4. Сараптамалық-талдау қызметі.
Заңнаманы жетілдіру жұмыстары
Сарапшылық- талдау қызметі және адамның құқықтары мен бостандықтарына, олардың қорғау нысандары мен әдістеріне қатысты заңнаманы жетілдіруге жәрдемдесу Уәкілдің қызметіндегі басымдықтардың бірі болып табылады.
Заң жобаларын құқықтық сараптау тұрғысында ғана, сонымен бірге жалпыға танылған қағидаттар мен халықаралық құқық нормалары тұрғысында бағалау құқықтық реттеудегі кемшіліктерді анықтауға және оларды жою жөніндегі ұсыныстармен жүгінуге мүмкіндік береді.
Сапалы заңнама әзірленіп жатқан нормативтік құқықтық актілердің әлеуметтік бағытын айқындауға, құқықтық нормаларды адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерге сәйкестігін белгілеуге, оларды тану мен сақтауды қамтамасыз ету бойынша шаралар ұсынуға мүмкіндік беретін құқық қорғау сараптамасы практикасында кеңінен қолданғанда мүмкін болады.
2007 жылы азаматтардың конституциялық құқықтарын қозғайтын заңнаманы жетілдіру үшін өзекті болған сала, бірінші кезекте демократия институттарын нығайту, мемлекеттік әлеуметтік саясат пен қоғамдық қауіпсіздік мәселелері болды.
Есептік кезеңде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларына талдау жүргізілді, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы жүйесін Қазақстан Республикасы конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасына ұсыныстар әзірленді, уақытша ұстау изоляторларына, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну құқықтарын іске асыру мәселесі бойынша қоғамдық мониторинг жүргізуді заңнамалық реттеу қажеттігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындалды.
2007 жылы заңнаманы дамытуда басым бағыт конституциялық реформаны іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық құжаттар пакетін әзірлеу болды.
Уәкіл мекемесі ҚР Әділет министрлігі әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы жүйесін Қазақстан Республикасы конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына ұсыныстар дайындады. Атап айтқанда, Конституция нормаларымен сәйкес келтіру мақсатында «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық заңдарға және «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Прокуратура туралы» ҚР заңдарына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар ұсынылды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп жария етілген. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдық қағидаты барлық қоғамдық өмір салаларында, соның ішінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттің қызметінде негізгі болып табылады. Осы қағидатты ескере отырып, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарады.
Атап айтқанда, заң жобасында телефонмен сөйлесулерді жасырын тыңдаудан, компьютер жүйесінен ақпаратты жасырын түсіріп алудан, бақылаудан, тұрғын үйге енуден, яғни Конституцияда кепілдік берілген жеке өміріне қол сұғылмау, хат жазысу құпиясына, телефонмен сөйлесу, телегарфпен хабарлау және почта жөнелтілімдеріне, сондай-ақ тұрғын үйге қол сұқпау құқығын қозғайтын шаралардың тұтас ауқымынан тұратын жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу бойынша жаңа өкілеттік көзделеді. Заң жобасымен жалпы және арнайы жедел-іздестіру іс-шараларына бөлу енгізілді. Бұл ретте арнайы үшін – прокурордың санкция беруі талап етіледі, ал жалпы үшін – талап етілмейді. Сонымен бірге бұрын прокурордың санкциясы талап етілген бірқатар іс-шаралар арнайы тарауға ауыстырылған: бұлар жасырын бақылау, компьютер жүйесінен ақпаратты түсіру және жеке өмірге қол сұқпауды қозғайтын бірқатарлары.
Бұдан басқа, егер қолданыстағы заңнама бойынша прокурор тек ауыр және аса ауыр қылмыстарды анықтау, алдын алу және ашу үшін арнайы жедел-іздестіру іс-шараларына санкция берсе, енді заң жобасына сәйкес – орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін және одан да елеулі – тергеуден, анықтаудан және соттан жасырынған айыпталушылардың, сондай-ақ қылмыстық жауапкершіліктен жалтарған, және хабар-ошарсыз жоғалған адамдардың орналасқан жерін анықтау үшін береді. Мұны қылмыстардың көптеген ең үлкен санын орташа ауырлықтағы қылмыстар құрайтындығымен дәледейді, алайда заң жобасына ілеспе бірде бір құжатта жеке өмірге қол сұқпау туралы айтылмайды.
Заң жобасын ұсынылған редакцияда қабылдау азаматтарды олардың конституциялық құқықтарын ұдайы бұзу жағдайына әкеледі. Осы проблемаларды жою үшін Уәкіл «Казахстанская правда» газетінде сөйлеген сөзінде және бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарындағы сұхбаттарда заң жобасына сыни баға берді.
Уәкілдің адам құқықтарын реттеуге байланысты ұсыныстарына мемлекеттік органдардың тарапынан барабар ден қоюы орнықты әлеуметтік даму мақсаттарына қол жеткізу және адамның құқықтарын бұзатын заңдарды қабылдаудан жеке бастың қауіпсіздігіне кепілдіктерді қамтамасыз ету үшін қажетті құқықтық шарттарды қалыптастыруға ықпал етуге тиіс.
Қазақстанда баспана институтын нығайтуға бағытталған ұсыныстарды «Босқындар туралы» ҚР Заңында қолдау назар аударуға тұрарлық. Есептік кезең ішінде Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері ос заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының алты отырысына қатысты. Қазақстанның Босқындардың мәртебесі туралы конвенцияға және Босқындардың мәртебесіне қатысты хаттамаға қосылғанын назарға алсақ, осы заң жобасын әзірлеу ұлттық заңнамада адам құқықтарын сақтаудың халықаралық стандарттарын имплементациялау бойынша маңызды қадам болып табылады.
Заңнаманың тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі шарты заңдарды іске асыру арқылы мониторингті жүзеге асыру болып табылады. Осындай мониторингтің қорытындысы бойынша құқық қатынастарына қатысушылардың құқықтық кепілдіктерінің деңгейін арттыру мақсатында қолданыстағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі, заңға тәуелді актілер, жаңа заңнамамен берілген мүмкіндіктерді түсіндіруге қосымша шаралар қабылдануы мүмкін.
Азаматтардың заң нормаларын тиімді іске асыруы мақсатында олардың құқықтық ақпараттандырылуы барынша өзекті бола түсуде. Азаматтарды тек қолданыстағы заңнамалық актілер туралы ғана емес, сонымен бірге қабылдауға жоспарланғандар туралы хабардар еткен мақсатқа сай болмақ. Халықтың өмірлік маңызды мүдделеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде қоғамдық таңдаулар практикасы оң нәтиже беруде. Мәселен, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі жүргізген «Қазақстанға баланы шетелдіктердің асырап алуы керек пе?» тақырыбындағы қоғамдық тыңдаулар осы мәселе бойынша қалың жұртшылықтың пікірін анықтауға мүмкіндік берді. Қоғамдық тыңдаулардың қорытындысы бойынша ұсынымдарда «Қазақстан Республикасының Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияға қосылуы және оны ратификациялауы туралы» ҚР Заңын қабылдау қажеттігі расталады.
Уәкіл мекемесінің жұмысында аса маңызды бағыт құқық қолдану қызметінің түрлі қырларына байланысты мәселелер бойынша сарапшылық қорытынды дайындау болып табылады. Сарапшылық талдау туралы Уәкіл мекемесіне жүгінген мемлекеттік органдардың арасында: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, сыртқы істер, әділет, білім және ғылым министрліктері бар.
ҚР Конституциялық Кеңестің өтінуімен Уәкіл мекемесі жерге меншік құқығын шектеу шектеріне қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы 3-тармағын және 39-бабы 1-тармағын ресми түсіндіру туралы Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының өтініші бойынша сарапшылық қорытынды дайындады. Қорытындының мәтінін қосымшадан қараңыз.
ҚР Президентінің Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы сақтау мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдарын іске асыру іс-шараларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жоспарын орындауы туралы ақпаратты дайындалды.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң адамдарды сатуға байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөнiндегi 2006 - 2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының 14-тармағына сәйкес ЕҚЫҰ/ДИАҚБ әзірлеген ұлттық деңгейде адамдар саудасының құрбандарын қайта бағыттау тетігін Қазақстан Республикасында ендіру шарттары бойынша ҚР Үкіметіне ұсыныстар жіберілді.
Әділет министрлігіне мынадай талдау материалдары жіберілді:
-
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Р.Жақсыбеков бекіткен 2007 жылғы 2 сәуірдегі № 93-6/15-66 Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге өтінімін жылжыту жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарының 6-тармағын орындау үшін Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт, Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция, Баланың құқықтары туралы конвенция, Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенция, Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция, № 138 Жұмысқа қабылдаудың ең төменгі жасы туралы ХЕҰ конвенциясы, № 182 Балалар еңбегінің ең жаман нысандарына тыйым салу және түп-тамырымен жою бойынша дереу шаралар туралы ХЕҰ конвенциясы, Босқындардың мәртебесі туралы конвенция мен Босқындардың мәртебесіне қатысты хаттама сияқты адам құқықтары саласындағы осындай шарттарға ұлттық заңнаманың сәйкестігіне талдау дайындалды.
-
Мемлекеттік органдарда этникалық топтарды білдіру тетіктеріне қатысты ұсыныстар. Қорытындыда билік органдарындағы аз ұлттардың өкілдік етуі бойынша халықаралық тәжірибе ұсынылды, квота беру институтына баға берілді.
-
Қазақстан Республикасында діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мен мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдірудің 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қатысты қорытынды. Қорытындыда дінге сеншілердің құқықтарын шектеуге әкелуі мүмкін бағдарламаның кемшіліктері аталды, діни топтарымен жұмысты жетілдіру жөнінде ұсынымдар келтірілді.
Білім және ғылым министрлігі әзірлеген «2007-2011 жылдарға арналған Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы бойынша қорытынды дайындалды.
Оны қарау қорытындысы бойынша жобаны Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауын ескере отырып пысықтау ұсынылды. Жолдауда жақын арадағы үш жылда Қазақстан өңірлерінде 100 жаңа мектеп салу, әрбір оқып-үйренушіні оқыту тиімділігін, білімі мен қабілет деңгейін бағалаудың бірыңғай жүйесін жасау, он-лайн режимінде оқыту практикасын дамыту және елде оқу теледидарларын құру, оқу жоспарларына жаратылыс ғылымдары, әсіресе бірінші кезекте математика пен информатика бойынша қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу, ғылыми-жаратылыс бейінінде арнайы сыныптар жүйесін құру қажеттігіне назар аударылған. Бұдан басқа, жұмыс көрсеткіштері жоғары мектептерге, мысалы, тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға стипендияны қаржыландыру, сондай-ақ бағалау жүйесін жетілдіру және үздік оқытушыларға сыйақы беру мәселесін зерделеу нысанында гранттар беруге мемлекеттік конкурстар жүйесін енгізу мәселесінің маңыздылығына көңіл аударылды.
Бұдан басқа, «Қазақстан балалары» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында Қазақстанның бастапқы баяндамасын қарау қорытындысы бойынша, атап айтқанда, құқық қорғаудың лауазымды адамдары үшін тренинг өткізу, трафикке, балалар жезөкшелігіне және басқа да жыныстық пайдалану нысандарына қарсы күрес жөніндегі жан-жақты бағдарлама, көшедегі балалардың қарқынды санына қарсы күрес бағдарламасын әзірлеу бойынша БҰҰ Баланың құқықтары жөніндегі қорытынды ескертулерін орындау шараларын көздеу ұсынылды.
ҚР Білім және ғылым министрлігіне Еуропа елдерімен өңірлік кездесуде талқылауға ақпарат жіберді, оның барысында Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары саласындағы білім беру жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі ұлттық баяндама тыңдалып, оның Қазақстан Республикасында орындалу барысына баға берілді.
Уәкіл мекемесі Қазақстанның НАТО-мен серіктестігінің жеке іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі жоспарды орындауға қатысаты. Жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат Сыртқы істер министрлігіне жіберілді.
Польша Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісінің өтініші бойынша жыл сайынғы ЕҚЫҰ кеңесіне дайындалуға байланысты жыныстардың теңдігін жылжыту бойынша омбудсмен мекемесінің жұмысы туралы ақпарт жіберілді.
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің ережелерін жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы баяндаманың жобасы қаралды. Талдау қорытындысы бойынша CCPR/C/66/GUI/Rev.2. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт бойынша ел есептерін жасау жөніндегі БҰҰ-ның Басқару қағидаттарын ескере отырып, баяндаманың жобасын егжей-тегжейл толықтыру қажеттігі атап көрсетілді. Атап айтқанда, жобада азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің нормаларын орындау бойынша қабылданған құқықтарды, шараларды қамтамасыз етуде мемлекеттің қол жеткізген құқықтары мен бостандықтарын іске асыру, прогресс туралы ақпаратпен толықтыру ұсынылды.
Уәкіл мекемесі екі жыл бойы Халықаралық омбдусмен институты жүргізетін зерттеу жобасына қатысып келеді. Есептік кезеңде осы жобаның шеңберінде институттың қызметін реформалауға қатысты. Сондай-ақ Қазақстандағы омбудсмен институтының мәртебесі мен қызметіне қатысты сұрақтарға жауаптар дайындалды. Бұдан басқа, Солтүстік Ирландияның Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының талас-тартыстардың өзгеруіне қарай ұлттық құқық қорғау институттарының ролі мен функциялары туралы сұрақтарға жауаптар дайындалды.
Мемлекеттік органдардың адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ескеруге бар назарын аударуы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен оның аппарат қызметкерлерінің ҚР Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың жұмысына атсалысуға мүмкіндік береді.
Сараптамалық-талдау қызметіндегі басты бағыт құрамына Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы енгізілген ҚР Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамындағы жұмыс болды. Комиссяның отырыстарында мынадай заң жобалары бойынша Уәкіл мекемесінің ұстанымы қойылды: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру, сот ісін жүргізуді жеңілдеті және соттардың ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», сондай-ақ жекеше сот орындаушылар институтын енгізу мәселелері, зейнетақы заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша және басқалары.
Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдерін орындау шеңберінде Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияны, Азматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні Қазақстан Республикасының орындауы туралы баяндамалардың жобасына қосу үшін құқықтарды бұзу оқиғаларына шағымдарды қарау және ден қою бойынша Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметі туралы ақпарат дайындалды. Бұдан басқа, адам құқықтары саласындағы білім жөінідегі ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру барысы туралы ақпарат, сондай-ақ БҰҰ Баланың құқықтары жөніндегі комитеттің 45-ші сессиясының ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қосу үшін ұсыныстар дайындалды.
2007 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы Сарапшылық кеңестің 3 отырысы өтті. Отырыста Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің «Қазақстан Республикасында егде адамдардың құқықтарын сақтау туралы» арнайы баяндамасы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2006 жылғы қызметі туралы есебі, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің «Қазақстанда босқындар мен оралмандардың құқықтарын сақтау туралы» мамандандырылған баяндамасын дайындау мәселелері және басқалары талқыланды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының қызметкерлері үшін әдіснамалық семинарлар өткізу практикасы жалғасуда. Есептік кезеңде «Шетелдік кәсіпорындарға және шетелдік қатысатын кәсіпорындарға тартылған адамдардың құқықтары», «Адамның құқықтары және саясат» тақырыбында әдіснамалық семинарлар өтті.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адам құқықтарына қатысты Конституция нормаларын талқылау кезінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің отырыстарына үнемі қатысады. Есептік кезеңде Уәкіл ҚР Конституциясының бірқатар баптарын түсіндіру туралы депутаттар тобының өтінішін (22.05.07), Жер кодексіне байланысты мәселелерді (28.05.07), «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының қабылдануына байланысты Конституциялық Кеңестің қаулыларын қайта қарау (07.11.07) мәселелерін талқылау бойынша Конституциялық Кеңестің 3 отырысына қатысты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 сәуірдегі № 261 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң адамдарды сатуға байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөнiндегi 2006 - 2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын орындау бойынша Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарының бірлескен және үйлестірілген іс-қимылын ұйымдастыру мақсатында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері өзара іс-қимылды жандандыру, адамдар, соның ішінде кәмелетке толмағандарды сатуға қарсы іс-қимыл бойынша ақпарат алмасу және бірлескен іс-қимылды үйлестіру; бала асырап алу бойынша заңсыз қызмет; адамның органын трансплантациялау үшін алып қою бойынша заңсыз қызмет; Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде еңбекке орналастыру бойынша заңсыз қызмет және басқалары бойынша жұмыс тобына енгізілді.
Адам құқықтары мәселелері, атап айтқанда ел баяндамаларын дайындау және халықаралық стандарттарды іске асыру бойынша сарапшылық консультация бер туралы өтінген мемлекеттік органдардың сауалдар саны өсті.
Осыған байланысты есептік кезеңде жұмыс Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің сарапшылық қолдауын алуға сұраныстың өсуі жағдайында жұзеге асырылды.
2007 жылға Уәкіл мекемесінің сараптамалық-талдау қызметіндегі негізгі бағыт бұрынғысынша жұмыс топтарына қатысу және сарапшылық қорытынды дайындау арқылы оларды әзірлеу сатысында заң жобаларымен жұмыс болып табылды.
5. Мемлекеттік органдармен ынтымақтастық
2007 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты нығайтуға үнемі көңіл бөліп отырды.
Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау және көтермелеу мақсатында мемлекеттік органдармен ынтымақтастық нысандары мен тетіктері әр түрлі: азаматтардың өтініштерімен жұмыс, өңірлердегі адам құқықтарын сақтау мониторигі, сарапшылық қорытынды беру, бірлескен ағартушылық іс-шаралар өткізу, ведомствоаралық органдардың жұмысына қатысу.
Келісіп жұмыс істеу мен өзара іс-қимылдың аса тиімді үлгілерінің бірі ҚР Президентінің жанындағы және ҚР Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың қызметі болып табылады.
Есептік кезеңде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ҚО Жоғарғы Сот Кеңесінің 4 отырысына, ҚР Президентінің жанындағы Рақымшылық жасау мәселелері жөніндегі комиссияның отырыстарына, «Адам құқықтарын нығайтудың конституциялық реформасы және тетіктері», «Сот төрелігіне азаматтардың қол жетімділігі: ҚР заңнамасын дамыту жолдары», «Қазақстан Республикасында Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Факультативтік хаттамаларды ратификациялау: тәжірибені зерделеу» тақырыптарында ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия ұйымдастырған дөңгелек столдардың жұмысына қатысты.
Жеке адамның әлеуетін іске асыру, оның қорғалуына кепілдік беру, азаматтық қоғам институттарын дамыту үшін жағдай жасау үшін мүмкіндіктерді арттыруға ҚР Үкіметінің жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі, халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі, адамдарды заңсыз әкетуге, әкелу және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі; Қазақстан Республикасында өлім жазасын жою туралы мәселені зерделеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің, Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің жұмысы ықпал етті. Олардың жұмысына Уәкіл мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы қатысты.
Уәкіл мекемесі мен ҚР Парламентінің арасында сұхбат пен ынтымақтастық дамып келе жатыр. Есептік кезең ішінде Уәкіл мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы ҚР Парламентінің сессияларына және ҚР Парламенті ұйымдастырған «Қазақстан Республикасында балалар мен отбасы мүддесі үшін мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің әлеуметтік бағдарға алынуы мен тиімділігін арттыру», «Қазақстандағы конституциялық реформа және демократиялық процестерді тереңдету», «Қазақстандық парламентаризм: даму жай-күйі мен перспективалары» тақырыптары бойынша үш халықаралық ғылыми-парктикалық конференцияға қатысты.
Құқық қорғау мекемесінің пікірін ескеру құралдарының бірі ҚР Үкіметінің отырыстарына Уәкіл мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының қатысуы болып табылады. 2007 жылы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы 2007 жылға арналған республикалық бюджет мәселелерін, ҚР әлеуметтік-экономикалық дамудың 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарын және «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңының жобасын қарау жөніндегі отырыстарға қатысты.
ҚР Жоғарғы Сотымен сындарлы ынтымақтастық жалғаса түсті. Уәкіл ЕҚЫҰ/ДИАҚБ дайындаған «Қазақстан Республикасында 2005-2006 жылға сот төрелігі мониторингінің нәтижелері» есебінің тұсаукесеріне қатысты. Өзінің сөзінде омбдусмен сот өз жұмысын зерттей бастағанның, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың сарапшылары арасында қазақстандық соттың ашықтығының арқасында сот-құқықтық жүйенің проблемалары біртіндеп шешілік келе жатқанын атап өтті.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің ҚР Бас прокуратурасымен ынтымақтастығы республиканың құқықтық жүйесіне адамның құқықтары мен бостандықтары саласындағы жалпыға танылған халықаралық нормалар мен стандарттарды тиімді енгізе түсу үшін жағдай жасауға ықпал етеді. Азаматтардың құқықтарын бұзу фактілерін тексеру және тергеу бойынша бірлескен жұмыстардан басқа, есептік кезең ішінде Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Сот төрелігі және құқық тәртібі жөніндегі кіші комитеттің жұмысына қатысты. Кіші комитеттің отырыстарында сот төрелігі мен құқық тәртібі саласында Орталық Азия үшін Еуропалық Одақтың стратегиясы, адамның құқықтарын және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Адамның құқықтарын сақтау мониторингі және халықаралық шарттарды іске асыру саласында сындарлы ынтымақтастық Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі мен ҚР Әділет министрлігінің арасында қалыптасты. ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті пенитенциарлық мекемелерде мониторинг жүргізуге жәрдемдеседі, жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша бағытталған Уәкілдің ұсынымдарына дер кезінде ден қояды. Уәкіл мекемесінің қызметкерлері, бірінші кезекте, есептік кезең ішінде Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні Қазақстан Республикасының орындауы туралы баяндаманы талықлау жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысуға тартылды. Баяндаманың жобасына қосу үшін CCPR/C/66/GUI/Rev.2 азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт бойынша ел есептерін дайындау жөніндегі БҰҰ-ның Басқарушы қағидаттары ескерілген ұсыныстар, Уәкіл мекемесінің құқықтарды бұзу оқиғаларына шағымдарды қарау және ден қою жөніндегі қызметі туралы қысқаша ақпарат дайындалды.
Даму стратегиясы барлық деңгейдегі билік органдары мен азаматтық қоғам институттарын шоғырландыру тетіктерін іздестіруді болжайды. Осы мәселеде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің маңызды серіктесі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі болып табылады. Есептік кезеңде Уәкіл, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы мен қызметкерлері Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы: мемлекеттік-азаматтық серіктестіктің жаңа нысаны» тақырыбындағы республикалық семинар-кеңеске; «Қазақстан-2030 стратегиясы: алғашы 10 жылдықтың қорытындылары мен перспективалары» тақырыбындағы халықаралық конференцияға; ІІІ Азаматтық форумға қатысты.
Балалық шарты қорғау саласында халықаралық міндеттемелерді орындау мәселелері ҚР Білім және ғылым министрлігімен өзара іс-қимыл кезінде негізгі болып табылады. Есептік кезеңде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі мынадай құжаттар бойынша ақпарат пен ұсыныстар дайындады:
-
Баланың құқықтары туралы конвенцияның нормаларын орындау туралы Қазақстанның екінші және үшінші мерзімді баяндамасы. Ақпаратта балалар мекемесінің құқық қорғау мониторингісінің мәселелері, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, ағартушылық және білім беру қызметі, 2006 жылға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі атқарған заңнаманы жетілдіру және жобалау жұмыстары қозғалды.
-
Баланың құқықтары туралы конвенцияның нормаларын іске асыру жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарының жобасы. Ұсынымдарда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің орынбасары ретінде Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің мәселелері қозғалды.
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 629 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласында білім берудің 2006-2007 жылдарға аранлған ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
ЕҚЫҰ және БҰҰ-ның халықаралық форумдарына дайындық және қатысу, сондай-ақ халықаралық құқық қорғау шарттарын орындау мәселелері бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігімен өзара іс-қимыл тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Ғылыми-практикалық конференциялардың қорытындылары мен ұсынымдары еліміздің құқықтық дамуының тұтқалы элементтері мен басым бағыттарын айқындайды. Құқық қорғау өлшемдерін ескеру және перспективасы мақсатында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкерлері мемлекеттік органдар ұйымдастырған конференцияларға атсалысуда. Мәселен, 2007 жылы Уәкіл мекемесінің өкілдері мынадай ғылыми-практикалық конференцияларға атсалысты:
-
ҚР Жоғарғы Соты ұйымдастырған «Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері: даму тәжірибелері мен перспективалары»;
-
ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырған «Қазақстанның заңнама жүйесін дамытудың теориялық проблемалары»;
-
ҚР Бас прокуратурасы ұйымдастырған «Қылмыстық істер бойынша прокурорлық қадағалауды, алдын ала тергеуді және конституциялық өзгерістер аясында қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдірудің өзекті проблемалары»;
-
ҚР Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған «Қазақстанның БҰҰ-ға кіруінің 15 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция».
-
Мемлекеттік органдармен Уәкілдің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу ықпал етеді. 2004 жылы азаматтардың құқықтары мен бостанлықтатын мемлекеттік қорғау кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен ҚР Бас прокуратурасының өзара іс-қимыл нысанлары туралы келісімге, азаматтардың экономикалық және әлеуметтік құқықтарын қорғау мақсатында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды. Өткен кезеңде келісімдер шеңберіндегі ынтымақтастық өзінің оң нәтижелерін бергендіктен, 2007 жылдың қарашасында Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау саласында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық пен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойылды.
Осы келісімдердің ережелеріне сәйкес тараптар адам құқықтарын сақтау мониторингін жүргізу; азаматтардың шағымдары бойынша тексеру жүргізу; адам құқықтары саласындағы ақпараттық-ағарту жұмыстары; адам құқықтары саласындағы заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру; ұлттық заңнамаға адам құқықтары жөніндегі халықаралық нормаларды имплементациялау бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу және ұсыныстар дайындау; азаматтардың шағымдарын қарау үшін бірлескен жұмыс топтарын құру және басқалары сияқты бағыттарда ынтымақтастықты жүзеге асырады.
2007 жылы Уәкіл ҚР Конституциялық Кеңесінің үш отырысына қатысты. Өз кезегінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясы Күніне арналған Тамыз оқылымы сияқты маңызды ағартушылық іс-шараны дәстүрле түрде бірге ұйымдастырады. Оқылымдарды өткізу Уәкілдің негізгі міндеттерінің бірін – қоғамда адамның құқықтары мен бостандықтары туралы білімді, атап айтқанда заңдардың, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің мағынасын, мазмұнын және қолданылуын айқындайтын адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының тікелей қолданылуы туралы конституциялық талаптарды таратуды іске асыруға қызмет етеді.
«Адамдық қадір-қасиетке қол сұқпаудың конституциялық қағидаты» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Конституциясының күніне арналған V Тамыз оқылымдарына ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Президентінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың, Парламенттің, Жоғарғы Соттың өкілдері, Конституциялық Кеңестің мүшелері, орталық атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары, ғылыми және академиктер қауымының, халықаралық ұйымдардың, шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы Сараптамалық және Консультациялық кеңестердің мүшелері қатысты.
Түрлі билік тармақтары арасында сындарлы пікір алмасуға, азаматтық қоғамның көзқарасын ескеруге «Қазақстанға баланы шетелдіктердің асырап алуы керек пе?» тақырыбында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі ұйымдастырған қоғамдық тыңдаулар ықпал етті. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар, Қазақ мемлекеттік медицина академиясының, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Қазақ гуманитарлық заң академиясының студенттері қоғамдық тыңдаудың қатысушылары болды.
Мемлекеттік органдармен жемісті ынтымақтастық «Қазақстанда босқындар мен оралмандардың құқықтарын сақтау туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің арнайы баяндамасымен жұмыс барысында қалыптасты. Ішкі істер, прокуратура органдары. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған ақпарат ахуалға мониторинг жүргізуге және баяндаманы дайындауға ықпал етті.
Достарыңызбен бөлісу: |