2.1. Аумақтың (Алматы қаласы) әлеуметтік-экономикалық ахуалын талдау 2.1.1. Экономика 2.1.1.1. Өңірлік макроэкономика
Жалпы өңірлік өнім
Алматы қаласы еліміздің ірі қаласы, республикалық бюджеттің доноры болып табылады және ұзақ жылдар бойы жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі - ЖӨӨ) көлемі бойынша елдің басқа аймақтары ішінде көшбасшы орынды иеленіп келеді. 2014 жылы қаланың республиканың жалпы ішкі өніміндегі үлесі (бұдан әрі - ЖІӨ) 20,9% құраған.
Қала ЖӨӨ нақты өсімінің орташа жылдық қарқыны 2012-2014 жылдардағы 18,3% құраған. Бұл жағдайда нақты өсімнің 12% орташа жылдық қарқынына 2012-2014 жылдардағы кезеңде (инфляцияны шегергендегі нақты өсім) негізінен сауда және қызмет көрсету саласы есебінен қол жеткізілген.
2012 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі кезеңде инфляция деңгейі 7% аспаған.
Алматы - сервистік экономикалық қала. 2014 жылғы ЖӨӨ құрылымындағы сауда және қызмет көрсету салаларының үлесі 85%-дан астам болған.
2.1.1.1.1. Инфляция деңгейінің серпіні:
Атауы/жылдар
|
2012
|
2013
|
2014
|
Кезең соңындағы инфляция деңгейі, өткен жылдың желтоқсан айы, %
|
106,1
|
104,4
|
107,0
|
Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті
Көтерме және бөлшек сауда секторы қала экономикасына зор үлес қосады және 2010-2014 жылғы нақты өлшемде орташа жылдық өсу ырғағы (бұдан әрі - ОЖӨЫ) 20,4% болғанда ЖӨӨ 13,2% құрайды (2010-2014 жылғы ОЖӨЫ нақты өлшемі 17,0%). Аталған өсім қаланың дәстүрлі түрде елдің көтерме сауда орталығы болып табылатындығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, өсімге саланың инфрақұрылымдық дамуы және ірі супермаркеттер – сауда – ойын-сауық орталықтарын құруға мүмкіндік жасаған.
Басқа қызметтер саласы 2010-2014 жылдардағы нақты ОЖӨЫ 16,2% болғанда 10,9% ЖӨӨ (нақты көрсетілімде ОЖӨЫ 12,4% 2010-2014 жылдар) құрайды. Басқа қызметтердің өсуі тұтас алғанда халық кірісінің біршама артуымен және осының салдары ретінде қызметтерді тұтыну және жылжымайтын мүліктер операциялары мөлшерінің артуымен сипатталады (ЖӨӨ 10,2%).
ЖӨӨ 8,6% құрайтын (2014 жылы 689 млн. теңге) қаржылық және сақтандыру қызметтері секторы тарихи тұрғыда ЖӨӨ ірі үлестерінің бірін алып отыр. Экономика дамуындағы тәуекелдердің бірі ҚРҰБ және бірқатар қаржылық институттардың Астана қаласына қоныс аударуына байланысты қаржылық сектор үлесінің төмендеуі болып табылады.
Ауыл, орман және балық шаруашылықтарының да экономикадағы үлесі көп емес (2014 жылы 1,0% ЖӨӨ).
2.1.1.1.1 сурет. ЖӨӨ экономика секторлары бойынша нақты өсімі
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті, Алматы қаласының Статистика департаменті
Секторлардың мұндай қатынасы әлемнің көптеген ірі қалаларына тән жағдай болып табылады. Сауда және қызмет көрсету экономиканың дамуын белгілейтін негізгі факторлар болып табылады. Алайда Алматы өнеркәсібінің дамуы теңдес қалалармен салыстырғанда біршама төмен, сол себепті аталған сектордағы өсу әлеуеті бар. Экономикадағы өнеркәсіптің меншікті үлесін ескере отырып, оның біршама артуының өзі қаланың жалпы ЖӨӨ деңгейіндегі өзгерістерге алып келмейтіндігін айтуға болады.
2.1.1.1.2 сурет. Әлемдік қалалардағы ЖӨӨ құрылымы
Дерек көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті, салыстырылатын қалалардың ресми Статистика ұйымдары
Еңбек өнімділігі
Орта есеппен алғанда Алматы қаласындағы қызмет көрсету саласындағы еңбек өнімділігін дүниежүзінің басқа қалаларымен салыстыруға болады. Алматы қаласының көрсеткіші жұмыспен қамтылған жан басына есептегенде 61,9 мың АҚШ долларын құрайды, бұл Мәскеу қаласынан 15% артық және Варшавадан 42% кем.
Алайда ішкі секторлар арасында өнімділік бойынша біршама айырмашылықтар байқалады. Мысалы, денсаулық сақтау, білім беру сияқты адамның қатысын көп қажет ететін секторлар көшбасшылардан ондаған есе (жылжымайтын мүлік операциялары және сауда) артта қалып отыр.
2.1.1.1.3 сурет. Салалар бойынша еңбек өнімділігі
Дерек көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті, салыстырылатын қалалардың ресми Статистика ұйымдары
Алматы нақты сектордағы еңбек өнімділігі бойынша дүниежүзіндегі басқа қалалардан біршама артта қалып отыр, мұнда еңбек өнімділігі Алматыдағы сауда және қызмет көрсету секторларынан айтарлықтай төмен. Бұл жағдайда егер ауыл шаруашылығы мен тау-кен өндіруші өнеркәсіптің деңгейі есептеу базасының төмендігіне байланысты көрсетілмеген деп алатын болсақ, құрылыс (2014 жылы 19 мың АҚШ доллары) және өңдеуші өнеркәсіп (37 мың АҚШ доллары) салалары біршама жақсару аймағы болып табылады. Аталған салаларда жұмыспен қамтылған халықтың 15% астамы жұмыс жасайды және олардың үлесіне ЖӨӨ 8% тиесілі болады. Сонымен, 2014 жыл қорытындылары бойынша Алматы қаласын дамытудың 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасының өңдеуші өнеркәсіптің өнімділігі бойынша негізгі мақсатты көрсеткіштеріне жеткен жоқ. Аталған көрсеткішке қол жеткізу коэффициенті 0,81 құраған. Көрсеткіштердің төмен болуы заманауи өндірістің жеткіліксіз дамуына, сонымен қатар, көлемінің салыстырмалы шағын болуына байланысты болып отыр.
Күшті жақтары:
-
халықаралық деңгейдегі постиндустриалдық мегаполис ретінде тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсім, сондай-ақ өсім факторларының бірі инвестициялар болып табылады;
Әлсіз жақтары:
-
жалпы республика экономикасын дамытуға сыртқы факторлардың ықпалы, сондай-ақ теңгенің құнсыздануы, ол халықтың сатып алу қабілетін төмендетуі мүмкін;
-
Қазақстанда жоқ, өзіндік бәсекелестік басымдықтары бар көрші елдер тарапынан инвестициялық ресурстарға бәсекелестік деңгейінің жоғарылығы.
-
әсіресе өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің төмендігі.
Мүмкіндіктер:
-
бюджеттің кіріс бөлігінің резервтерін анықтау және бюджет қаражатын тиімді пайдалану (мемлекет активтерін);
-
экономиканың нақты секторын қолдау және кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру;
-
қалада инвестициялық белсенділікті жақсарту және басым жобаларды іске асыру.
Қауіп-қатерлер:
-
дағдарыс үдерістері экономиканың барлық дерлік салаларын қамтиды, қаланың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері өсімнің теріс мәніне әлеуетті енеді. Өндіріс құлдырайды, жұмыссыздық көбейеді, халықтың өмір сүру деңгейі төмендейді, капиталдың сыртқа кетуі, тұтыну құнының артуы. Қаланың ЖӨӨ бұл жағдайларда тоқыраушылық жағдайда болады.
Қаржылық сектордың елдің астанасына кетуі қаланың ЖӨӨ төмендеуіне және білікті мамандардың кетуіне әкеп соғуы мүмкін, сондай-ақ басқа секторлардан (қызметтер, сауда) түскен пайданы қосымша алып кетеді.
2.1.1.2 Өнеркәсіп
Алматы қаласының өнеркәсібі 1500 кәсіпорыннан құралады, олардың 178 ірі және орта кәсіпорындар санатына жатқызылады. Олар қала индустриясының негізін құрайды және өнеркәсіптік өнім көлемінің 80,5 % өндіреді.
2014 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 649,1 млрд. теңгеге жеткен, нақты өсім соңғы 3 жылда 5,4% құраған.
2012-2014 жылдардағы кезеңде өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индекс көрсеткіші тұрақты үрдісті көрсетіп, 2013 жылы біршама артқан және 2014 жылы төмендеген. Сонымен, 2014 жылдың қорытындысы бойынша қала Алматы қаласының 2011-2015 жылдардағы даму бағдарламасының негізгі мақсатты көрсеткіштеріне жете алмаған (жетістік коэффициенті 0,93). Аталған үрдіс өнеркәсіптік өндірістің салыстырмалы шағын ауқымы көрсеткіштерді жеке кәсіпорындар көлемінің өзгеруіне тәуелділігін арттыруымен байланысты. Кәсіпорынды кеңейту немесе жаңа кәсіпорын құру тұтас өнеркәсіптің өсу ырғағының өзгеруіне алып келеді.
2011-2015 жылдардағы Алматы қаласының даму бағдарламасының өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін экспорттау өсімі бойынша шамасы 2014 жылы негізгі тізім көрсеткіштеріне жетпеген (жоспардағы 102% -дың орнына 88,5% нақты көрсеткіш). Тұтас алғанда шикізаттық емес тауарлардың экспорт үлесі 2012-2014 жылдардағы кезеңде біршама төмендеген. Бұл жағдай өңдеуші өнеркәсіп өнімдері көлемінің жалпы азаюына байланысты болып отыр.
Өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлердің саны іс жүзінде бір деңгейде қалып отыр. Олардың санындағы ауытқу қала шаруашылығы мен қала халқының құбылмалы қажеттіліктеріне жауап болып табылатын кейбір өндіріс орындарының өз жұмысын бастауынан туындаған. Негізінен бұл фармацевтикалық және тағам өнеркәсібі кәсіпорындарының кеңеюі мен ашылуына қатысты.
Соңғы бес жыл ішінде қаланың тіршілік қабілеттілігін қамтамасыз ететін ішкі салалардың үлес салмағы артқан. Өткен жылы электрмен қамту, газ және жылу беру, ауаны желдету, сумен қамту, кәріз жүйесі және қалдықтарды жинаудың үлесіне өнеркәсіптік өндіріс көлемінің төрттен бір бөлігі тиісті болған.
Құрамына 30-дан астам арнайы маманданған салалар, ішкі салалар мен жекелеген өндірістер енетін тағам өнеркәсібі Алматы қаласының өнеркәсіптік кешеніндегі ірі салалардың бірі болып табылады. 2012-2014 жылдардағы кезеңде тағам өнімдері өндірісінің жалпы өңдеуші өнеркәсіп көлеміндегі үлес салмағы 27,8%-дан 32,5%-ға дейін артқан.
2014 жылы алдыңғы жылдардағы біршама өсімнен кейін химия өнеркәсібінің, резеңке және пластмасса бұйымдар өндірудің көлемі айтарлықтай азайған. Алматы қаласында бірқатар ірі және технологиялық тұрғыда озық лак-бояу материалдарын, сумен қамту, кәріз және шоғырсымдарды қорғау жүйелеріне арналған полиэтилен құбырларды, термоқабықшалар, қаптама өнімдерін, өлшеп қаптау қапшықтарын, тағам өнімдері мен мұздатылған өнімдерге арналған қапшықтар өндіру бойынша химия өндіріс орындары орналасқан.
Қаладағы өнеркәсіп саласының негізгі қиыншылығы төмен еңбек өнімділігі, сонымен қатар, саланың көрсеткіштерін жекелеген кәсіпорындардың жұмысына тәуелді ететін шағын көлемдері болып табылады. Салалық дамуды әрі қарай қолдау үшін қалада «Алматы қаласы Алатау ауданындағы индустриалды аймақты құру» жобасы жүзеге асырылуда.
Кластер құрудың негізгі мақсаты экспортқа бағытталған экологиялық шикізаттық емес өнімдер жасауды қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу болып табылады.
Сонымен, 7 өндіріс секторы бар:
- тағам өнеркәсібі;
- машина жасау;
- құрылыс өнеркәсібі;
- фармацевтикалық өнеркәсіп;
- химия өнеркәсібі;
- жиһаз өнеркәсібі;
- жеңіл өнеркәсіп.
2015 жылдың басында жалпы инвестиция мөлшері 298 млрд. теңгені құрайтын 33 жоба бекітілген. Өнеркәсіптік өндіріс бойынша мақсатты көрсеткіштер 174 млрд. теңгеге өнім шығару болып табылады (бүгінгі өнеркәсіптік өндірістің шамамен 30%).
2.1.1.2.1 кесте. Өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері
Атауы/жылдар
|
2012
|
2013
|
2014
|
Өнеркәсіптік кәсіпорындар саны, бірлік
|
1451
|
1407
|
1349
|
Өнеркәсіптік өнім көлемі, млн. теңге
|
584,6
|
641,0
|
649,1
|
Өнеркәсіптік өнім шығарудың нақты көлемінің индексі, %
|
103,3
|
105,5
|
102,1
|
Өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін шығарудың нақты көлемінің индексі, %
|
103,2
|
108,2
|
100,0
|
Өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі, мың АҚШ доллары/адам
|
38,5
|
35,0
|
28,7
|
Елдің жалпы экспорты көлеміндегі шикізаттық емес тауарлар экспорты көлемінің үлесі,%
|
15,2
|
12,2
|
13,7
|
2000 жылғы бағамен бір тонна мұнай баламасының жалпы ішкі өнімінің энергия сыйымдылығының көрсеткіші, мың АҚШ доллары
|
0,14
|
0,32
|
0,22
|
Дерек көзі: «Алматы қаласы бойынша 2014 жылғы алдын ала мәліметтер» Алматы қаласы Статистика департаментінің Санақ жинағы, 2015 жылғы
2.1.1.2.2 кесте. Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі, млн. теңге
Атауы
|
2012
|
2013
|
2014
|
Өнеркәсіп
|
584 591
|
641 043
|
649 093
|
оның ішінде:
|
|
|
|
тау-кен өнеркәсібі
|
85
|
-
|
1 090
|
өңдеуші өнеркәсіп
|
455 947
|
483 767
|
480 371
|
оның ішінде:
|
|
|
|
тағам өнімдері өнеркәсібі
|
127 033
|
127 316
|
156 496
|
сусындар өндірісі
|
27 280
|
29 962
|
28 610
|
тоқыма бұйымдары өндірісі
|
1 236
|
1 300
|
1 139
|
киім өндірісі
|
5 825
|
7 753
|
4 229
|
тері және онымен байланысты бұйымдар өндірісі
|
1 379
|
1 463
|
2 070
|
жиһаздан басқа ағашжәне тығынды бұйымдар өндірісі
|
2 502
|
2 659
|
1 736
|
қағаз және қағаз өнімдерін өндіру
|
6 788
|
7 063
|
8 366
|
Жазба материалдарын басып шығару және көшіру
|
40 113
|
42 149
|
27 125
|
Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру
|
1 391
|
967
|
2 947
|
Химия өнімдерін өндіру
|
9 605
|
12 138
|
6 463
|
Негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру
|
12 794
|
16 752
|
8 157
|
Резина және пластмасса бұйымдарды өндіру
|
26 033
|
29 134
|
17 490
|
Басқа да металл емес және минералды өнімдерді өндіру
|
39 390
|
48 848
|
50 675
|
Металлургия өнеркәсібі
|
31 654
|
23 131
|
38 952
|
Машиналар мен құрылғылардан басқа дайын металл бұйымдарды өндіру
|
26 663
|
29 359
|
25 806
|
Компьютер, электронды және оптикалық өнімдер өндіру
|
19 551
|
19 513
|
15 469
|
Электрлік құрылғылар өндірісі
|
6 603
|
7 979
|
7 473
|
Басқа санаттарға жатқызылмаған машиналар мен құрылғылар өндірісі
|
6 178
|
5 050
|
8 182
|
Автокөлік құралдары, трейлер және жартылай тіркемелер өндірісі
|
491
|
1 141
|
5 251
|
Басқа көлік құралдары өндірісі
|
11 252
|
11 250
|
9 623
|
Басқа да дайын бұйымдар өндірісі
|
1 647
|
2 553
|
1 948
|
Жиһаз өндірісі
|
12 374
|
13 683
|
11 180
|
Машиналар мен құрылғыларды жөндеу және орнату
|
38 165
|
42 603
|
40 987
|
Электрмен қамту, газ және жылу беру, ауаны желдету
|
108 079
|
136 015
|
145 840
|
оның ішінде:
|
|
|
|
Электр энергиясын өндіру, беру және тарату
|
58 612
|
84 004
|
78 368
|
Газ тәрізді отынды өндіру және тарату
|
7 994
|
9 826
|
16 155
|
Жылу беру және ауаны желдету жүйелері
|
41 473
|
42 184
|
51 317
|
Сумен қамту; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен таратуды қадағалау
|
20 479
|
21 261
|
21 791
|
оның ішінде:
|
|
|
|
Суды жинау, өңдеу және тарату
|
7 568
|
11 252
|
11 835
|
Кәріз жүйесі
|
2 855
|
3 632
|
3 945
|
Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою
|
10 056
|
6 377
|
5 992
|
Дерек көзі: «Алматы қаласы бойынша 2014 жылғы алдын ала мәліметтер» Алматы қаласы Статистика департаментінің Санақ жинағы, 2015 жыл
Жергілікті мазмұнды дамыту
Отандық тауар өндірушіні қолдау және «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұлттық компаниялардың сатып алуларында олардың үлесін арттыру мақсатында 2014 жылдың 4 желтоқсанында жалпы сомасы 800 млрд. теңгелік тиісті Меморандумға қол қоя отырып, «Мемлекеттік тапсырыс 2015» жыл сайынғы акциясы өткізілді. «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның құрамына кіретін Ұлттық компаниялардың Меморандумды орындауы шеңберінде Алматы қаласының кәсіпорындарымен жалпы сомасы 586,5 млрд. теңгеге шарттар жасалды. Қазақстандық мазмұн үлесі 68%.
2015 жылдың қаңтарында Алматы қаласының әкімдігі ұлттық компаниялармен және отандық тауар өндірушілермен жалпы сомасы 6,9 млрд. теңгеге өзара түсіністік туралы 6 Меморандумға қол қойды.
Бүгінгі күні Меморандумдарды орындау шеңберінде жалпы сомасы 4,8 млрд. теңгеге шарттар жасалды.
3 қазанда Алматы қаласының әкімдігі және «Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ арасында Алматы қаласының іскерлік ортасымен және ЭКСПО бас мердігерлерімен жалпы сомасы 10 млрд. теңгенің сомасына ынтымақтастық туралы 12 меморандумға қол қойылды.
Қараша айында Универсиада 2017 дирекциясымен және мердігер құрылыс ұйымдарымен осындай кеңестер өткізілетін болады.
Алматы қаласының Мемлекеттік мекемелері.
Алматы қаласының мемлекеттік мекемелері және ұйымдары ұсынған қазақстандық мазмұн және тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша есептеріне сәйкес 2015 жылғы 15 қазандағы жағдай бойынша 23,6 млрд. теңгенің сомасына 11 451 орындалған шарттардан қазақстандық үлес салмағы 14,5 млрд. немесе 61,3% құрады, оның ішінде:
- тауарлар бойынша 25,4% 5,6 млрд. теңгенің сомасы;
- жұмыстар бойынша 72,1% 9,7 млрд. теңгенің сомасы;
- қызметтер бойынша 73,2% 8,3 млрд. теңгенің сомасы.
Ұлттық компаниялар.
«Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның құрамына кіретін Ұлттық компаниялар 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Алматы қаласының кәсіпорындарымен жалпы сомасы 586,5 млрд. теңгеге шарттар жасасты, оның ішінде:
- тауарлар – 262,8 млрд. теңге;
- жұмыстар – 141,7 млрд. теңге;
- қызметтер – 182,0 млрд. теңге.
Қазақстандық мазмұндық үлесі 68%
Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
Энергияны үнемдеу бойынша шараларды іске асыру қазіргі уақытта өнеркәсіпті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты және көлік секторын жаңғыртудың негізгі құралының бірі болып табылады. Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша шараларды табысты іске асыру энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті, сондай-ақ Алматы қаласы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді.
Алматы қаласы экономикасының өсуімен байланысты энергетикалық ресурстарды тұтыну негізінен ішкі өңірлік өнім сияқты қарқында өседі, өйткені экономикалық өсім өнімді өндіруді арттырумен, ресурстарды пайдаланумен бірге жүреді.
Осылайша энергияны үнемдеу Алматы қаласының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
Алматы қаласы бойынша электр энергиясының және қуатының заманауи нарығы «Алматы энергия станциялары» АҚ (бұдан әрі – «АлЭС» АҚ) энергия көздерінен электр энергиясын жеткізуден және ЖГРЭС және ГРЭС Павлодар-Екібастұз энергия торабынан электр энергиясын сатып алудан қалыптасады.
Электр энергиясын тұтыну құрылымы тұтынудың негізгі үлесі өнеркәсіп кәсіпорындарына – 33% , халық – 29 %, өзге де – 25%, бюджет ұйымдары – 13% келетінін көрсетеді.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық
Алматы қаласында тұрғын үй секторы шамамен 30% электр энергиясын және 61% жіберілетін жылу энергиясын тұтынады.
Алматы қаласындағы 33,4% тұрғын үй қоры дұрыс қалыпта, 53,4% күрделі жөндеуді талап етеді және 13,2% апаттық жағдайда.
Инженерлік желілердің тозу деңгейі Алматы қаласындағы коммуналдық секторда келесі сипатта:
Алматы қаласының жылу желілерінің жалпы ұзындығы 1 150 км. құрайды, олардың 35% нормативтік жағдайда және 65% жөндеуді талап етеді.
Алматы қаласы бойынша электр желілерінің жалпы ұзындығы 6 885,3 км. құрайды, олардың: кабель желілері – 4 041,2 км., әуе желілері – 2 844,1 км. нормативтік жағдайда 31,5% электр желілері және 68,5% жөндеуді талап етеді.
Алматы қаласы бойынша газ желілерінің жалпы ұзындығы 4935,8 км. құрайды, олардың: жоғары қысымды – 88,2 км., орташа қысымды – 646,33 км.,төменгі қысымды – 4201,27 км.
Бюджет секторындағы энергияны үнемдеу оның әлеуметтік өзектілігіне қарай маңызды орын алады. Бүгінгі күні Алматы қаласының бюджеттік ұйымдарында 70 мың сыртқы жарықтандыру нүктелері бар, энергияны үнемдейтіндер жоқ.
Күшті жақтары:
- дамыған тамақ өнеркәсібі;
- іскерлік ахуалды жақсарту;
- өнеркәсіптік саясатты іске асыру үшін даму институттары жүйесінің болуы.
Әлсіз жақтары:
-
Біліктілік деңгейін талап ететін адам ресурстарына қолжетімділіктің төмендігі;
-
Инфрақұрылымда тар жерлердің болуы (көлік-логистикалық, энергетикалық, сумен жабдықтау);
-
Өңдеуші өнеркәсіптегі бәсекеге қабілеттіліктің төмендігі;
-
Инновациялық жүйенің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;
-
Ресурс тиімділігінің төмендігі және өнеркәсіптің жоғары энергия өнімділігі;
-
Техникалық реттеудің дамымаған жүйесі:
Мүмкіндіктер:
-
Кедендік одақ нарығына қолжетімділік, Қытайдағы, Орта Азиядағы және Каспий аралық мемлекеттердегі нарықтық мүмкіндіктер;
-
Ресурс секторларының технологиялық құрал-жабдықтарына, мамандандырылған қызметтерге және инновацияға сұраныс;
-
Өңдеуші өнеркәсіпте заманауи өндірістік және басқару технологияларын енгізу;
-
Мемлекеттік, квазимемлекеттік сатып алулардың және жер байлықтарын пайдаланушылардың сатып алуларының тиімділігін арттыру.
Қауіп-қатерлер:
-
Қазақстан экономикасының және өнеркәсібінің дамуына жаһандық және өңірлік дағдарыс құбылыстарының теріс ықпалдары.
Түйткілді мәселелер:
-
Жұмыс жасайтын кәсіпорындардың өндіріс қуаттылығының төмен жүктемесі;
-
Тозудың жоғары деңгейі, кәсіпорындарда моралдық тозған құралдардың болуы;
-
Әлсіз дамыған ішкі нарық;
-
Шығарылатын өнім сапасының төмендігі және түрінің аздығы;
-
Өнімді сертификаттау үшін сынақ базаларының және зертханалардың жоқтығы;
-
Өнімнің жоғары энергиясы және еңбек өнімділігі;
-
Көлік-логистикалық инфрақұрылым деңгейінің төмендігі;
-
Тиісті біліктілігі бар кадрлардың жетіспеуі;
-
Салалық институттардың материалдық-техникалық және тәжірибе-өнеркәсіптік базаларын жаңғырту қажеттігі;
2.1.1.3. Азық-түлік белдеуін дамыту
Ауыл шаруашылықты қайта өңдеу кәсіпорындары 138,5 млрд. теңге сомаға өнім өндірді. Өнім шығарудың нақты көлем индексі 86,1% құрады.
Қаланың қайта өңдеуші кәсіпорындарының жүктемесі шамамен 63% құрайды. Негізгі бағыттар бойынша жүктемелер мыналар:
-
Ет топтары -90%
-
Сүт топтары - 60%
-
Май-тоң май топтары -48%
-
Жеміс-көкеніс топтары - 52%.
2012-2014 жылдар кезеңінде тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталға салынатын НКИ тұрақсыз үрдіске ие болды. Сонымен қатар, 2012 жылы біршама өсті. (125%), одан кейін 54,5% төмендеді. Мұндай үрдіс жалпы өткен кезеңде экономиканың дамуына сәйкес келді.
Азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде кеңейтілген ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Ағымдағы жылы Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының қатысуымен 9 жалпы қалалық жәрмеңке өткізілді. Сатылған өнімнің жалпы көлемі 1 920 тоннаны, 1 170 млн. теңгеге құрады.
Сонымен қатар, апта сайын Алматы қаласының барлық аудандарында Алматы облысының жақын орналасқан ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерінің, сондай-ақ Алматы қаласының сауда және өнеркәсіп кәсіпорындарының қатысуымен «демалыс күнінің» жәрмеңкелері өткізіледі. Ағымдағы жылдың басынан бері Алматы қаласының аудандарында 768 азық-түлік жәрмеңкесі өткізілді, олардың тауар айналымы 2104 млн. теңгені құрды.
Күшті жақтары:
-
Тамақ өнеркәсібін дамыту.
Әлсіз жақтары:
-
егіс алаңдарының және мал жайылымдарының жоқтығы.
Мүмкіндіктер:
-
жылыжай шаруашылықтарының, дайындау пунктілерінің қуаттылығын арттыру бойынша инвестициялық жобалар қатарын іске асыру, жеміс-көкөніс сақтау қоймаларын және сүт пен ет жинау бойынша стационарлық пунктерді дамыту;
-
Алматының ауыл шаруашылығы қайта өңдеу кәсіпорындарын техникалық қайта жарақтандыру.
Қауіп-қатерлер:
-
ГМО және химиялық қоспалары бар ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасының төмендігі.
Түйткілді мәселелер:
-
несие алу кезінде ауыл шаруашылық өндірушілеріне қажетті ликвидтік кепілдік мүліктің жоқтығы;
-
қала кәсіпорындарының моралдық және физикалық тозған құралдары үлесінің жоғары болуы;
-
шикізаттың жетіспеуі.
2.1.1.4 Шағын және орта бизнес, сауда
Шағын және орта бизнес
Алматы шағын және орта бизнестің нақты өнім шығару көлемі бойынша елде бірінші орында болып келеді.
Тіркелген және белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны (бұдан әрі - ШОК) 2014 жылы өсу үрдісін сақтаған (өткен жылмен салыстырғанда 6,1% артқан).
ШОК субъектілерінің жалпы көлемінде республика бойынша 2014 жылы Алматы 13,8 % үлесімен екінші орынға иеленеді.
2012-2014 жылдардағы кезеңде ШОК белсенді субъектілерінің үлесі тіркелген субъектілердің жалпы көлемінде тұрақсыз үрдіс көрсеткен. Бұл жағдайда 2013 жылы біршама өсім байқалады (53,1%) және әрі қарай 51% дейін төмендеген.
2.1.1.4.1 сурет. Жалпы тіркелгендер санындағы Алматы қаласының ШОК субъектілерінің үлесі, бірлік
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
2.1.1.4.2 сурет. 2014 жылы Алматы қаласының ШОК ұйымдастыру-құқықтық формасы бойынша құрылымы
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
Алматы қаласының тіркелген және белсенді ШОК субъектілері құрылымында жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – ЖК) басым болып келеді.
Белсенді ШОК субъектілерінің салалық құрылымы қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың басымдығымен сипатталады. Қаланың ЖӨӨ құрылымының жалпы динамикасына сәйкес болатын ең жоғары үлеске сауда саласы ие болып отыр. Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, өнер және т.б. салалардағы кәсіпорындардың үлесі 5% кем, бұл аталған салаларды дамыту әлеуетін білдіреді. Бұл жағдай көбінесе сауда қызметі барысында құрылатын ШОК құрылымында ЖК басымдығымен де түсіндіріледі.
ШОК қалада жұмыс орындарын құрудың маңызды көзі болып табылады (62,1% қалада жұмыс жасайтындардың жалпы санынан 474,8 мың адам) соңғы бес жылда барынша өсу қарқыны байқалады.
2.1.1.4.3 сурет. ШОК жұмыспен қамтылғандар үлесі
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
2014 жылы ШОК субъектілерінің өнім өндіруі 3 799,9 млрд. теңгені құраған, бұл 2013 жыл деңгейінен 6,2% жоғары. Тұтас алғанда 2012 жылы Алматы қаласының ШОК өнім шығару деңгейінің көрсеткіші өсу үрдісін көрсетіп отыр, бұл шағын және орта бизнес кәсіпорындарының өз өнімдерінің алуан түрлілігін арттыру, өндірісті түрлендіру, сапаны жоғарылату және өткізу нарығын кеңейту арқылы дамытудың алғышарты болып табылады.
2012-2013 жылдардағы қала ЖӨӨ ШОК меншікті үлесі 25,4%-дан 22,3% дейін төмендегеннен кейін 2014 жылы ЖӨӨ меншікті үлесі 30% дейін қайта көтерілген. Оң өзгеріс мемлекет тарапынан ШОК қолдау бойынша белсенді шаралармен байланысты болды.
2.1.1.4.4 сурет. ЖӨӨ ШОК үлесі
Дерек көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті
«Даму» қоры арқылы ШОК-тың қолдау шеңберінде 2010 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы іске асырылып келеді, ол кәсіпкерлерге қаржылық және басқа да тұрғыда қолдау көрсетеді. Негізгі қаржылық қолдау құралдары кәсіпкерлерге субсидия беру және несиелеріне кепілдік беру болып табылады. Барлығы көрсетілген мемлекеттік қолдау сомасы шамамен 10 млрд. теңгені құрады.
2.1.1.4.5 сурет. Екінші деңгейдегі банктердің ШОК-ке несие беруі
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
ШОК қызметінің өсуіне қаржылық емес қолдау құралдары да оң әсерін тигізіп отыр. Оңтайлы кәсіпкерлік ахуал қалыптастыру мақсатында жылына екі рет Алматы қаласының іскерлік кеңесінің отырыстары өткізіледі. Іскерлік кеңестің негізгі міндеті әкімшілік кедергілерді жою, көлеңкелі экономика көлемін қысқарту және кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Алматы қаласында 2 кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - КҚКО) жұмыс жасайды, мұнда кәсіпкерлерге «бір терезе» режимінде қызметтер көрсетіледі, қолданыстағы мемлекеттік қолдау құралдарын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізіледі. 2014 жылы 1252 кәсіпкерге бизнес жүргізуді сервистік қолдау шеңберінде қызмет көрсетілген.
Жалпы алғанда, ШОК сегменті қаладағы негізгі салық (40% артық) және жұмыс орындарының көзі болып қалып отыр. Осыған байланысты қалада ШОК қызметін дамыту басты бағыттардың бірі болып табылады.
2.1.1.4.1 кесте. Шағын және орта бизнес көрсеткіштері
Атауы/жылдар
|
2012
|
2013
|
2014
|
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің нақты өнім өндіру көлемінің индексі, %
|
105
|
101,0
|
106,2
|
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруы, млрд. теңге
|
2019
|
3179,4
|
3799,9
|
Тіркелгендердің жалпы көлемі бойынша белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі, %
|
50
|
53
|
51
|
Дерек көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтері, 2015 жылғы
Сауда
Алматы 2014 жылы жалпы республикалық сауда көрсеткішінде сауданың меншікті үлесі бойынша 1 орынды иеленеді - 41,4%. Талдау жасалып отырған кезеңде сауда қаланың ЖӨӨ ең жоғары үлесін қамтамасыз еткен (32,4%), көтерме сауданың жалпы көлемі (8035,8 млрд. теңге, республикалық көлемнен 49,6%) бөлшек сауда көлемінен (1 641,3 млрд. теңге, республикалық көлемнен 25,9%) 4,5 есе артық болған. Көтерме сауданың жалпы республикалық көлемінің жартысынан астамы Алматы қаласында шоғырлануы негізінен тіркелген ірі компаниялардың қалада болуымен байланысты.
Өңірдің бөлшек сауда құрылымында қарастырылып отырған кезең ішінде азық-түліктік емес тауарларды сату басым болған, ол Алматы қаласының бөлшек сауда айналымының ¾ жуығын құраған.
2012-2014 жылдардағы кезеңде бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі аздап төмендеген. Аталған үрдіс 2012 жылғы біршама өсуімен байланысты болуы мүмкін, бұл салыстыру үшін жеткіліксіз.
Соңғы жылдары өңірдегі бөлшек сауданың жалпы көлемінің 65% астамы сауда кәсіпорындары арқылы іске асырылған, бұл қаладағы сауданың заманауи түрінің дамуымен байланысты. Сауда нысандарының жалпы санының кемуі базарлар санының азаюына байланысты. 2015 жылдың басында 6000 астам немесе 1,3 млн. ш.м. (сауда орталықтарының жалпы ауданы) сауда нысандары жұмыс жасаған. Соңғы 6 жыл ішінде Алматы қаласында 50 астам жаңа ірі және орта сауда нысандары ашылған.
2.1.1.4.2 кесте. Көтерме және бөлшек сауда көрсеткіштері
|
2012
|
2013
|
2014
|
Бөлшек сауда көлемі, млрд. теңге
|
1 245,8
|
1 416,4
|
1641,3
|
Республика көлеміндегі үлес салмағы, %
|
27,3
|
25,8
|
25,9
|
Көтерме сауда көлемі, млрд. теңге
|
5 349,3
|
7 080,5
|
8035,8
|
Республика көлеміндегі үлес салмағы, %
|
45,2
|
49,5
|
49,6
|
Халықтың жан басына шаққандағы бөлшек сауда көлемі, мың. теңге
|
851,8
|
943,7
|
1 024,1
|
Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі, %
|
111,8
|
110,2
|
108,1
|
Көтерме сауданың нақты көлемінің индексі, %
|
127,0
|
126,8
|
108,8
|
Дерек көзі: «Алматы қаласы бойынша 2014 жылғы алдын ала мәліметтер» Алматы қаласының Статистика департаментінің Санақ жинағы, 2015 жылғы, «2014 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында ҚР сауда және қызметтерді өткізу көлемі» ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің бюллетені, 2015 жылғы
2.1.1.4.3 кесте. Бөлшек сауда құрылымы
|
2012
|
2013
|
2014
|
Бөлшек сауда көлемі, млрд.теңге
|
1 245,8
|
1 416,4
|
1 641,3
|
оның ішінде:
|
|
|
|
Азық-түлік тауарлары
|
288,5
|
283,0
|
362,4
|
Азық-түліктік емес тауарлар
|
957,3
|
1 133,3
|
1278,9
|
Бөлшек сауда көлемі, %
|
100
|
100
|
100
|
оның ішінде:
|
|
|
|
Азық-түлік тауарлары
|
23,1
|
19,9
|
22,0
|
Азық-түліктік емес тауарлар
|
76,9
|
80,1
|
78,0
|
Дерек көзі: «Алматы қаласы бойынша 2014 жылғы алдын ала мәліметтер» Алматы қаласы Статистика департаментінің Санақ жинағы, 2015 жылғы,
2.1.1.4.4 кесте. Сауда секторлары бойынша бағамен көрсетілген бөлшек сауда
|
2012
|
2013
|
2014
|
Өткізу арналары бойынша бөлшек сауда көлемі:
|
|
|
|
Сауда кәсіпорындары, млрд. теңге
|
826,8
|
945,2
|
1152,3
|
Базарлар мен жеке кәсіпкерлер
|
418,9
|
462,3
|
489,40
|
«Бөлшек сауда» қызмет түрімен айналысатын сауда ауданы 2000 ш.м. кем емес сауда нысандарының санын арттыру, бірлік (БП)
| |
38
|
56
|
Дерек көзі: «Алматы қаласы бойынша 2014 жылғы алдын ала мәліметтер» Алматы қаласы Статистика департаментінің Санақ жинағы, 2015 жылғы,
2.1.1.4.5 кесте. Сауда нысандары
|
2012
|
2013
|
2014
|
Сауда нысандары саны, бірлік
|
8 415
|
4 732
|
3591
|
Жалпы сауда ауданы, ш. м
|
756 061
|
712218
|
737 502
|
Дерек көзі: «Алматы қаласы бойынша 2014 жылғы алдын ала мәліметтер» Алматы қаласы Статистика департаментінің Санақ жинағы, 2015 жылғы,
Сыртқы сауда
Алматы еліміздегі импорт үлесі жоғары негізгі сыртқы саудасы дамыған қалалардың бірі болып табылады. 2014 жылы республиканың сыртқы сауда айналымындағы қаланың үлес салмағы 18,6% құрады, оның ішінде экспортта – 6,4% және импортта – 42% құрады.
Қаланың сыртқы сауда айналымының көлемі (Кеден Одағы мемлекеттерін қоса алғанда) бес жыл ішінде 1,3 есеге артқан және 2014 жылы 22 400,5 млн. АҚШ долларын құраған, оның ішінде импорт бойынша өсім 40%, экспорт бойынша көлемнің төмендеуі 3% құраған. Импорт қаланың сыртқы сауда айналымының 77% құрап отыр.
Сонымен қатар, 2012-2014 жылдардағы кезеңде сыртқы сауда айналымы көлемі 16,8%-ға төмендеген, бұл негізінен 2014 жылы импорт көлемінің біршама төмендеуімен байланысты болып отыр.
2.1.1.4.6 сурет. Алматы қаласының сыртқы сауда айналымы
Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті
2014 жылы импорт көлемінің біршама төмендеуі негізінен нақты көлемдермен емес, 2014 жылғы ақпан айындағы бағам үйлесімімен байланысты, бұл кезеңде ұлттық валюта 20% девальвацияға ұшырап, бұл доллар бойынша көлемінің азаюына алып келген.
2.1.1.4.7 сурет. Экспорт және импорт көлемінің өзгеруі
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
Экспорт құрылымында өнімдердің 4 санаты басым болып табылады (азық-түлік тауарлары, минералды өнімдер, химиялық өнімдер, машиналар, құрылғылар, көлік құралдары, жабдықтар мен аппараттар), 2010 жылы машиналар, құрылғылар мен көлік құралдары санатында (1,7%-дан 14% дейін) және азық–түлік тауарларында (8%-дан 12% дейін) біршама өзгерістер орын алған.
2.1.1.4.8 сурет. 2014 жылғы экспорттың тауарлық құрылымы, млн. АҚШ доллары
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
Импортта да 3 санат басымдылыққа ие (машиналар, құрылғылар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар, химия өнеркәсібі және минералды өнімдер). Бұл жағдайда машиналар мен басқа да көлік құралдарының импорты жалпы импорт көлемінің 50% құрайды.
2.1.1.4.9 сурет. 2014 жылғы импорттың тауарлық құрылымы, млн. АҚШ доллары
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
Импорттық өнімнің негізгі мемлекеттері Қытай мен Ресей болып табылады. Экспорттың негізгі бағыттары Украина, Қытай және Ресей болып отыр.
2.1.1.4.10 сурет. Ірі сауда әріптестері
Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті
Қазақстан 2012 жылғы Дүниежүзілік банктің рейтингінде логистика тиімділігі индексі бойынша 86 орынға ие болған, ал көлік инфрақұрылымының сапасын жақсарту және физикалық, физикалық емес кедергілерді жою бойынша көзделген кешенді шаралар Қазақстанға осы рейтингте 40 орынға көтерілуге мүмкіндік береді.
Алматы аймағында Қазақстанның көлік тораптары, қоймалар мен тауарларды қабылдау, тарату және ауыстырудың бірыңғай жүйесі бар логистика орталығы қалыптасады. Бүгінгі таңда Алматы көлік-логистикалық орталығы (АКЛО), «Даму-Алматы» индустриалды-логистикалық орталығы және «GEGA» азық-түліктік логистикалық орталығы жұмыс жасайды.
Елдің сыртқы сауда айналымындағы қаланың меншікті үлесінің жоғары болуы қаланың еліміздегі ірі сауда-логистикалық орталық, сонымен қатар, негізгі халықаралық компаниялардың бас кеңселері орналасқан орын болуымен байланысты. Осылайша, қала тауар айналымы үдерісінде «алмастыру орны» болып табылады, импорттың көп мөлшері елдің басқа аймақтарына жөнелтіледі, ал қаладан экспортталатын тауарлар елдің басқа аймақтарында өндірілуі мүмкін.
2.1.1.4.6 кесте. Алматы қаласы сыртқы сауда айналымының серпіні
|
2012
|
2013
|
2014
|
Сыртқы сауда айналымы, млн. АҚШ долл.
|
26 916
|
27 335
|
22 401
|
облыстар бойынша үлес салмағы,%
|
20,3
|
20,5
|
18,6
|
Экспорт, млн. АҚШ долл.
|
6 142
|
4 735
|
5081
|
облыстар бойынша үлес салмағы,%
|
3,3
|
5,6
|
6,4
|
Импорт, млн.. АҚШ долл.
|
20 774
|
22 601
|
17 320
|
аймақтар тұрғысында меншікті үлес, %
|
44,9
|
46,1
|
42
|
Сальдо
|
-14 632
|
-17 866
|
-12 239
|
Дерек көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті, 2015 жылғы
Күшті жақтары:
- өсу драйвері бола алатын сервиске-бағытталған шағын және орта бизнестің үлесі жоғары дамыған экономика;
- ішкі сауданы дамыту үшін институционалдық негіздің болуы;
- елдің көптеген қалаларымен және жалпы Орталық Азиямен салыстырғандағы халықтың төлем қабілетінің жоғарылығы;
Әлсіз жақтары:
-
кәсіпкерлік қызметті нормативтік-құқықтық қамтамасыз етудің жетілдірілмеуі;
-
нарықта тұрақсыз жағдайға байланысты тәуекелдің жоғары деңгейі;
-
сыртқы нарықтарға шағын және орта кәсіпорындардың шығу қиындығы;
- отандық кәсіпорындар өнімдері түрлерінің аздығы, оның шет елдік тауарларға қарағанда әлсіз бәсекеге қабілеттілігі.
Мүмкіндіктер:
- Қазақстанның қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту;
- отандық өнімді өндірудің өсуі;
- әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу;
- көлік-логистикалық орталықтар желісін дамыту;
- бәсекелестіктің өсуі, сауда желілерінің бәсекелестікке қабілеттілігін көтеру;
- экспорт/импорттың сауданың реттелуін жетілдіру.
Түйткілді мәселелер:
- қаржы ресурстарына қолжетімділіктің төмен деңгейі.
- бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктерінің шаралары туралы кәсіпкерлерді хабардар етудің жеткіліксіздігі;
- айналым қаражатын толтыру бойынша сауда кәсіпорындарын екінші деңгейлі банктердің несиелеудің жеткіліксіздігі;
- сауда нарықтарын жаңғыртуға кәсіпкерлердің ақша қаражатының жетіспеушілігі.
2.1.1.5 Инновациялар және инвестициялар
Инвестициялар
Алматы Қазақстанның инвестициялық тұрғыда тартымды аймақтарының бірі болып табылады, себебі қала қажетті еңбек, тұтынушылық және инфрақұрылымдық әлеуетке ие.
2010-2014 жылдардағы нақты өсім 6% болған жағдайда инвестицияның нақты өсімі орын алған жоқ.
2.1.1.5.1 сурет. Инвестициялар серпіні
Дереккөзі: Алматы қаласы Статистика департаменті
2012 - 2014 жылдардағы кезеңде жалпы инвестиция көлеміндегі мемлекеттік және жеке қаражаттардың үлесі артқан, несие қаражаттарының үлесі біршама төмендеген. Әлеуметтік салаға негізгі капиталға инвестицияның үлесі өте аз екенін айта кету керек.
2.1.1.5.2 сурет. Қаржыландыру көздері және шығындар бойынша негізгі капиталға ивестициялар
Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті
2012-2014 жылдары ЖӨӨ негізгі капиталға инвестиция үлесі 8%-дан 6,4% дейін төмендеген (АДБ мақсатына жету коэффициенті 0,94). Аталған үрдіс экономиканың өсіуінің бәсеңдеуімен байланысты:
Осы орайда қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыр, сондай-ақ қаладағы қаражатты көп қажет ететін және ұзақ мерзімді жобаларға стратегиялық серіктестерді тарту бойынша бірқатар іс-шаралар іске асырылуда . Атап айтқанда,
*Әкімдік муниципалдық сектрға ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту үшін тұрақты негізде халықаралық қаржы институттарымен (Еуроап даму және қайта құру банкі, Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк және т.б.) ынтымақтастық жасасады;
*Инвестициялық жобалардың тізбесі жасалды.
2012-2014 жылдардағы инвестицияның жалпы көлеміндегі негізгі капиталға сыртқы инвестицияның үлесі құлдырау үрдісін байқатқан. 2014 жылы негізгі капиталға инвестицияның жалпы артуы жағдайында сыртқы инвестиция көлемі мен үлесі біршама азайған, бұл 2014 жылғы сыртқы инвестицияны арттыру бойынша мақсаттың орындалмауына алып келген (жетістік коэффициенті 0,84).
2.1.1.5.3 сурет. Негізгі капиталға инвестицияның технологиялық құрылымы
Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаментінің Санақ жинағы
2.1.1.5.1 кесте. Инвестициялық қызмет көрсеткіштері
Атауы/жылдар
|
2012
|
2013
|
2014
|
Негізгі капиталға инвестиция,млрд.теңге
|
458,3
|
482,9
|
510,7
|
Қазақстан Республикасының көрсеткіштеріндегі инвестицияның үлес салмағы, %
|
8,4
|
8
|
7,8
|
Жалпы өңірлік өнімдегі негізгі капиталға инвестицияның үлесі, %
|
8
|
7,4
|
6,4
|
Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаментінің Санақ жинағы, 2015 жылғы
2.1.1.5.2 кесте. Негізгі капиталға инвестицияны қаржыландыру көздері
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Көлем
|
Өсу қа
рқ.,
%
|
Үлес салм., %
|
Көлем
|
Өсу
қарқ,
%
|
Үлес
сал
м.%
|
Көлем
|
Өсу
қарқ.,
%
|
Үлес
салм.%
|
Негізгі капиталға инвестициялар, млрд.. теңге
|
458,3
|
106,3
|
100
|
482,9
|
102,3
|
100
|
510,7
|
94,7
|
100
|
оның ішінде, қаражат есебінен:
|
мемлекеттік бюджет
|
118,2
|
97,0
|
25,8
|
88,4
|
72,7
|
18,3
|
150,0
|
138,5
|
29,3
|
меншік
|
232,3
|
121,9
|
50,7
|
296,2
|
124,1
|
61,5
|
294,9
|
94,4
|
57,7
|
шетелдік
|
1,8
|
12,6
|
0,4
|
0,01
|
0,6
|
0,0
|
50,7*
|
0,0
|
0,01
|
несие
|
106,1
|
101,3
|
23,1
|
97,4
|
89,3
|
20,2
|
15,1
|
55,5
|
13
|
Дерек көзі: Қысқаша статистикалық жинақ «Алматы 2012 ж.», Алматы қаласы Статистика департаменті, 2013 жылғы.
Ғылым
Алматыда көптеген ғылыми мекемелер, жобалау институттары және жоғары оқу орындары орналасқан. Қаланы дамытудың алдында тұрған негізгі міндет ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізу үшін ғылым, білім және өндірісті біріктіруді қамтамасыз ету болып табылады. 2012-2014 жылдардағы кезеңде ҒЗТҚЖ шығындары 1,46 есе артқан. Сонымен қатар 2014 жылғы ҒЗТҚЖ сыртқы және ішкі шығындар 35,4 млрд. теңгені құраған, бұл елдегі жалпы жұмыстар көлемінің 48% болып табылады. ҒЗТҚЖ ішкі шығындардың 75% бюджет қаражатынан тұрады.
2.1.1.5.4 сурет. Қаржыландыру көздері бойынша ҒЗТҚЖ шығындары
Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаментінің Санақ жинағы, 2015 жылғы
2.1.1.5.5 сурет. ҒЗТҚЖ ішкі шығындары, 2014 ж., млрд. теңге және %
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
Ғылыми-техникалық әзірленімдердің жеткіліксіз үлес салмағы кезінде, шығындардың айтарлықтай бөлігі қолданбалы зерттеулердің үлесіне тиеді.
2.1.1.5.6 сурет. Жұмыс түрлері бойынша ҒЗТҚЖ ішкі шығындары
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
Инновациялар
Ұлттық инновациялық саясаттың негізгі мақсаты тұрақты экономикалық өсімді, жоғары технологиялық өндірістердің дамуын қамтамасыз ету, ғылымды қажет ететін өнімдер көлемін арттыру есебінен бюджетке түсімдерді ұлғайту, жаңашыл технологияларды пайдалану арқылы экологиялық және әлеуметтік мәселелердің шешімін табу болып табылады.
2012-2013 жылдардағы кезеңде қолданыстағы кәсіпорындардың жалпы санындағы инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі 6,7%-дан 8%-ға дейін өскен. Алайда, 2014 жыл 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда біршама төмендеумен сипатталады, бұл осындай кезеңдегі инновация саласындағы белсенділіктің төмендеуіне әсер етті.
Осыған қарамастан, инновациялық өнімдер көлемінің оң серпіні де байқалады, олар 2014 жылы 2013 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 1,75 есе артқан.
Мемлекет өңірдегі инновациялық дамуға қолдау көрсетеді. Мұндай шаралардың бірі инновациялық және ғылыми-зерттеушілік әлеуетті дамыту платформасын қалыптастыруға арналған «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру болып табылады.
«Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын салықтарды төлеуден босату түріндегі жеңілдіктер қарастырған. Негізгі мақсат жаңа технологияларды тарту, қолдау және ақпараттық технологиялар мен телекоммуникация, электроника және құралдар жасау, ресурс үнемдеу, табиғатты тиімді пайдалану және т.б. салаларда жаңа кәсіпорындардың артуы болып табылады.
2.1.1.5.7 сурет. «АТП» АЭА құрылысы
Дерек көзі: Кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасы
«Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының екінші кезегінің құрылысы жүріп жатыр, бұл үшін коммуникациялар бар аумақ 169,2 га көбейтілген (қазіргі көлемі – 14 га). Қазіргі кезде 151 компания қызметін жүзеге асыруда, оның ішінде 35 компания «эксаумақтылық» ұстанымы бойынша жұмыс жасайды. Жұмыс істеп отырған компаниялар ішінде 14 кәсіпорын шетелдік инвесторлардың қатысуымен жұмыс жасайды (Ресей Федерациясы, Оңтүстік Корея, Израиль, Қытай, Германия, Италия).
Арнайы экономикалық аймақтың АЭА дербес кластерлік қор – инновациялық кластердің атқарушы органы құрылған. Аталған қор қатысушыларды қолдауға арналған басқару органы түрінде болады. Инновациялық кластер қатысушыларының Қамқоршылық кеңесі мақұлдаған жобалары Мақсатты қордан қаржыландыру құралдарын ала алады.
Сонымен қатар «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының дәрежесі біршама артады – Қамқоршылық кеңесін ел Президенті басқарады.
2.1.1.5.3 кесте. Ғылымның даму көрсеткіштері
|
2012 жылғы
|
2013 жылғы
|
2014 жылғы
|
Ғылыми-техникалық жұмыстарды орындайтын ұйымдар саны, бірлік
|
119
|
122
|
148
|
ҒЗТҚЖ сыртқы және ішкі шығындары
|
24 217
|
32 694
|
35 369
|
Орташа жылдық халық саны
|
1 462 615
|
1 491 469
|
1 574 921
|
Жан басына шаққандағы ҒЗТҚЖ саны, мың теңге
|
16,6
|
21,9
|
22,5
|
Ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерді орындайтын мамандар саны, адам
|
8 644
|
9 654
|
11 094
|
Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, 2015 жылғы
2.1.1.5.4 кесте. Инновациялық қызметтің негізгі көрсеткіштері
Атауы/жылдар
|
2012
|
2013
|
2014
|
Жұмыс жасайтын кәсіпорындар санындағы инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі, %*
|
6,7
|
8
|
5,0*
|
Инновациялық өнімдер көлемі, млн. теңге
|
12579
|
12509
|
22087
|
оның ішінде,
|
|
|
|
қайта енгізілген өнім
|
110145
|
11429
|
15558*
|
Жалпы Өңірлік өнім көлеміндегі инновациялық өнім үлесін арттыру, %
|
0,21
|
0,17
|
0,27
|
Кәсіпорындардың технологиялық инновацияларына жалпы шығындар, млн. теңге
|
8345
|
33686*
|
50435*
|
*- ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2015 ж.
Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, 2015 жылғы.
Күшті жақтары:
- халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастық (Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк, және т.б.)
- ғылыми – зерттеу және инновациялық әлеуетті дамыту платформасын қалыптастыру үшін «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру;
- инновациялық кәсіпкерлік және қолданбалы ғылым өңірлік орталығын құру.
Әлсіз жақтары:
- экономика өсуінің бәсеңдеуі және инвестициялық белсенділіктің төмендеуі;
- қаланы басқарудағы мемлекеттік-жеке әріптестік тетіктерін жеткіліксіз қолдану.
Түйткілді мәселелер:
- ұзақ мерзімді инвестицияларды қолдау және қорғау бойынша әлсіз кепілдемелер;
- Алматы қаласындағы инвестицияллардың келешегі туралы шетелдік іскер топтарының жеткіліксіз хабардар етілуі;
- технологиялық сипаттағы инновацияларға бизнесті қабылдау деңгейінің төмендігі;
-техникалық, инженерелік мамандықтар және инновациялық менеджмент бойынша ғылыми кадрлардың тапшылығы;
- кәсіби стандарттардың білім стандарттармен үндестірудің жеткіліксіздігі;
- инновациялық жобаларды іске асырудағы бақылау жүйесінің жетілдірілмеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |