Мазмұны кіріспе түркі халықтары дүниетанымында «әйел» бейнесінің өзіндік ерекшеліктері



бет32/44
Дата28.11.2023
өлшемі0.63 Mb.
#484648
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44
Диссертация НАЗИРА

Әлем халықтарының кілемдері 
Түрік кілемдері: «анадолы», «анкара», «смирна», «бергамо», «брусса», «ушан» деп аталады. Мұнан да басқа атаулары бар. Түрік кілемдері гүлді және ою-өрнекті болып келеді.
Түрікмен кілемдері: «ушан», «құла» кілемі, «пенди», «гауһар», «иомуд», «бешир» және тағы да басқалар. Түрікмен кілемдері негізінен, түсі қызыл, геометриялық сызықты өрнектермен әсемделген. 
Кавказ кілемдері: «Куба», «щируан», «хила», «қазақ», «карабах», «дербент», «микрах», «ахты» және т.б. Түрі қызыл, көк, көгілдір, алқызыл, сары, ақшыл түсті. Ою-өрнегі гүл жапырақ, құс, жан-жануарлар бейнесі.
Қытай кілемдері: ою-өрнегі: әр түстегі балық, жан-жануарлар, мифтік құбылыстар, айдаһарлар және т.б. Мұнда лотос, таушымылдық гүлдері өрнектелген кілемдер де бар. Олардың ортасы ою-өрнексіз, көбінесе сары, қошқыл көк, алқызыл түсті. Қытай кілемдерінің өзіндік бір ерекшелігі, оның түгінің кілемдегі ою-өрнекті аша түсуі ыңғайымен ұзынды-қысқалы етіп қырқылуы.
Француз кілемдері: негізгі түрлері «савоннари», «обюсон» деп аталып, осы үлгідегі кілемдерде гүл салынған ою-өрнекті суреттер басым болады. 
Иран кілемдері: «исфахан», «қашан», «фаранған», «хорасан» деп аталған кілемдер әлемге әйгілі
Әзірбайжан кілемдері: «куба», «щируан», «қазақ», «зенджа» деп аталады.
4.Seramik sanatı (керамика өнері) -  қыш-саз бен олардың минералды қоспаларымен араласқан, сондай-ақ тотықтармен, т.б. органикалық емес қосындылардан күйдіріліп жасалған бұйымдар мен материалдар. Керамика тұрмыстың барлық салаларында: үй тұрмысында (әр түрлі ыдыстар), құрылыста (кірпіш, қыш, құбыр, тақта, т.б.), техникада, т. ж., су және әуе көлігінде, мүсін өнерінде т. б. кеңінен қолданылады.Ең алғаш керамика өңдеу Қытай халқында пайда болған. Керамика өнерінің түрлеріне байланысты әйел адамдар жасайтыны бар және ер адамдар жасайтыны да бар, Әйелдер көбінесе үй тұрмысына керекті ыдыс-аяқтарды (керамикалық табақтар, шыны, құман, құмыра т.б.) жасаумен шұғылданады.Керамикалық бұйымдардың ең әдемісі саналатын Қытай халқының табағы XVIғ. Изникте табылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет