Математиканы оқытудың мақсаттары


§4. Математиканы оқыту әдістемесінің міндеттері



бет2/9
Дата25.03.2022
өлшемі37.04 Kb.
#456470
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2 лекция

§4. Математиканы оқыту әдістемесінің міндеттері

Сабақ өткізудің практикалық дағдысына ие болу, үй тапсырмасын тексеру әдістемесі, өз бетінше жұмыс, жаңа материалды үйрену әдістемесі, өтілген сабаққа талдау жасаудың түрі және сабақтың барысын жазу т.б.


Өтілетін сабақты жоспарлай білу, оған сабақ мазмұнына қарай оқытудың техникалық құралдарын қолдана білу. Стандартты және стандартты емес есептерді шеше білу. Орта және жоғары оқу орындарында сабақтан тыс жұмыстар: үйірме, олимпиада, математикалық кештер, жарыстар, ғылыми қоғамдардың (оқушылардың, студенттердің) жұмысын пәрменді түрде жүргізу және т.б.
Математиканы оқытудың курсын үйренудің нәтижесінде студенттер математиканы орта мектепте және жоғары оқу орнында оқытудың ұйымдастыру формасы туралы түсінік алу керек.
Математиканы оқыту әдістемесі шартты түрде үш салаға бөлінеді:
1) математиканы оқытудың жалпы әдістемесі;
2) математиканы оқытудың арнайы әдістемесі;
3) математиканы оқытудың нақты әдістемесі.
Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі мектеп математикасының бүкіл курсын қарастырады және оқытудың мазмұны мен әдістерінің бірлігінің оқыту түрлерінің арасындағы байланыстарды, әр түрлі курстардың арасындағы сабақтастықтарды, оқу процесіндегі тәрбие жұмысы элементтерінің тұтастығын қамтиды, оқушылар білімінің саналығы мен баяндылығын қамтамасыз етеді.
Математиканы оқытудың арнайы әдістемесі оқушылардың жасына, оқу материалдарының мазмұны ерекшеліктеріне сәйкес курсты оқытудың дербес мәселелерін қарастырады.
Матемиатиканы оқытудың нақты әдістемесіне математиканы оқытудың жалпы және арнайы әдістемесінің жеке мәселелері қарастырылады.
Сонымен бірге, математиканы пропедевтикалық (дайындық) және жүйелі (негізгі) курстарын оқыту әдістемесі де бар.
Математиканы оқыту әдістемесінің басты міндеті – білім беру.
Сонымен бірге, әдістеме мектеп математикасының мақсатын, міндеті мен мазмұнын ашып береді, оқытудың әдістерімен және түрлерімен, оқыту құралдары жүйесімен, сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны және жүргізу әдістерімен, тәрбие процесін ұйымдастыру тәсілдерімен қаруландырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет