Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2


Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бес жыл қызметіндегі



бет7/26
Дата22.02.2016
өлшемі6.78 Mb.
#1840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бес жыл қызметіндегі

сот шешімдерімен келіспейтіндігін көрсететін өтініштердің қарқыны

Шағымдардың осы санатындағы өтініш берушілердің көбісі жаза тағайындаудың белгіленген мерзімімен келіспеушіліктерін білдіріп, өздерінің процессуалдық нормаларының бұзылуын көрсетеді. Соттардың объективтік емес қатынасы өтініш білдірушілердің пікірі бойынша кейбір судьялар талап арызда қозғалған айып тағудың, мәселелердің мәніне ұқыпсыз қарайтындыңы, сот процесінде айыпталушылардың, жәбірленуші тараптың дәлелдеріне тиісті баға бермейдтіндігі байқалады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына соңғы екі жыл ішінде келіп түскен өтініштерді талдау нәтижесі көп шағымдар соттардың шешімдеріне келіспеушіліктермен байланысты екендігін көрсетеді, осыған орай ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының атына сот жүйесіндегі бұзушылықтардың алдын алу және соттарда азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдау мүмкіндігін қарауын өтініп хат жіберілді.

Өтініш берушілер кейбір өтініштерінде істі сотта қарауға қатысуды, жаза мерзімін өзгертуге ықпал етуді, істі қарауды бақылауға алуды сұрайды. Осындай мысал ретінде Н. (20.06.07 кіріс № 596/02) оның ағасының ісі бойынша сот отырысына қатысу өтініші болып табылады. Авторға оның өтініші тек Уәкіл туралы ережеде белгіленген өкілеттер шегіне сәйкес жүзеге асырылатындығы туралы хабарланды.

Сот қызметіне шағымдар ішінде сот шешіміне келіспеуге байланысты өтініштердің біршама пайызды құрайды.

Айталық, Уәкілге Е. өзінің ұлы Е. мүддесіндегі өтініші (04.05.07 кіріс № 432/02) келіп түсті. Өтініш берушінің ақпараты бойынша үкім шығарған сот Еспосыновтың кінәсіздігі пайымын растайтын куәлер дәлелін сот отырысында назарға алмағандығын айтады.

Ұлы Қ. мүддесі үшін жазылған Қ. (15.06.07 кіріс № 99/02-575 (2) өтініші осындай сипатқа ие. Өтініш иесі Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты үкім шығарған кезде және Көкшетау қаласының құқық қорғау органдары тергеу іс-шараларын жүргізген кезде оның ұлының құқықтарының бұзылғанын көрсетеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 284-бабы 3-бөлігінің тәртібімен осы өтініш Ақмола облыстық сотына жіберілді. «ҚР сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» ҚР Заңының 1-бабының 3-бөлігіне сәйкес өтініш іс жүргізуден алынды.

Күйеуі Дәурембековтың мүддесі үшін өзінің өтінішінде Д. (28.10.07 кіріс № 992/02) оның күйеуін заңсыз бас бостандығынан айыруға әкеп соқтырған Тараз қаласы полициясының желілік бөлім қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері туралы хабарлайды. Алайда осы іс бойынша үкім шығарылып, Уәкіл туралы ережеге сәйкес өтініш іс жүргізуден алынды.

Азаматтардың сот шешімімен келіспейтіндіктері және өз келісімдерін тергеу барысында құқық қорғау органдары жол берген бұзушылықтармен және дәлелдемені бағалау кезінде, сондай-ақ қолда бар дәлелдемелерді зерттеу рәсімін жүргізген кезде судьялардың жеткілікті назар аудармауына байланыстарын өтініштер шағымдардың келесі тобын құрайды.

Осындай өтінішке мысал Алматы облысы ЛА-155/4 мекемесінде жатқан сотталушы Г. (01.06.07 кіріс № 525/02) шағымы болып табылады. Өтініш иесі Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы үкімімен келіспейтіндігін білдіреді және құжаттар мен сот үкімінің көшірмесін зерттеуді өтінеді.

Уәкілге өз ұлының мүддесі үшін Н. және Х. (15.06.07 кіріс №570/02) жүгінді. Өз өтініштерінде өтініш иелері қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде бұзушылықтарға жол берген, балаларының заңсыз бас бостандығынан айыруға әкеп соқтырған Ақмола облысы Ішкі істер департаменті қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерін көрсетеді.

Г. (07.05.2007 жылғы № 440/02), Э. (06.09.07 № 855/02), М. (10.09.07 кіріс № 864/03) өітінтері осыған ұқсас шағымдар.

Уәкілге келіп түсетін өтініштердің жартысы сот шешімдерін қайта мәселелерімен байланысты. Мысалы, басты сот талқылауы хаттамасының көшірмесімен танысу және оны алу құқығы бұзылғандығына Жамбыл облысы бойынша ЖД-158/7 мекемесінде жатқан Г. (15.10.07 кіріс № 946/02-962(2)) жүгінді. Өз өтінішінде ол басты сот талқылауы хаттамасының көшірмесін беруден бас тартқан Орал қалалық сотының судьясы Б., Орал қалалық соты қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы А., Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Ш. заңсыз іс-әрекеттеріне шағымданады. Осы өтініш бойынша ҚР Бас прокуратурасына сауал жіберілді. Алайда ҚР Бас прокуратурасынан алынған жауапта Г. басты сот талқылауы хаттамасының көшірмесін беру туралы мәселені шешу қылмыстық істі тікелей қараған судьяның өкілеттігіне кіретіндігі жазылған.

Тұрғын үй және жер мәселелсі бойынша сот шешімімен келіспейтіндігі бөлігінде судьялардың іс-әрекеттеріне шағымдар жиі түседі. Д. (07.05.07 кіріс № 441/03), Б. (14.05.07 кіріс № 456/03), Ә. (25.05.07 кіріс № 500/03), Е. (06.06.07 кіріс № 535/03), Л. (04.07.07 кіріс № 640/03), Б. (09.10.2007 кіріс № 947/03), М. (23.10.07 кіріс № 986/03) шағымдары осындай санатқа жатады.

Сот шешімін қайта қарау туралы өтінген өтініш авторларының көбісі алынған жауапқа қанағаттанбай, ешқандай жаңа дәлелдер келтірмей, сол мән-жайлар бойынша шағымдарды қайтадан жібереді. Т. (16.01.07 кіріс № 986/02-58 (3), 14.11.06 кіріс № 2-986/02-1104, 03.10.06 кіріс № 1-986/02), Р. (05.03.07 кіріс № 1045/02-209 (2), 23.10.06 кіріс № 1-1045/02) Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына бірнеше мәрте жүгінді.

Өтініш иесінің сотқа жүгінуін талап ететін мәселелер көтерілетін өтініштердің саны жоғары. Мысалы, А. (05.06.07 кіріс № 529/03) КСРО Жинақ банкасында ақшалай салымын қайтарып алуға жәрдемдесуді өтінеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтемақылар мен ақшалай сомаларды өндіріп алу туралы талаптарды қарай сот органдарының құзыретіне жататындығы туралы өтініш иесіне түсіндіріліп, осыған байланысты осы мәселені азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешу ұсынылды.

2007 жылы мүлікті жария ету акциясының өткізілуі мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның шешімдерімен келіспейтін азаматтардан шағымдардың келуіне әкелді.

Осы мәселеге тән өтініштермен. З. (12.01.07 кіріс № 39/03), Б. (12.01.07 кіріс № 40/03), А. (31.01.07 кіріс № 105/03), М. (06.02.07 кіріс № 121/03), Ц. мүддесі үшін С. (02.08.07 кіріс № 744/03), С. мүддесі үшін Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының төрағасы (09.08.07 кіріс № 764/03), Ш. (19.08.07 кіріс № 789/03) жүгінді. Қолданыстағы заңнама сәйкес комиссия мемлекеттік орган болып табылмайтындықтан, оның шешімдеріне тек сот органдарында шағым жасауға болады. Өтініш иелерінің өтініштері Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің іс жүргізуіне қабылданған жоқ.

Уәкілдің құзыретіне жатпайтын өтініштердің келесі тобы мемлекеттің қатысуынсыз заңды тұлғалардың әрекеттеріне жасалған арыздар (2,32%).

Мәселен, Уәкілдің атына «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның несие беруден бас тартқан әрекетіне Ы. арыз жасаған (17.07.07 кіріс № 676/03 хат) несие беруден бас тартудың себебі - өтініш иесінің егде жаста – 71-де болуы. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің түсініктемесіне сәйкес несиелерді берудің тәртібі банкілердің туындауы мүмкін тәуекелдерді ескеретін ішкі актілерімен реттеледі. Осыған байланысты бақылаушы мемлекеттік органдар – прокуратура және қаржы полициясымен заңнама нормаларының бұзылуы анықталмаған.

Осы сипаттағы арыздардың едәуір бөлігі өтініш берушілердің пікірінше өз қызметімен адам мен азамат құқын бұзатын құрылыс компанияларының әрекеттеріне бағытталған азаматтардың өтініштері.

Теміртау қаласының үй тұрғындарының ұжымдық шағымында (21.05.07 кіріс № 480/03 хат) арызданушылар олардың пікірінше, тұрғын үйдің ауласына балаларға арналған көңіл көтеру орталығы заңсыз салынғандығына шағымданады және олардың келісімінсіз жаңа объектінің құрылысы жүргізілуде. Бұл шағым тиесілігі бойынша Қарағанды облысының әкімдігінің жіберілді.

Аталған топтағы шағымдардың ішінде құрылыс компанияларының әрекетіне шағымданған Астана қаласы үлескерлерінің шағымы да бар (04.07.07 кіріс № 639/03 хат). Мұндай шағымдарды қарастыру Уәкілдің құзыретіне жатпайтындықтан, шағымданушыларға олардың азаматттық құқықтарын қорғау тәсілдері түсіндірілді.

Есептік кезеңде жеке тұлғалардың қатынастарына (4,2%) қатысты 29 шағым түскен. Мұндай шағымдарға мысал ретінде И. отбасына қатысты көршілерінің әрекеттеріне арызы (2007 жылғы 17 шілдедегі кіріс № 677/03 хат), М. шағымданушы және азамат Ә. арасында туындаған тұрғын үй мәселесін шешуге ықпал жасауға көмек сұраған (2007 жылғы 23 тамыздағы кіріс №816/02 хат), А. бір бөлмелі пәтердің үлестік меншігін ортақтасып иеленушінің әрекетіне шағымданған (13.02.07 кіріс №147/03 хат) хаттары жатады. Барлық жағдайлар бойынша шағым авторларына олардың құқықтарын қорғау тәсілдері түсіндірілді.

Кейбір шағымдарда адам құқын бұзу туралы ақпарат жоқ, сондықтан олар «басқалар» тобына жатады. Есептік кезеңде осындай 48 шағым түсті (3,7%).

Уәкілге адам құқын бұзу фактісінсіз, тек қана көмек немесе қандай-да бір мәселені шешуге ықпал жасауды сұрайтын шағымдар түсуі жалғасуда.

Мәселен, Уәкілге жазған хатында К. өз анасының «Алтын алқа» орденімен марапатталуына көмек көрсетуді сұрайды (08.01.07 №27/03 хат). Өтініш иесіне көп балаларды марапаттау мәселесі жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жататындығы түсіндірілді. Сол сияқты Б. (2007 жылғы 09 қазандағы кіріс 944/03 хат), Т. (2007 жылғы 01 ақпандағы кіріс №1554/02-108 (2) хат) «Ленинградты қорғағаны үшін» медалін алу мәселесі бойынша, М. «Күміс алқамен» марапаттауға ұсыну мәселесі бойынша (2007 жылғы 15 ақпандағы кіріс №154/03 хат) өтініштері осыған ұқсас болып табылады. Б. жұмысқа тұруға көмек көрсетуді өтінген (2007 жылғы 05 наурыздағы кіріс № 480/03 хат).

Осындай шағымдар тобының біріне Қ. қашқын ұлын іздеуге көмектесу туралы өтініші жатады (2007 жылғы 11 наурыздағы кіріс №905/02-225 (2) хат).

Бірқатар жағдайларда Уәкілге шағымданушылардың түрлі ұйымдардың заңсыз әрекеттеріне арызданған хаттары келеді, алайда онда олардың құқық бұзушылығына арызданбай, мемлекеттік органдардың қызметіне немесе қызмет көрсетпеуіне шағым жасалады.

Кейбір жағдайларда өтініш иелері жеке тұлғалар арасындағы азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысты түсінік беруді сұрайды, бұл жағдай да Уәкілдің құзырына жатпайды. Мысал ретінде: П. жалпы саяси қуғын-сүргіннен жәбір шеккендердің мәртебесін алудың мәселесін түсіндіру туралы (2007 жылғы 01 маусымдағы кіріс №523/02 хат), С. заңсыз сотталып, бас бостандығынан айыру орнында болғаны үшін өтемақы төлеу мәселесіне қатысты (2007 жылғы 20 шілдедегі кіріс №694/03 хат), Я. жалпы саяси қуғын-сүргіннен жәбір шеккенді ақтау мәселесіне қатысты (2007 жылғы 20 тамыздағы кіріс № 800/02 хат), С. заңнаманы қолдануды түсіндіруге қатысты хаттары (2007 жылғы 30 қаңтардағы кіріс №101/02 хат) жатады.

Н. кінәлі адамдарды жауапқа тарту мәселесі бойынша хат (2007 жылғы 25 мамырдағы кіріс №502/03 хат) жолдады. Шағым мазмұны бойынша өтініш иесін еш себебін түсіндірместен жұмыстан босатылғандығы және жұмысқа қайта орналасуына ықпал етіп, және осыған байланысты кінәлі адамдарды жауапқа тартуды сұрайды. Көмек көрсету үшін Адам құқығы жөніндегі уәкіл мекемесі бұл шағымды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберді.

Ф. нотариустың қызметіне шағымданған хаты (2007 жылғы 21 мамырдағы кіріс № 479/03 хат) осындай сипатта. Бұл шағым тиесілігі бойынша Республикалық нотариаттық палатаға жіберілді

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына келіп түскен осы хаттар халықтың құқықтық сауаттылығының, мемлекеттік органдардың құзыреті туралы және оларға өтініш жасаудың тәртібін білу туралы ақпарат таратудың деңгейінің төмен дәрежеде екендігін куәландырады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына келіп түскен сотталған адамдарға кешірім жасау туралы өтініштермен байланысты шағымдар санаты аздап кездеседі.

Есептік кезең ішінде Уәкілге осы мәселе бойынша ұлы Д.Шідербаевтың мүддесін қорғаған А. өтініш (2007 жылғы 09 сәуірдегі кіріс № 337/02 хат) білдірген болатын.

Сотталған адамдарға кешірім жасау туралы мәселені шешу Уәкілдің құзыретіне жатпайтындығын ескере отырып, өтініш иелеріне Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияға өтініш беру тәртібіне қатысты түсініктер беріледі.

Есептік кезеңде басқа мемлекеттік органдарға бағыттап ауыстыру туралы өтінген (0,31%) 4 шағым келіп түсті. Уәкіл қатаң түрде тек өз құзыреті шеңберінде ғана қызмет жасайтындықтан, құқық бұзушылық туралы мәліметтерді құрамайтын хаттар көбінесе қараусыз қалады.

1.3. Оң нәтижелі сипаттағы шағымдар
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ережелермен айқындалған өкілеттікті жүзеге асыра отырып, Уәкіл адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандығын қалпына келтіру жөніндегі шараларды қабылдайды.

Есептік кезең ішінде өндіріске 429 шағым (жазбаша шағымдар санының 33,4%) қабылданды, өндіріске 561 арыз (43,6%) қабылданған жоқ, олардың ішінен 471-і (36,6%) құзыретті шектеу себебі бойынша, 90-ы шағымда құқық бұзушылық қаралмауына байланысты (7%). Баяндаманы дайындау сәтінде шағымдардың бір бөлігі – 93 арыз - өндірісте және 16 шағым қарауда болды.

2007 жылы 78 шағым (өндіріске қабылданған шағымдардың жалпы санының 18,1%) оң нәтижемен шешілді. 24 жағдайда (5,6%) өтініш берушінің құқықтары жартылай ғана қалпына келтірілді.

Уәкілдің шағымдармен жұмыс нәтижесінің динамикасы мынадай кестеде берілген.


Сауалдарды қарау нәтижелері





2003 жыл

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

арыздар саны

өндіріске қабылданғандарға пайыздық қатынасы

арыздар саны

өндіріске қабылданғандарға пайыздық қатынасы

арыздар саны

өндіріске қабылданғандарға пайыздық қатынасы

арыздар саны

өндіріске қабылданғандарға пайыздық қатынасы

арыздар саны

өндіріске қабылданғандарға пайыздық қатынасы

Адам құқықтарын бұзу анықталмағаны

110

40%

247

55%

372

61%

211

25%

242

56,4%

Сауал жіберілген мемлекеттік органмен құқықтары қалпына келтірілгені

50

18%

89

20%

159

26%

162

31%

78

18,1%

Өтініш берушінің құқықтары жартылай ғана қалпына келтірілгені

55

20%

28

6,2%

63

10%

28

5%

24

5,6%

Істің оң қаралуы Уәкіл ұсынымының әрі оның мүддесінің нәтижесі болып табылады. 31 жағдайда азамат құқықтарын бұзуға кінәлі адамдардың жауапкершілікке тартылуы туралы ақпарат алынды. Көбіне ішкі істер органдарының (9 жағдайда), сот орындаушылары (5), прокуратура (1), кедендік бақылау (1), қылмыстық атқару жүйесі (1), қаржылық полиция (1) лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар әртүрлі жауапкершілік түрлеріне мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері тартылды. Атап айтқанда, Алматы қаласының № 4 қалалық ауруханасының лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік істер қозғалды және Текелі қалалық ауруханасының қызметкерлеріне сөгіс, қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазалар қолданылып, жұмыстан босатылды.

Алматы қаласының арнайы мектебінің директорының міндетін атқарушы, «ҚСҚ оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тараз қаласының қарттар және мүгедектерге арналған интернат үйінің директоры лауазымынан босатылып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің араласуы нәтижесінде сот шешімін орындаудан қашқаны үшін ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің сауалы бойынша жүргізілген тексерулер нәтижесі бойынша мемлекеттік еңбек инспекцияларымен еңбек заңнамасын бұзғаны үшін екі ЖШС басшысы мен жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы бөлімде оң нәтижеге қол жеткізілген анағұрлым үлгілік өтініштер келтірілген, олар шағымдарды тексергенде оң нәтижеге жеткен мемлекеттік органдардың атаулары бойынша жүйеленген.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Есептік кезеңде прокуратура органдарымен шағымданушылардың құқықтары қалпына келтірілген жағдайлар қылмыстық істі қозғау, тоқтату немесе бас тартуға байланысты болды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен бірлесіп әкімдік қызметкерлері, құқық қорғау органдары, қылмыстық атқару жүйесі, кедендік бақылау органдары, медицина және құрылыс ұйымдарының қызметкерлерімен бұзылған құқықтар қалпына келтірілді.

Л. өз шағымында (2006 жылғы 12 желтоқсандағы кіріс №1255/02 хат) ұлының «Ц.» АҚ-да қызметтік міндетін өтеу кезінде жұмыс орнында қаза табу фактісіне байланысты дұрыс тергеу жұмысының жүргізілуіне 6 жыл бойы қол жеткізе алмай келе жатқанын хабарлайды.

Сауалды Уәкілдің қарауы нәтижесінде Қарағанды облысының прокуратурасымен өтініш берушінің ұлының қаза табуына әкелген өндірістегі бақытсыздық жағдай фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату бойынша қаулысы жойылды, іс қосымша тергеу жүргізілу үшін Қарағанды облысының ІІД-ге жіберілді.

Қылмыстық істің былығуына жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік өндіріс қозғалды. ҚР Бас прокуратурасының ақпараты бойынша Теміртау қаласы ІІБ ТБ аға тергеушісі К. қатысты ескерту түріндегі шара қолданылды. Теміртау қаласы ІІБ бастығының орынбасары Д. және Теміртау қаласы ІІБ тергеу бөлімінің бастығы О. басқаруындағы қызметкерлердің қылмыстық істерді тергеу жүргізуіне дұрыс бақылау жасалмағандығы көрсетілді және олар осындай фактілерге жол бермеу туралы қатаң ескертілді.

Ж. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге ақша қаражаттарын ұрлау фактісін тергеу бойынша құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне шағымданған (2007 жылғы 10 қаңтардағы кіріс №30/02 хат). ҚР Бас прокуратурасы Уәкілдің сұранымы бойынша осы істің жағдайларын тексерді, оның нәтижесінде қылмыстық ізге тісу органы тергеу жұмысы кезінде істің жан-жақты шынайы зерттелеуін қамтамасыз етпегені анықталды. Осыған байланысты қылмыстық іс тергеу жүргізу үшін Астана қаласының ІІД тергеу басқармасына жіберілді. Сарыарқа аудандық ІІБ анықтау бөлімінің қызметкерлеріне қатысты тәртіптік өндіріс қозғалған.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына М. «Күміс алқамен» марапаттауға ұсыну мәселесі бойынша шағымы (2007 жылғы 15 ақпандағы кіріс №154/03 хат) түсті. Бұл шағым бойынша ҚР Бас прокуратурасының атына сауал жіберілді. Жүргізілген тексеріс нәтижесінде Есіл аудандық әкімдігінің лауазымды тұлғаларының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалар туралы» ҚР Заңының талаптары бұзылғандығы анықталды. Осыған байланысты Ақмола облыстық прокуратурасы облыс әкімінің атына М. «Күміс алқа» мемлекеттік наградасымен марапаттау бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы ұсыныс жолдады.
П. өз әйелі В. мүддесін қорғап, Семей қаласының прокуратура және денсаулық сақтау қызметкерлерінің әрекетіне Адам құқықтары жөніндегі уәкілге шағым (2006 жылғы 10 қазандағы кіріс №1007/02 хат, 2006 жылғы 17 қазандағы кіріс №1007/02-1132(2) хат, 2006 жылғы 06 желтоқсандағы кіріс №1007/02-1232(3) хат) жолдады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалы бойынша Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде Семей қаласы прокуратурасының жеке кәсіпкер В. үстінен ҚР Бас прокуратурасының алдын ала келісімінсіз тексеріс жүргізгендігі анықталды. Тексеруден кейін Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы арқылы жіберілген өтінішті ҚР Бас прокуратурасы бұл мәселені қарауды уәкілетті орган ретінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет сапасына бақылау жасау комитетінің аумақтық органына тапсыру қажеттігін көрсетіп, қабылдамады. Тексеру барысында белгіленген шағымдарды қарау тәртібінің бұзылуы, прокурорлық тексеруді тағайындау және жүргізудің негізсіздігі, заңсыз әкімшілік өндірісті қозғау туралы шағымда көрсетілген фактілер расталды. Осыған байланысты әділет кеңесшісі К., Семей қаласы прокурорының орынбасары 2-ші сыныпты заң қызметкері Т. қатаң сөгіс, Семей қаласы прокурорының көмекшісі 3-ші сыныпты заң қызметкері И. сөгіс жарияланды.

Германияның азаматы Р. өз арызында Қарағанды облысының Кедендік бақылау департаменті қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымданады (2006 жылғы 29 қарашадағы кіріс №1169/02 хат). Қарағанды облысының Кедендік бақылау департаменті бастығы орынбасарының 2006 жылғы 18 қыркүйектегі қаулысымен өтініш беруші ӘҚБК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10300 теңге айып салынды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалы бойынша жүргізілген ҚР Бас прокуратурасының тексерісімен Қарағанды облысының Кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары Т. ӘҚБК-нің 646-бабының талаптарына қарамастан № 51800-780/06 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы қарастырып, құқық бұзушылық құрамын ӘҚБК-нің 425-бабына ауыстырып, әкімшілік жауапқа тарту туралы қаулы шығарған. Бұл жерде Т. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы қайтару туралы ұйғарымды шығармаған.

Тексеріс нәтижелері бойынша әкімшілік айып салу туралы қаулының күші жойылып, «Әуежай-Қарағанды» кедендік бекетінің маманы С. және «Әуежай-Қарағанды» кедендік бекетінің аға инспекторы Ә. сөгіс жарияланып, департамент бастығының орынбасары Т. қатаң ескертілді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Б. Текелі қалалық ауруханасының қызметкерлерінің өз міндеттеріне немқұрайлы қарағандығы туралы шағымданды (2006 жылғы 16 қарашадағы кіріс №1124/03 хат). Себебі қате қойылған диагноздың кесірінен қажетті медициналық көмек көрсетілмегендігі салдары өтініш беруші баласының өліміне соқтырды. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалы нәтижесінде прокуратура және денсаулық сақтау органдарымен тексеріс жүргізілді. Қылмыстық істің жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дәрігер Ш. ҚР ҚК 114- бабы 1-бөлімі бойынша сотқа тартылды. Қосымша тергеу жұмыстарын және де сарапшылардың шешіміне жаңа сұрақтар қойып, кешенді соттық-медициналық сараптама өткізу қажеттілігіне байланысты Текелі қалалық сотының қаулысымен қылмыстық іс қосымша тергеуге жіберілді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына А. пікірі бойынша ұлы А. қатысты заңсыз қылмыстық іс қозғалғандығы туралы шағым (2007 жылғы 29 мамырдағы кіріс №498/02-510 (2) хат түсті.

А. 2005 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстанға экстрадицияланып, Тараз қаласының № 13 тергеу изоляторында ұсталды. Өтініш берушініің ақпараты бойынша оны ауыстыру барысында ол пенитенциарлық мекеме қызметкерлерінің тарапынан күштеп зорлауға ұшыраған. Соның нәтижесінде оның денсаулығы күрт төмендеп, емделуді талап етеді. Ағымдағы жылдың мамыр айында Жамбыл облысының Сарысу аудандық сотының судьясы істі қосымша тергеуге жіберді.

Қылмыстық істі қосымша тергеудің және тұтқындалған А. жедел емдеу қажеттілігіне байланысты өтініш беруші «қамау» түріндегі бостандығын шектеу шарасын «ешқайда кетпеу және өзiн дұрыс ұстау туралы қол қойдыру» немесе басқа жеңілдетілген шараға ауыстыруды сұрады.

Осы істің жағдайын тексеруді Уәкілдің сауалы бойынша ҚР Бас прокуратурасының жүргізген тексерісі нәтижесінде Көлік прокуратурасының Оңтүстік Шығыс аумақтық бөлімшесі А. қамаудан босатылуы қылмыстық істің анық және жан-жақты тергелуіне бөгет жасамайтындығын ескеріп, «қамау» түріндегі бостандығын шектеу шарасын «ешқайда кетпеу және өзiн дұрыс ұстау туралы қол қойдыру» шектеу шарасына ауыстырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет