Берілген сөйлемдерді ауыспалы келер шаққа қойып, орыстіліне аударыңыз.
Мен ерте тұрдым. Дене шынықтыру жаттығуларын орындадым. Жуындым. Төсегімді жинадым. Таңертеңгі асымды іштім. Таңертеңгі асқа ботқа және алма жедім. Содан кейін сабаққа бардым. Мен дұрыс тамақтануға әдеттенгенмін.
Ұсынылған әдебиеттер
1. Ысқақ.Б Қазақ тілі:Оқу құралы. Шымкент:R-DIAR 2014-156б 20экз
2. Шалқарова Г. Салыстырмалы грамматика.Оқу құралы.Аст,2012-220б 5экз
3. Жапбаров А. Қазақ тілін оқытудың тәжірибелік әдіс-тәсілдері. Жаттығу әдісі. 12-кітап. Оқулық. Шымкент. 2012-250б 1экз
4. Бейсембайқызы З. Морфология пәнін модуль бойынша оқыту. А., Рауан, 2009.
5. Қазіргі қазақ тілінің Морфология жүйесі. А: Ғылым, 2009.
6. Қалиев Ғ. Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру. А., Ғылым, 2005.
7. Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер. Уәждеме және аталым. А., Ғылым, 2001.
8. Ибатов Ә. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі А., Ғылым, 2008.
9. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты.А., “Рауан”, 2008.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 12
Тақырып: Денсаулық
1. Коммуникацияға қатысу: емханада, дәріханада.
2. Көмектес септігі (іс-қимылдың құралы)
3. Керек, қажет сөздерінің қолданысы
Сабақты жүргізу тәртібі: Семинар-практикум
Аудиториялық жұмыс:
Тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары
Дені саудың-жаны сау.
Денің сау болу үшін салауатты өмір сүру керек. Салауатты өмір сүру неге байланысты?
1. Спорттың денсаулыққа әсері.
2. Дұрыс тамақтанудың ерекшеліктеріне.
3. Тіс және оны дұрыс күтуіне.
Ел президентінің Қазақстан – 2030 жолдауында әрбір адамға өз денсаулығын сақтауға жауапкершілік жүктеледі. Аурулардың алдын алып, салауатты өмір салтын орнықтыру – мемлекеттің негізгі басымдылық саясаттарының бірі. Ұлттың саулығы әрбір адамның денсаулығын сақтап, нығайту және салауатты өмір салтын орнықтырумен анықталады.
Денің сау болсын десең мынандай негізгі ұстанымдарға сүйен.
Спортпен шұғылдану (күн ара жаттығу (аптасына үш рет);
Темекі шекпеу керек;
Алкогольдік ішімдік пен есірткіні қолданбау керек.
Дәстүрлі әдістер
Таңертеңгілік жаттығулар, жәй жүгіру немесе жылдам жүру, жүзу, сапарлар немесе ұзақ қыдыру, саяхат шегу, түрлі ойындар, велосипед және шаңғы, саяжайда белсенді демалу. Осы аталған құралдарды күнделікті және өмір бойы қолдануға болады.
Таңертеңгі ас- ботқалар, жемістер мен сүт өнімдерінен тұруы керек.
Таңертеңгі қара нан, жүгеріден, сұлыдан жасалған нанды жеу керек.
Дұрыс тамақтану денсаулыққа пайдалы:
Түскі ас- дәрумендерге аса бай болу керек.
Күріш сорпасы, жүгері, қарақұмық сорпаларын ішкен жөн.
Түскі аста ет өнімдерін қолданған жөн.
Кешкі ас- пісірілген құс етінен, балық етінен тұру керек.
Кешкі астан кейін айран, сүт өнімдерін пайдаланған жөн.
Ақшаға төсек сатып алуға болады, бірақ ұйқыны алуға болмайды.Тамақ сатып алуға болады, бірақ тәбет сатып алуға болмайды. Дәрі сатып алуға болады, бірақ денсаулықты сатып алуға болмайды.Сондықтан әр адам өзінің денсаулығына көңіл бөліп,әрдайым салауатты өмір салтын ұстануы керек.
“Денсаулық баға жетпес
асыл қазына”- деген қазақ халқы.
“Бірінші байлық- денсаулық”
Сөздік
денсаулық-здоровье басымдылық-приоритет
нығайту-улучшить таңертеңгі-утренний
дұрыс тамақтану-правильное питание дәрумендер-витамины
өнім-продукт,изделие жүру-ходить
жүзу-плавать жүгіру-бегать
жауапкершілік-ответственность тәбет-аппетит
жүгері-овес пайдалану-употреблять
Достарыңызбен бөлісу: |