Ультрақұрылымы. Тұмау вирусы-РНК құрамды вирион. Пішіні сфера тәрізді, диаметрі 80-120 нм. Вирионның ішінде біржіпті нуклеин қышқылының сегіз фрагменті бар. Вирионның сыртқы қабықшасы екі қабаттан тұрады. Сыртқы бөлігі бір-біріне жақын орналасқан тікенектерден (шипы) туралы, олардың ұзындығы 10 нм, құрамында екі гликопротеин бар: олар гемаглютинин (Н) және нейраминидаза (N). Гемаглютининнің саны нейраминидазадан 5 есе көп. С типінде нейраминидаза жоқ. Гемаглютининнің саны нейраминидазадан 5 есе көп. С типінде нейраминидаза жоқ. Гемаглютинин тікенектері-тример деп аталады, олар ақуыздың 3 молекуласынан тұрады. Нейраминидаза тікенектері-тетрамер деп аталады, олар ақуыздың 4 молекуласынан тұрады. Вирионның ортасында спираль тәрізді нуклеокапсид орналасқан. Вирионның құрамы орта есеппен 1% РНК, 70-75% ақуыз, 20-24% липидтен және 5% көмірсуларынан тұрады.
Антигендік құрылымы.InfIuenza А вирусының ішкі және сыртқы антигендері бар. Ішкі антиген РНК-дан және капсидтің ақуыздарынан (рибонуклеопротеин) тұрады. Екі сыртқы антигендердің (гемагглютинин (Н) және нейраминидаза (N)) қызметін гликопротеиндер атқарады. Грипп вирусында Н-антигеннің 3 түрі, N антигеннің 2 түрі бар. Вирустың вируленттігі де осы гемагглютининмен нейраминидазаға байланысты. InfIuenza А вирусының өзгергіштігі себебінен вирустың жаңа антигендік варианттары пайда болады. Грипп вирусын өсіру үшін лабораториялқ жануарларды, тауық эмбриондарын, клетка дақылдарын қолданады.
Эпидемиологиясы. Инфекцияның негізгі көзі-ауру адам. Респираторлық әр кез эпидемия туындайды, ал 10-15 жыл сайын гриптің пандемиясы етек жаюда.
Патогенезі. Вирус жоғарғы тыныс жолдары арқылы жұғады. Олар шырышты қабаттың клеткаларына еніп, сонда көбейіп, клеткаларды жансыздандырады. Қабыну процесі респираторлы жүйенің ішкі бөлігіне де еніп, зақымдайды. Өлген клеткалардан ыдыраған өнімдер мен вирустардың өздерінен ыдыраған өнімдер ағзаға улы әсер етуі мүмкін деген болжам бар.
Клиникасы. Ауру адамның дене қызуы 39-40 0 С градусқа дейін көтеріледі, бас, бұлшық ет пен буын, тамақ ауруы және жөтел пайда болады. Ауру 7 тәулікке созылуы мүмкін. Кейде асқыну әсерінен: қансырау, геморрагиялық (өлімге соқтырады) және бактериологиялық пневмония, тонзиллит, гайморит және т.б. құбылыстар мен аурулар пайда болады. Кейде симптомсыз өтуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |