«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша



бет43/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Микробиологиялық диагностикасы. Зерттеу материалы ретінде мұрын-жұтқыншақтан сүртім немесе шайынды және қанның сары суы алынады.
Зерттеу жұмыстары:
-вирусологиялық-серологиялық (РТГА, РСК)
-экспресс диагностика РИф
Алдын алуы.Арнайы алдын алу шарасы ретінде қауіпті топтарға жататын адмдарға тірі және өлі вакциналарды егеді.
Арнайы емес алдын алу шарасы-шынығу.
2.Парамиксовирустар-грекше para- маңайлық, myxa-шырыш,кілегей) тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарын зақымдайды.
Таксономиясы.
Тұқымдастығы: Paramyxoviridae
MorbiIIivirus-қызылша вирусы ( morbiIIi-ауру, кесел)
RubuIavirus-паротит және парагрипп вирустары
Қызылша вирусы- MorbiIIivirus
Вирусты 1954 жылы Д.Эндерс және Т.Пиблс тапқан. MorbiIIivirus-латынша morbiIIi-ауру, кесел,ауру деген мағынаны білдіреді.
Ультрақұрылымы. Пішіні сфера тәрізді, диаметрі 150-500 нм. Сыртқы қабықшасында гликопротеинді тікенекшелері бар. Вирионның ортасында спираль тәрізді нуклеокапсид орналасқан. Қызылша вирусы РНК құрамды вирус.
Антигендік қасиеттері. Қызылша вирусының гемаглютинациялық және гемолитикалық белсенділігі бар, ал құрамында нейраминидаза жоқ.
Эпидемиологиясы. Қызылша-антропонозды инфекция, кең тараған. Адамның вирусқа сезімталдығы өте жоғары. Көбіне 4-5 жастағы балалар ауырады.
Патогенезі. Қоздырғыш жоғарғы тыныс алу жолдарының және кілегейлі қабаттарына еніп, кілегейлі қабықшалар мен лимфа түйіндерінде шоғырланып, көбейіп, қанға өтеді (вирусемия), қан жүретін жүйені зақымдайды.
Клиникасы. Аурудың алғашқы кезенінде қызу көтерілуі (38,5-390 С), жөтел, конъюктивит белгілері пайда болады. 3-4 тәуліктен кейін бетте, дене мен қол-аяқтың шырышты қабаттары мен терісінде дақты бөртпелер пайда болады. Ауру 7-9 күнге созылады, дақтар ізсіз жойылып кетеді. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады. Плацента арқылы ұрыққа IgG түрінде берілетін пассивті иммунитет жаңа туған нәрестені 6 ай бойы аурудан қорғайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет