Математиканы оқытудың мақсаттары


§5. Математиканы оқыту процесінде оқушыларға кәсіптік бағдар беру



бет4/9
Дата25.03.2022
өлшемі37.04 Kb.
#456470
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2 лекция

§5. Математиканы оқыту процесінде оқушыларға кәсіптік бағдар беру

Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке даярлау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Осығын орай, мектепте оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке даярлау, оларды мемлекеттік маңызы бар мамандыққа ынтасын ұдайы арттыру міндетін жүктейді.


Кәсіптік бағдарлау – оқушыларға өздерінің қабілеттеріне сай, халық шаруашылығының мұқтаждарына керекті мамандықты таңдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және медициналық шаралар.
Оқушыларға кәсіптік бағдар беруде математика пәнінің атқарар ролі бар.
Математика мұғалімінің оқушыларды мамандыққа бағдарлау барысында атқаратын негізгі міндеті: оқушылардың мамандыққа бейімділігін зерттеу және оған дайындау болып табылады.
Математикамен тығыз байланысты кәсіптерге бағдарлауда факультативтік сабақтардың берері мол.
Сыныптан тыс жұмыстарда да кәсіптік бағдар беру ісіне зор көңіл бөлу – мұғалімнің төл ісі. Үйірме жұмыстарында, математикалық кештерде, апталықтарда, баспасөзде практикалық мазмұндағы қызықты ойын-есептер шығару, әр түрлі диспуттар немесе айтыстар ұйымдастыру, көрнекі құралдарды даярлау пәнге құлқы жоқ оқушылардың өзін қызықтырып, оларды математика пәніне ынталадырады.
Оқушыларға кәсіптік бағдар беру мектептегі негізгі мәселенің бірі болып табылады. Бұл мәселені шешуге басқа пән мұғалімдері сияқты математика пәнінің мұғалімі де қатысады. Оқушылар арасында математикалық олимпиада өткізу және оған оларды дайындау оқушыларға кәсіптік бағдар берудің құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазіргі кездегі жетекші маман ғалымдар мен халық ағарту саласының белгілі қызметкерлері, математика пәнінің жаңашыл мұғалімдері кезінде математикалық олимпиаданың жеңімпаздары болған.
Қазіргі кезде қала орталықтарында оқушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатында оқу өндірістік комбинаттары құрылған. Олардың атқаратын негізгі қызметі оқушыларды өздерінің қалаған мамандығына баулу болып табылады.


§6. Қазақстан Республикасында мектеп математикасының білім беру концепциясы. Математикадан I-ІV, V-IX, X-XI сыныптарға арналған мектеп оқулықтары мен бағдарламаларына талдау


Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасы мектептеріне математикалық білім беру тұжырымдамасы.-Алматы, РБК, 1992 ж.


2. Қазақстан мектебінде математикадан базалық білім беру бағдарламасы.-Алматы, РБК, 1992 ж.
3. Қазақстан Республикасының математикалық орта білім стандарты.-Алматы, 1998 ж.
4. Математика пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама (V-IX сыныптар).-Алматы: Рауан, 1999-24 бет.
5. Бағдарламаны түзгендер: Е.У.Медеуов, Б.Б.Баймұханов, К.Ж.Аганина, М.У.Кенжебаева, Н.Рустемова.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет