Ұсынылған әдебиеттер
1. Ысқақ.Б Қазақ тілі:Оқу құралы. Шымкент:R-DIAR 2014-156б 20экз
2. Шалқарова Г. Салыстырмалы грамматика.Оқу құралы.Аст,2012-220б 5экз
3. Жапбаров А. Қазақ тілін оқытудың тәжірибелік әдіс-тәсілдері. Жаттығу әдісі. 12-кітап. Оқулық. Шымкент. 2012-250б 1экз
4. Бейсембайқызы З. Морфология пәнін модуль бойынша оқыту. А., Рауан, 2009.
5. Қазіргі қазақ тілінің Морфология жүйесі. А: Ғылым, 2009.
6. Қалиев Ғ. Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру. А., Ғылым, 2005.
7. Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер. Уәждеме және аталым. А., Ғылым, 2001.
8. Ибатов Ә. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі А., Ғылым, 2008.
9. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты.А., “Рауан”, 2008.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 10
Тақырып: Сауда орталықтарында
1. Қоғамдық орындарда коммуникацияға қатысу: дүкенде, сауда орталықтары.
2. Өзіне қажетті азық-түлікті сұрай білу, ақпаратты нақтылау.
3. Ілік септігі (меншіктік мағынаны білдіруі)
4. Шығыс септік (іс-қимылдың шығу нүктесін білдіруі)
Сабақты жүргізу тәртібі: Семинар-практикум
Аудиториялық жұмыс:
Тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары
Шығыс септігі – септік жалғауларының ішінде ең оңай меңгерілетіндерінің бірі.
Шығыс септігіндегі сөздердің мағыналары (заттың неден жасалатыны, заттың шыққан жері, салыстыру т.б.) мен сөйлемдегі қызметі нақты мысалдар арқылы түсіндіру.
Мысалы:
Ағаштан ұя жасады. Неден? Толықтауыш болып тұр.
Ғарышкерлер Байқоңырдан ұшты. Қайдан? Пысықтауыш болып тұр
Бетегеден биік, жусаннан аласа Неден? Салыстыру мағынасында жұмсалған.
1–жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.
Жаңбырдан соң көңілді‚ Аспаннан нұр төгілді
Сергіп қалды жер беті‚ кемпірқосақ керілді.
2-жаттығу Диалог
Сәлем,Зере!
-Сәлем,Аружан!
Достарыңызбен бөлісу: |