Мазмұны жалпы бөлім 1-бөлiм. Негiзгi ережелер


-бап. Сотталушының есi дұрыстығы туралы мәселенi шешу



бет27/42
Дата14.06.2016
өлшемі2.57 Mb.
#135967
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42

391-бап. Сотталушының есi дұрыстығы туралы мәселенi шешу

1. Алдын ала тергеу немесе сот талқылауы кезiнде сотталушының есi дұрыстығы туралы мәселе туындаған жағдайларда, сот үкiм шығару кезiнде бұл мәселенi тағы да бiр рет талқылауға мiндеттi.

2. Сотталушыны әрекет жасаған уақытта есi дұрыс емес күйде болған немесе қылмыс жасағаннан кейiн оның өз әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн ұғыну не оларды игеру мүмкiндiгiнен айыратын психикалық аурумен ауырған деп таныған сотiстi қысқартып сотталушыға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы. Бұл шешімді сот кеңесу бөлмесінде қорғаушының басты сот талқылауына қатысқан кезінде шығара алады.

3. Егер қорғаушы басты сот талқылауына қатыспаса, сот осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар болған кезде қылмыстық істі осы Кодекстің 521-бабында белгіленген тәртіппен қарау үшін қылмыстық істі тиісті сотқа беру туралы қаулы шығарады.


392-бап. Үкiмдердiң түрлерi

Сот үкiмi айыптаушы немесе ақтаушы үкім болуы мүмкiн.


393-бап. Айыптау үкiмi

1. Айыптау үкiмi сотталушыны қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кiнәлi деп тану туралы сот шешiмiнен тұрады.

2. Айыптау үкiмi:

1) сотталушы өтеуге тиiс қылмыстық жаза тағайындала отырып;

2) адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып;

3) қылмыстық жаза тағайындалып және оны өтеуден босата отырып;

4) қылмыстық жаза тағайындалмай;

5) қылмыстық жазаны өтеу кейiнге қалдырыла отырып шығарылады.

3. Айыптау үкiмi болжамдарға негiзделуге тиiс емес және сот талқылауы барысында сотталушының қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәсi соттың зерттеген дәлелдемелерiнiң жиынтығымен дәлелденген жағдайда ғана шығарылады.

4. Сотталушы өтеуге тиiс жазаны тағайындаумен айыптау үкiмiн шығара отырып, сот оның түрiн, мөлшерiн, режимiн және мерзiмдi өтеудi есептеудiң басталуын дәл айқындауы қажет.

5. Сот, егер осы қылмыстық құқық бұзушылық үшiн адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың мерзiмi өтiп кетсе, сондай-ақ осы Кодекстiң 36-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда айыптау үкiмiн адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, шығарады.

6. Сот, егер үкiм шығару кезiнде:

1) сотталушыға осы үкiммен тағайындалған жазаны қолданудан босататын рақымшылық жасау актiсi шығарылған;

2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 63-бабында белгiленген алдын ала қамауды есептеу қағидаларын ескере отырып, осы iс бойынша сотталушының қамауда болу уақыты сот тағайындаған жазаны қамтыған жағдайларда, айыптау үкiмiн жазаны тағайындап және одан босата отырып шығарады.

7. Егер оны шығару кезiнде сотталушы қайтыс болса, сот iстi қысқартады немесе тараптардың өтiнiшi бойынша айыптау үкiмiн жазаны тағайындамай шығарады.

8. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 75-бабында және 77-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда сот айыптау үкiмiн қылмыстық жазаны өтеудi кейiнге қалдыра отырып шығарады.


394-бап. Ақтау үкiмi

1. Сот ақтау үкiмiмен сотталушы қылмыстық жауаптылыққа тартылып, сотқа берiлген айыптау бойынша оның қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына кiнәсiздiгiн таниды және жариялайды.

2. Егер:

1) қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы болмаса;

2) сотталушының әрекетiнде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмаса;

3) қылмыстық құқық бұзушылық жасауға сотталушының қатысуы дәлелденбесе, ақтау үкiмi шығарылады.

3. Аталған негiздердiң кез келгенi бойынша ақтау соттың сотталушының кiнәсiздiгiн тануын бiлдiредi және оның толық ақталуына әкеп соғады.

4. Егер ақтау үкiмi шығарылған жағдайда қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам анықталмай қалса, үкiмнің қарар бөлімінде сот iстi прокурорға өзге адамды қылмыстық қудалау қажеттiгi туралы мәселенi шешуi үшiн жiбередi.


395-бап. Үкiмдi жасау

1. Осы Кодекстiң 390-бабында көрсетiлген мәселелердi шешкеннен кейiн сот үкiмдi жасауға көшедi.

2. Үкiм сот талқылауы жүргiзiлген тiлде баяндалады.

3. Үкiм кiрiспе, сипаттамалы-дәлелдi және қарар бөлiмдерден тұрады.

4. Үкімді судья қолдан жазуы, машинкаға басу тәсілімен не компьютерлік тәсілмен дайындауы мүмкін және ол оған қол қояды.

5. Үкімдегі түзетулер ескертілуге және ол жария етілгенге дейін үкімнің тиісті бетінде судьяның қол қоюымен куәландырылуға тиіс.

6. Үкiмге ол жария етілгеннен кейiн өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
396-бап. Үкiмнiң кiрiспе бөлiмi

Үкiмнiң кiрiспе бөлiмiнде:

1) үкiмнiң Қазақстан Республикасының атынан шығарылғаны;

2) үкiмнiң шығарылған уақыты мен орны көрсетіледі. Судьялар бiрнеше тәулік бойы кеңескен жағдайда, үкiмнiң шығарылған күнi оның жария етiлген күнiмен айқындалады;

3) үкiм шығарған соттың атауы, соттың құрамы, сот отырысының хатшысы, процеске қатысушылар, олардың өкiлдерi, аудармашы;

4) сотталушының тегi, аты және әкесiнiң аты, оның туған жылы, айы, күнi және жерi, тұрғылықты жері, жұмыс орны, кәсiбi, бiлiмi, отбасы жағдайы және сотталушының жеке басы туралы iс үшiн маңызы бар өзге де мәлiметтер;

5) жасалғанына сотталушы айыпталып отырған қылмыстық құқық бұзушылықты көздейтiн қылмыстық заң (бабы, бөлiгi, тармағы) көрсетiледi.
397-бап. Айыптау үкiмiнiң сипаттамалы-дәлелдi бөлiгi

1. Айыптау үкiмiнiң сипаттамалы-дәлелдi бөлiгi жасалған орны, уақыты, жасалу тәсiлi, кiнә нысаны, қылмыстық құқық бұзушылықтардың себептерi мен салдарлары көрсетiле отырып, сот дәлелденген деп таныған қылмыстық әрекеттiң сипаттамасын қамтуы қажет. Үкiмде соттың сотталушыға қатысты тұжырымы негiзделген дәлелдер және сот басқа дәлелдердi жоққа шығарған себептерi келтiрiледi. Жауаптылықты жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ іс жүргізетінлік келісімінде көзделген жазаларды тағайындаудың шектері көрсетіледі. Айыптаудың бiр бөлiгi негiзсiз деп танылған немесе қылмыстық құқық бұзушылықтың терiс саралануы анықталған жағдайда – айыптауды өзгертудiң негiздерi мен себептерi көрсетiледi. Сотталушының iс-әрекеттерiн қайта саралау қажеттiгi туралы тұжырымға келе отырып немесе кейбiр баптардың (бап бөлiгiнiң, бап бөлiгi тармағының) артық тағылғанын анықтап, сот үкiмнiң сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде әрекеттi сол бойынша саралау керек болатын қылмыстық заңның бабын (баптың бөлiгiн, баптың бөлiгiнiң тармағын) көрсетедi және артық тағылған бапты (баптың бөлiгiн, бап бөлiгiнiң тармағын) алып тастау керектiгiн көрсетедi.

2. Сот қылмыстық жазаны тағайындауға, одан немесе оны нақты өтеуден босатуға, өзге де ықпал ету шараларын қолдануға қатысты барлық мәселелер шешiмiнiң себептерiн де көрсетуге мiндеттi.

3. Сипаттамалы-дәлелдi бөлiкте осы Кодекстiң 390-бабында көрсетiлген басқа да мәселелер бойынша қабылданған шешiмдердiң негiздемесi қамтылуға тиiс.

4. Жабық сот мәжілісінде қаралған істер бойынша, айыптау үкімінің сипаттама-дәлелді бөлігінде сот талқылауында жария етуді шектеу үшін негіз болатын мән-жайлар туралы тұжырымдамалар болмауға тиіс.

5. Іс жүргізетінлік келісімі немесе медиациялық тәртіппен бітімгершілікке қол жеткізу туралы келісімі бар істер бойынша айыптау үкімінің сипаттамалы-дәлелдi бөлiгi осы Кодекстің 626-бабына сәйкес жазылады.


398-бап. Айыптау үкiмiнiң қарар бөлiгi

1. Айыптау үкiмiнiң қарар бөлiгiнде:

1) сотталушының тегi, аты және әкесiнiң аты;

2) сотталушыны қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кiнәлi деп тану туралы шешiм;

3) сотталушы кiнәлi деп танылған қылмыстық заң (бабы, бөлiгi, тармағы);

4) жасағанына кiнәлi деп танылған әрбiр қылмыстық құқық бұзушылық үшiн сотталушыға тағайындалған жазаның негізгі және қосымша түрi мен мөлшерi, сондай-ақ алдыңғы үкiм бойынша шартты сотталудың күшiн жою немесе оны сақтау туралы шешiм және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 59, 61-баптарының негiзiнде өтеуге жататын түпкiлiктi жаза түрi көрсетілуге тиіс.

Сот бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындаған кезде үкiмде сотталған адамның жазасын өтеуге тиiс мекеменiң түрi мен режимiн көрсетедi, ал сотталған адамды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалар тағайындаған кезде үкім заңды күшіне енгеннен кейін он күн мерзімнің ішінде оның пробация қызметіне есепке қою үшін келу міндеттілігін белгілейді;

5) шартты түрде соттаған кезде сынақ мерзiмінiң ұзақтығы, бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды шектеу мен сотталған адамға жүктелетін міндеттер көрсетілуге тиіс;

6) сотталушыны құрметтi, әскери, арнайы немесе өзге атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан, мемлекеттiк наградаларынан айыру (айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзу) туралы шешiм;

7) егер үкiм қабылдағанға дейiн сотталушы ұсталса және оған күзетпен ұстау, үй қамағына алу түрiнде бұлтартпау шаралары қолданылса немесе ол арнаулы медициналық ұйымға орналастырылса, алдын ала күзетпен ұстауды есепке алу туралы шешiм;

8) мәжбүрлеп емдеудi қолдану және сотталған адамға қорғаншылық белгiлеу туралы шешiм;

9) үкiм заңды күшiне енгенге дейiн сотталушыға қатысты бұлтартпау шаралары туралы шешiм;

10) негізгі жазаны орындауды кейінге қалдыру туралы мәселенің шешімі;

11) белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түрінде жазалау туралы шешім көрсетiлуге тиiс.

2. Сотталушыға қылмыстық заңның бiрнеше бабы (баптың бөлiктерi, тармақтары) бойынша айып тағылған жағдайда, онда үкiмнiң қарар бөлiгiнде сотталушы олардың қайсысы бойынша ақталғаны және қайсысы бойынша сотталғаны көрсетiлуге тиiс.

3. Сотталушы қылмысты өтеуден босатылған немесе үкiм жаза тағайындалмай шығарылған немесе жазасын өтеудi кейiнге қалдыру қолданылған жағдайда, бұл туралы үкiмнiң қарар бөлiгiнде көрсетiледi.


399-бап. Ақтау үкiмiнiң сипаттамалы-дәлелдi бөлiгi

1. Ақтау үкiмiнiң сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде: тағылған айыптың мәнiсi; сот белгiлеген iстiң мән-жайы; сотталушының қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi туралы пайымдау негiзделген дәлелдердi сот дәйексіз немесе жеткiлiксiз деп таныған себептер; сотталушыны ақтау үшiн негiз болатын дәлелдер; азаматтық қуынымға қатысты шешiмнiң себептерi баяндалады.

2. Ақтау үкiмiнде ақталушының кiнәсiздiгiне күмән тудыратын тұжырымдарды қолдануға жол берiлмейдi.

3. Жабық сот отырысында қаралған істер бойынша ақтау үкімінің сипаттамалы-дәлелді бөлігінде сот талқылауының жариялылығын шектеу үшін негіз болған мән-жайлар туралы тұжырым қамтылмауы керек.


400-бап. Ақтау үкiмiнiң қарар бөлiгi

1. Ақтау үкiмiнiң қарар бөлiгiнде:

1) сотталушының тегi, аты және әкесiнiң аты;

2) сотталушыны кiнәсiз деп тану және оны ақтау туралы шешiм, ақтау негiздерi;

3) егер бұлтартпау шарасы таңдалған болса, оның күшiн жою туралы шешiм;

4) ақталған адамның, қылмыстық жауапқа заңсыз тартылғандығы үшін зиянды өтеттіру құқығының танылуы қамтылуға тиіс.


401-бап. Үкiмнiң қарар бөлiгiнде шешілуге жататын өзге де мәселелер

Айыптау үкімінің де, ақтау үкiмiнiң де қарар бөлiгiнде осы Кодекстiң 398, 400-баптарында тізбеленген мәселелерден басқа:

1) қойылған азаматтық қуыным бойынша шешiм;

2) заттай айғақтар туралы мәселенi шешу;

3) iс жүргiзу шығыстарын бөлу туралы шешiм;

4) апелляциялық шағымдардың не үкiмге наразылық білдiрудiң тәртiбi мен мерзiмiнің көрсетілуі;

5) қорғалатын адамдарға қатысты қауіпсіздік шараларын жүзеге асырудың күшін жою не оны жалғастыру туралы мәселенің шешімі;

6) егер мұндай шаралар қабылданған болса, мүлiктi тәркiлеудi қамтамасыз ету шараларын, сондай-ақ азаматтық қуынымды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жою, сақтау туралы шешiм қамтылуға тиiс.

Ақтау үкімі шығарылған кезде сот зиянды өтеттіру тәртібін түсіндіретін хабарламаны жасайды, ол үкім жария етілген соң ақталған адамға табыс етіледі.
402-бап. Үкiмдi жариялау

1. Төрағалық етуші үкімнің толық мәтініне қол қойғаннан кейін сот отырысы залына оралып, үкімді тұрып жариялайды. Сот отырысы залындағы қатысушылардың бәрі үкімді тұрып тыңдайды.

Егер үкімнің мәтіні көлемді болса, төрағалық етуші оны жариялау кезінде қысқаша үзілістер жасап, одан соң үкімнің толық мәтінін жария етуді жалғастыруға құқылы.

2. Егер үкім сотталушы (ақталушы) бiлмейтiн тiлде оқылса, онда аудармашы үкімнің жария етілу барысында оны сотталушының ана тiлiне немесе ол бiлетiн басқа тiлге дауыстап iлеспе түрде аударуға тиiс.

3. Төрағалық етушi сотталушыға (ақталушыға), процестiң басқа да қатысушыларына үкiмге шағым жасаудың тәртiбi мен мерзiмiн, сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертулер жасау құқығын, сондай-ақ iстiң апелляциялық қаралуына қатысу туралы өтiнiшхат беру құқығын түсiндiредi. Ақталушыға оның заңсыз ұстаумен, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айыптаумен, оған бұлтартпау шараларын қолданумен, сотқа заңсыз тартылуымен келтiрiлген зиянның орнын толтыруға байланысты құқығын, сондай-ақ оны жүзеге асыру тәртiбiн түсiндiру туралы хабарлама берілуге тиiс.

4. Егер сотталушы жазаның айрықша түрi – өлiм жазасына кесiлген болса, төрағалық етушi оған кешiрiм жасау туралы өтiнiшхат беру құқығын түсiндiредi.


403-бап. Сотталушыны күзетпен ұстаудан босату

Сотталушы ақталған кезде не жаза тағайындамай немесе жазаны өтеуден босатумен, сондай-ақ бас бостандығынан айырумен байланысты емес немесе бас бостандығынан шартты түрде айыруға жаза кесу арқылы айыптау үкiмiн тағайындаған кезде қамауда ұсталған сотталушы сот отырысы залында қамаудан дереу босатылуға тиіс.


404-бап. Үкiмнің көшiрмесiн табыс ету

Үкiм жарияланғаннан кейiн бес тәулiктен кешiктiрмей оның көшiрмесi сотталушыға немесе ақталушыға, қорғаушы мен айыптаушыға табыс етiлуге тиiс. Үкiмнiң көшiрмесi процестің басқа да қатысушыларына өтінішхаты түскен дәл сол мерзімнің ішінде табыс етiледi.


405-бап. Жеке қаулы

1. Сот бұған негiз болған кезде кеңесу бөлмесiнде жеке қаулы шығарады, онда мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың, ұйымдардың немесе олардың басшыларының назарын iс бойынша анықталған заңның бұзылу фактiсiне, қылмыс жасауға себепшi болған және тиiстi шаралар қабылдауды талап ететiн себептер мен жағдайларға аударады. Адамның iс-әрекетiнен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға себепшi болатын әкiмшiлiк терiс қылық анықталған жағдайда сот оған заңда көзделген жаза қолдануға құқылы.

2. Жеке қаулы сот анықтау, алдын ала тергеужүргiзу кезiнде жiберiлген, азаматтардың құқықтарын бұзушылықтарды және басқа да заңбұзушылықтарды байқаған кезде де шығарылуы мүмкiн

3. Сот жеке қаулысымен ұйымдар мен еңбек ұжымдарының назарын жекелеген азаматтардың өндiрiстегi немесе тұрмыстағы терiс мiнез-құлқына немесе олардың қызметтiк немесе азаматтық борышын бұзуына аударуға құқылы.

4. Сот, егер мұны қажет деп таныса, сот талқылауының материалдары бойынша және басқа да жағдайларда жеке қаулы шығаруға құқылы.

5. Сот жеке қаулысымен қылмыстық құқық бұзушылықтың жолын кесуге немесе оны ашуға жәрдемдескен азаматтың азаматтық немесе қызметтiк борышын өтеу кезiнде көрсеткен жоғары саналылығы, ерлiгi туралы хабардар етіп, ұйымдар мен еңбек ұжымдарының назарына жеткiзе алады.

6. Жеке қаулы бойынша бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей қажеттi шаралардың қолданылғаны және оның нәтижелерi туралы жеке қаулы шығарған сотқа хабарлануға тиiс.
406-бап. Сот үкiм шығарумен бiр мезгiлде шешілетiн мәселелер

1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамның кәмелетке толмаған балалары, қарт ата-анасы, қараусыз қалатын басқа да асырауындағылары бар болған жағдайда, сот айыптау үкiмiн қабылдаумен бiр мезгiлде аталған адамдарды қамқоршылыққа алу немесе туысқандарының не басқа адамдардың немесе мекемелердiң қорғаншылығына өткiзу туралы, ал сотталушының қараусыз қалатын мүлкi немесе үй-жайы бар болған ретте оларды қорғауға алу жөнiнде шара қолдану туралы қаулы шығарады. Қажет болған жағдайда сот қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан жәбiрленушiнiң ауыр жарақат алуына немесе қайтыс болуына байланысты оның қараусыз қалған кәмелетке толмаған балаларын, еңбекке жарамсыз ата-аналарын, асырауындағы басқа да адамдарды орналастырып, жайғастыру туралы, сондай-ақ жәбiрленушiнiң мүлкi мен тұрғын үйiн қорғау туралы қаулы шығарады.

2. Қылмыстық процесті жүргізетін органның тағайындауы бойынша іске қорғаушы не жәбірленушінің өкілі қатысқан жағдайда, сот үкім шығарумен бір мезгілде сотталушыға немесе жәбірленушіге көрсетілген заң көмегіне ақы төлеу туралы, қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулы шығарады.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде аталған iс жүргiзу шешiмдерi мүдделi адамдардың өтiнiштерi бойынша үкiм жария етiлгеннен кейiн де қабылдануы мүмкiн.


47-тарау. Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері
407-бап. Жеке айыптау iстерi бойынша iс жүргiзу тәртiбi

Осы Кодекстiң 32-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iске қатысты жеке айыптау iстерi бойынша iс жүргiзу, осы тарауда белгiленген, алынып тасталатындарды қоспағанда, осы Кодекстiң жалпы қағидаларымен айқындалады.


408-бап. Жеке айыптау iсiн қозғау

1. Жеке айыптау қылмыстық iсi адамның (бiрнеше адамның) сотқа адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағым беруі арқылы қозғалады. Анықтау органына, тергеушiге немесе прокурорға шағым берген кезде ол Сотқа дейін тергеулердің бірыңғай тізілімінде тіркеліп сотқа жiберiлуге жатады.

2. Шағымда ол берiлген соттың атауы, қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының сипаттамасы, дәлелдерi көрсетiле отырып, оның жасалған орны мен уақыты, iстi iс жүргiзуге қабылдау туралы сотқа өтiнiш, қылмыстық жауаптылыққа тартылған адам туралы мәлiметтер, сотқа шақырылуы қажеттi куәлердiң тiзiмi қамтылуы қажет. Шағымға оны берген адам қол қояды. Иесі көрсетілмеген шағымдар iс жүргiзуге қабылданбайды.

3. Егер шағымға қуыным арыз және қуыным талаптары расталған қажетті материалдар қоса берілсе, шағымда сондай-ақ азаматтық қуынымды қарау туралы өтiнiш те қамтылуы мүмкiн.

4. Шағым сотқа істің аумақтық сотта қаралу сәйкестігіне орай жеке айыптау iсi қозғалуға қатысты адамдардың санына қарай көшiрмелерiмен берiледi.

5. Егер жеке айыптауды бiрнеше адам сол бiр адамға қатысты қозғаса, олар шағымды бiр-бiрiнен тәуелсiз бередi.

6. Сот шағымды өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдаған кезден бастап оны берген адам жеке айыптаушы және жәбірленуші болып табылады және оған осы Кодекстiң 72-бабында және 410-бабының төртiншi және алтыншы бөлiктерiнде көзделген құқықтар түсiндiрiлуге тиiс, бұл туралы судья және шағым берушi адам қолдарын қойған хаттама жасалады.

7. Егер бiр ғана қылмыстық жазаланатын әрекетке қатысты жеке айыптауды қозғауға бiрнеше адам құқылы болса және олардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша iс қозғалса, қалған адамдар басталып кеткен iс жүргiзуге қатысуға құқылы. Бұл жағдайда аталған адамдардың әрқайсысының өтiнiшi бойынша өз алдына iс қозғау талап етiлмейдi.

8. Егер бұл iс қозғалған қылмыстық жазаланатын әрекеттiң мәнiмен байланысты болса, айыпталушы айыптаушыға қарсы айыптау бiлдiруге құқылы. Айыптау және қарсы айыптау бiр мезгiлде шешiлуге тиiс. Айыптауды қайтарып алу қарсы айыптау бойынша iс жүргiзуге әсер етпейдi.

9. Егер жеке айыптау бұрын қайтарып алынған болса, ол бойынша қылмыстық iс қайта қозғалмайды.


409-бап. Судьяның жеке айыптау iсi бойынша сот талқылауы басталғанға дейiнгi iс-әрекеттерi

1. Егер берiлген шағым осы Кодекстiң 408-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген талаптарға сәйкес келмесе, судья өзінің қаулысымен оны берген адамға шағымды сол талаптарға сәйкес келтiрудi ұсынады және бұл үшiн мерзiм белгiлейдi. Нұсқау орындалмаған жағдайда судья өзiнiң қаулысымен шағымды iс жүргiзуге қабылдаудан бас тартады және оны берген адамды бұл туралы хабардар етедi. Аталған мән-жай бойынша шағымды қабылдаудан бас тарту қылмыстық жауаптылық мерзімінің өтуі шегінде сотқа осыған ұқсас шағымды қайта беруге кедергі келтірмейді.

2. Жеке айыптау iсi бойынша шағымды қарап, судья үш тәулiк iшiнде:

1) шағымды өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдау туралы;

2) шағымның тергелуi немесе соттылығы бойынша берілуі туралы;

3) шағымды iс жүргiзуге қабылдаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

Шағым осы Кодекстің 408-бабыныңекінші бөлігінің талаптарына сәйкес және осы соттың соттылықты қарауына жататын болса, сот оны өз іс жүргізуіне қабылдайды.

Егер шағым осы соттың соттылықты қарауына жатпайтын болса немесе онда осы Кодекстің 32-бабының екінші бөлігінде көрсетілмеген басқа әрекеттер бойынша адамды айыптау туралы өтініш болса, судья өз қаулысымен шағымды тиісінше соттылығы бойынша басқа сотқа немесе тергелуі бойынша қылмыстық қудалау органына жолдайды.

Шағымның авторы осы Кодекстің 409-бабының бірінші бөлігінде көзделген талаптарды орындамаса не осы Кодекстің 35-бабында көзделген қылмыстық қудалаудың басталуы мүмкін бомайтын мән-жайлардың бар екені анықталса, судья өз қаулысымен шағымды қабылдаудан бас тартады.

3. Шағым бойынша қабылданған шешiм туралы қаулының көшiрмесi арыз иесiне, ал осы баптың екiншi бөлiгiнiң 1) тармағында көзделген жағдайда, айыпталушыға да жiберiледi.

4. Сот мәжiлiсiн тағайындау үшiн негiздер болған ретте судья шағымның сотқа келiп түскен күнiнен бастап жетi тәулiкке дейiнгі мерзiмде үстiнен шағым берiлген адамды шақыруға, оны iс материалдарымен таныстыруға, берiлген шағымның көшiрмесiн тапсыруға, осы Кодекстiң 65-бабында көзделген сот отырысындағы сотталушының құқықтарын түсiндiруге міндетті, бұл туралы одан қолхат алынады. Судья жеке айыптаушыдан және сотталушыдан олардың сотқа шақырылатын куәгерлердің тізімін беруін талап етеді. Үстiнен шағым берiлген адам сотқа келмеген жағдайда, шағымның көшiрмесi сотталушының құқықтары, сондай-ақ қорғаудың куәгерлері тізімін сотқа ұсыну қажеттілігі түсiндiрiле отырып почтамен жiберiледi.

5. Судья тараптарға бiтiмгершілікке келу, оның ішінде медиация тәртібімен бітімгершілікке келу мүмкiндiктерiн түсiндiруге мiндеттi. Олардан бiтiмгершілікке келу туралы өтiнiш немесе жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім түскен жағдайда осы Кодекстiң 35-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 6) тармағы негiзiнде судьяның қаулысымен iс бойынша iс жүргiзу тоқтатылады.

6. Егер тараптардың арасында бiтiмгершілікке келуге қол жеткiзiлмесе, судья осы баптың төртiншi және бесiншi бөлiктерiндегi талаптар орындалғаннан кейiн осы Кодекстiң 322-бабының қағидалары бойынша iстi сот мәжiлiсiнде қарауды тағайындайды.
410-бап. Тараптардың бастамашылығы бойынша дәлелдемелердi табыс ету және жинау

1. Жәбiрленушi, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалғаны туралы шағым берген өзге адам, қылмыстық құқық бұзушылықтардың мән-жайлары сотта қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкiн екендiгiн және айыпталушының кiнәлiлiгiн шағымда көрсетуi қажет.

2. Азаматтық қуынушы, азаматтық жауапкер өзi немесе өкiлi арқылы қандай адамдардың (тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi) куәлiк айғақтарымен, құжаттармен, өзге де дәлелдермен өз мүдделерінің қорғалуы үшiн мәнi бар мән-жайларды анықтауға болатынын iс қаралғанға дейiн судьяға хабарлайды.

3. Жеке айыптаушы, оның өкілі, сотталушы, оның қорғаушысы және өкiлдерi, сотқа істі қарау алдында және оны қарау барысында іске қатысты мәні бар заттарды, құжаттарды ұсынуға, олардан сот отырысында жауап алуды өтініш етуге құқылы.

4. Судья тараптарға олардың өтiнiшi бойынша дәлелдемелердi жинауға жәрдем көрсетуге тиiс.
411-бап. Жеке айыптау iсiн сот мәжiлiсiнде қарау

1. Жеке айыптау iсiн сот мәжiлiсiнде қарау, осы баппен белгiленген алынып тасталатындарды қоспағанда, сот талқылауының жалпы қағидалары бойынша жүргiзiледi.

2. Сот талқылауы шағымның сотқа түскен сәтiнен бастап он бес тәулiктен кешiктiрiлмей басталуға, алайда, сотталушының оның құқықтары түсiндiрiле отырып, шағымның көшiрмесiн алған кезiнен бастап үш тәулiктен ерте басталмауға тиiс.

3. Жеке айыптау iсi бойынша шағымды қарау қарсы шағымның қаралуымен бiр iс жүргiзуге бiрiктiрiлуi мүмкiн. Бiрiктiруге судьяның қаулысы бойынша сот тергеуi басталғанға дейiн жол берiледi. Шағымдарды бiр iс жүргiзуге бiрiктiрген кезде оларды берген адамдар iске бiр мезгiлде жеке айыптаушы және сотталушы ретiнде қатысады. Қарсы шағымның түсуiмен және iс жүргiзулердiң бiрiктiрiлуiмен байланысты қорғауға дайындалу үшiн үстiнен қарсы шағым берiлген адамның өтiнiшхаты бойынша iс үш тәулiктен аспайтын мерзiмге кейiнге қалдырылуы мүмкiн. Өздерiнiң шағымдарында жазылған мән-жайлар туралы бұл адамдардан жауап алу – жәбiрленушiден жауап алу қағидалары бойынша, ал қарсы шағымдарда жазылған мән-жайлар туралы сотталушыдан жауап алу қағидалары бойынша жүргiзiледi.

Сот талқылауына жеке айыптаушы мен айыпталушының жеке өздерi қатысуға немесе өз өкiлдерiнiң өкiлдiк етуiне құқылы.

4. Сот тергеуi басталардан бұрын төрағалық етушi тараптарға өзара бітімгершілікке келудің мүмкіндігі туралы және татуласудың тәртібі мен себеп-салдарын түсіндіруге міндетті. Татуласу қандай да бір шартсыз немесе тараптардың міндеттеме алуынсыз мүмкін болады. Тараптардың бiтiмгершілікке келу туралы өтінішхаты соттың кеңесу бөлмесiне кетуiне дейiн мәлімделуі мүмкін.

5. Сот тергеуi жеке айыптаушының немесе оның өкiлiнiң шағымды баяндауымен басталады. Жеке айыптау iсi бойынша қарсы шағымды бiр мезгiлде қарау кезiнде, оның дәлелдерi негiзгi шағымның дәлелдерi баяндалғаннан кейiн, дәл сол ретпен жазылады. Айыптаушы дәлелдемелерiн ұсынады, ол оларды зерттеуге қатысуға, сотқа айыптаудың мәнi бойынша сотталушыға қылмыстық заңды қолдану және оған жаза тағайындау туралы, сондай-ақ сот талқылауы кезiнде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзiнiң пiкiрiн бiлдiруге құқылы. Айыптаушы сот мәжiлiсiнде, егер мұнымен сотталушының жағдайы нашарламайтын және оның қорғалуға деген құқығы бұзылмайтын болса, айыптауды өзгерте алады, сондай-ақ айыптаудан бас тартуға құқылы.

6. Егерайыптаушының өзі істі қарауға қатыспаған жағдайда, жеке айыптаушының немесе оның өкiлiнiң осы Кодекстiң 157-бабының бесiншi бөлiгiнде көрсетiлген дәлелсіз себептермен сот отырысына келмей қалуы iстiң қысқартылуына әкеп соғады, алайда, сотталушының өтiнiшхаты бойынша iс мәнi бойынша олардың қатысуынсыз қаралуы мүмкiн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет