Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2



жүктеу 4.85 Mb.
бет11/26
Дата22.02.2016
өлшемі4.85 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26

3. Адам құқықтарын сақтау мониторингі
3.1. Балалардың құқықтарын қорғау және қолдау
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөледі. Басымдылығы бойынша іс-қимыл балалардың құқықтарының бұзылуы туралы шағымдарды қарау, балалар мекемесіне мониторинг жүргізу, ағартушылық, білім беру және жобалау қызметі арқылы іске асырылады. Жұмыстың аталған бағыттары туралы ақпарат осы есептің тиісті бөліктеріне енгізілді, осы тарау Адам құқықтарын жөніндегі уәкіл мекемесі жүзеге асырған балалардың құқықтарын қорғаудың аса күрделі салаларына және балалардың құқықтарына қатысты аса маңызды оқиғаларға арналған.

2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенция өзінің он сегіз жылдық кезеңін атап өтті. Қазақстан Баланың құқықтарын қорғау туралы конвенцияны ратификациялаған сәттен бастап 13 жыл өтті және осы кезеңде көп іс атқарылды.

Қазақстан БҰҰ Баланың құқықтары туралы комитеттің алдында Баланың құқықтары туралы конвенция нормаларының орындалуы туралы екі рет есеп берді. Елімізде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жанында Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті жұмыс істейді. Оның негізгі міндеті балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. Биыл Комитет Қазақстанның барлық облыстарында өзінің аумақтық бөлімшелерін ашты. Комитеттің құрылымдық бөлімшелері Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі департамент атына ие болды. Қазақстанның екі қаласында ювеналды соттар құрылды, ювеналды әділет тұжырымдамасы әзірленуде, Баланың құқықтары туралы конвенцияның нормаларын іске асыру жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарының жобасы дайындалды, Балаларды қорғау және шетелдік бала асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау мәселелері қарастырылуа, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің жобасы әзірленді.

Мемлекет Басшысы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деген өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында ел Үкіметінің алдына 2007 жылға Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қоғамдастығына жедел енуіне бағытталған бірқатар күрделі міндеттер қойды. Аталған құжатта әлеуметтік жағына зор мән берілген, бірінші кезекте жәрдемақыларды көбейту, жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілікті, тууды және ана болуды әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу арқылы ана мен баланы әлеуметтік қорғауға көңіл аударылды. Осы өзгерістердің барлығы 2008 жылдан бастап іске асатын болады.

Балалық шақты қорғау проблемасының жаһандануы балаларға қатысты мәселелердің жоғары халықаралық деңгейде талқылануымен де расталуда.

Мәселен, 2007 жылғы 11-12 желтоқсанда Нью-Йоркте әлемдегі балалардың жағдайына арналған, жоғары деңгейдегі салтанатты пленарлық отырыс болып өтті. Осы іс-шараны ұйымдастыра отырып, халықаралық қоғамдастық балалардың өміріне қолайлы әлем жасау ісін қолдайтынын тағы да бір растады. Баланың мүдделерін жақсы жағынан қамтамасыз ету кезінде адамның орнықты дамуы демократия, теңдік, кемсітпеу, бейбітшілік пен әлеуметтік әділдік қағидаттарына, сондай-ақ балалардың құқықтарының маңыздылығына, олардың ажыратылмайтын және әмбебап сипатына, олардың адамның басқа да құқықтарына айқын ететін әсеріне негізделеді.

Осы пленарлық отырысқа қазақстандық делегация да қатысты. Оның құрамында екі талантты бала болды. Делегацияны Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл басқарып, пленарлық отырыста баяндама оқыды (сөйлеген сөзі Қосымшада қоса берілді).


БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 62 сессиясындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.О. Шәкіровтің сөзі (Нью-Йорк қ.)
Қазақстанның халықаралық міндеттемелерді орындау саласында айтулы оқиға 2007 жылы 30 мамырда Қазақстанның БҰҰ Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитетте Баланың құқықтары туралы конвенция нормаларын орындауы туралы есебін тыңдауы болды. Комитет қазақстандық делегациямен болған сындарлы сұхбатқа жоғары баға берді, азаматтық және саяси құқықтар туралы, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактілерді, сондай-ақ Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікті пайдалануына қарсы күрес туралы конвенция сияқты маңызы зор халықаралық шарттардың ратификацияланғанына қуаныштарын білдірді.

Сонымен бірге Комитет өзінің Қорытынды ұсынымдарында (2007 жылғы 19 маусымдағы CRC/C/KAZ/CO/3) заңнамаға, тәуелсіз мониторингке, ұлттық іс-қимыл жоспарына, отбасылық ортаға, босқын балаларға, ювеналды әділетке, балаларды, сондай-ақ көшедегі балаларды экономикалық пайдалануға, жыныстық пайдалануға және сатуға қатысты ұсынымдарды қосқанда бұрынғы көптеген ұсынымдарға жеткілікті көңіл бөлінбейтінін атап өтті.

Комитеттің Қорытынды ескертулерінде қайта бірікті және оңалту бағдарламаларына көбірек назар аудара отырып, баламалы күтіп-бағу саясатын әзірлеу, нормативтік тұрғыдан реттеу және практиканың қажеттігі туралы ұсынымдар да айтылған.

Баланың отбасында өсу құқығы әлі күнге дейін елімізде толық іске аса қойған жоқ. Мұны балалар үйі мен басқа да интернаттық мекемелер жүйесінің болуы растайды. Білім беру жүйесінде 16 883 бала, денсаулық сақтау жүйесінде 2084 бала бар (2007 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша). Олардың ішінде 80 % әлеуметтік жетімдер, яғни ата-анасының көзі тірісінде жетім қалған балалар екені проблеманы ушықтыра түседі.

Балалар мекемелерінің мониторингі шеңберінде ағымдағы жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Ақмола облысы Шучье қаласындағы, Алматы облысы Талдықорған қаласындағы нәрестелер үйін аралады, Уәкіл мекемесінің қызметкері Ақмола облысы Степногор қаласындағы балалар үйіне барып қайтты.

Нәрестелер үйінде балалар үшін аса қолайлы жағдай жасалған, тек мемлекет тарапынан ғана емес, демеушілердің тарапынан да қаржылық қолдау көрсетіледі. Жоғарыда аталған нәрестелер үйін аралау қорытындысы осы сенімізді растады: барлығында да жұмсақ ойыншықтар, спорттық керек-жарақтар, әдістемелік құралдар бар, музыкамен және спортпен шұғылдануға арналған арнайы бөлмелер жасалған.

Шучье қаласындағы нәрестелер үйінің штаты қызметкерлермен жинақталған, барлығы 82 адам бар, ал осы нәрестелер үйінде лимит орын – 50. біз аралаған сәтте 43 нәресте болды, осылайша әрбір балаға штат қызметкерлерінен екі адамнан келеді. 2006 жылы нәрестелер үйіне 28 бала келіп түскен. Оның ішінде қолайсыз отбасынан келгендер – 27. Барлығы 37 бала кетті. Оның ішінде 20-сын асырап алды (16 баланы АҚШ азаматтары, 4-еуін Ақмола облысының тұрғындары асырап алды), 2 бала мүгедек балаларға арналған үйге, 10 бала балалар үйіне жіберілді, 4 баланы ата-анасы алып кетті.

«Талдықорған қаласындағы нәрестелер үйі» мемлекеттік мекемесін аралау барысында мекеменің бас дәрігері нәрестелер үйіндегі балаларды ұстау мерзімін 3-тен 4 жасқа дейін ұзарту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Мерзімді ұзарту қажеттігін осындай жабық мекемелерде тәрбиеленіп жатқан балалардың өте баяу дамитындығымен дәлелдеуге болады. Балалардың дұрыс сөйлеуінің қалыптасуы 3 пен 3,5 жасқа дейінгі кезеңде байқалады.

Білім беру немесе халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі интернаттық мекемелерге ерте ауыстыру балалардың жаны мен жеке күйі үшін өте ауыр болып табылады. Олардың бұрынғы үйреншікті жерінен өзгеше жаңа орынға беімделуі қиынырақ өтеді. Осындай дәлелдерді басқа да мекемелердің басшылары растап отыр.

Осыған байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының Премьер-министріне нәрестелер үйінде сәбилердің 4 жасқа дейін болуын ұзарту туралы мәселенің қаралуын мақсатға сәйкес келетіндігіне қатысты үндеу жолдады. Сол арқылы балаларға соңғы жылдарында олар үшін жаңа жағдайда дайындалуға және онда тұру үшін белгілі бір дағдыларды игеруіне мүмкіндік береді.

Балалардың баяу дамуы сияқты салдарлар бала үшін нағыз тәрбие ортасы отбасы болып табылатынын айғақтай түседі.

Қазақстан отбасылық үлгідегі балалар мекемесін дамыту, қорғаншылық пен патронат, бала асырап алу жүйесін дамыту арқылы жетім балалардың мүддесін қамтамасыз етуге қадам басты.

Қазақстандық заңнама балалардың Қазақстан азаматтарының да, шетелдіктердің де асырап алуына мүмкіндік береді. Алайда шетелдіктердің бала асырап алуы қоғамда әркелкі пікір туғызып отыр. Осыған байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкіл елдегі бала асырап алу процесімен танысу, Қазақстаннан бала асырап алған отбасыларымен және бала асырап алумен айнадысатын ұйымдармен жеке танысу үшін АҚШ-қа іссапармен жол жүріп келді.

Осы іссапарды жалғастыру үшін 2007 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасындағы «Фридом Хаус Инк.» өкілдігінің қолдауымен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен «Астана» телеарнасы «Қазақстанға баланы шетелдіктердің асырап алуы керек пе?» тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізді.

Шетел азаматтарының бала асырап алуы арқылы іске асырылатын отбасындағы баланың құқықтарын талқылау қоғамдық тыңдаудың мақсаты болды. Тыңдауға қатысушылар асырап алынған балаларды бақылау рәсімдерін әзірлеуге, бала асырап алу процесінің барлық сатыларында айқындылықты қамтамасыз етуге, бала асырап алу процесінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау тетіктеріне байланысты халықаралық бала асырап алу саласындағы аса маңызды мәселелер талқыланды.

Қоғамдық тыңдаулар түрлі үкіметтік емес ұйым өкілдерінің, халықаралық бала асырап алу жөніндегі мамандардың басым түскен пікірлері мен ұстанымдарын айқындауға ықпал етті. Оларды «Қазақстан Республикасының Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияға қосылуы және оны ратификациялауы туралы» заң жобасын «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде қабылдау процесінде бағдарға алуға болады.

Қоғамдық тыңдаудың қатысушылары ретінде Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, астанадағы жоғары оқу орындарының студенттері шақырылды.




«Қазақстанға баланы шетелдіктердің асырап алуы керек пе?»

қоғамдық тыңдау
Шетелдіктердің бала асырап алу мәселелерімен айналысаты халықаралық ұйымдардың өкілдері сарапшы ретінде сөз сөйледі: Ирен Стефас – адвокат, бала асырап алу мәселесі жөніндегі сарапшы (АҚШ), Уильям Блаккуир – Бала асырап алу жөніндегі Халықаралық комитеттің Бала асырап алу жөніндегі Ұлттық Кеңесінің төрағасы және «Bethany» христиан қызметінің президенті, Марина Мэйхью – Халықаралық бала асырап алу жөніндегі достастықтың президенті, Ли ален – Бала асырап алу жөніндегі Ұлттық Кеңестің ынтымақтастық және саясат бөлімінің директоры (АҚШ).

Шетелдіктердің бала асырап алу мәселерін қарау құзыретіне жататын мемлекеттік органдар өкілдерінің көпшілігі нәрестені отбасына орналастыру мүмкіндіктерінің бірі ретінде шетелдіктердің бала асырап алуы туралы пікірді қолдады. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері бар, осы органдардың шетелдіктердің бала асырап алуын қолдап отырған ұстанымындағы негізгі аргументі Баланың құқықтары туралы конвенцияда жария етілген баланы отбасына құқығын іске асыру мүмкіндігі болып табылады.

Шетелдіктердің бала асырап алуын қатысушылардың ішінде қолдамағандар да болды. Олар: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары А.А.Айталы және Р.М.Шаекин, Қостанай облыстық сотының судьялары, бірқатар үкіметтік емес сектордың, атап айтқанда «Көпбалалы аналардың Ақмола одағы» АҚ, Астана қаласындағы «Қазақ соқырлар қоғамы» АҚ филиалының қалалық басқармасының; Астана қаласындағы мүгедектердің ерікті қоғамдары қауымдастығының өкілдері. Осы ұстанымды жақтаушылардың негізгі аргументі жетім баланы отбасында рухани дамуының қажеттігі және тек Қазақстанда ғана асырап алуға беру мүмкіндігі болып табылады.

Қоғамдық тыңдаулардың қорытындысы бойынша Парламентке, Үкіметке және Қазақстан Республикасының басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарына ұсынымдар қабылданды. Аталған ұсынымдар бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарық көрді.

ҚР Жоғарғы Соты шетелдіктердің бала асырап алуы туралы істі сотта қарау тәжірибесін қорытты. Қорытындының нәтижелері уәкілетті органдардың заңнамалық актілердің талаптарын сақтай бермейтінін көрсетті.

2005 жылы республиканың аудандық соттарына Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуы туралы шетел азаматтарынан 748 өтініш келіп түскен. Оның ішінде шешім шығарылған 714 өтініш қаралған, атап айтқанда 713 өтініш қанағатандырылған, 1-еуіне бас тартылған. Сотта осындай істер көп қаралған облыстар: Қарағанды облысы – 141, Қостанай – 79, Алматы қаласы – 77, Шығыс Қазақстан – 73, Алматы – 61, Батыс Қазақстан облыстары – 57, Астана қаласы – 47.

2006 жылы республиканың аудандық соттарына Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуы туралы шетел азаматтарынан 710 өтініш келіп түскен. Оның ішінде шешім шығарылған 685 өтініш қаралып, қанағаттандырылған.

Ұлттық заңнаманың нормаларын қолдану кезінде бұзушылықтарға жол берілген. Мәселен, ұсынылған құжаттар тиісті түрде тексерілместен, көптеген бұзушылықтарымен бірге ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті арқылы қорғаншылық және қаморшылық органдарына жіберілген. Бірқатар іс материалдарында асырап алушылардың қабылдап алынған баланы отбасында күтіп-бағу және тәрбиелеу міндеттерін орындауға кедергі келтіруі мүмкін ауруларының жоқтығы туралы дәрігердің хатын білдіретін шетмемлекеттік медициналық қорытындылары кездеседі. Мұндай құжаттар, ҚР Жоғарғы сотының пікірінше, халықаралық бала асырап алуға үміткер бала асырап алушының денсаулық жағдайын растай алмайды. ҚР Жоғарғы Соты бала асырап алушылардың денсаулығы туралы мәліметтердің шынайы болуы мақсатында олардың медициналық куәландырылуын табылған жағдайда Баланы асырап алуға болмайтын аурулардың тізбесіне сәйкес белгілеп жүргізу керектігін, оны республиканың аумағында қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), патронатқа қабылдауды ұсынады.

Бұдан басқа, бала асырап алушылардың соттылығының болуы туралы анықтамада тексеру тек бір округтің немесе штаттың есебі бойынша жүргізілгендігі көрсетілген. Олардың кейбірінде осы тексерулердің басқа штатардың кримналдық есептер бойынша соттылығының жоқтығына кепілдік бермейтіні көрсетіледі.

ҚР Жоғарғы Сотының тапсырмасы бойынша облыстық соттар заңдылықты бұзу фактілерін анықтау және оларға жол бермеу мақсатында сот тәжірибесін жинақтап отырады. 2006 жылғы 25 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Соттардың бала асырап алу туралы iстердi қарау кезiнде неке және отбасы туралы заңнаманы қолдануының кейбiр мәселелерi туралы» 2000 жылғы 22 желтоқсандағы


№ 17 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы қабылданды.

Сонымен бірге сот билігі міндеттеріндегі ерекшеліктердің бірі ретінде дауларды шешу болып табылатының ескере отырып, ҚР Жоғарғы Соты халықаралық бала асырап алу мәселелерін шешуді уәкілетті органның шешімдеріне, әрекеттеріне (немесе әрекетсіздіктеріне) сотта шағым жасау мүмкіндігін көздей отырып, осы уәкілетті органға (қамқоршылық және қорғаншылық органдарына, Білім министрлігінің Комитетіне) берген дұрыс деп пайымдайды. Осылайша, ҚР Жоғарғы Сотының пікірінше, мемлекеттік халықаралық бала асырап алу жөніндегі уәкілетті органының жауапкершілігі де арта түседі.

Халықаралық бала асырап алу мәселелерін талқылау ЮНИСЕФ және «Халықаралық Әлеуметтік Қызмет» ҮЕҰ (бұдан әрі – ХӘҚ) өкілдері мен мемлекеттік органдардың, соның ішінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің кездесуі аясында (22-24.10.07) жалғасты.

Аталған халықаралық үкіметтік емес ұйым ЮНИСЕФ-тің тапсырысы бойынша есеп жасау үшін Ресей, Молдова, Украина, Қазақстан және Қырғызстан сияқты елдерден бала асырап алу жөнінде ақпарат жинаумен айналысады. Осы есепке халықаралық бала асырап алудың ағымдағы ахуалы, процестің даму беталыстары туралы деректер, кездесетін проблемалар мен олардың шешудің мүмкін жолдары туралы ақпарат қамтылады.

Осы ұйымның сарапшылары халықаралық бала асырап алу саласындағы әлемдік беталыстарға қысқаша сипаттама беріп өтті.

ХӘҚ-тің зерттеулеріне сәйкес шетелдік бала асырап алуға қатысатын елдер - Канада, Дания, Франция, Италия, Нидерланды, Норвегия, Испания, Швеция мен АҚШ. 2006 жылғы статистикаға сәйкес осы тізімнің бастап тұрғандар: АҚШ – 20 679 бала, Испания – 4 472, Франция – 3 977, Италия – 3 188 және Канада – 1 535. Аталған елдерде балардың асырап алудың ең көп саны 2004 жылы – 41 510 бала болған, ал 2006 жылы 36 442 бала асырап алынған.

Әлеуетті шетелдік бала асырап алушылар жаңа туған сәбилер мен 2 жасқа дейінгі балаларды асырап алғысы келеді.

ХӘҚ сарапшылары атап өткендей, халықаралық бала асырап саласында бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің қызметінің заңдылығына, асырап алынған балалардың құқықтарының іске асырылуын бақылауға, сондай-ақ олардың мүмкіндігінше қорғауға қатысты көптеген елдерде бірқатар проблемалар баршылық.

Көптеген елдер 1993 жылы Гаагада қабылданған Шетелдік бала асырап алу саласында балаларды қорғау және ынтымақтастық туралы халықаралық конвенцияның қатысушылары болды. Осы құжатты ратификацияламаған елдердің ішінде Ресей, Украина, Қазақстан, Эфиопия бар.

Соңғы жылдары Қазақстанда Гаага конвенциясын ратификациялау мүмкіндігі талқылануда. Қазіргі кезде ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің жанынан осы халықаралық құжатты ратификациялау туралы заң жобасын талқылау жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Бұдан басқа, 2007 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне ҚР Әділет министрлігі әзірлеген және халықаралық бала асырап алу мәселелерін реттейтін нормалар қамтылған «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің жобасы енгізіледі.



Баланың қорғалуға құқығы Баланың құқықтары туралы конвенцияға сәйкес баланың мүддесін маңызды түрде қамтамасыз ету болып табылады. Практика көрсеткендей, ең тиімдісі балаларға бағдарланған қорғау жүйесі, яғни ювеналды әділет жүйесі болып табылатынын көрсетті.

БҰҰ Баланың құқықтары жөніндегі комитет өзінің Қорытынды ескертуерінде Қазақстанға Баланың құқықтары туралы конвенцияның нормаларына, БҰҰ-ның кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін атқару саласындағы стандарттарға (Пекин ережелері), Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылықтың жолын кесуге арналған БҰҰ-ның басқару қағидаттарына (Эр-Рияд басқару қағидаттары), Бас бостандығынан айырылған кәмелетке толмаған балаларды қорғауға қатысты БҰҰ ережесіне (Гаван ережелері), Қылмыстық сот төрелігі жүйесінде балалардың мүддесіндегі іс-әрекеттерге қатысты басқару қағидаттарына (Вена басқару қағидаттары), сондай-ақ БҰҰ Комитеті жалпы тәртіппен қабылдаған Кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін атқару шеңберінде баланың құқықтары туралы № 10 ескертуде (CRC/C/GC/10) қамтылған ұсынымдарға сәйкес балаларды қорғау жүйесінің жедел шараларын қабылдауды бірнеше мәрте ұсынды. Бұдан басқа, БҰҰ Баланың құқықтары жөніндегі комитеттің Қорытынды ескертулерінде бүкіл ел бойынша соттарды қосқанда, ювеналды жүйенің баламалы жүйесін құру қажеттігі туралы ұсыным қамтылған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 23 тамыздағы Жарлығымен Астана және Алматы қалаларында екі ювеналды сот құрылды. Осы факт баланың құқықтарын қамтамасыз ету тұрғысында оң жағынан қарастырылуда. Алайда құрылған ювеналды соттар басқа өңірдің заңымен тартысқа түскен барлық балаларды қамтымайды.

Қылмыстық-атқару жүйесі мен ішкі істер мекемелеріндегі балалардың құқықтарының сақталу миониторингісі шеңберінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы ЕЦ-166/23 тергеу изоляторын және Алматы облысы мен Астана қаласындағы Ішкі істер департаментінің Кәмелетке толмағандарды уақытшы оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарын аралады. ЕЦ-166/23 Тергеу изоляторын толықтыру лимиті – 515 адам, аралаған сәтте 337 адам болған, оның 14-і кәмелетке толмаған балалар.

Мекемені аралау барысында Уәкіл ондағы әйелдер мен кәмелетке толмағандардың ұсталу жағдайына ерекше мән берді.

Түрмедегілермен қарым-қатынас жасаудың ең төменгі стандарттық ережелерінің 8-тармағына сәйкес сотталғандар мен тергеуде жүргендердің әр түрлі санаттары олардың жасы, жынысы, алдыңғы сотталуы, оларды қамаудың заңдық себептері мен оларға ұйғарылған қарым-қатынас ескеріліп, бөлек ұсталады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кәмелетке толмаған адамдар мен әйелдер жатқан камераларды аралады, олармен әңгімелесіп, тергеуде жатқандардың ұсталу жағдайларын сұрастырды.

Уәкілдің сұрақтарына қамаудағылар түрмедегі жағдайдың қанағаттандыратынын, тамақ пен медициналық қызмет көрсетудің сапасына шағымдары жоқтығын айтып, жауап берді. Кәмелетке толмағандар мекемеде болған кезеңде олармен педагогтар мектеп бағдарламасы бойынша сабақ өткізеді.

БҰҰ Баланың құқықтары жөніндегі комитет аталған Қорытынды ескертулерінде бас бостандығынан айыруды тек амалсыз болғанда ғана пайдалануды және оны пайдалануға мәжбүр еткенле, баланың ең жақсы мүдделерін ескеріп, оны қолдану туралы мәселені үнемі қайта қарастырып отыруды ұсынады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл КТУОБО-ға ұқсас жабық мекемелерге балаларды орналастырудың заңдылығы туралы мәселені бірнеше мәрте көтерді, алайда қазіргі кезге дейін осы мәселе өзінің оң шешімін таппады.

Талдықорған қаласындағы КТУОБО-ны аралау қорытындысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл құқық бұзушылық жасаған балаларды жоғалған, тастанды және үйсіз-күйсіз жүрген балалардан бөлек ұстау мәселерін құқықтық тұрғыда шешу, сондай-ақ КТУОБО-ны азаматтық органдарға беру қажеттігіне ҚР Үкіметінің назарын аударды.



Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшауландыру және бейімдеу орталығы
Осылайша, балалардың құқықтарын қорғау іс-әрекеті мынадай проблемалардың басын ашты.

Қазақстан үшін әлі күнге дейін баланың отбасына құқығын қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып қалуда. 17 мыңнан астам балалар бар білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйелерінде интернаттық мекемелердің болуы осының айғағы болып табылады.



Бала асырап алу, соның ішінде шетелдік бала асырап алу жүйесі өзінің реттелуі мен жетілдірілуін талап етеді. Қазақстанның заңнамасы шетел азаматтарына қазақстандық жетім балаларды асырап алуына мүмкіндік береді, бірақ жүйе айқын емес. Шетелдік бала асырап алумен Қазақстанда аккредиттелмеген және қазіргі кезде қызметіне тыйым салынған халықаралық агенттіктер айналысуда. Шетелдіктерге асырап алуға берілген балаларды бақылау тиісті шамада жүзеге асырылмайды. Неке-отбасы заңнамасына сәйкес асырап алынған балардың бақылауын қамтамасыз ету міндеті жүктелген шет мемлекеттердегі Қазақстанның консулдық мекемелерінде консулдық штат санының аздығына байланысты толық көлемде бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік жоқ.

Қазіргі кезге дейін патронат жүйесі жан-жақты дамымай отыр. Мәселен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша 2007 жылдың бірінші жартыжылдығында республика бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 51 294 баланың ішінен 948 бала патронаттық тәрбиелеуге берілген (http:www.edu.gov.kz).



Балалардың ата-аналарының асырап-бағуына құқығын іске асыру күрделі проблема болып қалуда. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына келіп түскен шағымдарға жасалған талдау балаларды асырап-бағуға берілетін алименттердің төленбеуі де кездесіп отырған проблемалар екенін айғақтайды.

Қазақстанда балалар еңбегін пайдалану проблемасы орын алған. Ауыл шарушылығы саласында, экономиканың шартты емес секторында балалардың құқықтарының бұзылуы туралы бұқаралық ақпарат құрылдарындағы тұрақты мониторинг, құқық қорғау органдарының ресми мәлімдемелері айғақтайды.



Баланың құқықтарын қорғау баланың ең жақсы мүддесін қамтамасыз етуде маңызды болып табылады. Келіп түскен өтініштерді талдау және балалар мекемесіне, бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі осы салада бірқатар проблемалардың кездесетінін көрсетеді. Балаларға қатысты олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау кезінде кешенді тәсілдер қолданылмайды, қазіргі кезге дейін барлық санаттағы балаларды қамтитындай бағдарламалық құжат қабылданған жоқ.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет