Масимова хуршидам ташболатовна



Pdf көрінісі
бет35/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68
жетісітк бағалау

Клаус Фопель өзінің «Психологические принципы обучения взрослых» [261] 
атты кітабында ересектерді оқытудың «үш фазалық оқыту моделін» ұсынады. 
Бұл модель оқыту жағдаятының идеалды жоспарын көрсететін үш қадамды өз 
ішіне алады: 
1.«Зейінді босаңдату» ахуалын тудыру.Бұл қадамда білім алушы өзін еркін 
сезініп,оқыту жағдаятын өзіне берілген шақыру деп санауы қажет.Берілген 
тапсырмалар білім алушыға оның қабілеттері мен өз мүмкіндіктерін анықтауға 
ықпал етуі керек.Босаңдатылған зейін – білім алушының физикалық тұрғыдан 
босаңсыған, психологиялық тұрғыдан ашық саналы мақсатқа жетуге өз 
энергиясын жұмсау болып табылады. Ересек білім алушының мотивациясын 
ояту үшін ол берілген тапсырманы маңызды деп табуы қажет.Бұл жағдай тек 
оқыту үрдісінің ересек адамның қызығушылығы, жеке мақсаттары, өмірлік 
тәжірибесімен байланысты түрде құрастырылғандағана мүмкін болады. 
2.Кешенді тәжірибеге шөгірілу.Бұл оқытуда күнделікті өмірмен байланысты 
тапсырмалар, қызықты жобаларды қолдану болып табылады.Берілетін 
ақпаратты таңдау оны талдау, тәжірибеде қолдану, тұжырымдарды түсіну 
шығармашылық қабілеттерді жұмысқа қосу.Бұл кіріктірілген жағдай білім 
алушылардың дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
3.Белсенді бағалау.Белсенді бағалау – жайғана еске түсіру шекарасынан 
шығатын түсінуге бастар жол.Белсенді бағалау бұл артқа қарау емес,оқу- оқыту 
үрдісін түсіну, жеке дамуы мен өмірлік мақсаттарын анықтау.Бұл бағалау 
өткенді талқылау, қателіктерді анықтау, түзету, болашаққа жоспар құруға 
мүмкіндік беретін кері байланыс және рефлексия.
Фопель ұсынған бұл қадамдар білім біліктілікті арттыру жүйесінде 
педагогтердің бағалау іс – әрекетін дамыту үдерісін тиімді ұйымдастыруға 
мүмкіндік береді және білім беруші мен білім алушы арасындағы қарым – 
қатынастың анық шекараларын белгілейді. Педагогтерді оқыту барысында 
олардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып оқыту үдерісін 
жобалауға көмектеседі.
Ересектерге білім беру жүйесінің философиялық – әдіснамалық негізі 
ересектерге заманауи білім беруді ересек адамның өмір ағымымен толыққанды 
мәні аясындағы адами және әлеуметтік – мәдени болмыс ретінде қабылдау болу 
керек [262;40]. 
С.Г Вершловскийдің пікірінше ересектерге білім беретін оқытушы 
андрогогикалық құзыреттілікке ие болуы қажет.Құзыреттіліктің бұл түрі 
төмендегі құрылымдық компоненттерден турады: 


123 
- оқытушы ересек адамды оқыту оған өзін – өзі шығармашылық дамытуға 
мүмкіндік беру қажеттігін түсінуі; 
- ересек адамның кәсіби және білім беру әрекетінің субъекті ретіндегі 
ерекшеліктерін білуі; 
- ересектерді оқыту ерекшеліктері негізінде білім беру технологияларын игеруі; 
- оқыту үдерісінде серіктестікке негізделген өз ара әрекеттесу қабілетінің болуы; 
-мамандардың оқыту жағдаятына бейімделуіне көмектесуді және олардың 
тұлғалық жетілуін жоспарлауды білуі[263;277] 
Ересек 
адамдарды оқытудың психологиясы бойынша көптеген 
тәжірибелер жүргізген Дэвид Колбтың (David A.Kolb) пікірінше оқыту моделі 
жеке тәжірибеге сүйенетін циклдық міндетті төрт кезеңдік үрдісті өз ішіне алуы
қажет.Олар: 
1.Нақты жеке тәжірибе. 
2.Тәжірибені талдау.Рефлексия жасау 
3.Алған білімді теориялық негіздеу. 
4.Жаңа тұжырымдарды тәжірибеде апробациялау. 
22- сурет Д.Колбтың оқыту моделі 
Егерде Д.Колбтың Ж.Пиаже, Дж.Дьюи тәжірибелеріне негізделген бұл 
моделін қарастыратын болсақ, біздің ғылыми жұмысымыз аясында 
педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс - әрекетін дамыту 
олардың кәсіби білігінің құрамдас бөлігі болған бағалау іс - әрекетінің нақты 
тәжірибелері негізінде мүмкін болады.Демек,педагогтердің біліктілікті арттыру 
жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс - әрекеті маманды нақты 
жағдаятқа қатыстыру арқылы, жаңа ақпараттар негізінде өз іс – әрекетіне 
рефлексия жасауына ,салыстырмалы түрде инновацияның тиімділігін дәлелдей 
білуіне, белсенді тәжірибеде қолданып көру арқылы жаңа тәжірибені игеруіне 
мүмкіндік беру арқылы қалыптасады. Біліктілікті арттыруда педагогтердің 
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс - әрекетін тәжірибе арқылы оқыту 
негізінде дамыту маңызды. 
Жоғарыда келтірілген ғалымдардың ғылыми тұжырымдарын талдай 
отырып, біз педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
Жаңа 
тұжырым
және жаңа 
тәжірибе
Нақты 
тәжірибе
Тәжірибег
е талдау 
жүргізу
Білімді 
теориялы
қ негіздеу


124 
жетістіктеірін бағалау іс - әрекетін дамыту үдерісін ұйымдастырудың төмендегі 
ерекшеліктерге негізделуі қажеттілігін анықтадық: 
- вариативтілік және кәсіби біліктілікті арттыру бағдарламаларының алдын
– ала оза оқытуға негізделуі; 
- білім беру бағдарламаларының озық тәжірибеге негізделуі; 
- білім беру бағдарламалары мазмұнының педагог қызметкерлердің кәсіби
құзыреттіліктеріне сай инновациялық технологиялар мен сәйкестігі; 
- білім беру бағдарламаларының кәсіби іс - әрекетті қажеттіліктер негізінде
жедел ауыстыруға бағдарлауға икемділігі; 
- ақпараттық технологияларды енгізу арқылы тұтас ақпараттық ортаны
қалыптастыру; 

кәсіби тәжірибе мен сәйкес жағдаяттық білім беру және педагогтердің 
құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған тренингтер ұйымдастыру;
- кәсіби тәжірибе негізінде шығармашылық әлуетті дамыту; 
- білім беру бағдарламаларының метапәндік білімге негізделуі. 
С.И Змеев,К.Фоппель,С.Г Вершловскийдің ересек білім алушыларды 
оқыту үдерісін ұйымдастыру бойынша негіздеген ғылыми тұжырымдары 
негізінде біз педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамыту үдерісінің ұйымдастырылуы 
барысындағы серіктестік қарым - қатынас ерекшеліктерінің моделін 
төмендегідей құрастырдық: 
23- сурет Оқыту үдерісіндегі серіктестік қарым – қатынас 
Біліктілікті арттыру жағдайында педагогтердің оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін құндылықты өмірмен байланыстыру арқылы 
дамыту қажет. Педагогтер нақты тәжірибелік жағдаяттарға шөгірілу 
барысындағана жаңа білімге ие болады. Бағалау іс – әрекетін дамыту барысында 
коммуникативтік мәдениет маңызды бұл жағдай тыңдаушының бойында 
сенімділікті қалыптастырады.Сенімділік педагогтердің бойында іс – әрекетті 
жүзеге асыруға болған мотивацияны оятады.Педагогтердің бағалау іс – әрекетін 
дамыту үдерісінде тыңдаушы және тренердің рефлексия жүргізе білуі 
маңызды.Бұл жағдай, педагогтердің өз тәжірибелерін түзетулер енгізу арқылы 
толықтыруға мүмкіндік береді. 
Тыңдауш
ы 
Тренер 
Құндылықты 
өмірмен 
байланыстыр
у 
Т
әж
ір
иб
ег
е 
ш
өг
іру
Ком
м
ун
ик
ат
ив
ті
к
м
әд
ен
ие
т
Ре
ф
ле
кс
ия
П
роц
ес
с 
Ке
рі
ба
йл
ан
ы
с 


125 
Осы орайда, педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – 
әрекетін дамыту барысында белсенді әдістерді қолданудың маңызы зор деп 
санаймыз. Заманауи біліктілікті арттыруда тыңдаушылардың сыни ойлау 
дағдыларын дамытуға негізделген белсенді әдістерді қолдану орынды.Бұл 
тыңдаушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.Ал 
бағалау іс – әрекетін жүзеге асыру педагогтерден жоғары шығармашылықты 
талап етеді. 
Біліктілікті арттыру жағдайында педагогтердің бағалау іс - әрекетін 
дамыту үдерісін ұйымдастыруда маңызды саналатын ол кәсіби құзыреттілікті 
дамытуға ықпал ететін оқытудың формаларын таңдау болып саналады. 
Біліктілікті арттыруда тақырыптың ашылуын қамтамасыз етіп, оқыту үдерісі 
субъекттерінің жұмысын тиімді ететін ол дұрыс таңдалған оқыту формалары. 
Оқыту формалары білім алушылардың тәжірибелерін шыңдауға ықпал етіп, 
өмірлік жағдаяттар негізінде мәселені түсіндіруге мүмкіндік береді. Педагог 
ғалымдардың ғылыми зерттеулерін талдай отырып біз оқыту формаларын 
дәстүрлі және инновациялық деп екі топқа бөліп қарастырудың 
қалыптасқандығын байқадық: 
Дәстүрлі оқыту формалары: лекция, семинар, тәжірибелік сабақ, дөңгелек үстел, 
кеңес беру. 
Инновациялық оқыту формалары: шағын топтарда оқыту, онлайн оқыту, 
қашықтықтан оқыту, іскерлік ойындар, коучинг, вебинар, воркшоп, 
рефлексивтік бақылау және белсенді тәжірибе, тренинг. 
Оқытудың инновациялық формалары заманауи білім беруде педагогтердің 
бағалау іс - әрекетін дамытуды тиімді етуге мүмкіндік береді.Аталған оқыту 
формаларын қолдану арқылы педагогтердің бағалау іс - әрекетін дамыту 
жолдарын біз зерттеу жұмысымыздың үшінші бөлімінде қарастыратын боламыз.
Біліктілікті арттыру жағдайында педагогтердің оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс - әрекетін дамытуда оқытудан кейінгі сүйемелдеу 
жұмыстарының үздіксіз жүзеге асырылуы маңызды деп санаймыз.Себебі, білім 
беру бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырған педагогтерге міндетті түрде 
курстан кейінгі сүйемелдеудің жоспарлы түрде жүргізілуі қажет. 
Педагогтердің бағалау іс - әрекетін дамытуда мұғалімдерге жекелеген 
ғылыми – әдістемелік, ақпараттық – әдістемелік көмек маңызды. Бұл орайда, 
педагогтерді біліктілікті арттыру курстарынан кейінгі қолдауға бағытталған бір 
– бірімен байланысты іс – шаралар өткізілуі тиіс. Педагогтерге олардың кәсіби 
қиындықтарын шешу үшін қолдау көрсету олардың өзін – өзі дамытуына ықпал 
етеді. 
Е.И Казакова және А.П Тряпицына «сүйемелдеу» ұғымын қолдану 
субъекттің өз алдына шешім қабылдауына толық еркіндік беру қажеттілігін 
ескеру,- деп тұжырымдаса [264;9],В.Ю Кричевский, Л.Г Тарита әдістемелік 
сүйемелдеу адамға өмірде пайда болған проблемаларды тиімді және өз алдына 
шешу техникаларын үйретудің педагогикалық әдісі деп санайды.Бұл орайда, 
сүйемелдеуші сүйемелденушінің мәселесін шешпейді,оны сол мәселені шешу 
үшін дұрыс шешім шығарып, тиімді жолдарды анықтауға үйретеді. Аталған 


126 
мәселе педагогтердің біліктілігін арттыруда ересек адамдарды оқыту мәселесінің 
өзектенуіне алып келеді. 
Көптеген психологиялық және педагогикалық ғылыми әдебиеттерде 
«сүйемелдеу» термині «қолдау», «коучинг», «көмек», «тәлімгерлік» ұғымдары 
мен бір мағынада қолданылады.Зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагог іс - 
әрекетін сүйемелдеу төмендегідей артықшылықтарға ие: 
- дараландыру және икемділік; 
- білім беру жүйесінің және маманның даму динамикасын ескеру; 
- педагогтің даму жағдайын, кәсіби өсу динамикасын,оқытудың басқа
субъекттерімен болған қарым – қатынасын үздіксіз анықтауға мүмкіндік беретін 
көп аспектілік; 
- педагог пен болған жұмыс жүйесін қиындықтардың алдын алуға бағыттау
– оза оқыту [265;17]
С.А Ускова «сүйемелдеу» педагогикалық процестің түрлі категориядағы
қатысушылары мен жұмыс барысында маман тарапынан жүзеге асырылатын 
көмек (қолдау, ынтымақтастық,мүмкіндік жарату), ізгілікке бағдарланған 
педагогикалық процесс,- деп тұжырымдайды [266;87]. 
Ғалымның пікірінше,педагогикалық сүйемелдеу заманауи педагогикада 
ізгілікке бағдарланған педагогикалық процесс, өзін – өзі дамытуға, өз іс – 
әрекетін дамытуға көмек көрсету.
Л.А Новоселова пікірінше, психологиялық – педагогикалық сүйемелдеу 
«көмек», «қолдау» мағынасын береді.Сүйемелдеуді жүзеге асыру механизмдері 
рефлексия, фасилитация және субъект – субъекттік қарым – қатынас болып,оның 
негізгі шарты ынтымақтастық, бірлесіп жоспарлау, дайындық, мақсатқа 
бағытталған талдау, эмоционалды түске ие шығармашылық іс – әрекет – деп 
санайды [267;13]. 
Педагогтердің бағалау іс - әрекетін дамыту мақсатында педагогтерді 
психологиялық – педагогикалық , әдістемелік сүйемелдеу маңызды. 
Педагогтердің бағалау іс – әрекетін дамыту және олардың білімдерін тереңдету 
мақсатында педагогтер үшін психологиялық, педагогикалық, әдістемелік 
сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу біліктілікті арттыру жүйесінің маңызды 
бағыттары болып саналады. 
Заманауи білім беру оқыту үдерісінің жаңалануы педагогтер қауымының 
кәсіби іс – әрекетін психологиялық сүйемелдеудің маңыздылығын арттырды. 
Педагогтерді 
психологиялық сүйемелдеудің мақсаты 
– 
кәсіби 
педагогикалық іс – әрекетте жетістікке жетуге психологиялық қолдау арқылы
ықпал ету. 
Психологиялық сүйемелдеуді жүзеге асыру үшін педагогтер мен төмендегі 
жұмыстарды ұйымдастыру қажет: 
- педагогтердің психологиялық ерекшеліктерін анықтау; 
- педагогтің жұмыс орнындағы ортаны зерттеу; 
- іс – әрекетті тиімді жүзеге асыруға бағытталған нұсқау беру. 
Білім беру саласын реформалау және білім берудің психологиялық- 


127 
педагогикалық негіздерінің өзгеруі мәнмәтінінде педагогтердің кәсіби тұлғалық 
дамуын психологиялық сүйемелдеудің тиімді моделінің жоқ екендігі 
айқындалды.Бұл педагогтерді кәсіби қолдаудың бұрынғы амалдарының 
ескіргендігі мен байланысты. Білім беру саласында оқытудың құзыреттілік 
амалының, білім беру тәжірибесінде пәнаралық интеграция, метапәндік 
бағдарлар және басқада трендтердің жүзеге асуы заманауи педагогті кәсіби 
даярлаудағана емес, сондай- ақ, білім берудегі күрделі қарым – қатынастар 
жүйесіндегі педагогтің субъекттік дамуын сүйемелдеудің әдістемелік 
бағдарларын қайта қарауды қажет етеді [268;159]. 
Бұл жағдай, біліктілікті арттыру жағдайында педагогтердің оқушылардың
оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамыту барысында педагог 
қызметкерлерге курстан кейінғана емес, біліктілікті арттыру курсы барысында 
психологиялық қолдаудың қажеттілігін айқындайды. 
А.В Батаршев педагогтерді психологиялық – педагогикалық және 
акмеологиялық сүйемелдеу циклдық сипатқа ие болып, диагностикалық, 
аналитикалық, издеушілік – вариативтік, практикалық – әрекеттік кезеңдерді 
жүзеге асырудан турады,- деп атап көрсетеді [269;16]. 
Демек, педагогті психологиялық – педагогикалық сүйемелдеу өзгермелі 
қоғамда педагогке уақытылы кәсіби көмек көрсету. Біліктілікті арттыру 
жүйесінде болса, педагогтерге психологиялық – педагогикалық көмек көрсету 
оқыту процесі субъектіне жүктеледі.
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамыту барысында педагогтерді 
психологиялық – педагогикалық, әдістемелік сүйемелдеу қажеттілігі туындайды. 
А.В Батаршев, Л.А Новоселова, А.П Тряпицына, С.А Ускова қатарлы 
ғалымдардың педагогтерді психологиялық – педагогикалық және әдістемелік 
сүйемелдеу бағытындағы ғылыми тұжырымдарын талдау арқылы біз өз зерттеу 
жұмысымыз аясында педагогтерді:
- психологиялық сүйемелдеу – педагогтің кәсіби іс – әрекетін дамыту 
мақсатында инновацияларды игеруге болған мотивациясын, кәсіби іс – әрекетті 
жүзеге асыруға болған ұмтылысын арттыруға қолдау көрсету;
педагогикалық сүйемелдеу – оқыту процессінде субъект – субъекттік ізгілікті 
қарым – қатынас арқылы тұлғаны дамыту әдістерін игеруге ықпал ету; 
-әдістемелік сүйемелдеу – біліктілікті арттыру процесінде тыңдаушының 
кәсіби іс – әрекетіндегі қиындықтарын анықтап, проблемалық жағдаяттарды 
шешуге көмек беру, қолдау,- деп түсінеміз. 
Біліктілікті арттыру үдерісінде педагогтердің оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамыту заманауи педагогикадағы өзекті 
мәселелердің бірі болып, ересектерді оқыту принциптері мен амалдарына
сүйенеді. Сонымен бір қатарда, біліктілікті арттыру жағдайында педагогтердің 
бағалау іс – әрекетін дамыту психологиялық – педагогикалық сүйемелдеу және 
әдістемелік сүйемелдеуді талап етеді. Бұл жағдай, біліктілікті арттыруда 
педагогтердің бағалау іс – әрекетін психологиялық – педагогикалық, әдістемелік 
сүйемелдеуді жүзеге асырудың кезеңдік бағыттарының моделін құрастыруды 


128 
талап етеді. Біз педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін сүйемелдеудің төмендегідей құрылымдық 
мазмұнын құрастырдық. Бұл модель біздің зерттеу жұмысымыздың тәжірибелік 
кезеңін жүзеге асыруда ресурс қызметін атқарады.
24- сурет Педагогтіердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін 
сүйемелдеу 
Педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін 
дамыту олар мен кешенді жұмыс түрлерін кезеңдік жүзеге асыру барысында 
мүмкін болады деп санаймыз. Педагогтің оқушылардың оқу жетістіктерін 
бағалау іс – әрекетін дамыту біліктілікті арттыру жүйесіндегі әдістемелік мәселе 
болып, оқыту үдерісі субъекттерінің ынтымақтастықта, серіктестікте 
атқарылатын жоспарлы жұмыстары нәтижесінде мүмкін болады. 
Осы орайда, біздің зерттеу жұмысымыздың теориялық бөлімінде 
эмперикалық талдау барысында жүйеленген қорытынды тұжырымдарымыз бен 
зерттеуіміздің 
тәжірибелік 
кезеңінің 
интегративтілігі 
біздің 
зерттеу 
Педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалау іс - әрекеті 
Сүйемелдеу 
Біліктілікті арттыру үдерісі 
Курстан кейінгі қолдау 
Психологиялық 
педагогикалық 
әдістемелік 
Іс – әрекеттік құрылымы 
Жетістікті бағалауға 
болған мотивацияны 
ояту; 
Мақсат қоюға 
дағдыландыру; 
Эмоционалды 
жағдайдың 
тұрақтануына 
көмектесу. 
Бағалау процесін 
ұйымдастыруға 
көмектесу; 
Бағалау процесін 
ұйымдастырудағы 
қиындықтарды 
анықтап,шешу 
жолдарын ұсыну; 
Кезеңдік іс – әрекетті 
жоспарлауға 
көмектесу; 
Курста алған білімді 
тәжірибеде 
қолдануына көмек 
беру; 
Әдістемелік нұсқау 
беру. 
Қолданылатын әдістер мен жұмыс түрлері 
Психологиялық тренингтер, 
психологиялық кеңес 
Жағдаяттық кейс,әдістемелік семинар, 
әдістемелік десант, онлайн кеңес, шебер 
сынып, коучинг, вебинар, тәжірибелік, 
семинарлар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет