Мазмұны кіріспе түркі халықтары дүниетанымында «әйел» бейнесінің өзіндік ерекшеліктері



бет25/44
Дата28.11.2023
өлшемі0.63 Mb.
#484648
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44
Диссертация НАЗИРА

3. Кілем тоқу - Қазақ әйелдерінің қолөнерінің бір түрі — кілем - үй жиһазы. Кілемді жерге жайсаң – төсеніш, қабырғаға ілсең – сән. Оны негізінен, сәндік, бөлме жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету мақсатында тұтынады. Ол – қазақ халқының көне заманнан бері келе жатқан дәстүрлі үй мүлкінің көріктісі. Шығыс елінде кілемді тоқып, тұтынбаған халық болған емес. Кілем тұтынуға қолайлы, төзімді, шаң-тозаңнан тез тазартылады, ылғалдан, құрғақшылықтан қорықпайды, күтіп ұстаса, күйе түспейді әрі аса бағалы мүлік. .
Кілемнің үш түрі — түкті кілем тақыр кілем және аралас кілем болады. Түкті кілем көбінесе оңтүстік аймақтарда таралса, солтүстік өңір, негізінен, тақыр кілем тоқыған.
Түкті кілем. Бірнеше қабаттан тұрады, оның негізгі арқауы жекелеген жіптер және бір-біріне тығыз орналасқан түйіндер. Жіптердің ұшы біркелкі қырқылады да ол қалың түк құрап, әлгі түйіндерді көрсетпей жауып тұрады. Осы түктердің ұзындығы 3 миллиметрден 18 миллиметрге дейін жетеді. Ол кілемнің қалыңдығын, мықтылығын арттырады, оны барқыт сияқты жұмсақ етіп көрсетеді. 
Тықыр кілем. Оның түрлері: палас, сумаха, шпалер, терме алаша және тағы да басқалары. Ол – бір өріс жібінен бір қабатты екі жақты тығыз етіп тоқылатын бұйымдар.
Аралас кілем. Оның түгі қырқылмайды, кейде түгінің жартысы қырқылып, аралас кілем етіп шығарады. 
Құнды бұйым-кілем өндіру үрдісі екі түрлі әдіспен жүзеге асырылады. Біріншісі – қолмен кілем тоқу,
Екіншісі – машинамен кілем жасау.
Қолмен кілем тоқу ағаштан жасалынған тоқыма станоктарында атқарылады. Қолмен тоқылған кілемдер өте берік болып, кейде жүз жылдан астам уақыт бойы пайдаланылады. Қолдан түкті кілемді тоқығанда оған қажетті заттар: жүн (қойдың, ешкінің, түйенің), мақта-мата, жібек, зығыр, кендір жіптері.
Қазақ шеберлері, басқа да халықтардың кілемшілері қызыл, қара, сары, күлгін, аспан көк түстерді кеңінен қолданып, сан алуан сұлулықты, құбылысты бейнелейді.
4. Ою-өрнек – тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнердің барлық түрінде бірдей ортақ әсемдеп әшекелеудің негізі болып келді. Ою деген сөз бен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді.
Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар:
Біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты
Екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін
Үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді.
Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. Осыдан келіп әр түрлі ою-өрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен кестелерде және т. с. с. «арғын үлгісі», «керей үлгісі» немесе «ұлы жүздің үлгісі», «орта жүздің үлгісі», «кіші жүздің үлгісі» деген мәнерлер пайда болды. Осы ою-өрнектердің көп қолданылатындарына, сондықтан да халық шеберлерінің көпшілігіне белгілі атауларының кейбір түрлеріне әдейі тоқтап өтейік.
«МҮЙІЗ» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мұйіз» ою-өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады.
«ҚОСМҮЙІЗ» ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды, киім-кешек, қару-жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бұғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою-өрнек. Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою-өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.


«СЫНЫҚМҮЙІЗ» морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әр түрлі қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне ұқсайды.


«ШЫНЫГҮЛ» ою-өрнегі гүлді тұспалдап тұрады. Бұл өрнек «төртайшық», «итемшек» оюларына ұқсас келеді. «Шыныгүл» ою-өрнегі айға, мүйізге, жапыраққа ұқсас элементтерден құралған. Екі мүйіздің қайырылған екі ұшына жапырақ қондырылған, сол жапырақтар бірнеше рет сатыланып қайталанылып отырады


«ШЫТЫРМАН» ою-өрнегі көп жапырақты есімдік пен көп тармақты мүйіз және геометриялық фигуралар аралас келетін күрделі өрнек. Мұндай өрнектер заттардың бетіне көп тармақ болып желіленіп келуі бүтін бір сюжетті (жайлау, орман, жазық дала, кең сахара) мегзеп жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет