«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша



бет38/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Антигендік құрылысы. Хламидиялардың антигендік құрылымы күрделі, жасуша қабырғасында орналасқан бүкіл тұқымдастыққа тән,липополисахаридтік термостабильді антигені бар.
Резистенттілігі.Қоздырғыш дезинфекциялық заттар әсерінен және қыздыру кезінде инативицияланады, дегенмен кептіруге,мұздатуға төзімді .Қоршаған ортада 2- 3 аптаға дейін ақталады.
Эпидемиологиясы.Респираторлы хламидиоз- антропонозды инфекция. Инфекцияның көзі- науқас адамдар, таралу жолдары- ауалы- тамшылы. Адамның сезімталдығы өте жоғары, әсіресе 20 жастан асқан жас адамдар. Ерекшелігі- инфекцияның таралуы баяу өтеді, себебі ауру адам қоршаған ортаға хламидияларды аз мөлшерде бөледі.Дегенмен, тасымалдаушыларда тыныс жолдарының жоғары бөлімдерінде хламидиялардың жинақталуға қабілеті бар.
Патогенезі. Хламидиялар урогенитальды жолдар, сондай- ақ конъюнктиваның шырышты қабаты арқалы енеді. Қоздырғыштар уретраның, жатыр мойнының, қосалқыларының, аталық бездің, конъюнктиваның қабынуын тудырады.
Клиникалық көріністер. Хламидиялар урогенитальды жолдар, сондай- ақ конъюнктиваның шырышты қабаты арқалы енеді. Қоздырғыштар уретраның, жатыр мойнының, қосалқыларының, аталық бездің, конъюнктиваның қабынуын тудырады.
Иммунитеті.Аурудың кез- келген түрінен кейін тұрақсыз иммунитет қалыптасады.
Микробиологиялық диагноз қою.Хламидияларды зақымдалған жасушалар ішінен қосындылар түрінде немесе жасушадан тыс элементарлы немесе ретикулярлық денешіктер түрінде бөліп алуға болады. Клиникалық көрінісінің әр түрлі болуы хламидиоздарға диагноз қоюды қиындата түседі. Хламидиялық инфекцияларды анықтауда негізгі орынды зертханалық диагноз қою әдістері алады.
Емдеу.Хламидиялық инфекцияларды оптимальды және түбегейлі емдеу әдістері соңына дейін зерттеліп жасалынбаған.Бірақ ауруды созылмалы және ауыр түріне өткізіп алмай, ғылыми негізделген емдеу шараларын дер кезінде бастау, оң нәтиже беретіндігі дәлелденген. Ал созылмалы және ауыр күйіне өтіп кеткен түрлерін емдеп, жазу өте қиын мәселе.
Алдын алу.Арнайы алдын алуы жоқ. Бейспецификалық алдын алу шаралары тұрғындар арасында санитарлық- гигиеналық мәдениетін жоғарылатуға, қауіпсіз жыныстық қарым- қатынастарды насихаттауға бағытталған.
4.Соз (лат.сonorrhoea) — ең зиянды жұқпалы жыныс ауруларының бірі, жіңішке деп те атайды.
Соз, гонорея (gonorrhoea) — жыныстық қатынас арқылы жұғатын жұқпалы ауру. Создың қоздырғышы — Neіsserіe тобына жататын гонококк. Оны 1879 жылы неміс дерматолог-венерологы А.Нейссер (1855 — 1916) аурудан алған іріңнен тапқан.
Гонококк- бұршақ тәрізді грам теріс диплококк, қозғалмайды, спора түзбейді, микрокапсуласы бар. Анилин бояуларымен жақсы боялады.Іріңді бөліндіде гонококтар лейкоциттердің ішінде орналасады. Пенициллин әсерінен L- пішіндері пайда болуы, химиотерапиялық препараттардың әсерінен қасиеттерін жылдам өзгертіп, грам оңға айналуы мүмкін.Гонококтар аэроб, хемоорганотрофтар құрамында сарысу, қан немесе асцитті сұйық бар арнайы қоректік орталарда,370 С температурада, көмірқышқыл газының мөлшері жоғары болғанда түссіз, колониялар түзіп өседі.Қанды агарда гемолиз бермейді, құрамында сүт, желатин және кортоп қосылған қоректік ортада өспейді. Тығыз ортада колониялары түссіз шық тамшысына ұқсас келеді. Сұйық қоректік орта бетінде нәзік қабықша пайда болады, сорпаны лайландырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет