1.Dokumacılık (тоқыма) – қолөнердің ең көне әрі ең маңызды түрі болып саналады. Ерте замандарда адамдардың үйге керек жабдықтарды, киім-кешектерді дайын күйінде бір жерден алу мүмкіндігі жоқ болғандықтан тоқыма өнері пайда болды. Түрік халқының салт-дәстүрі бойынша үйдің ханымдары дүниеге келетін немере үшін алдын ала киімдер тоқып дайындап қояды. Осы киімдер балаға сәттілік әкеледі деп сенеді.
2. Kumaş dokumacılığı (мата тоқу өнері) - тұрмысымызда кеңінен қолданылады. Күнделікті киімдеріміздің, үй, тұрмыс заттарының бәрі матадан тігіледі. Мата – жіптер жүйесін өзара көлденеңінен тік айқастырудан туған тоқыма бұйым. Матаның бойымен кететін жіптерді негізгі жүйе, ал матаға көлденең түсетін жіптерді арқау жүйе деп атайды. Тоқылған талшықтарға байланысты маталар – табиғи талшықтардан алынған және жасанды талшықтардан алынған болып екіге бөлінеді. Мата тоқуда пайдаланған басты нәрселер жүн мен мақта болатын. Содан соң жібек те қолданыла бастады. Мата жасалу тәсіліне байланысты үшке бөлінеді:
а) Тоқымалы мата - Мата – жіптер жүйесін өзара көлденеңінен тік айқастырудан туған тоқыма бұйым. Матаның бойымен кететін жіптерді негізгі жүйе, ал матаға көлденең түсетін жіптерді арқау жүйе деп атайды.
ә) Өрмелі мата – бір немесе бірнеше жіптен ілмектер жасап, сол ілмектерден жіпті өткізу арқылы жасалатын мата түрі. Бұл матаны jarse немесе triko деп те атайды.
б) Тоқылмаған мата - Химиялық талшықтар мен жіптер табиғи синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстар, химиялық өңдеу нәтижесінде алынады. Бастапқы шикізатқа байланысты химиялық талшықтар, жіптерді жасанды және синтетикалық деп бөлінеді. Келесі кезекте матаны ыстық бумен өңдеу процесі. Мата, сурет басу(өрнек), химиялық тазалау, бояу процестерінен өткен соң буланады. Бояу жақсы жұғу үшін оның құрамындағы заттардың талшықтармен әрекеттесуі қажет.
3. Halıcılık (кілем тоқу) – түрік халқында кілем тоқудың тарихы тереңде жатыр. Кілем тоқу өнерінің дамып-жетілуі бірнеше кезеңдерден тұрады:
а) XIVғ бастау алады. Алғашқы кілемдер Анадолы селчуктерінің астанасы Конияда табылған. Сол кезеңдердегі кілемдерге хайуандардың, аң мен құстың суреттері салынған.
ә) XVғ, аң мен құстың орнына геометриялық фигурала салу үрдісі басталады.
б) Кілем тоқудың классикалық кезеңі XVI-XVIIғ.басталады. Еуропамен тығыз қарым-қатынасқа кіріп, геометриялық фигуралардың орнына өсімдіктер мен гүлдердің суреттері бастырылып салынатын болған. Сол кезеңде “Osmanlı Halıları”(Османлы кезеңіндегі кілемдер) деп аталатын кілем түрлері шықты. Яғни сарай үшін жасалған кілемдер. Кілемдерде салынатын суреттер – қызғалдақ, қалампыр гүлдері болатын. Қолданылатын негізгі түстері – ал, қызыл, көк, сары, қоңыр, қызылсары.
Түркияда кілем тоқу өнерімен әйел де еркек те айналысады. Қазіргі кезде кілем жасау өнері әбден жетілген, әлемге әйгілі өнерлердің бірден бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |