Мазмұны түсінік хаты



бет34/78
Дата06.09.2024
өлшемі6.35 Mb.
#503432
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   78
Қазақ әдебиеті тапсырмалар (2) (копия)

ЖҮСІПТІҢ АҚЫЛЫ

Обыріш – В.А. Обручев деген орыс генералы тегінің қазақ тілі ыңғайына келтіріліп айтылуы. В.А. Обручев 1842–1851 жылдар аралығында Орынбор генерал-губернаторы қызметін атқарған.
Жанарал – орыс тіліндегі «генерал» сөзінің қазақ тілінің ыңғайына келтіріліп айтылуы. Генерал – әскери лауазымдағы ең жоғарғы шен.
Мәнәпөс – орыс тілі арқылы келген «манифест» сөзінің қазақ тілінің ыңғайына келтіріліп, ауызекі тілде айтылуы. Манифест – қандай да бір саяси оқиғаға байланысты халыққа жолдау нысанындағы жоғарғы биліктің үндеуі.
Есаул – патша әскеріндегі капитан шеніне тең әскери атақ.
Сыпай – жалдамалы атты әскер (жауынгер).

1. Үзіндіні оқып, негізгі деп санайтын бөліктерге бөліп, бөлікке атау беріңдер.
2. Үзінді бөліктерінің мазмұнын ашатын сұрақтар құрастырыңдар.
3. Үзіндінің идеясын үш сөйлем арқылы тұжырымдап, тірек сызба арқылы көрсетіңдер.
4. «Көтерілісіміз шаңқай түсіміз еді десек, хандығымыз екіндіміз тәрізді, енді біржолата жер астына күндей батып кетіп жүрмейік, әлі де ойланалық…» деген Кенесары сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
5. Үзіндіде көтерілген мәселелерді анықтап, кестені толтырыңдар.


1. Көркем әдебиеттердегі Кенесары бейнесінің үндестігін топпен бірге талдаңдар.

2. Үзіндідегі автор бейнесі мен шығарманың негізгі идеясының байланысы бойынша жұптасып 3 ашық сұрақ құрастырыңдар. Жұбыңның сұрақтарына өз пікірлеріңді білдіре отырып, жауап беріңдер.
3. Үзіндіні тыңдап, көркемдегіш құралдар мен айшықтауларды теріп жазып, автор стилін анықтаңдар. Уақыт – 15 минут.


1. «Көршінің сұрағына жауап» әдісімен ақ параққа үзіндідегі Кенесары мен Гербурт-Жүсіп диалогі бойынша бір сұрақ жазып, сағат тілі бойынша жылжытып, сол жақтарыңдағы парталастарыңа беріңдер. Олар сұрақ жазылған парақты алып, сол сұраққа жазбаша жауап береді. Жазып болған соң, сұрақтар мен жауаптарды жұптасып оқыңдар, талқылаңдар.
2. І. Есенберлиннің «Қаһар» романы туралы сыныптан тыс зерттеу мәліметтерін жинақтап, ақпараттар негізінде кестені толтырыңдар.


«Қаһар» романының идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазыңдар.
Кері байланыс. «Жинақтау парақшасының индексі».
(Екі жағында да көрсетілген тапсырмалары бар парақтар таратылады).
1-беті: өткен тақырып бойынша негізгі идеяларды атап шық.
2-беті: өткен тақырыптан нені түсінбегеніңді анықта.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет