7. Тоқыма өнері - халқымызда бұрыннан бар өнер. Күнделікті тұрмысымызда қолданысқа ие заттардың бірсыпырасы тоқылу арқылы дайындалады. Мәселен, киіз үйдегі бау, басқұр, қабырғаға ілінетін кілем, алаша, астық салуға арналған дағар, қанап, қоржын-кешек,т.б. Бұдан өзге шекпен секілді көптеген киім-кешектер дәстүрлі тоқыма әдісімен жасалып, кәдемізге жараған.
Тоқу - жіпті шалып алып және сол шалуларды бір-бірімен біріктіре отырып бұйым жасау барысы Тоқу қолмен және арнаулы машина арқылы жүргізіледі.
Қолмен тоқу құралдары: біз, ілмек және иірілген жіп (кенеп жіп, мақта жіп, жүннен иірілген жіп, жібе жіп синтетикалық жіп, аралас жіп).
Тоқудың түрлері:
Тоқыма кәсібі - неолит заманында пайда болған кәсіптердің бірі. Ол алғаш әйелдердің өсімдік талшықтары мен жүннен тұрпайы киім тоқуынан басталады. Тоқыма кәсібі алғашқы қауым адамдарының қарым-қатынасы мен еңбек тәсілдері негізінде бірте-бірте дамыды .
Қазақстан жерінде Тоқыма кәсібі VI-XII ғасырларда өріс алған. Бұл көбінесе Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалалық қоныстарында дамыған. Мақта-мата тоқымаларын бата, боз, тор, шыт деп атайтын. Мал жүнінен сырт киім (шекпен) үшін жүн мата тоқыды. Жібек мата Қытайдан, Ферганадан және Самарқаннан тарады. Ол кездегі жіп иіру-тоқу құралдары мен тоқыма станогының (тоқуш) қалдықтары археологиялық қазбаларда да кездеседі.
Жоғарыда қазақ халқының қолөнеріне тоқталған болатынбыз. Бітіру жұмысы түрік тілімен де байланысты болғандықтан, кезекте түрік халқының қолөнері. Әрине, қолөнердің кейбір түрлері екі халыққа да ортақ болып келеді. Бірақ кез келген халықтың, кез келген тілдің өзіндік ерекшеліктерінің бар екендігін ұмытпағанымыз жөн.
Түрік халқының ұлттық қолөнері.
Қолөнер әр халықтың мәдениетінің, салт-дәстүрлерінің көрсеткіші болып табылады. Кейбір қолөнер түрлері кез келген халықта кездеседі. Бірақ әр ұлттың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты қолөнер түрінің атауы, жасалу технологиясы, безендіру тәсілдері өзгеріп отырады.
Түрік халқына келетін болсақ, онда қолөнер Анадолыдан бастау алады. Қолөнердің түрлері өте көп. Өйткені сонау Осман Империясынан бүгінгі күнге дейін көптеген халықтардың мәдениеті араласып, өз әсерін тигізген. Қолөнердің кейбір түрлеріне нақтырақ тоқталып өтейік:
dokumacılık (тоқыма)
kumaş dokumacılığı (мата тоқу өнері)
halıcılık (кілем тоқу)
seramik sanatı (керамика өнері)
kalem işleri (безендіру ісі)
ebru sanatı (эбру өнері)
Достарыңызбен бөлісу: |