Масимова хуршидам ташболатовна


ІІI. ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА



Pdf көрінісі
бет48/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68
жетісітк бағалау

ІІI.
ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ ІС-ӘРЕКЕТІН 
ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК – ЭКСПЕРИМЕНТ 
НӘТИЖЕЛЕРІ 
 
3.1 Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс-әрекетінің даму деңгейінің диагностикасы 
«Эксперимент» ұғымы грек тілінен аударғанда «experimentym» яғни 
«тәжірибе» деген мағынаны білдіреді. Жалпы ғылыми ұғымда эксперимент – 
қандайда бір құбылыстарды бақылау, зерттеу.Эксперимент жаңа нәтиже алуға 
немесе, ескі деректерді тексеруге мүмкіндік беретін тәжірибенің ерекше түрі. 
Эксперименттің мәні зерттеушінің алдын – ала жоспарланған параметрлер 
негізінде түрлі жағдайларды зерттеу үшін педагогикалық үдеріске белсенді 
араласуынан турады.Эксперимент зерттелетін үдерістер мен құбылыстарға әсер 
ететін факторларды өзгертуге және оларды бір неше рет шығаруға мүмкіндік 
береді. 
Педагогикалық эксперимент – нақты анықталған шарттар негізінде 
педагогикалық үдерістің ғылыми негізделген тәжірибеге айналуы. 
Біздің зерттеу мәселемізге байланысты ұйымдастырылған эксперимент 
барысында біліктілікті арттыру жағдайында педагогтердің бағалау іс – әрекетін 
дамытудың шарттары анықталды және құрылымдық – мазмұндық моделді іске 
асыруға ықпал ететін жағдайлар арнайы жасалынды. 
Педагогикалық эксперимент жұмысының мақсаты – педагогтердің 
біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – 
әрекетін дамытудың құрылымдық – мазмұндық моделін іске асыру және 
әдістемесінің тиімділігін практикалық тексеруден өткізу арқылы дәлелдеу. 
Педагогикалық экспериментке төмендегідей міндеттер қойылады: 
1.Педагогтердің 
біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамытудың құрылымдық – мазмұндық 
моделін іске асыру. 
2. Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамытуға арнап жасалған әдістемені практиға 
ендіру. 
3.Тәжірибелік жұмыстың нәтижелерін математикалық – статистикалық әдістер 
арқылы өңдеу,сипаттау. 
Тәжірибелік - педагогикалық эксперимент жұмысы 2018 - 2021жж 
аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог 
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты тыңдаушыларының 
(педагогтер), жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сертификатталған 
тренерлердің қатысуымен ұйымдастырылды. 
Тәжірибелік – эксперименттің диагностикалық кезеңіне – 100 педагог, 
жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сертификатталған тренерлер – 
20 тренер қатысты. 


157 
Анықтаушы кезеңге барлығы 95 респондент қатысты олардың 46 – 
эксперименттік топта, 49- бақылау тобында болды. 
Біліктілікті арттыру жағдайында педагогтердің бағалау іс – әрекетін 
дамытуға арналған тәжірибелік – эксперимент жұмысы 3 кезеңде жүзеге 
асырылды: 
1.Анықтау кезеңі (2018-2019жж) 
2.Қалыптастыру кезеңі (2019-2020жж)
3.Бақылау кезеңі (2020-2021жж)
Әр кезеңнің жұмыс барысы үздіксіз бақыланды және бақылау нәтижелері 
бекітіліп, қажетті көрсеткіштер алынды.Алынған нәтижелерді салыстыру, 
талдау және қорытындылау педагогтердің бағалау іс – әрекетін дамыту 
деңгейінің көрсеткіші жайлы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. 
Кезеңдер 
Диагностикалық 
зерттеу 
Анықтаушы эксперимент 
Қалыптастырушы 
эксперимент 
Зерттеу 
мақсаты 
педагогтердің 
оқушылардың оқу 
жетістіктерін 
бағалау 
іс 
– 
әрекетін 
жүзеге 
асыруға 
болған 
дайындық 
деңгейін 
қиындықтары мен 
қажеттіліктерін 
анықтау. 
Педагогтердің біліктілікті 
арттыру 
жағдайында 
оқушылардың 
оқу 
жетістіктерін бағалау іс – 
әрекетінің даму деңгейін 
анықтау, қалыптастырушы 
эксперимент үшін зерттеу 
бағыттарын айқындау.
Педагогтердің 
біліктілікті 
арттыру 
жағдайында 
оқушылардың 
оқу 
жетістіктерін бағалау іс 
– 
әрекетін 
дамыту 
бойынша 
құрастырылған 
құрылымдық 
– 
мазмұндық 
модельді 
іске қосу, тиімділігін 
дәлелдеу. 
Респондеттер 
саны 
120 
95 
Эксперименттік топта – 46 
педагог, бақылау тобында – 
49 педагог 
95
Эксперименттік топта – 
46 педагог, бақылау 
тобында – 49 педагог 
Зерттеу 
әдістері 
Сауалнама 
Сұхбат, бақылау, 
Талдау. 
Сауалнамалар. 
Т.Элерстің 
тұлғаның 
жетістікке 
болған 
мотивациясын 
диагностикалау
әдістемесі; 
Коммуникативтік 
және 
ұйымдастырушылыққа 
бейімділікті анықтау В.В 
Синявский 

В.А 
Федорошин әдістемесі; 
Тұлға 
рефлексиясының 
даму 
деңгейін 
диагностикалау 
А.В 
Карпов әдістемесі. 
Сауалнамалар. 
Т.Элерстің 
тұлғаның 
жетістікке 
болған 
мотивациясын 
диагностикалау 
әдістемесі; 
Коммуникативтік және 
ұйымдастырушылыққа 
бейімділікті 
анықтау 
В.В Синявский , В.А 
Федорошин әдістемесі; 
Тұлға рефлексиясының 
даму 
деңгейін 
диагностикалау 
А.В 
Карпов әдістемесі. 
24-кесете Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамыту кезеңдері. 


158 
Тәжірибелік 
эксперимент 
кезеңдерінен 
бұрын 
педагогтердің 
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін жүзеге асыру бойынша 
нақты қалыптасқан деңгейін, қажеттіліктері мен қиындықтарын анықтау 
мақсатында диагностикалық зерттеу ұйымдастырылды. 
Диагностикалық кезең барысында респонденттердің білім берудегі 
өзгерістерге болған көз қарасы мен олардың сол жаңалықтарды қолдануға 
болған мүмкіндіктерін, қиындықтарын анықтау мақсатында сыналушылардан 
сауалнама 
алынып, 
сұхбат 
ұйымдастырылды. 
Сауалнама 
аясында
сыналушыларға:
- Жаңартылған білім беру аясында оқыту процесінде көп нәрсе өзгерді,сол
өзгерістерге болған көз қарасыңыз қандай? 
- Сіз өз тәжірибеңізге жаңалықты бірден кіріктіресізбе,әлде ол үшін сізге
уақыт қажет пе? 
- Адамның жетістікке жетуіне не көмектеседі және не кедергі болады деп
ойлайсыз?
- Сіз білім алушының оқудағы жетістіктерін бағалау процесін жүзеге
асыруда неден қиналасыз? 
- Бағалау үдерісін жобалау барысында педагогке өз іс – әрекетіне
рефлексия жасау маңыздыма? – деген сұрақтарға жауап беру ұсынылды. 
Диагностикалық кезеңдегі алынған сауалнама нәтижелері:
- Жаңартылған білім беру аясында оқыту процесінде көп нәрсе өзгерді,
сол өзгерістерге болған көз қарасыңыз қандай? – деген сұраққа берілген 
жауаптар көрсеткіштері төмендегідей болды: 
27 – сурет Диагностикалық кезеңдегі сауалнама нәтижесі 
- Сіз өз тәжірибеңізге жаңалықты бірден кіріктіресізбе, әлде ол үшін сізге 
уақыт қажет пе? 
Жақсы, 63.80%
Жақсы деп 
ойлаймын, 21.60%
Білмеймін, 5.40%
Жақсыда жаманда 
емес, 9.20%
Жақсы
Жақсы деп ойлаймын
Білмеймін
Жақсыда жаманда емес
0.00%
10.00%
20.00%
30.00%
40.00%
50.00%
60.00%
70.00%


159 
28-сурет Диагностикалық кезеңдегі сауалнама нәтижесі 
- Адамның жетістікке жетуіне не көмектеседі және не кедергі болады деп 
ойлайсыз? 
29- сурет Диагностикалық кезеңдегі сауалнама нәтижесі 
30- сурет Диагностикалық кезеңдегі сауалнама нәтижесі 
Сауалнама барысында сыналушылардың 63,8% білім беру саласындағы 
өзгерістерге оң көз қарасын білдірсе, басым көпшілігі жетістікке жетуде білім 
мен тәжірибені таңдаса, нәтижеге жетудегі кедергі ретінде білім мен тәжірибенің 
әлсіздігін көрсеткен. 
42.40%
29%
21.70%
5.80%
1.10%
Бірден қолдануға тырысамын
уақыт қажет
Басқалардың нәтижесін күтемін
Жауап беруге қиналамын
Білмеймін
0.00%
5.00% 10.00% 15.00% 20.00% 25.00% 30.00% 35.00% 40.00% 45.00%
Терең білімі, 33.40%
Тәжірибе, 21.90%
Мықты танысының 
болуы, 9.30%
жетістікке болған 
мотивация, 11.30%
Көп факторлар әсер 
етеді, 22.80%
Нақты айту қиын, 
1.30%
Терең білімі
Тәжірибе
Мықты танысының болуы
жетістікке болған мотивация
Көп факторлар әсер етеді
Нақты айту қиын
0.00%
5.00%
10.00% 15.00% 20.00% 25.00% 30.00% 35.00% 40.00%
Көмектеседі
33.82%
30.28%
16.00%
9.30%
3.10%
4.30%
3.20%
Білімнің әлсіздігі
Тәжірибенің жоқтығы
Мотивацияның жоқтығы
Өзіне болған сенімсіздік
Айтуға қиналамын
Нақты мақсаттың жоқтығы
Басқа мәселелер
0.00%
5.00%
10.00%
15.00%
20.00%
25.00%
30.00%
35.00%
40.00%
Кедергі келтіреді


160 
Сыналушылардың 42,4% жаңалықты өз тәжірибесіне бірден кіріктіретінін 
айтса, 29% жаңалықты өз тәжірибесіне кіріктіру үшін уақыт қажеттігін 
жеткізді,21,7% басқалардың жаңаны қолдануын күтетінін білдірген, демек, бұл 
көп жағдайда педагогтердің шаблон бойынша жұмыс жасайтынын айқындауға 
мүмкіндік береді, 5,8% жауап беруге қиналамын деген жауапты берді,1,1% 
«білмеймін» деп сенімсіздік танытты. 
Респондеттердің 11,3% жетістікке жетуде педагогке мотивацияның болуы 
көмектеседі деп санаса,16% мотивацияның жоқтығын жетістікке жетудегі 
кедергілердің бірі деп санайды. 
Диагностика барысында алынған бұл ақпарат біріншіден педагогтердің 
жетістікке болған мотивациясының әлсіздігін көрсетсе, екіншіден педагогтердің 
жаңа нәрсеге сенімсіздік, үреймен қарайтындығы, сондықтанда, жаңашылдықты 
өз жұмысына кіріктіруге асықпайтыны анықталды. 
Бұл жағдай бізге педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында 
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамытудың негізгі 
компоненттерінің бірі ретінде мотивациялық - мақсаттық компонентті таңдап 
алуымыздың дұрыс екендігін айқындауға мүмкіндік берді. Сондықтанда біз, 
педагогтердің жетістікке болған мотивациясының нақты деңгейін анықтау 
мақсатында Т.Элерстің әдістемесін қолдануды мақұл көрдік. 
Диагностикалық сауалнаманың: 
- Сіз білім алушының оқудағы жетістіктерін бағалау процесін жүзеге асыруда 
неден қиналасыз?- деген сұрағына респонденттердің 43,2% бағалау процесін 
ұйымдастыруда қиналамын деген жауапты таңдаса, 30,3% сауалнамада берілген 
бағалау процесін ұйымдастыру, оқу мақсаты негізінде критерий құрастыру, 
дескриптор құрастыру, бағалау және кері байланысты жүргізу үшін әдістер 
таңдау осылардың барлығы мен үшін қиын деп есептейді, сыналушылардың 
8,7% оқу мақсаты негізінде критерий құрастырудан қиналса, 3,8% дескриптор 
құрастырудан, 4,7% бағалау және кері байланыс үшін әдістер таңдаудан 
қиналамын деп жауап берген.Сыналушылардың тек 9,3 % ғана бағалау процесін 
ұйымдастыру олар үшін қиын еместігін жеткізген. 
31- сурет Диагностикалық кезеңдегі сауалнама нәтижесі 
Бұл жағдай біздің зерттеу экспериментіміз аясында бұл мәселені тағы бір 
рет қосымша сауалнамалар арқылы анықтап,эксперимент әдістерін дәл осы 
43.2
8.7
3.8
4.7
30.3
9.3
Бағалау процесін ұйымдастырудан
оқу мақсаты негізінде критерий құрастырудан
Дескриптор құрастырудан
Бағалау және кері байланыс үшін әдістер …
Айтылғандардың барлығы қиындық тудырады
Бағалау жүргізу маған қиын емес
0
5
10
15
20
25
30
35
40
45
50


161 
бағыттардағы оқылықтарды толықтыру үшін таңдаудың маңыздылығын 
көрсетті. 
Сауалнаманың - Бағалау үдерісін жобалау барысында педагогке өз іс – 
әрекетіне рефлексия жасау маңызды ма?- деген сұрағына жауаптар легі 
төмендегідей болды: 
Сыналушылардың 59,7% рефлексия бағалауды жобалау барысында 
педагог үшін маңызды деп санаса, 11,3% маңызды емес деп қарайды, 19,6% 
маңызды шығар деп сенімсіздік танытса, 9,4% білмейтінін көрсетеді. 
32- сурет Диагностикалық кезеңдегі сауалнама нәтижесі. 
Сыналушылар жауаптарының бұл көрсеткіштері педагогтердің оқу- оқыту 
процесін жобалауда рефлексияның маңызды екендігін ескермейтіндігін көруге 
болады.Бұл жағдай эксперимент барысында дәл осы тұлғаның рефлексивтік 
дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін әдістерді 
таңдап, қалыптастырушы эксперимент барысында осы мәселені ескеру 
қажеттігін айқындайды. 
Диагностикалық кезең барысында алынған сауалнама және педагогтер, 
тренерлер мен болған сұхбат барысында алынған ақпараттар бізге 
эксперименттік жұмысымыздың анықтаушы кезеңі үшін қолайлы әдістерді 
таңдауға мүмкіндік берді.
Сонымен бір қатарда біз педагогтердің бағалау іс – әрекетінің негізі болған 
критериалды бағалауды қолдануға байланысты қиындықтарын және 
қажеттіліктерін анықтау мақсатында сауалнама жүргіздік.Сауалнама барысында 
респонденттерге төмендегідей сұрақтар қойылды: 
1.Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау бойынша
теориялық және тәжірибелік біліктеріңізді 1- 10 баллдық шкала бойынша қай 
деңгейде деп белгілеген болар едіңіз? 
2.Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау бойынша 
педагогтер үшін қандай іс – шаралар ұйымдастырылуы қажет деп ойлайсыз?
3.Жаңартылған білім беру бойынша ұйымдастырылған біліктілікті арттыру 
курстарында критериалды бағалауға арналған тақырыптарға берілген сағат саны 
жеткіліктіме? 
59.7
11.3
19.6
9.4
Иә,маңызды
маңызды емес
Маңызды шығар
білмеймін
0
10
20
30
40
50
60
70


162 
4.Педагогтердің бағалау іс – әрекетін дамытуға бағытталған біліктілікті арттыру 
курстары мазмұнына қандай тақырыптарды қосу қажет деп ойлайсыз? 
5.Сізге білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау бойынша 
біліктеріңізді дамытуға қай бағыттағы жұмыстар көмектеседі деп ойлайсыз?
Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау бойынша
теориялық және тәжірибелік біліктеріңізді 1- 10 баллдық шкала бойынша қай 
деңгейде деп белгілеген болар едіңіз? – деген сұраққа респонденттердің 2% - 1-
3 аралығында, 60% - 4-6 балл аралығында, 33% 7-9 аралығында деген 
деңгейлерді көрсетсе, 5% - өздерінің критериалды бағалау бойынша теориялық 
және практикалық біліктерін 10 баллдық деңгейде деп көрсеткен. 
33- сурет Диагностикалық кезеңдегі сауалнама нәтижесі. 
Бұл нәтижелер педагогтердің білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау 
бойынша біліктерінің орта деңгейде екендігін көрсетеді. Бұл сұраққа берілген 
жауаптардың шынайылығын сауалнамадағы екінші сұраққа берілген жауаптар 
толық көрсетеді.
Сыналушылар - білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау 
бойынша педагогтер үшін қандай іс – шаралар ұйымдастырылуы қажет деп 
ойлайсыз? - деген сұраққа төмендегідей жауап берген: 
34- сурет Диагностикалық кезеңдегі сауалнама нәтижесі. 
Сыналушылардың 72 % білім алушылардың оқу жетістіктерін 
критериалды бағалау бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру 
керек деген жауапты таңдаса, 23% семинар, вебинарлар ұйымдастыру, 3% жеке 
әдістемелік көмек, 2% тәжірибелік сабақтар деген жауапты жазған.Демек, бұл 
жағдай педагогтер үшін білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды 
60
33
5
2
4-6 балл
7-9 балл
10 балл
1-3 балл
0
10
20
30
40
50
60
70
72
23
3
2
біліктілікті арттыру курстары
семинар, вебинарлар
Жеке әдістемелік көмек
тәжірибелік сабақтар
0
10
20
30
40
50
60
70
80


163 
бағалау бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру қажеттілігін 
және педагогтер үшін бағалау процессін жүзеге асыруда көп нәрсенің әлі анық 
емес екендігін дәлелдейді. 
Жаңартылған білім беру бойынша ұйымдастырылған біліктілікті арттыру 
курстарында критериалды бағалауға арналған тақырыптарға берілген сағат саны 
жеткіліктіме? – деген сұраққа респонденттер жауаптары төмендегідей болды: 
Сыналушылардың 
57% 
Жаңартылған 
білім 
беру 
бойынша 
ұйымдастырылған біліктілікті арттыру курстарында критериалды бағалауға 
арналған тақырыптарға берілген сағат саны өте аз екендігін көрсетсе, 41% 
критериалды бағалауға арналған тақырыптар бойынша сағат санының 
жеткіліксіз екендігін көрсеткен, 2% жеткілікті деп санайды. 
35- сурет Диагностикалық кезеңдегі сауалнама нәтижесі. 
Респонденттердің бұл сұраққа берген жауаптары білім алушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау мәселесі бойынша педагогтерге көмектің қажеттілігін 
көрсетеді. 
Педагогтердің бағалау іс – әрекетін дамытуға бағытталған біліктілікті 
арттыру курстары мазмұнына қандай тақырыптарды қосу қажет деп ойлайсыз?- 
деген сұраққа респонденттердің берген жауаптары төмендегідей болды: 
Педагогтердің 41% - критерий және дескрипторлар құрастыру бойынша,
38% - қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар құрастыру бойынша, 
12% - жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру бойынша, 
«Күнделік.KZ» пен жұмыс жасау бойынша тақырыпты қосуды – 6% педагог 
ұсынса, 3% - ата – аналар мен жұмыс жүргізу бойынша тақырыптардың болуы 
қажеттілігін көрсеткен. 
36- сурет Диагностикалық кезеңдегі сауалнама нәтижесі. 
0
10
20
30
40
50
60
Жеткілікті
Өте аз
Жеткіліксіз
41
38
12
6
3
Критерий және дескриптор құрастыру
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар
Жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
«Күнделік.KZ» пен жұмыс 
Ата - аналар мен жұмыс
0
5
10
15
20
25
30
35
40
45


164 
Бұл көрсеткіштер педагогтер үшін бағалау іс – әрекетіндегі нақты осы 
бағыттар бойынша оларда қиындықтардың бар екендігін анықтауға мүмкіндік 
береді. Бұл көрсеткіштер біздің қалыптастырушы экспериментіміз барысында 
жүргізілетін жұмыстарымызға негіз болады. 
Сізге білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау бойынша 
біліктеріңізді дамытуға қай бағыттағы жұмыстар көмектеседі деп ойлайсыз? – 
деген сұраққа респондеттер төмендегідей жауап берген: 
Респонденттердің – 49% - біліктілікті арттыру курстарын таңдаса, 22% – 
семинар тренингтер, 19% – шебер сыныптар, 6% тәжірибелік сабақтар, 4% – 
әдістемелік десант және тренерлердің өңірлерге әдістемелік көмек беру үшін 
шығуын таңдаған.
37- сурет Диагностикалық кезеңдегі сауалнама нәтижесі. 
Диагностикалық кезеңде респонденттерден алынған сауалнамалар 
нәтижелері біздің зерттеу жұмысымыздың әдістемелерін таңдауға және 
қалыптастырушы эксперименттің бағдарламасын құрып, ұйымдастырылатын іс 
– шаралардың бағытын айқындауға мүмкіндік берді.
Сыналушылардан алынған сауалнама нәтижелерін нақтылап, олардың 
шынайылығын анықтау мақсатында жаңартылған білім беру бағдарламасы 
бойынша сертификатталған тренерлерден сауалнама алынды.Сауалнама 
барысында: 

Жаңартылған білім беру бойынша ұйымдастырылып отырған біліктілікті 
арттыру курстарында оқу жетістіктерін критериалды бағалауға арналған 
сабақтардың сағат саны жеткіліктеме? 

Педагогтер үшін бағалау іс – әрекетін дамытуға арналған қысқа мерзімді 
біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру керек пе? 
- Сіз өткізген курстарда педагогтер бағалау үдерісін ұйымдастыру бойынша
толыққанды мағлұмат алып, бағалауды толық игеріп кетуіне сенімдісізбе? 
- Педагогтер білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда неден қиналады? 
- Педагогтердің бағалау іс – әрекетін дамыту үшін қандай ұсыныс берген болар 
едіңіз? - деген сұрақтарға жауап беру ұсынылды. 
Жаңартылған білім беру бойынша ұйымдастырылып отырған
біліктілікті арттыру курстарында оқу жетістіктерін критериалды бағалауға 
арналған сабақтардың сағат саны жеткіліктеме? – деген сұраққа тренерлер 100% 
«Жоқ» деп жауап берген, - Педагогтер үшін бағалау іс – әрекетін дамытуға 
арналған қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру керек пе?- 
деген сұраққа 51% – «Біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру керек», 27% 
49
22
19
6
4
Біліктілікті арттыру курстары
семинар тренингтер
Шебер сыыныптар
Тәжірибелік сабақтар
әдістемелік десант және тренерлердің өңірлерге …
0
10
20
30
40
50
60


165 
ұйымдастыру керек, бірақ курстың мазмұнын педагогтердің қажеттіліктерін 
ескеріп құрастыру қажет,13% – курстың мазмұны тек критериалды бағалауға 
арналуы қажет,9% – сұраныс болса, ұйымдастыру қажет деп жауап берген.
38- сурет Диагностикалық кезеңдегі сауалнама нәтижесі. 
- Сіз өткізген курстарда педагогтер бағалау үдерісін ұйымдастыру бойынша
толыққанды мағлұмат алып, бағалауды толық игеріп кетуіне сенімдісізбе? 
? – деген сұраққа тренерлер төмендегідей жауап берген: 
Олардың 19 % - Сенімдімін ол үшін педагог өзі қосымша ізденуі қажет , 
39% - сенімдімін егерде бағалау бойынша қосымша курстан өтсе , 24%- 
сенімдімін егер жаңартылған білім беру мазмұнын толық түсінсе , 18% сенімді 
емеспін - деп жауап берген. 
39- сурет Диагностикалық кезеңдегі сауалнама нәтижесі. 
Тренерлердің - Педагогтер білім алушылардың оқу жетістіктерін
бағалауда неден қиналады? – деген сұраққа берген жауабы педагогтерден 
алынған сауалнама нәтижелерін толық дәлелдеді. 
Олардың 28% бұл сұраққа критерий құрастырудан, 21 %бағалау әдістерін 
қолданудан, 28% кері байланыс ұйымдастырудан, 23% бағалауға арналған 
тапсырмаларды құрастырудан деп жауап берген. 
51
27
13
9
Біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру керек
ұйымдастыру керек, бірақ курстың мазмұнын 
педагогтердің қажеттіліктерін ескеріп құрастыру қажет
курстың мазмұны тек критериалды бағалауға арналуы 
қажет
сұраныс болса, ұйымдастыру қажет 
0
10
20
30
40
50
60
19
39
24
18
Сенімдімін ол үшін педагог өзі қосымша ізденуі 
қажет 
сенімдімін егерде бағалау бойынша қосымша 
курстан өтсе 
сенімдімін егер жаңартылған білім беру мазмұнын 
толық түсінсе 
сенімді емеспін
0
5
10
15
20
25
30
35
40
45
28
21
28
23
критерий құрастырудан
бағалау әдістерін қолданудан
кері байланыс ұйымдастырудан
бағалауға арналған тапсырмалар құрастырудан
0
5
10
15
20
25
30


166 
40- сурет Диагностикалық кезеңдегі сауалнама нәтижесі.
Ал енді, - Педагогтердің бағалау іс – әрекетін дамыту үшін қандай ұсыныс 
берген болар едіңіз?- деген сұраққа тренерлердің 23% педагогтердің бағалау 
біліктерін дамытуға бағдарланған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру, 
31%- бағалау бойынша семинар, тренингтер , 29% мастер – класстар 
ұйымдастыру, 17% көшпелі – тәжірибелік сабақтар ұйымдастыру қажет деген 
ұсыныстарды берген.
41- сурет Диагностикалық кезеңдегі сауалнама нәтижесі.
Зерттеу жұмысымыздың диагностикалық кезеңінде педагогтер мен 
тренерлерден алынған сауалнамалар, сұхбаттар барысында біз эксперименттік 
жұмысымыз үшін қажетті ақпараттарды анықтадық және сол алынған ақпараттар 
негізінде зерттеуіміздің бағдарламасын құрастырдық. 
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс – әрекетін дамыту мақсатында жүргізілген 
педагогикалық эксперименттің анықтау кезеңінде келесі міндеттердің шешімі 
іздестірілді: 
- Эксперименттік зерттеудің мақсатын, міндеттерін анықтау,
эксперимент жұмысының нысанын таңдау және оны жүргізуді теориялық 
тұрғыдан негіздеу; 
- Эксперименттің болжамын тұжырымдау,экспериментке қатысатын
(эксперименттік топ, бақылау тобы) педагогтер санын анықтау,іске асырылатын 
жұмыс формаларын анықтау; 
- Педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетінің
даму деңгейін диагностикалау әдістемелерін таңдау және олардың тиімділігін 
тексеру; 
- Эксперимент нәтижесінде педагогтердің оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалау іс – әрекетінің дамуындағы өзгерістерді айқындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет