Математиканы оқытудың мақсаттары


Математика-5” оқулығының бесінші ерекшелігі – пәнішілік сабақтастық



бет8/9
Дата25.03.2022
өлшемі37.04 Kb.
#456470
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2 лекция

Математика-5” оқулығының бесінші ерекшелігі – пәнішілік сабақтастық.
Мектепте жаңа бағдарламаға сәйкес математиканы оқыту концепциясының негізгі принциптерінің бірі: оқушының математикалық модельді реальды өмір мәселелерін есептеуге үйрету арқылы оқушының жеке басының жан-жақты дамуын қамтамасыз ету болып табылатынын білеміз. Осы проблемаға сәйкес оқулықта өткен сыныптардағы табиғаттанудан өтілген тақырыптың негізгі мәселелеріне сәйкес келетін жаттығулар бар.
Математика-5” оқулығының алтыншы ерекшелігі – бұрын оқылған материалдарды үнемі қайталап отыру, қайталауды ұйымдастыру болып табылады. Өткен тақырыптарды қайталау екінші және үшінші деңгей жаттығуларында комбинацияланып, күрделеніп берілсе, тақырып тарау соңында ерекшеленіп беріледі. Оқулық материалдары бойынша мұғалімнің өтілген тақырыптарды барлық сабақтарда қайталауына мүмкіндік жасалған.
Математика-5” оқулығының жетінші ерекшелігі – оқушының өз бетінше ойлау жүйесін жетілдіру болып табылады. Оқулықта оқу материалын оқушының өз бетінше түсініп игеруіне мүмкіндік жасалған. Оқулықтағы әрбір жаңа тақырыптың алдында “қоңырау” белгісімен жаңа тақырыпқа оқушылардың алдын ала дайындалуы үшін тапсырмалар берілген. Бұл тапсырмаларды орындау арқылы оқушыда жаңа тақырыпты игеруге алдын ала логикалық, практикалық дағды қалыптасады.
Оқулық мазмұнын әдістемелік бағытта қорытындылағанда, жалпы оқулықтың құрастырылу жүйесінде мектепте математиканы оқыту концепциясына және жаңа бағдарлама мазмұнына сәйкестікті аңғаруға болады.
Ал “Атамұра” баспасының 2002 жылы шыққан Т.А.Алдамұратованың “Математика-6” оқулығындағы тақырыптар, 7 тарауға бөлінген. Әрбір тараудың соңында сол тарау материалдарын қайталауға арналған жаттығуларға қоса “Қайталауға арналған жаттығулар оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында жүргізілетін” өзіндік жұмыстар үшін берілген.
“Математика-6” оқулығының құрылымы деңгейлеп (А, В және С деңгейлері) оқыту жүйесіне лайықталып жазылған. Оқушыларды бірінші кезекте А деңгейіндегі жаттығуларды орындауға үйреткен соң В, С деңгейлеріндегі жаттығуларды орындатып үйретуге болады.
“Математика-6” оқулығында әрбір сабақта 6-9 жаттығу орындалады деген есеппен 1336 жаттығу бар. Сондықтан тақырыптағы жаттығулардың барлығын орындау міндетті емес, бірақ тақырыптағы оқып үйренуге тиісті дағдыларды қалыптастыратын жаттығулар толық орындалуы тиіс. Арнайы бағдарламалы сыныптар өздерінің дидактикалық мақсаттарына сәйкес жаттығуларды таңдап алуларына толық мүмкіндік жасалған.
“Математика-6” оқулығындағы тараулардың мазмұндары туралы қысқаша мәліметтер берейік.
Бірінші тараудың алдында

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет