Математиканы оқытудың мақсаттары


Математика-5” оқулығының бірінші ерекшелігі – материалды (тақырыпты) баяндаудың индуктивтік сипаты



бет7/9
Дата25.03.2022
өлшемі37.04 Kb.
#456470
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2 лекция

Математика-5” оқулығының бірінші ерекшелігі – материалды (тақырыпты) баяндаудың индуктивтік сипаты.
Жаңа тақырып мазмұнын баяндауда оқушыға белгілі математикалық модельдерді пайдаланып, нақтылы мысалдардың көмегімен жалпы ұқсастықты айқындап, нәтижесінде белгілі бір анықтама, ереже туындату. Мысалы, ондық бөлшекті 10, 100, 1000 т.с.с. разряд бірліктеріне көбейту (бөлу) ережесі индуктивтік тәсілмен қорытындыланады. 5-сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне байланысты “нақтылықтар” негізінде ғана шын нанымға ие болады. Сондықтан да материалды баяндаудың индуктивтік сипаты – осы жастағы оқушылардың түсініктері үшін қажетті әдлістемелік шарт болып табылады.
Математика-5” оқулығының екінші ерекшелігі. Оқулықта тақырыптың негізгі тұжырымдамалары, ережелері, анықтамалары шағындалып айрықша көрсетіліп берілуі болып табылады.
Жаңа тақырыптың мақсатын білдіретін негізгі мағлұматтардың айрықша көрсетіліп берілуі, оқушының нақтылықты ажырата білуге және оны игеру үшін қажеттігін сезінуге тәрбиелейді.
Тақырып соңындағы сұрақтар да тақырыптың негізгі мәселелері бойынша оқушы ойын жинақтауға көмектеседі.
Математика-5” оқулығының үшінші ерекшелігі. Оқушылардың натурал сандар мен есептеу дағдыларын жетілдіріп, жай бөлшекпен және ондық бөлшекпен есептеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқулықтағы санды, әріпті өрнектерге берілген жаттығуларды орындауда және теңдеулерді белгісіз компоненттері бойынша шешуде жай бөлшекпен және ондық бөлшекпен аралас есептеу ерекшеліктері бар. Сонымен қатар процентті ондық бөлшекті, жай бөлшекті пайдалана есептеу, процент пен пропорцияны бір-бірімен байланыстырып есептеу тәсілдері жолға қойылған.
Математика-5” оқулығының төртінші ерекшелігі – көрнекілікке ұмтылушылық. Бұл әдіс оқулықтың өн бойында қолданылған. Мысалы, бөлік, үлес ұғымдарын түсіндіру үшін теориялық материалда тұтас (толық) бірлік дене (шама) ретінде дөңгелек пайдаланылса, жаттығуларда бірлік кесінді пайдаланылады. Сол сияқты бөлшектерді көбейту тақырыбында көрнекілік ретінде қарапайым геометриялық фигура тік төртбұрыш пайдаланылады. Бесінші сынып оқушылары абстрактылы ойлауға жаттықпаған, сондықтан кез келген жаңа ұғымды түсіндіруде көрнекілікпен түсіндіру оқушының нақтылы түсінік ойлауы үшін қажетті де жеткілікті шарт болып табылады. Бұл мәселе оқулықта қамтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет