Мазмұны Қысқаша ұйымдастыру-әдістемелік сипаттама



бет22/30
Дата13.03.2024
өлшемі325.09 Kb.
#495214
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
қазақ тілі практика

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 11
Тақырып: Тағам
1. Тағам атаулары, тағам түрлері жайлы сипаттау.
2. Сын, сапа мәнді сөздер
Сабақты жүргізу тәртібі: Семинар-практикум


Аудиториялық жұмыс:
Тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары
1-жаттығу. Тапсырма. Мітінді оқып, аударыңыз. Әңгімелеуге дағдыланыңыз.
Ауру- астан
Ас, – адам өмірінде маңызды орын алады. Ас арқылы адам ойлайды, жұмыс істейді, сөйлейді, оқиды, жазады, тыңдайды, қуанады, ұйықтайды. Сондықтан деніңіз сау болу үшін, жақсы тамақ ішу керек.
Қазіргі кезде тамақтың түрі өте көп. Дүкендерде жартылай дайындалған тағамдарды кең түрде сатылады. Әсіресе, шет мемлекеттерден біздің елімізге дайын күйіндегі тағамдар көптеп әкелінеді. Оларды жиі қолданып, жей беруге де болмайды.
Тамақты уақытында ішудің де денсаулығымызға үлкен әсері бар. Себебі, адам ағзасы тамақ арқылы ғана қажетті дәрумендермен, соның ішінде белок, май, көмірсу, минералдық заттармен қамтамасыз етіледі. Осылардың ішінде белоктың алатын орны ерекше. Ғылымда белокты протеин деп атайды. Ол «бірінші орын алушы» деген грек сөзі. Белоксыз өмір сүру мүмкін емес. Дененің барлық клеткалары осы белоктан тұрады. Сүт тағамдары, жұмыртқа түгелдей белоктан тұрады.
Қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіне айран, қаймақ ақ ірімшік, құрт, жент, бие сүтінен – қымыз, түйе сүтінен – шұбат, тағы басқалар ерекше бағаланады.
Біздің әрқайсымызға тәулік сайын кем дегенде екі литр су керек, өйткені адам денесінің шамамен 2/3 бөлігі судан тұрады. Адамға күніне 100 г белок, 85 г май, 400 г көмірсу қажет екен.
Таңертеңгі ас- ботқалар, жемістер мен сүт өнімдерінен тұруы керек.
Таңертеңгі қара нан, жүгеріден, сұлыдан жасалған нанды жеу керек.
Дұрыс тамақтану денсаулыққа пайдалы:

  • Түскі ас- дәрумендерге аса бай болу керек.

  • Күріш сорпасы, жүгері, қарақұмық сорпаларын ішкен жөн.

  • Түскі аста ет өнімдерін қолданған жөн.

  • Кешкі ас- пісірілген құс етінен, балық етінен тұру керек.

  • Кешкі астан кейін айран, сүт өнімдерін пайдаланған жөн.

Ақшаға төсек сатып алуға болады, бірақ ұйқыны алуға болмайды.Тамақ сатып алуға болады, бірақ тәбет сатып алуға болмайды. Дәрі сатып алуға болады, бірақ денсаулықты сатып алуға болмайды.Сондықтан әр адам өзінің денсаулығына көңіл бөліп,әрдайым салауатты өмір салтын ұстануы керек.
“Денсаулық баға жетпес
асыл қазына”- деген қазақ халқы.
“Бірінші байлық- денсаулық”

  • деген халқымыз.

Сөздік
денсаулық-здоровье басымдылық-приоритет
нығайту-улучшить таңертеңгі-утренний
дұрыс тамақтану-правильное питание дәрумендер-витамины
өнім-продукт,изделие жүру-ходить
жүзу-плавать жүгіру-бегать
жауапкершілік-ответственность тәбет-аппетит
жүгері-овес пайдалану-употреблять


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет