Мазмұны кіріспе түркі халықтары дүниетанымында «әйел» бейнесінің өзіндік ерекшеліктері


Танзимат әдебиетінде «әйел» бейнесі



бет35/44
Дата28.11.2023
өлшемі0.63 Mb.
#484648
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44
Диссертация НАЗИРА

3. Танзимат әдебиетінде «әйел» бейнесі:
Бұл кезеңдегі шығармаларда әйелге тән психологиялық-әлеуметтік өзгерістер баяндалады. Әйелге деген көзқарас өзгеріп, әлсіз, бейшара, өмірден түңілген, еркектерге тәуелді болған жағымсыз кейіпкерлер пайда болады. «Әйелдің ақылы жоқ (шашы ұзын болса да, ақылы қысқа - мақал) ақымақ, жақсыны жаманна айыра алмайды» (Kadının aklı eksiktir (saçı uzun aklı kısadır), ahmaktır, iyiyi kötüden ayıramaz) деген көзқарас пайда болды.
Сами Пашазаденің «Sergüzeşt» және Намык Кемальдің «İntibah» романыдары осы кезеңнің жемісі.
4. Ұлттық әдебиет кезеңінде «әйел» бейнесі:
Ұлттық әдебиет кезеңінде әйелдің орны тағыда күрт өзгереді. Отаны үшін жанын берер, қайратты, батыл. қоғамдық өзгерістерге белсене араласқан әйел образы пайда болады. Осындай қасиеттері бар әйелді суреттейтін шығармаларға Решат Нури Гүнтекиннің «Бозторғай» (Çalıkuşu), Халиде Едип Адывардың «Жалын» (Ateşten Gömlek), Набизаде Назымның «Карабибик»(Karabibik), сонымен қоса Шемсетдин Сами, Реджайзаде Махмуд Екремнің романдары жатады.
5. Мемлекет кезеңіндегі әдебиетте «әйел» бейнесі:
Заман ағысына қарай қоғаммен бірге әйел де өзгеріп отырды. Ақын-жазушылар шындықты, күнделікті өмірді суреттеді. Мемлекет кезеңіндегі әйел - өз-өзіне сенімді, еркіндікке құштар болды. Бұл кезеңде әйел-еркек қарым-қатынастары, бостандық, теңдік, әйелдің қоғамдағы орны секілді тақырыптар негізге алынып отырды. Сол тақырыптарды қозғаған жазушылардың туынлылары Якуп Кадридің «Уақытша қонақ» (Kiralık Konak), Адалет Ағаұлының «Өлімге бару» (Ölüme yatmak) деп аталады. Пеями Сафа, Факир Байкурт, Яшар Кемаль, Незихе Мерич, Севги Сойсал, Үлкер Көксал сияқты авторлар да бұл тақырыпты ашуда көп еңбек сіңірген.
Көріп отырғанымыздай, әйел қоршаған ортаның өзгеруіне қарай бейімделеді. Түрік қоғамында әйел орнының үнемі өзгеріп отыруы, идеологиялық бағыттар мен саяси бағыттардың өзгеруімен тікелей байланысты. Әр кезеңнің өзінің ерекшеліктері, қозғаған тақырыптары болды.
Әдеби шығармалар - ұлттық өмірдің айнасы. Романдар мен әңгімелер, өлең-жырлар көркем әрі шебер тілмен баяндалып халықтың болмысын, бастан кешкен оқиғаларын суреттейді. Жазушы кеіпкерлерінің іс-әрекеті арқылы адам баласының кемшіліктерін, жағымды немесе жағымсыз қасиеттерін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет