ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ
1. Шығындар. Шығындарды жіктеу
Шығындар – бұл факторлардың ақшалай түріндегі шығындары.
Экономикалық әдебиетте шығындардың бірнеше түрі белгілі (бұл мәселе бойынша әр түрлі пікірлер бар).
1. Өндіріс шығындары және айналым шығындары. Өндіріс шығындары өндіріс аясында, ал айналым шығындары айналым аясында пайда болады.
2. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. Бухгалтерлік шығындар – ол есепті кезеңде орын алған өндірістің нақты шығындары. Дәл осы шығындар фирманың бухгалтерлік есебінде көрсетіледі. Шығындар баламалы да болады – олар факторларды пайдаланудың баламалы кұны. Баламалы шығындардың мәнін мысалда көрсету оңай. Кез келген кәсіпкерде (жалпы кез келген экономикалық субъектіде) бар ресурстарын (қорларын) пайдаланудың бірнеше балама амалдары бар. Ол өндіріс процесін (үдерісін) ұйымдастыруы мүмкін – ғимаратты жалға алуға, негізгі және айналым капиталға ие болуға, жұмыскерлерді жалдап, өндіріс ашуға – бұл жағдайда ол өндіріс көзге көрінетін шығындарға тап болады. Бар ақшасына банкте депозиттік шот ашып, салым бойынша пайыз түрінде пайда, түсім алуы мүмкін. Егер кәсіпкер қорларды пайдаланудың бірінші амалын таңдаса, ол алмаған банк пайызы көзге көрінбейтін шығындар сомасын құрайды. Сонымен, көзге көрінбейтін шығындар қорларды пайдаланудың екі балама амалының біреуін таңдағанда, қолдан жіберіп алған (айырылып қалған) пайда болып келеді. Көзге көрінетін және көзге көрінбейтін шығындар экономикалық шығындарды құрайды.
3. Сыртқы және ішкі шығындар. Сыртқы шығындар – сырттан келтірілетін қорлар (ресурс) үшін төлем (жалданған жұмыскерлердің жалақысы, жалға төлеу, шикізат, отын, көлік және де басқа қызметтер үшін жеткізушілерге төлем). Ішкі шығындар – өзінің иесіндегі жеке пайдаланатын қор үшін төлем. Мысалы, егер кәсіпкер өзі тікелей өндірісте немесе өндірістің ұйымдастыруында қатысып, өзі еңбектенсе, алынатын табыс ішкі шығындар болып саналады.
4. Өндірістің бухгалтерлік (көзге көрінетін) шығындары. Олар тұрақты және ауыспалы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |