Мазмұны түсінік хаты



бет44/78
Дата06.09.2024
өлшемі6.35 Mb.
#503432
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   78
Қазақ әдебиеті тапсырмалар (2) (копия)

Кері байланыс. «Көп нұсқалы жауап талап ететін сұрақтар».

Смағұл Елубай шығармашылығы
С ма­ғұл Елу­бай 1982 жыл­дан бас­тап Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның ба­тыс жа­ғын­да­ғы Ақ­сай де­ген жер­де­гі бір бұ­лақ­тың ба­сы­на шо­пан аға­сы­ның ки­із үй­ін ті­гіп қой­ып, үш жаз бойы жал­ғыз жа­тып, 30-жыл­дар­да­ғы ашар­шы­лық жай­лы «Ақ боз үй» ат­ты тұңғыш ро­ма­нын жа­зған.
Смағұл Абатұлы Елубай 1947 жылы Түрікменстан Республикасының Шаржоу облысы Керкі ау­данында дүниеге келген. Жазушының ата-бабасы ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық кезінде Ақтөбе облысы Байғанин ауданынан Қарақалпақстан аумағы арқылы өтіп, Түрікменстанға қоныс аударған. 1961 жылы оның әке-шешесі Қазақстанға оралды.
С.Елубай Алматы қаласындағы №12 мектепте оқиды. 1971 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіреді. Еңбек жолын 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысының аудандық газетінде тілші болып бастаған. 1972 жылы кино жүйесіне ауысады. 1974–1975 жылдары Мәскеудегі сценаристер мен режиссерлер дайындайтын Жоғарғы курста дәріс алғаннан кейін 1976–1992 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында бас редактордың орынбасары, 1992–1995 жылдары республикалық «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналының бас редакторы, 1995–2004 жылдары Прагадағы «Азаттық» радиосының журналисі, 2008–2010 жылдары
«Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы қызметтерін атқарады.
2010 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кино тарихы және теориясы» кафедрасында профессор.
Жазушының кітаптары: «Ойсылқара» (1972 ж.), «Саттар соқпағы»
(1974 ж.), «На свете белом» (1982 ж.), «Жарық дүние» (1978 ж.), сондай-ақ «Ақ боз үй» (1990 ж.), «Одинокая юрта», «Мінәжат» (1992 ж.), «Жалған дүние» (2000 ж.), «Бренный мир» (2000 ж.) романдары, «Қиямет-қайым ғасыры» (2015 ж.) ойтолғауы, «Век страшного суда», «Ақ боз үй» (2017 ж.) 2 томдық таңдамалы, «Lonely yurt» (2016 ж.) ағылшын тілінде, «Una yurta solitaria» (2018 ж.) испан тілінде, «Arasat meidany» (2017 ж.) түрік тілінде жарық көрді.
«Ақ боз үй» («Одинокая юрта») романы қазақ және орыс тілдерінде бірнеше рет басылды. Жазушының осы романына ашаршылық жылдардағы нәубеттің көріністері арқау болған. С.Елубай кітапты жазар алдында ата-бабасының жүрген жерлерін аралап, сол заманның куәгерлерімен жүздеседі. Шығарма оқырманды сол уақытқа алып барып, тарихтың еншісінде қалған нақты шындықтарды көркем тілмен баяндап, кейіпкерлердің мұңдасына, сырласына айналдырады. Әрбір оқырман кітапты жүрегі тіліне оқи отырып, оқиғаны өзі бастан кешіргендей әсер алатыны сөзсіз. Бұл роман 1985 жылы жазылып біткенімен, сол кездегі баспалардың қай-қайсысы да идеологиядан жасқанып, басып шығаруға келіспеген. Тіпті кітаптың шығуына қарсы жабық рецензиялар ұйымдастырылады. Кеңес үкіметі құлағаннан кейін ғана кітаптың жарыққа шығуына мүмкіндік болады. «Мінәжат» және «Жалған дүние» шығармалары – «Ақ боз үй» романының жалғасы. Жалпы жазушының әр туындысы қазақ халқының тарихымен байланысты.
С.Елубай: «Қызыл отау» (1982 ж.), «Ай астындағы үй» (1983 ж.), «Өтелмеген парыз» (1983 ж.), «Сұрапыл Сұржекей» (1992 ж.), «Батыр Баян» (1992 ж.),
«Кек» (2004 ж.), «Аңшы бала» (2012 ж.), «Алмас қылыш» (2016 ж.), «Қазақ
хандығы» телесериалы (2016 ж.), «Оазис» (2016 ж.), «Бала ғашық» (2018 ж.),
«Алтын тақ» (2019 ж.) көркем фильмдерінің сценарийлерін жазған.
Жазушы «Сұрапыл Сұржекей» фильмі үшін Ашхабадта өткен ТМД кинофестивалінің бас жүлдесін, «Аңшы бала» фильмі үшін Голливудта өткен IFFF кинофестивалінің бас жүлдесін, мәдениет саласындағы Мемлекеттік грантты, қазақ «Пен-клубы» сыйлығын алды. 2013 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ (лат. eksіstentіa – өмір сүру) – ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болған және болмысты субъект пен объектінің тікелей бөлінбес тұтастығы ретінде түсіндіруге тырысқан қазіргі заманғы философиядағы бағыт. Адам өмірінің мәні, оның тұлғалық болмысы жайлы.
Әдебиетте экзистенциализм кейіпкердің өзіндік «менін» тануы, өмір мен өлімнің мәні, адамгершілік, еркіндік, сұлулық, әділдік, ақиқат, асқақтық, адамның дүниеге келудегі мақсаты сияқты мәселелерді қарастырады. Кейіпкерлер арасындағы негізгі тартыс өзге біреудің басты кейіпкердің бостандығына қол сұққанынан болады. Автор бейнесі экзистенциалистік суреттеуде үнемі кейіпкерімен біртұтас болып көрінеді. Негізгі мәселе өз жан дүниесіндегі қорқынышты жеңуімен байланысты қарастырылады.

Сөз арқауы – «Ақ боз үй».
Менің ғана емес, жалпы сөз танып, ой сараптап, үлкен әдебиеттің қыр-сырына бойлап, жүрекжарды бағасын әділ, адал айтар кез келген оқырман үшін бұл туындының жолы, жөні бөлек деп ойлаймын. Өйткені, аталмыш роман – ұлттық прозамыздағы шоқтығы биік, шыңдары түу алыстан көз тартатын ақбас таулардай менмұндалап тұратын ерекше дүние. Суреткер көкірегін тербеткен ақ боз үй түтінінің ақбоз ғалам төрінде әркез түзу ұшатынына сенеміз.
Өйткені …
Смағұлдың ақ боз үйі – Алаштың ақ боз ғаламы…
Нұрлан Оразалин




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет