Мазмұны түсінік хаты


КЕНЕСАРЫ ХАН МЕН ГЕРБУРТ-ЖҮСІП



бет33/78
Дата06.09.2024
өлшемі6.35 Mb.
#503432
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78
Қазақ әдебиеті тапсырмалар (2) (копия)

КЕНЕСАРЫ ХАН МЕН ГЕРБУРТ-ЖҮСІП

Мазар – қайтыс болған адамның денесі жерленетін және оның атын есте қалдыру үшін салынған сәулет ғимараты.
Отаршылдық – отар етіп, билеушілік, тәуелді етушілік, бостандығынан айыру. Отаршылдық іс көбіне жергілікті тұрғындарды күшпен бағындыру және ығыстыру саясатымен (кейде қырып-жоюмен) ұштасады және басқа аумақтарды тартып алу үшін қолданылады.
Шықшыт – жақтың жоғары тұсындағы сүйек.

1. Үзіндіні оқып, сюжеттегі негізгі оқиғаларды айтып беріңдер.
2. Не себепті Кенесары Алаша хан моласының жанында әскерін күтті?
3. Кенесарының ашулануы қандай оқиғадан басталды?
4. Кенесары мен Жүсіптің диалогі не туралы болды?
5. Картаны пайдаланып, үзіндіде аталған жер-су атауларын табыңдар. Кенесары ханның иелік еткен жерлерін белгілеңдер.
6. Кенесары хан өз көтерілісінің мәнін қалай бағалаған?

1. «Оқиға картасы» әдісі бойынша берілген үзіндінің сюжетін композициялық жүйесі бойынша құрастырып шығыңдар.
2. Үзіндіде кездесетін 3 кейіпкерді атап, байқалған басты құндылықтарды анықтаңдар.

3. Үзіндідегі көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасаңдар. Көркемдегіш сөздерді бірінші жұпта табыңдар, екінші басқа жұптармен ой бөлісіңдер, үшінші топта үзіндіден мысалдар келтіре отырып, кестеге толтырып жазыңдар.

1. «…Абылай атамның жолын қуып арпалысқа шыққанымда орыс пен қазақты біріктіру үшін шықты дейсің бе? Жоқ, Жүсіп, Ресей – дария, біз кішкентай ғана мөлдір бұлақпыз. Мөлдір бұлақ суы дарияға құйғанда несі қалады? Дария суы ащы болса, бұлақ суы да ащы болады, дария суы тұщы болса, бұлақ суы да тұщы болады. Бұлақтың бар болашағы тек дарияның ғана еркінде қалады. Менің күткенім сондай өмір ме? Жоқ, бұлақ дария болмай-ақ өз бетімен аға берсін дедім. Біз Ресей патшасына бағынсақ, ел деген аттан айырыламыз…» деген үзіндідегі Кенесарының ойын дамыта отырып, өз пікірлеріңді білдіріңдер. Шынайы өмірмен байланыстырыңдар.
2. Үзіндіні тыңдап, Жүсіптің Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтеріліс пен хандық туралы пікіріне өз сыни бағаларыңды беріңдер. Өз ойларыңды шағын талдау түрінде жазыңдар. Уақыт – 15 минут.

Тарихтағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі мен романды салыстыра отырып, сыни хабарлама жазыңдар.
Кері байланыс. 
– Қандай ақпаратпен жұмыс жасадық?
– Жұмысты қалай жоспарладық?
– Уақытты тиімді қолдана алдық па?
– Қандай жаңа мәлімет алдық?
– Нені үйрендік?
– Не нәрсе сәтті болды? Сәтсіз тұсымыз қандай?
– Нені әлі де жақсарту керек?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет