Математиканы оқытудың мақсаттары


Математиканы оқыту мақсаты мен міндеттері



бет6/9
Дата25.03.2022
өлшемі37.04 Kb.
#456470
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2 лекция

Математиканы оқыту мақсаты мен міндеттері.
Жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың мақсаты – жеке тұлғаны қоғамның даму барысында алатын оның өзіндік орнына лайық функционалды сауаттылығын қалыптастыруға байланысты анықталады.
Орта мектепте математиканы оқытудың білімдік мақсаты – барлық оқушыларды математика ғылымының негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде қолдана алудың іскерліктері мен дағдыларын берік қалыптастыру болып табылады.
Тәрбиелік мақсаты – оқушылардың математикалық мәдениеттілігі мен математикалық іс-әрекеттер арқылы халық мәдениетінің элементтерін қолдана алу іскерліктерін қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты – әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына адамгершілікке ұмтылып, әдемілікті сүюге үйретуге және шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау.
Математика оқушылардың логикалық ойын дамытады және алгоритмдік ойлауды қалыптастырады.
Қазіргі кезде адамдарға жалпы білім берудегі математикалық даярлықтың өзектілігі математиканы оқытудың келесі міндеттерін анықтайды:
- білімдерін жалғастыруға, басқа пәндерді оқып үйренуге, күнделікті тұрмыста қолдануға қажетті нақты математикалық білімді меңгеру;
- математикалық қызметке тән және қоғамда адамның толығымен қызмет жасауына қажетті ойлаудың қасиетттерін қалыптастыру, оқушыларды интеллектуалды дамыту;
- математиканың идеялары және әдістері жайлы, шындықты тану әдісі және оны сипаттау қалпы ретінде математика туралы түсініктерді қалыптастыру;
- жалпы адамзаттық мәдениеттің бөлігі ретіндегі математика туралы түсінікті қалыптастыру, математиканы қоғамдық прогресс үшін маңыздылығын түсіну.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда математика пәнінен жалпы білім беретін мектептердің әр түрлі сыныптарына арнап төл оқулықтар дайындалуда, ал кейбір сыныптарға арналған математика оқулықтары баспадан шыға бастады: Мысалы, қазіргі “Математика-5” (“Атамұра” баспасы, 2001 ж., авторы Алдамұратова Т.А.), “Математика-6” (“Атамұра” баспасы, 2002 ж., Алдамұратова А.Т.) оқулықтары 5 және 6 сыныптарға арналған жаңа бағдарламаға сәйкес, мектептегі математиканы оқыту концепциясының негізгі принциптерін сақтай отырып жазылған.
Алдымен біз “Атамұра” баспасынан 2001 жылы шыққан А.Т.Алдамұратованың “Математика-5” оқулығының кейбір әдістемелік ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.
Оқулықта жаңа бағдарламаға сәйкес теориялық материалдар мүмкіндігінше кең көлемде қарастырылған. Сонымен бірге онда теориялық материал мен есептер жинағының функциясы біріктірілген.
Оқулықта берілген теориялық материалдар мен жаттығулардың мазмұнын жақсы түсіну, оқулықтың кейбір әдістемелік ерекшеліктерін атап өтейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет