Мазмұны кіріспе түркі халықтары дүниетанымында «әйел» бейнесінің өзіндік ерекшеліктері



бет34/44
Дата28.11.2023
өлшемі0.63 Mb.
#484648
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44
Диссертация НАЗИРА

«Қамар сұлу», «Қалың мал», «Қыз көрелік», «Кім жазықты?»... бәрі де қазақ басына қара бұлт болып үйіріліп төніп тұрған әлеуметтік теңсіздікті қазақ қызы тағдыры арқылы бейнелеуі. Ақбілек, Шұға, Ғазиза, Күнікей, Шолпан, Ғ.Мүсіреповтің Ұлпаны, Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романындағы Шолпаны келді өмірге. С.Шаймерденовтің романтикалық лепті Инеші, С.Жүнісовтің Райханы, Ә.Кекілбайұлының ханшасы, Д.Исабековтің «киеван» кемпірлері, Т.Әбдіковтің бір тұлғаның екі жарылуына құрылған Алмасы, Ш.Бейсенованың Сүзгесі... реалистік прозаның жемісі.
Қай-қайсысы да ХХ ғасыр басындағы қазақ өмірін бейнелеп бере алған, қазақ қызы трагедиясын жеткізіп бере алған тұлғалар. Қазақ жазушыларының өз уақытында көрсеткен озықтығы мен шеберлігі.
Түрік халқында «әйел» тарихи кезеңдерге байланысты әр түрлі орындарға ие болған. Сондықтан әйелге, әйелдің қоғамдағы орнына байланысты көзқарастар әдебиетте де көрініс тапты. Қоғамда әйелдің орнының әрдайы өзгеріп отыруына төрт фактор әсер естіп отырған. Олар:
- қоғамдағы өзгерістер;
- әйелге деген діни көзқарастар;
- саяси биліктің өркендеу;
- басқа ұлттардың мәдениетінің әсер етуі;
Түрік әдебиетіндегі әйел бейнесін кезеңдерге бөліп қарастырған жөн. Өйткені әр кезеңнің шығармалары сол кездегі қоғами өзгерістерді, оның ішінде әйел болмысына деген көзқарасты айқын көрсетеді.
1. Исламды қабылдағанға дейінгі түрік әдебиетінде «әйел» бейнесі:
Бұл жерде әйел байсал мінезді, отбасының ұйытқысы, ерінің сенімді серігі, балаға тәлім-тәрбие беруші, өмірін отбасына арнаған, сүйген ері үшін жанын құрбан етуге дайын болған мейірімді жан. Қорқыт ата (Dede Korkut) мен Духа Кожаұлы Дели Дурмулдың (Duha Koca-Oğlu Deli Dumrul) кітабынында әйелге тән барлық қасиеттер суреттелген.
2. Диван әдебиетінде «әйел» бейнесі:
Диван әдебиетінің негізгі тақырыбы ғашықтық, махаббат болғандықтан, бақыты үшін күрескен әйел образын көре аламыз. Бұл кезеңдегі шығармаларда әйел әдеміліктің белгісі болған. Көрнекті ақын-жазушылары: Недим (Nedim), Неджати (Necati), Ахмет Паша (Ahmed Paşa), Фузули (Fuzuli)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет