Масимова хуршидам ташболатовна



Pdf көрінісі
бет33/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68
жетісітк бағалау

Педагогтердің біліктілігін арттыру – оқыту мен оқыту сапасын арттыру 
үшін жаңа білім алуға,сондай- ақ бұрын алған кәсіби білімдерін,біліктерін, 
дағдылары мен құзыреттерін қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге 
мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны- делінген[255] 
Демек,педагогтердің біліктілігін арттыру жалпы елдегі білім беру сапасын 
жақсарту мақсатында педагог қызметкерлердің кәсіптік алған білімін заман 
талабына сай толықтыру және тереңдету болып табылады. 
Педагогтердің біліктілігін арттыруға ықпал ететін маңызды құжаттардың 
бірі ол – біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары. 
Білім беру бағдарламалары - педагог қызметкерлердің білімі және 
тәжірибелерін арттыру мақсатында нақты тақырып аясында құрастырылған
оқыту процесін ұйымдастыру негіздері айқындалған,оқыту формалары және 
әдістері тізбектелген құжат. 
Біздің ойымызша, заманауи біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтердің 
бағалау іс - әрекетін дамытуға негізделген білім беру бағдарламаларының 
модульдік амал негізінде құрастырылғаны орынды. 
«Модуль» ұғымы латын тілінен аударғанда «modulus» - «өлшем» 
мағынасын береді.Педагогикада модуль - тұтастықтың жоғары деңгейі 
жүйесінде оқу мазмұны мен оны игеру технологиялары біріктірілген мақсатты, 
функционалды түйін. 
Модульдік оқытуға негізделген білім беру бағдарламалары оқу 
мазмұнының оқыту технологиялары, әдіс – тәсілдері, оқыту формалары мен 
толықтырылыпқана қоймай, тақырып бойынша барлық аспектілерді қамтуға 
мүмкіндік береді. 
Біздің зерттеу жұмысымыз аясында құрастырылған барлық санаттағы 
гуманитарлық бағыттағы пәндер педагогтерінің қысқа мерзімді біліктілікті 


117 
арттыру курсының модульдік оқытуға негізделген білім беру бағдарламасының 
мазмұны диссертациямыздың 3.3 бөлімінде беріледі. 
Модульдік негізде құрастырылған бағдарламалардың ерекшеліктері: 
- Жүйелілік; 
- Вариативтілік; 
- Мақсатқа бағыттылық. 
Білім беру бағдарламаларының модульдік амалға негізделуі біліктілікті 
арттыру жүйесінде педагогтердің бағалау іс – әрекетін дамытуда оқыту процесін 
тиімді ұйымдастыруда маңызды.
Біліктілікті арттыруда оқыту процесіоқытушы мен тыңдаушының 
серіктестікте жұмыс жасауына негізделген мақсатты,мазмұнды,нәтижеге 
бағытталған арнайы ұйымдастырылған іс – әрекеттер тізбегі. 
Педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін 
дамытуға бағытталған оқыту процесі біздің ойымызша төмендегідей бір – 
бірімен байланыста жүзеге асатын іс – әрекеттер тізбегінен құралуы қажет: 
Сурет 20 - Педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін 
дамытуға бағытталған оқыту процесіндегі іс – әрекеттер байланысы 
Педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін 
дамытуға арналған біліктілікті арттыру үдерісі нақты мақсатқа негізделіп, 
нәтижеге бағдарланған іс – әрекет арқылы жүзеге асады.Біліктілікті арттыру 
процесі теория мен тәжірибені ұштастыру арқылы инновациялық 
технологиялардың көмегімен кәсіби құзыреттіліктің қалыптасуына түрткі 
болады. Педагогтердің біліктілігін арттыру процесінің мазмұны ғылыми 
негізделген тәжірибелерге сүйенуі қажет.Бұл жағдай, яғни біліктілікті арттыру 
процесінің ғылымилық принципіне негізделуі,алынған ақпараттардың негізінде 
жаңа білім және тәжірибенің пайда болуына ықпал етеді. Процесс 
қатысушылары оқытушы мен тыңдаушының серіктестікте атқарылатын іс – 
әрекеті нәтижесінде педагогтердің бағалау іс –әрекеті дамиді. 
Педагог қызметкерлердің кәсіби білімін толықтыру және дамыту 
мақсатында ұйымдастырылатын біліктілікті арттыру үдерісінің тиімділігін 
арттыруға ықпал ететін субъект – ол оқытушы болып табылады.Біздің 
Біліктілікті арттыру процесі 
Мақсат 
Іс - әрекет 
Нәтиже 
Құзыреттілік 
инновация 
Мазмұн 
Теория,тәжірибе 
Оқытушы 
\тренер\ 
Тыңдаушы 
Серіктестік 
Ғы
лы
м
ға
н
ег
із
де
лу
Тақырып бойынша 
құрастырылған жаңа білім 


118 
жағдайымызда біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтерге тәжірибе арттыруға 
көмектесетін ол – арнайы дайындалған тренерлер. 
Біздің ойымызша тренер – ересектерге білім беру саласында оқыту, басқару, 
кеңес беру арқылы педагогтердің жұмысын түзету, дамыту мен айналысатын 
маман.Ересектер мен жұмыс жасайтын кез келген маманды «андрагог» деп 
атауға болады. 
Ал,андрогогтың жаңа кәсіби әрекетін құрастырудың мақсаттарының бірі өз 
тәртіп репертуарын үнемі жаңартуға қабілетті, мәселені шешудің альтернативтік 
мүмкіндіктерін табуға, кәсіби әрекетінің түрлі стилі және стратегияларын 
құрастыруға бейім маманның нәтижелі дамуын сүйемелдеу[256;730]
Осы орайда, андрогог - мамандандырылған андрагогикалық білім, білік, 
дағдылар кешенін меңгерген, ересек тұлғаларға олардың білімдік қажеттіліктері, 
жас ерекшеліктерін ескере отырып, ересек адамдардың кәсіби құзыреттіліктерін 
дамыту мақсатында оқу және даму үрдісін ұйымдастыратын маман екендігін 
ескерсек, андрогог ересек адамға өз білімін жетілдіру және үздіксіз білім алу
үдерісінде «жетектеуші» қызметін атқарады.Заманауи талаптар аясында 
андрогог тек белгілі білімді берушіғана емес, әрекет, жады, ой, қарым – қатынас 
мәдениетін жеткізуші. 
Осы орайда, заманауи біліктілікті арттыру үдерісінде педагогтердің бағалау 
іс – әрекетін дамытуда маңызды роль атқаратын ол – оқытушы яғни тренер. 
Біз өз зерттеуіміз барысында заманауи білім беру аясында үздіксіз білім 
беру жүйесіндегі педагогтердің біліктілігін арттыруда оқытушының оқыту 
үдерісінде төмендегі рөлдерде көрініс табатындығын анықтадық: 
1)Тьютор(лат. tutor— қорғаушы, қолдаушы, тәлімгер) – жұмысты 
ұйымдастыру дағдыларын меңгерген, педагогика және психология саласы 
бойынша жоғары білімі бар маман[257;54]Жалпы алғанда, үдерісті 
басқарушы,тұлғаның жеке өзіндік дамуын сүйемелдеуші. 
2)Нұсқаушы - тренер – біліктілікті арттыру жүйесінде жаңартылған немесе 
деңгейлік 
білім 
беру 
бағдарламасы 
бойынша 
сертификатталған 
маман.Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша барлық нұсқауларды 
түсіндіре алады[258;5] 
3)Фасилитатор(лат. facile — қарапайым, жеңілдету) – тиімді тұлғалық 
қарым – қатынасты қамтамасыз ететін,білім алушылардың дербес әрекетіне әсер 
етуші педагог.Коммуникация процессін барлық қатысушылар үшін жеңілдетуші 
маман. 
К.Роджерстің пікірінше фасилитатор топтық коммуникацияның тиімділігін 
қамтамасыз ететін қарым – қатынас субъекті болып саналады. 
4)Модератор – топтың оқу үрдісін басқарушы,кәсіби әрекеттің қиындық 
аймақтарын талдау арқылы,топтық жұмыс қатысушыларының білімі және 
тәжірибесіне сүйеніп нәтижеге жету жолдарын айқындауға көмектеседі. 
Педагогика және психология саласындағы ғылыми еңбектерде көп уақытта 
«фасилитатор» және «модератор» терминдерін шатастырады.Бұл терминдердің 
айырмашылығы олардың мазмұндық ерекшеліктерінде: 


119 
- Модератор топтық жұмыс барысында бекітілген нормалар мен тәртіптің 
сақталуын қадағалайды,фасилитатор болса,топ мүшелерінің жетістікке жетуі 
үшін мәселені шешу жолдарын айқындауға көмектеседі. 
- Модератор мәселенің шешілу жолын қадағаламайды,фасилитатор болса, 
топтық жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында жұмыс жасайды. 
Заманауи білім беру саласында жоғарыда көрсетілген оқу – оқыту үдерісін 
ұйымдастырушының рөлдері педагогтердің біліктілігін арттыруда кеңінен 
қолданыс тапты.Бұл жағдай оқыту үдерісі мазмұны мен ұйымдастыру 
тетіктерінің жаңа құзыреттілік бағытында жүзеге асуы мен байланысты деп 
санаймыз.Осы орайда, біліктілікті арттыру жағдайында педагогтердің бағалау іс 
- әрекетін дамытуда оқу – оқыту үдерісінің тиімді жүзеге асуын қамтамасыз 
ететін субъект ол – оқытушы. 
Біліктілікті арттырудың оқу – оқыту үдерісінде оқытуды ұйымдастырушы 
позицияларын төмендегідей топтастыруға болады: 
Сурет 21 - Біліктілікті арттырудың оқу – оқыту үдерісінде оқытуды 
ұйымдастырушы позициялары 
Демек, біліктілікті арттыру үдерісінде педагог өз білімін жетілдіруші 
маман яғни педагог оқу - оқыту үдерісінде өз білімін ұйымдастырушы, топтағы 
қарым – қатынасты, коммуникацияны құрастырушы, кәсіби даму жолын 
таңдаушы, өз кәсіби дамуының тиімді ресурстарын анықтаушы, инновацияны 
тиімді қолданушы, тәжірибесі мен бөлісуші болып табылады. 
Жоғарыдағы тұжырымға сүйене келе біліктілікті арттыру жүйесінде оқу – 
оқыту үдерісінде тренер мен тыңдаушы рөлін төмендегідей анықтап, көрсетуге 
болады. 
Оқу - оқыту 
үдерісін 
ұйымдастыр
ушы
Нұсқаушы-
тренер
Фасилитатор
Модератор
Тьютор


120 
Тыңдаушы 
Тренер 
Өзінің 
даму 
траекториясын 
құрастырушы 
Нұсқау, бағыт – бағдар беруші 
Өзінің 
академиялық 
және 
практикалық 
кемшіліктерін, 
артықшылықтарын айқындаушы 
Түзетуші,дамытушы,бақылаушы 
Қарым – қатынас және коммуникация 
орнатушы 
Қарым 
– 
қатынас 
және 
коммуникацияны ұйымдастырушы 
Инновацияны қолданушы,тәжірибесі 
мен бөлісушы. 
Инновацияны 
қолдануға 
дайындаушы, 
тәжірибесін 
жетілдіруші 
17 -кесте Біліктілікті арттыруда тренер және тыңдаушы бағыттары 
Ересектерді оқытудың өзіндік теориясы және оқыту технологияларының 
және ересектерді оқытуға арналған ғылыми – әдістемелік ресурстардың болуы 
қажет.Ересектерді оқытуда қолданылатын ресурстар білім алушылардың жас 
ерекшеліктерін ескере отырып таңдалуы керек.Ересек білім алушы өзінің 
субъективті – объективті физиологиялық және әлеуметтік – психологиялық 
ерекшеліктеріне орай өз оқу үдерісін ұйымдастырудың басты қатысушысы бола 
алады[259;440] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет