«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша



бет40/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Микробиологиялық диагноз қою.Жедел созға және бленнореяға диагноз қоюдың негізгі әдісі – іріңді бөліндінің жағындысын Грам бойынша, метилен көгінің 1% ерітіндісімен және зозиннің 1 % спиртті ерітіндісімен бояп, бактериоскопиялық зерттеу. Нәтижесі теріс болса бактериологиялық әдісті қолданады.
Емдеу. Антибиотиктер (цефалоспориндер, фторхинолондар, макролидтер, спектиномицин) мен химиопрепараттар қолданылады. Иммунды терапия мақсатында созылмалы соз кезінде өлі гонококтық вакцинаны енгізеді.
Алдын алу. Арнайы сақтандыруы жоқ. Негізгі сақтандыру әдісі жыныстық қатынас кезінде мүшеқап пайдалану. Созбен күресу шаралары инфекция көзі болып табылатын адамдарды табу және емдеу.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1.Мерез қоздырғышын кім тапты?
2.Мерездің морфологиясы қандай?
3.Мерездің инфекция көзі, таралу жолдары қандай?
4.Мерез қоздырғышының патогенезі қандай?
5.Мерез қоздырғышының иммунитет, емдеуі, алдын алуы қандай?
6.Микоплазма қоздырғышын ашқан кім?
7.Микоплазма қоздырғышының дақылдануы қандай?
8.Микоплазма қоздырғышының эпидемиологиясы, иммунитеті қандай?
9.Хламидиялардың морфологиясы қандай?
10.Хламидиялардың резистенттілігі қандай?
11.Хламидиялардың эпидемиологиясы қандай?
12.Соз қоздырғышын кім, қай жылы ашқан?
13.Соз қоздырғышының морфологиясы қандай?
14.Соз қоздырғышының эпидемиологиясы қандай?
15.Соз қоздырғышының патогенезі, клиникалық белгілері қандай?
16.Соз қоздырғышының иммунитеті,емдеуі,алдын алуы қандай?
17.Лептоспираларды ашқан кім?
18.Лептоспиралардың морфологиясы қандай?
19.Лептоспиралардың инфекция көзі,жұғу жолдары қандай?
20.Лептоспиралардың алдын алуы, емдеуі қандай?
21.Эпидемиялық сүзек қоздырғышының инфекция көзі,таралу жолдары қандай?
22.Эндемиялық сүзек қоздырғышыныңинфекция көзі, таралу жолдары қандай?
23.Бөртпе сүзек қоздырғышының морфологиясы қандай?
24.Бөртпе сүзек қоздырғышының антигендік құрылысы қандай?
25.Бөртпе сүзек қоздырғышының емдеу, алдын алуы қандай?
26.Эндемиялық бөртпе сүзегінің инфекция көзі қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет