Мазмұны түсінік хаты


Рөл – кез келген рөлге ену. Аудитория



бет31/78
Дата06.09.2024
өлшемі6.35 Mb.
#503432
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   78
Қазақ әдебиеті тапсырмалар (2) (копия)

Рөл – кез келген рөлге ену.
Аудитория – тыңдарман, оқырман, қауым.
Форма – монолог.
Тақырып – «Қаһар» романы.
2. «ПОПС формуласы» арқылы үзіндінің тарихи және көркемдік құндылығына баға беріңдер.

1. «Қаһар» романы – Кенесары қозғалысының көркем шежіресі» тақырыбында эссе жазыңдар.
Кері байланыс. «Үш минуттық эссе».
Үзіндіден түсінгендеріңнің ішінде ең маңыздысы не?
Қай сұрақ есіңде қалды?
Сен үшін ең қиын, түсініксіз болған не?

КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ (1802–1847) есімі тарихта атасы Абылай ханның ісін жалғастырушы ретінде қалған. Көтеріліске шыққан сұлтанның басты мақсаты айырылып қалған қазақ жерлерін қайтару, сонымен қатар әкесі мен атасынан мұраға қалған Қазақ хандығын іс жүзінде және заңды түрде қалпына келтіру болды.
Патша үкіметіне қарсы тұрған он жыл ішінде Кенесары империямен арадағы қайшылықтарды бейбіт жолмен шешу үшін бірнеше рет әрекет жасады. Орынбор әкімшілігінің өкілдеріне тұрақты түрде хат жазып, өзінің бейбіт пиғылына олардың көзін жеткізуге күш салады.
НЫСАНБАЙ ЖАМАНҚҰЛҰЛЫ (1822–1883) – жырау, ақын. Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққошқар елді мекенінде туып-өскен. «Кенесары–Наурызбай» дастанын жырлаған.


НАУРЫЗБАЙ

Рабат – ортағасырлық қалалардың қарапайым халық тұратын шеткі бөлігі. Араб тілінде «бекет», «қала» деген мағына береді. Елді мекен атауы. Рабат – Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл.

1. Үзінді мазмұнымен танысып, оқиғалар тізбегін «Хикая картасына» түсіріңдер.
2. Наурызбайдың қынжылу себебі неде?
3. Шығармадан табиғатты суреттейтін тұстарын тауып, кейіпкерге қандай қатысы бар екенін анықтаңдар.
4. Наурызбай мен Кенесары диалогін рөлге бөліп оқыңдар.
5. Шығарманың осы бөлігінде халқымыздың қандай әдет-ғұрыптары көрініс тапқан?
6. Шығармадан кейіпкерлердің қатты күйзелген тұстарын тауып, оған қандай оқиғалар себеп болғанын айтыңдар.

1. «Әдебиет лотосы» әдісімен үзінді кейіпкерлеріне мінездеме беріңдер.

2. «Балық қаңқасы» әдісі арқылы 1-жұп үзіндідегі жазушы қолданған көркемдегіш құралдарды, 2-жұп айшықтау амалдарын тауып, мағынасын анықтаңдар. Орындалу барысыбасы – жазушы стилі, үстіңгі сүйектері – көркемдегіш құрал түрлері, айшықтау амалдарыастыңғы сүйектері – үзіндіден мысалдар, құйрығы – үзінді туралы оқушы ойы.
3. Үзіндіден көрінетін құндылықтарды кейіпкер табиғаты арқылы бағалап, салыстырыңдар.

1. «Венн диаграммасы» арқылы «Қаһар» романындағы Наурызбай бейнесі мен Нысанбай жыраудың «Кенесары–Наурызбай» дастанындағы Наурызбай бейнесін салыстырыңдар.
2. Үзіндіден алған әсерлеріңді «1 тезис, 3 дәлел» кестесімен білдіріңдер.


Үзіндідегі автор ұстанымы мен көтерген мәселесін қорытындылап, сыни пікір жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет