Мaзмұны нормативтік сілтемелер


КIРIСПЕ Жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет3/12
Дата25.11.2023
өлшемі140.6 Kb.
#484432
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
тасполатова А

КIРIСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: 1957 жылы 5 қазанда Қарақалпақ АКСР-інде туған.1973 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Келінтөбе совхозындағы №192 орта мектепті бітірген соң, 1975–1977 жж. Кеңес әскери күштері қатарында Солтүстік Кавказ әскери округінде қызмет атқарды. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Өлеңдері 1973 жылдан бері жарияланып келеді. 1983 жылы «Бердәулет пен Жоламан» атты поэмасы Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің, Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті мен «Жалын» баспасының озық шығармаларға жариялаған бәйгесінде бірінші орын алды. 1983–1987 жж. «Жалын» және «Арай» журналдарында поэзия бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, 1988–1995 жж. «Білім және еңбек» («Зерде») журналының бас редакторы қызметін атқарды. Қазір «Жазушы» баспасының директоры.
Өзбек классигі Хамза Ниазидің өлеңдерін өзбек тілінен тікелей аударып, жеке кітап етіп шығарды. Ортағасырлық тарихи танымдық жәдігер «Темір жарғылары» да тұңғыш рет қазақ тілінде Е.Раушанов тәржімасымен сөйледі.
Өлеңдері орыс, литва, болгар, чех, украин, өзбек, қырғыз тілдеріне аударылған. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Мәскеуде өткен жас ақын-жазушылар фестивалінің, сондай-ақ Қазақ КСР-і шығармашылық жастарының «Жігер» фестивалінің тұңғыш лауреаты. Қазақ КСР-і сыйлықтарымен және тәуелсіз Қазақстанның он жылдығы медалімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2006). «Құрмет» орденінің иегері. Қазақстанға еңбегі сіңген баспа қайраткері. Ш.Есенов атындағы Ақтау техникалық университетінің құрметті профессоры.
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда қазақ әдебиеттану ғылымында лирика жанры жан-жақты зерттеу объектісіне айналып, оның тарихына, даму процестеріне, поэтикасына байланысты әр түрлі ғылыми еңбектер жарық көруде. Дегенмен де, әлі де болса зерттеуді қажет ететін мәселелер бар. Соның бірі – Есенғали Раушанов лирикасын жан-жақты зерттей отырып, оның көркемдік ерекшеліктерін, яғни лирикаларының поэтикасын анықтау. Осы мәселені көтеру арқылы әдебиеттің даму тарихындағы лириканың тақырыптық-мазмұндық, көркемдік-идеялық жағынан толығып, толысуын, ілгерілеуін ашып-айқындау мүмкіндігі туады.
Поэзия саласы 1970-2000 жылдары арасында дами түсті. Себебі, қазақ әдебиетіне жаңа леп толқындары қосылды. Бұл келген жаңа буын өкілдері әдебиетке жаңашылдық үлгісін пафоспен жырлауды ала келді. Сонымен қатар сыршыл лириканың әдемі үлгісін тудырды. Соның бірі – Есенғали Раушанов. Біздің Біз өз жұмысымызда 1970-2000 жылдар арасындағы қазақ поэзиясы ізденіс пен ілгерушілікті сөз ете отырып, соның аясында Е.Раушановтың шығармаларын тұтастай кешенді түрде қарастырдық.
Мағжан поэзиясынан бастау алған лирикалық шығармалар тақырыбы жағынан жан-жақты жаңаша сипатта өрістеп, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан тану мәселесі сөз болып, адамның табиғатқа деген көзқарасы, ойы, жанашырлығы, танымы суреттелетін шынайы шығармалар дүниеге келді. Лирикалық шығармадағы табиғаттың сұлулығы мен қоршаған ортаның тазалығы, оны қорғау мәселесі аталған жанрдың негізгі көтерер жүгіне айналды. Қоғам дамуына қарай қазақ классикалық әдебиетінің жаңашылдығы мен эстетикалық байлығы ашылып келеді. Ақындар өткен халық творчествосынан дәстүр жалғастығын терең сезіне отырып, жаңашылдықты көрсетпек болады. Осы принциптерді Есенғали Раушанов поэзиясынан да таптық. Ақын дәстүрді меңгеруі және жаңашылдығы, оның шығармашылық лабораториясы, поэзиясының көркемдік ерекшеліктерінің ашылуы, ақындық шеберлігі қазақ поэзиясындағы орнын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет