«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша



бет45/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Лабораториялық диагностика. Парагриптің микробиологиялық диагностикасында вирусологиялық, серологиялық және иммуноиндикация әдістері қолданылады.
Зерттеу материалдары:
Вирусологиялық зертеуге-мұрые жұтқыншақтан шайынды, қақырық. Серологиялық зерттеуге- қос сары су. Иммуноиндикацияға-жасуша дақылдарына жұқтыру-мұрын жұтқыншақ шайындысы мен шырышты эпителий сүртіміне РТГА, РСК, РИФ,ИФА реакцияларын қою.
1.РИФ (иммунды флюоресцентті реакция)
2.РТГА (гемагглютинацияны баяулатушы реакция)
3.РСК (комплементі байланыстыру реакциясы)
4.ИФА (иммундық ферментті агглютинация).
Емдеуі. Этиотропты препараттар (арбидол, интерферон, иммунды модуляторлар) қолдану.Симптоматикалық емдеу шаралары.
Алдын алу. Вакцинация жүргізілмейді.

Паротит вирусы-RubuIavirus
Вирусты 1934 жылы К.Джонсон мен Э.Гудпасчер анықтаған.
Ультрақұрылымы. Пішіні сфера тәрізді,диаметрі 150-300 нм. Сыртқы қабықшасында гликопротеинді тікенекшелері бар.Вирионның ортасында спираль тәрізді капсид және суперкапсид орналасқан.Паротит вирусы РНК -құрамды вирус.
Антигендік қасиеттері.Паротит вирусының гемагглютинациялық, нейраминидазалық және гемолитикалық белсенділігі бар. Серологиялық варианттары жоқ.
Эпидемиологиясы. Паротит антропонозды инфекция. Инфекция көзі-ауру адам. Вирус аэрозольды жолмен, кейде ластанған (сілекеймен) заттар арқылы жұғады. Адамның вирусқа сезімталдығы өте жоғары. Көбіне 5-15 жас аралығындағы балалар ауырады, кей-кезде ересек адамдар ауруы мүмкін.
Патогенезі.Қоздырғыш жоғарғы тыныс алу жолдарының кілегейлі қабаттарына еніп, құлаққа жақын орналасқан бездерді қабындырып, көбейіп, қанға өтеді (вирусемия) ағзаға тарап, жыныстық мүше (жұмырқа) бездеріне, қалқанша безі мен асказан бездеріне және ми қабықшасына т.б. барып, қабыну процестерін тудырады.
Клиникасы. Аурудың алғашқы кезенінде қызу көтерілуі (38,5-39 градус С), бас ауруы, селқостық пайда болады. Құлақтарға жақын бездер қабынады, патологиялыққұбылысқа басқа да сілекей бездері қатысуы мүмкін. Ауру 7 тәулікке созылады. Аурудың асқынуы-орхитм(бедеу), менингит,менингоэнцефалит,панкреатит ауруларын тудырады. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет