу нәтижелері жүйеленіп, 
қорытындыланды. Нәтижелер диссертация мазмұнына енгізіліп, тұжырымдар 
нақтыланып, ұсыныстар берілді. Қолданылған әдебиеттер жүйеленіп, 
диссертация талапқа сай рәсімделді. 
Зерттеу базасы: Тәжірибелік – эксперименттік жұмыс «Өрлеу» БАҰО АҚ 
Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру 
институты, «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» 
кафедрасында жүргізілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет