Микробиологиялық диагноз қою.Респираторлы микоплазмозға күдік туғанда зерттеу материалы ретінде қақырық, мұрын, жұтқыншақ шырышы, бронх шайындысы және түсік кезіндегі ұрық пен ана құрсағында өлген баланың ішкі ағзаларынан жағынды препараттар алынады.
3.Хламидиялар– жасушаішілік облигатты паразитті бактериялар.Олар адам, жануарлар және кұстарда әртүрлі аурулар тудырады.Хламидиялар өз аталуын грек сөзінен chlamyda- мантия, жамылғыш деген сөзден шыққан.Себебі зақымданған жасушалар ішінде жамылғышпен айналған қосындылар түзеді.
Адамдар мен жануарлардың жұқпалы ауруларының ішінде антропонозды және зоонозды хламидиялар инфекциялар маңызды орын алады. Хламидиялар- иесінің сезімтал жасушаларында паразиттенуші,патогенді, облигатты жасушаішілік грам- теріс бактериялар. Иесінің жасушасына метаболитикалық тәуелділігінің себебі: энергиямен қамтамасыз ету механизмінің болмауы. Хламидиялардың АТФ түзуге қабілеті жетпейді.
Омыртқалылардың арасында хламидиялардың негізгі иелері құстар мен сүт қоректілер, оның ішінде адамдар болып табылады.Хламидиялар олардың барлығында ұқсас патология тудырады- көру, тыныс алу жүйелерін, асқазан ішек, несеп- жыныс жолдарын, жүйке және жүрек- қан тамырлар жүйесі мен буындарды зақымдайды.
Таксономиясы.Биологиялық және генотиптік сипаттамасына қарап бұл микроорганизмдер өз алдына Chlamydiales қатарына бөлінген, оған 4 туыстық кіреді. Chlamydiaceae тұқымдастығына кезінде тек қана Chlamydia туыстығы кірген, жаңа жіктелуге сәйкес 2 туыстыққа бөлінеді: Chlamydia және Chlamydiaрhila.
Морфологиясы.Хламидиялар грам теріс бактерияларға жақын, ДНҚ және РНҚ- сы, цитоплазматикалық мембранасы мен жасуша қабырғасы бар. Грам- теріс бактерия тәрізді кең спектрлі антибактериалдық дәрі-дәрмектерге сезімтал. Тетрациклиндік және макролидтік қатардағы антибиотиктерге өте сезімтал болып келеді.
Хламидиялар – патогенді, облигатты жасушаішілік бактериялар.Олар макроорганизм, яғни адам немесе жануар жасушасынан тыс көбейе алмайды, сондықтан клиникаларда бактериологиялық диагноз қою әдісі аса тән емес.Оларда иесінің жасушасының цитоплазматикалық қосындыларының (ЦҚ) ішінде өтетін ерекше даму циклы болады.
Дақылдануы.Хламидияларды диагностикалық мақсатқа бөліп алуды дамып келе жатқан тауық эмбриондарының саруыз қапшықтарының эпителей жасушаларында және жасуша дақылдарында жүргізеді.Дамуына 6-8 күн толған тауық эмбриондарының саруыз қапшығына жұқтыру ұзақ уақыттар бойы хламидиялық инфекцияларға этиологиялық диагноз қою үшін қолданып келген ең нақты әдіс болды.Қазіргі кезде де хламидиоз диагнозын дәлелдеуде жоғары спецификалық әдіс болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |