Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2



бет14/26
Дата22.02.2016
өлшемі6.78 Mb.
#1840
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26

Елімізде қолданылатын қылмыстық-атқару заңнама Қамауда отырғандармен қарым-қатынас жасаудың ең төменгі стандарттық ережелерінде және басқа да халықаралық пактілерде тұжырымдалған жалпы талаптарға сәйкес келетіндігіне қарамастан, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселесі өте күрделілердің бірі болып табылады.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ахуалды тұрақтандыру үшін, сотталғандар мен қамауда отырғандарды ұстау жағдайларын адамның құқықтары туралы заңнаманың талаптары мен халықаралық нормаларға нақты сәйкес келтіру үшін жергілікті және республикалық мемлекеттік билік органдарының қатысуымен кешенді тәсілдерді талап етеді.

Бас бостандығынан айыруға немесе қоғамнан ұзақ оқшаулауға байланысты емес жазалардың кең ауқымын енгізу; тергеу изоляторлары мен түзеу мекемелері персоналдарының әлеуметтік қорғалуын және кәсіби даярлығын нақты арттыру; сотталғандарды жұмыспен қамтуды қамасаыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау; әлеуметтік мәні зор кәсіпке ие болуда, мәдени, жалпы білім еру және кәсіби деңгейді дамытуда (жоғары және орта арнайы оқу орындарында сыртай оқуды қосқанда), отбаысмен қарым-қатынасты қолдауда және нығайтуда, босағаннан кейін еңбекке және тұрмыстық орналастыруда оларға көмек көрсету үшін сотталғандармен әлеуметтік жұмыс жүргізу.

3.6. Діни сенім бостандығына құқықтарды қорғау және қолдау
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі ар-ождан бостандығына құқықты сақтау мәселелеріне бас көңіл бөледі.

Қазақстанда ҚР Әділет министрлігінің Діни істер комитеті құрылған әрі жұмыс істейді. Оның негізгі міндеті азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету, түрлі діни сенімдегі діни бірлестіктер арасында өзара түсіністікті, төзімділікті нығайту, олардың мемлекеттік өзара іс-қимылын жасау болып табылады. ҚР Үкіметінің жанында Діни бірлестіктермен байланыс кеңесі жұмыс істейді. Мемлекет пен түрлі діндер арасында ынтымақтастық дамуда, Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі шеңберінде конфессияаралық сұхбат тереңдей түсуде, азаматтық қоғамда діннің беделі мен ұстанымы нығаюда, жұмыс істейтін діни ұйымдардың саны өсуде.

Қазақстан Республикасының Конституциясы әркімнің ар-ождан бостандығы құқығына кепілдік береді және ешқандай жағдайларда да осы құқықты шектеуге жол берілмейді.

Есептік кезеңде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына «Кришнаны тану қоғамы» діни бірлестігінің маңайында қалыптасқан талас-тартысты реттеуді өтінген «Кришнаны тану қоғамы» діни бірлестігінен өтініш келіп түсті. «Кришнаны тану қоғамы» діни бірлестігінің мүшедері тұрған тұрғын үй құрылыстарын ысырып тастау діни сенім бостандығына құқықтарын бұзу болып табылады.

2007 жылғы 2 қарашада Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құрамында жұртшылықпен байланыс жөніндегі директор М.Г.Варфоломеева, жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестіруші О.Ю.Авраменко және Қазақстандағы Кришнаны тану қоғамының заң мәселелері жөніндегі кеңесшісі Е.В.Левицкая қатысқан «Кришнаны тану қоғамы» діни бірлестігінің өкілдерімен кездесуі болды.

Осы діни бірлестіктің өкілдерімен кездесуде Кришнаны тану қоғамының маңайында қалыпасқан ахуалға байланысты мәселелер көтерілді. Дін бірлестік өкілдерінің пікірінше, діни бірлестік мүшелеріне қатысты діни белгісі бойынша қудалау жүзеге асырылуда.

Өз кезегінде Уәкіл осы оқиғадағы мән-жайды зерделеу кезінде адамның діни сенім бостандығына құқықтарын бұзу фактілері анықталмағанын атап өтті, ал өз бетінше тұрғызылған және мақсатсыз пайдаланылған жер учаскелерін ысырып тастау туралы сот органдарының шешімі негізгі әрі заңды болып табылады. Уәкіл Кришнаны тану қоғамының 10 діни бірлестігінің Қазақстан аумағында жұмыс істейтінін әрі кедергісіз қызмет ететінін атап өтті.

Дегенмен, діни бірлестік өкілдеріне Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 18-тармағына сәйкес Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сот органдарының қызметіне араласуға және шығарылған сот шешімдерімен келіспейтіндігіне байланысты өтініштерді қарауға құқығы жоқтығы түсіндірілді.

Осыған байланысты, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл «Кришнаны тану қоғамы» діни бірлестігінің өкілдеріне орын алған сот шешімдерін жоғары тұрған сатыға шағымдану жолымен азаматтық-құқықтық заңнамада көзделген құқықтық қорғау құралдарын пайдалану ұсынылды.

Азаматтардың діни бірлестіктерді міндетті тіркеу туралы заңнамалық нормаға орай діни қоғамдастыққа бірігу құқықтарын іске асыру өзекті болып қалуда.

Мемлекеттердің ұлттық заңнамасында ар-ождан бостандығын іске асыру үшін шектеу нормаларын қайта қарау және жою қажеттігінің тақырыптары ЕҚЫҰ халықаралық форумдарының күн тәртібінде өзектілердің бірі болып табылады.

2007 жылғы 29-30 наурызда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл «Жиналу, бірігу және білдіру бостандығы: плюралистік қоғамға толық әрі бірдей қатысуды көтермелеу» тақырыбында Адамзаттық өлшем жөніндегі ЕҚЫҰ-ның қосымша кеңесіне қатысты. Оның жұмысына ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің мемлекеттік органдарының 200-ге тарта өкілдері, құқық қорғаушылары мен журналистері, соның ішінде ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл басқарған қазақстандық делегация қатысты.

Жиналу, бірігу және білдіру бостандығына құқықтарды қамтамасыз ету кезінде ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер жиі кезігетін шақыруларды зерделеу, және оларды еңсеру тәсілдерін іздестіру кеңестің мақсаты болды. Жақын арадағы негізгі де бағдарға алынатыны қоғамдық ұйымдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын және жиналыстарды тіркеу институтынан бас тарту және кеңесте мәлімделген құқықтарды іске асыру кезінде хабардар ету сипатына көшу қажеттігі туралы пікір болды.

Кеңес барысында мемлекеттік делегация өкілдері қоғамдық бірлестіктердің құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы ахуал туралы, діни сенім бостандығына қатысты заңнамадағы жоспарланып отырған өзгерістер, ұлттық заңнаманы ЕҚЫҰ стандарттарымен сәйкес келтіруге бағытталған бұқаралық ақпарат құралдары туралы баяндады.

Адамзаттық өлшемнің аса өзекті мәселелері талқыланған қазақстандық және американдық делегациялардың кездесуі қосымша ұйымдастырылды.

Бұдан басқа, 2007 жылғы 30 наурызда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі өкілінің Халықаралық Кришнаны тану қоғамы ИСККОН басқарушы органының мүшесі Говинда Свами мырзамен және «Алматы Хельсинки комитеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Н.К.Фокинаның кездесуі болды. Кездесу барысында қоғамдық бірлестіктер өкілдеріне Қазақстандағы Кришнаны тану қоғамының мүшелеріне тиесілі ысырылатын тұрғын үйге өтемақы мәселесін шешудің мүмкін нұсқалары туралы хабардар етілді.

2007 жылдың мамырында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметкері «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер: халықаралық стандарттар және Қазақстан Республикасының заңнамасы» тақырыбындағы дөңгелек столдың жұмысына қатысты. Дөңгелек столды ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, Алматыдағы ЕҚЫҰ Орталығы, ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Алматы Хельсинки комитеті ұйымдастырды. Ой, ар-ождан, дін және наным бостандығы саласында Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің ережелерін және ЕҚЫҰ құжаттарын имплементациялаудың негізгі проблемаларын талқылау дөңгелек столды ұйымдастырудың мақсаты болды.

Дөңгелек столдың жұмысы барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің діни сенім бостандығына құқықты қорғау және діни бірлестіктер туралы қызметі ұсынылды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар халықаралық стандарттарға сәйкес ой, ар-ождан, дін және наным бостандығын қорғауды күшейтуге бағытталған ұсынымдар қабылданды.

2007 жылғы 7-8 маусымда Бухаресте Кемсітушілікке қарсы күрес және өзара құрмет пен түсіністікті көтермелеу жөнінде ЕҚЫҰ конференциясы болды. Конференцияның жұмысына Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А.Калюжный қатысты.

Конференция шыдамдылықты тәрбиелеу бағытында және кемсітушілікке қарсы күресте; шыдамдылықтан өзара құрметтеу мен түсіністікке негізделген қадірге көшуде ЕҚЫҰ міндеттемелерін орындауға арналған. Негізгі сөздер: шыдамдылықты тәрбиелеу және кемсітушілікке қарсы күрес саласында ЕҚЫҰ міндеттемелерін орындау жолдарын шетке шығару айтылды.

Конференцияның жұмысы барысында:



  • шыдамдылықты көтермелеу және кемсітушілікке қарсы күрес садасындағы заңнама; шыдамсыздық салдарындағы қылмыстарға қарсы күресте құқық қолдану құрылымдарының ролі; шыдамсыздық салдарындағы қылмыстар туралы деректерді жинау;

  • өзара құрмет пен түсіністікті тәрбиелеу, Холокост және оның құрбандары туралы ескерткіштерді сақтау, мәдениет пен дін сұхбатын ретке келтіру бағытындағы білім беру қызметі;

  • нәсілдік, ксенофобия және кемсітушіліктің жариялы көріністерін БАҚ, Интернет, спутниктік телеарна және оқулықтар арқылы сөз бостандығының құқықтарын бұзбай таратылатын проблемаларды шешу амалдарын іздестіру мәселелері талқыланды.

Болашақтағы перспективалар: қол жеткен прогресті бекіту және жаңа шақыруларға жауаптар іздестіру Конференцияның қорытындысы деп жарияланды.

Есептік кезеңде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысына қатысты. Оның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясат мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу, қоғамда рухани келісімді және конфессияаралық қатынастарды үйлестіруді нығайту болып табылады.

2007 жылғы қарашада Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметкері ЕҚЫҰ/ДИАҚБ қызметкерлері Фабио Пианамен, Симона Санторо және Коул Дурхамоның дін мен діни сенім бостандығы және осы саладағы халықаралық стандарттардың мәселелері жөнінде тренинг өткізу мүмкіндігін талқылау үшін ҚР мемлекеттік органдарының өкілдерімен кездесуіне қатысты.

ЕҚЫҰ дін мен діни сенім мәселелері жөніндегі Консультативтік Кеңесі мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғамның өкілдері үшін дін және діни сенім бостандығы саласында халықаралық стандарттар туралы оқу бағдарламасы бойынша басшылық әзірледі. Әзірлеушілердің пікірі бойынша мемлекеттік, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен танысу кездесулері заңнама және құқық қолдану практикасы тұрғысында Қазақстанның жағдайына бейімделген тренинг бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді. Мұндай тренингтерді адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттар, соның ішінде ЕҚЫҰ туралы хабардар болуды арттыру мақсатында ЕҚЫҰ-ның түрлі елдерінде өткізу жоспарлануда.



Діннің бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ету аса басым қауіпсіздік болып табылатынын назарға ала отырып, адамның ар-ождан бостандығына құқықтарының халықаралық стандарттарын сақтау мақсатында жұмыс істейтін мемлекеттік құрылымдардың әлеуетін жемісті пайдалану қажет.


3.7. Психиатриялық мекемелердегі адамдардың құқықтарын

қорғау және қолдау
2007 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл құқық қорғау мониторингін жүзеге асыру мақсатында Ақмола облысындағы облыстық психоневрологиялық диспансерді және алматы облысындағы Талдықорған психоневрологиялық диспансерді аралады. «Ақмола облыстық психиатриялық диспансері» мекемесі медициналық персоналдарға қатты мұқтаж екендігін осы санаттағы адамдарды ұстау жағдайларының мониторингі көрсетті. Психиатр дәрігерлердің бос орындар саны – 9.

БҰҰ Ассамблеясының 75 пленарлық отырысында қабылданған Психикалық ауытқудан зардап шегуші адамдарды қорғау және психиатриялық көмекті жақсарту қағидаттарында (бұдан әрі - Қағидаттар) психиатриялық мекемелер кез келген емдеу орындары сияқты сол ресурстарға, жеткілікті білікті медицина персоналдарының және басқа да тиісті мамандардың санына, оңаша қалдыру үшін және қажетті әрі белсенді емдеу курсын жүргізу үшін әрбір пациентке жағдай қамтамасыз етілген барабар үй-жайға қол жеткізуге тиістігі регламенттелген.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 1993 жылғы 20 желтоқсандағы 48/96 қарарымен қабылданған Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің 19 ережесіне сәйкес мемлекеттер мүгедектерге қызмет көрсеткені үшін жауапты барлық органдардың өз персоналын тиісінше дайындауын жүзеге асыруды қамтамасыз етуі керек. Ақмола облыстық психиатриялық диспансерінің дәрігерлері Қазақстанның білім беру мекемелерінде біліктілікті арттырудан өтеді. Дегенмен, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тиісті мемлекеттік органдарға біліктілікті арттыруға шетелдік ғылыми орталықтар мен клиникаларға медицина қызметкерлерін жіберу мүмкіндігін іздестіру қажеттігін атап өтті.

Мониторинг барысында ауруханаларды бюджеттік қаржыландырудың жетіспеушілігі анықталды. 2007 жылға жалпы қаржыландыру 273977 мың теңгені құраса, аурухананың қажеттілігі – 325267 мың теңге болды. Нәтижесінде 2007 жылға қаражаттың жетіспеушілігі соның ішінде, емдік препараттар тізімінің кеңеюіне байланысты психикалық науқастарды емдеу кезінде аса сапалы әсер ететін қымбат психотропты препараттарды, жұмсақ мүкәммалдарды, пациенттерге арналған жиһаз-кереуттерді, көлікті сатып алуға, ғимараттар мен құрылыстардың ағымдағы жөнделуіне, медициналық және технологиялық жабдықтарды сатып алуға 51,3 млн теңгені құрады, тозу 70% құрайды.

Қалдық қаржыландыруға осы амал ауруханада емделіп жатқан адамдар санатының құқығын бұзу болып табылады, сол арқылы мұндай қамқорлыққа алынушылардың мемлекетке керек еместігін және зияндылығын көрсетеді.

Мекеме мониторингінің нәтижелері жалпы қорытынды түюге мүмкіндік береді: аурухана ең негізгі шығыс баптары: тамақтану, дәрілер, санитарлық-гигиеналық талаптар бойынша қаржыландырылады. Қалған шығыс баптары маңызды емес, қаржыландыру жеткіліксіз.

Дегенмен, өзге денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мекемелерінде халықтың басқа санатын медициналық және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету арқылы ахуал жақсы жағынан ерекшеленіп келеді. Осы қызмет көрсету саласындағы айырмашылық құқық қорғау тұрғысында тиімсіз.

Құқықтарды бірдей пайдалануды өзгерту немесе қиын болу салдарынан кез келген айырмашылық, артықшылық немесе басымдық беру кемсітушілікті білдіреді. Осы жағдайда психикалық аурудың негізінде кемсітушілік жатады.

Көрсетілген мән-жайлардың психикалық ауытқудан зардап шегуші адамдардың құқықтарын қорғау саласында жалпыға қабылданған халықаралық стандарттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қатысы жоқ.

1 Қағидатқа сәйкес психикалық ауытқудан зардап шегуші немесе осындай деп есептелетін адамдарға ізгілікпен қарау және адамның жеке басының ажырамас қадір-қасиетіне құрметпен қарау қажеттігіне юарлық жауапты мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың назарын ерекше аудару керек. Психикалық ауытқудан зардап шегуші немесе осындай деп есептелетін барлық адамдардың экономикалық, жыныстық және басқа да пайдалану нысандарынан, дене немесе өзге сипаттағы теріс пайдаланудан және адамдық қадір-қасиетті төмендететін қатынастан қорғалуға құқығы бар.




«Талдықорған психоневрологиялық диспансері» ММ

«Талдықорған өңірлік психоневрологиялық диспансері» ММ-ді аралау санитарлық-гигиеналық нормалар тұрғысында ұстау жағдайының қанағаттанарлықсыз деңгейі, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны жаңарту, емдеу корпустарын күрделі жөндеу, оларды жалпы қабылданған қазіргі заманғы талаптарға бейімдеу қажеттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, осы типтес барлық мекемелерде емделетін біреуінің тамақтануына күн сайын бөлінетін және ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысына сәйкес тамақтанудың заттай нормасына сәйкес жыл сайын есептелетін 178 теңге мөлшеріндегі сома аз. Тек соңғы жыл ішінде жекелеген азық-түлік бағасы 1,5-2 есеге өскені белгілі, ал тамақтануға шығыстар сомасы бұрынғысынша қалды, осыған байланысты көрсетілген нормаларды қайта қарау қажет.

Толғандырған проблемалар тұрғысында ерекше болып табылмайтын Талдықорған психоневрологиялық диспансердегі пациенттердің тұратын жағдайы Психикалық ауру адамдарды қорғау және психиатриялық көмекті жақсарту қағидаттарына, сондай-ақ «Психиатриялық көмек және оны көрсету кезінде азаматтардың құқықтарына кепілдіктер туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі ҚР Заңының нормаларына толық көлемде сәйкес келмейді.

Дегенмен, психикалық ауытқудан зардап шегуші азаматтар халықтың құқықтық қатынаста аса осал санатының бірі болып табылады және мемлекет тарапынан үлкен назар аударуды талап етеді.

Жалпы, облыстар бойынша мониторинг жүргізу және шағымдарды қарау нәтижелерін жианқай келіп, шешілуі тиіс мынадай тұстарды бөліп көрсетуге болады.



Психикалық ауытқудан зардап шегуші азаматтардың құқықтарын тиімді қорғау мақсатында осы әлеуметтік осал топтың азаматтарына көмек көрсететін мекемелердің қаржыландырылуын жақсарту шараларын қабылдау қажет.

Медициналық психоневрологиялық мекеме емдеу процесінде қолданатын медициналық препараттардың тізімін тұрақты түрле нақтылау және қайта қарау қажет. Бұл әлемдік практикада аса тиімді препараттардың үнемі жетілдірілуіне және қолдануға жіберілетініне байланысты.

Ғимараттарға күрделі жөндеу және қайта жаңартуды жүргізе отырып, ауруханалардың корпусын жаңғырту және/немесе психикалық дені сау емес мүмгедектердің қажеттіліктерін ескер мақсатында жаңа корпустарды салу керек.

Мамандандырылған мекемелердің басшылары психикалық дені сау емес адамдардың медициналық көмекке мұқтаждығын қанағаттандыру, соның ішінде шетелдік мамандандырылған орталықтар мен клиникаларда мекемедегі медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруы үшін медициналық персоналдың біліктілігін арттыру шараларын қабылдауы керек. Тар мамандықтағы медицина қызметкерлерін едәуір ұлғайту жағына қарай мекеменің штат санын қайта қарау керек болар.

Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарға, діни бірлестіктерге қаморлыққа алынған адамдардың құқықтарын сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында осы мекемені аралау мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.

3.8. Босқындар мен көшіп-қонушылардың құқықтарын

қорғау және қолдау
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметіндегі басым бағыттардың бірі ретінде босқындар мен көшіп-қонушылардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындау қажеттігін сақтау мен өзектендіруге үлкен мән береді. 2007 жылы осы басымдық бойынша жұмыс «Қазақстан Республикасындағы босқындар мен оралмандардың құқықтарын сақтау туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мамандандырылған баяндамасында толық жазылған.

Босқындар мен көшіп-қонушылардың құқықтарының проблемасы халықаралық ынтымақтастықты дамыту тұрғысында да Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі үшін басым болып табылады.

Босқындар мен көшіп-қонушылардың құқықтарын қорғау мақсаттарын жүзеге асыруда БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссардың басқармасы, ЕҚЫҰ, Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым сияқты ұйымдар Уәкілдің тұрақты серіктесі болып табылады. Олармен сындарлы ынтымақтастық ретке келтірілген, көшіп-қонушылар мен босқындардың құқықтары мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ақпараттық алмасу жүзеге асырылады.

Мәселен, 2007 жылғы 12 ақпанда Уәкілдің Қазақстан Республикасындағы БҰҰ БЖКБ Өкілдігінің Басшысы Сезар Дюбонмен және Астанадағы БҰҰ БЖКБ офисінің басшысы Бранислав Койичпен кездесуі болды. Кездесу барысында ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың одан арғы перспективаларының мәселелері және бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі одан арғы жоспарлар талқыланды.

2007 жылғы 13 қарашада Адам құқықтары жөніндегі уәкіл БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар А.Гуттереспен кездесті. Кездесу барысында тараптар ұлттық құқық қорғау мекемесі мен БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссардың басқармасының ынтымақтастығын нығайтуға байланысты мәселелер талқыланды. А.Гуттерес омбудсмен мекемесі жүргізген халықтың осы әлеуметтік осал топ өкілдерінің шағын саны тұратын облыстардағы босқындардың құқықтарын сақтау мониторингінің нәтижесі негізінде Қазақстан Республикасындағы босқындардың құқықтарының ағымдағы жай-күйін талдаумен, Еуропалық одақ пен БҰҰ БЖКБ қаржыландыратын «Орталық Азияда баспана жүйесін күшейту мақсатында институционалдық даму әлеуетін нығайту қызметі» жобасын іске асыру барысымен танысты.

Жыл бойы Уәкіл мекемесі Еуропалық Одақ пен БҰҰ БЖКБ қаржыландыратын, босқындар мен оралмандардың құқықтарын қорғау проблемаларын шешуге бағытталған «Орталық Азияда баспана жүйесін күшейту мақсатында институционалдық даму әлеуетін нығайту қызметі» жобасын іске асыруды жалғастырды. Көрсетілген санаттағы азаматтардың құқықтарын сақтауға және қорғауға байланысты ахуалды зерделеу мақсатында Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарына мониторингтік іссапар жүзеге асырылды, құзыретті мемлекеттік органдардың қызметкерлері тартылған тақырыптық тренигтер мен семинарлар өткізілді. Жобаның маңызды нәтижесі плакаттар (бес мыңнан астам), ақпараттық брошюралар (32 мыңнан астам) таратуды және Дүниежүзілік босқындар күніне орайластырылған «Хабар» мен «Қазақстан» телеарналарында теледидар роликтерін көрсетуді қамтитын босқындардың құқықтары туралы ақпараттық науқан болды.

Босқындардың мәртебесі туралы конвенцияның және оған Хаттаманың қатысушы тарапы бола отырып, Қазақстан Республикасы Қазақстан аумағында болған уақытында босқындар мен баспана іздеген адамдарды қорғауды қамтамасыз етуге міндеттеме қабылады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің 2007 жылғы 1 қаңтардағы деректері бойынша елде босқындардың саны 689 адамды құрайды. Осы адамдардың мәртебесі мен құқықтары қазіргі сәтте дербес нормативтік құқықтық актімен реттелмеген.

Халықтың көші-қонын реттеудің құқықтық негізі «Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы ҚР Заңында, 1998 жылғы 15 желтоқсандағы Заңмен Қазақстан Республикасы қосылған «Босқындардың мәртебесі туралы» 1951 жылы 28 шілдеде қабылданған Конвенцияда және 1967 жылы 31 қаңтарда қабылданған Босқындардың мәртебесіне қатысты хаттамада қаланған.

Қазақстанда көшіп-қонушылардың құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар бағдарламалық құжаттар қабылданды: 200 жылғы 5 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының тұжырымдамасы, 2001 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасындағы көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасы.

Сонымен бірге қабылданған халықаралық міндеттемелерді іске асырудың аса тиімді тәсілі «Босқындар туралы» арнайы заңды әзірлеу және қабылдау болып табылады. Қазақстанда мұндай заңнамалық актіні қабылдау қажеттілігі оның аумағында өз құқықтарын қорғау мен сақтады алу мақсатында республикаға келушілер санының тұарқты өсуінен туындады. Мұны мемлекетте саяси ахуалдың тұрақтылығы мен орнықтылығына, елдің экономикалық және әлеуметтік саласының тез даму қарқынына байланысты шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін Қазақстан Республикасының жоғары тартымдылығымен түсіндіруге болады.

Жазылғандарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Босқындар туралы» заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құрды. Жұмыс тобының құрамына мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, халықаралық ұйымдар мен адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің өкілдері кірді. Есептік кезең ішінде Уәкіл аппаратының қызметкері жұмыс тобының алты отырысына қатысты.

Есептік кезеңде босқындар мен көшіп-қонушылардың құқықтарын қамтамасыз етудің халықаралық стандарттары туралы жұртшылықтың хаюардар болу деңгейін арттыру мақсатында БАҚ-та босқындар мен көшіп-қонушылардың құқықтарымен байланысты мәселелерді жариялау шаралары қабылданды.

«Юридическая газета» газетінде «Орталық Азияда баспана жүйесін күшейту мақсатында институционалдық даму әлеуетін нығайту қызметі» жобасын іске асыру барысына арналған «Босқындар мен оралмандардың құқықтарын қорғау» тақырыптары бойынша (21.02.2007), Халықаралық нәсілдік кемсітушілікті жоюға күрес күніне орайластырылған «Не делить людей на расы» деген (27.03. 2007) мақалалар жарияланды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылына үлкен мән беріледі.

Мәселен, 2007 жылғы 17 шілдеде Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ ұйымдастырған «Этникалық қазақтардың тарихи отанына қайтып оралуы: тәжірибе, проблемалар, перспективалар» дөңгелек столының отырысына қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты «Қазақстан Республикасына этникалық қазақтардың қайтып оралуының 2008-2015 жылдарына арналған тұжырымдамасын» дайындау шеңберінде оралмандардың қазіргі заманғы қазақстандық қоғамға кірігуіне жәрдемдесу мәселелерін талқылау болып табылды.

Талқылау барысында қатысушылар мемлекеттің қабылдаған шараларына қарамастан, репатриация процесінің жүйелі және кешені нысаны жоқ және оралмандарды қазіргі заманғы қазақстандық қоғамға кіріктіру жөніндегі ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатқа мұқтаж деген түйінге келді.

Дөңгелек столдың қорытындысы бойынша қатысушылар, атап айтқанда Қазақстан Республикасына этникалық қазақтардың қайтып оралуының 2008-2015 жылдарына арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, елдің бюджетінде этникалық қазақтарды жеделдетіп репатриациялау бойынша жаңа саясат жүргізуге байланысты шығыстарды есептеу, Ресей, Германия, Израиль және басқа елдердің халықаралық репатриациялау тәжірибесін пайдалану қажеттігі туралы ұсынымдар әзірленді.

«Босқындар мен көшіп-қонушылардың құқықтарын қорғау және көтермелеу» басымдығы бойынша жұмыс туралы ең толық ақпарат «Қазақстан Республикасында босқындар мен оралмандардың құқықтарын сақтау туралы» адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мамандандырылған баяндамасында жазылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет