«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет90/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

Жау-у қаласы – «Хəннаманың» Жағрапия дерегінде Жау-у ауданы Жаң-йе айма-
ғына қарайды деп жазылған. Бұл байырғы нүкістердің ата қонысы. Жау-у деген 
жер атын “ябғұ” сөзімен қатыстыра зерттеушілер бар. Қытай деректерінде Орталық 
Азиядағы соғұдтардың тоғыз арысы – Жау-удың тоғыз арысы деп аталған.
Ғұн – ертедегі этнос əрі қағанат. Ежелгі қытайлықтар оларды “ху” деп те атаған. 
Ертедегі сауыт-сүйек жазуларда – “ғұн”, Йын, Шаң, Жоу хандықтары тұсында – “гүр 
елі”, “ғұнрей”, “хəмюн”, “хұнтүк” немесе “хұнүк”, “ғұнғру”, Чин патшалығы кезінде 
“хюңнағ” немесе “хюңна” түрінде жазбаға түскен. Ғұн этносының аталуы əр елде біркел-
кі емес. Гректер – “hunnoi”; латындар – “chunni”, “hunni”; орыстар – “гунн”; еуропалық-
тар “hun’s” десе, армян тарихшыларының жазуынша – “hunk”; қазақ ғылымында “ғұн”, 
“һұн”, “хұн”, “гүн” түрінде əр түрлі қолданылып келді. Біз иероглифтік жазудың ежелгі 
оқылуын жəне əр түрлі аталуын негізге алып “ғұн” дегенді дұрыс көрдік. 
Шарбуби – «Сүйнама» баянында «дəйшыби» болып жазылған. Жапон ғалымы 
Ширатори Куракичи “би” сөзін түркі тіліндегі “бек” сөзімен қатысты деп қарайды. 
Біздіңше, қазақшадағы “би” сөзі болар. Байырғы үйсіндерде де ең жоғарғы лауазым 
иесі “би”, “күнби” аталған.
Сарбу суы (сабау өзені) – қазіргі Зарафшан дариясы. Мұны зороастризмге 
сенуші парсылардың ауылнайы деген мағынадағы соғұд тіліндегі “Сартбау” сөзімен 
баламалаушылар бар. Біз қытайша ескіше дыбысталуымен алдық.
Алодок (алуди) – қазіргі Самарқант қаласының шығысындағы Афрасиаб үстір-
тіндегі байырғы қала. 
Ақ дабы – мата аты. Біз ескі қытайша дыбысталуына жəне парсыша мағынасына 
сай “Ақ бөз” деген мағынадағы осы матаны Шынжаң қазақтарының жергілікті 
тіліндегі “Дабы” (бөздің бір түрі) деген сөзбен баламаладық.
Маймарғ – ел аты. «Сүйнаманың» 83-бумасында: “Маймарғтың астанасы Намық-
судың бойында, ежелгі Каңгу жері. Ханы жоқ. Қала əкімінің əулет есімі – Жау-у, ол 
Каң елінің ханына жегжат келеді, жана ма аты – Бижо, астанасының аумағы – 2 ли. 
Соғысқа жарамды жүздеген адамы бар. Солтүстік-батысынан Каң еліне дейін 100 ли, 
шығысынан Сутришна еліне дейін 500 ли, оңтүстік-батысынан Кеш еліне дейін 200 
ли, шығысынан Гуажоуға дейін 6400 ли” деген дерек айтылады. 
Кеш (Шы елі) – ел аты. Орны қазіргі Самарқант қаласының оңтүстігіндегі Шахри-
себіз. «Сүйнаманың» 83-бумасында: “Шаш елі Думо суының батысында, ежелгі Каңгу 
жері. Ханының əулет есімі – Жау-у, жанама аты – Тижы, Каң елінің ханына жегжат 
келеді. Астанасының аумағы 2 ли. Соғысқа жарамды мыңдай адамы бар. Əдет-ғұрпы 
Каң елінікіне ұқсайды. Солтүстігінен Каң еліне дейін 240 ли, оңтүстігінен Тохарға 
дейін 500 ли, батысынан Нақсаб еліне дейін 200 ли, солтүстік-шығысынан Маймарғ 
еліне дейін 200 ли, шығысынан Гуажоуға 6500 ли” делінген. 
Кебұт (Цау елі) – ел аты. «Уейнамада» – “Кебұдхана”, «Жаңа Таңнамада» “Батыс 
кебұт” деп аталды. Орны Самарқанның солтүстік-батысындағы Кебұт. Мұсылман 
географтарының шығармаларында “Кабұдханикат” деген қаланың аты кезігеді. 
«Сүйнаманың» 83-бумасында: “Кебұт елінің астанасы Намықсудың оңтүстігінен 
бірнеше ли жерде, ежелгі Каңгу жері. Елде əмірші жоқ, Каң елінің ханы өз ұлы Ужянға 
басқартады. Астанасының аумағы 3 ли. Соғысқа жарамды мыңдай адамы бар… 
Шығысынан Каң еліне дейін 100 ли, батысынан Қай еліне дейін 150 ли, шығысынан 
Гуажоуға дейін 6600 ли” деген дерек айтылады. 
Қай елі (Хы елі) – ел аты. «Жаңа Таңнамада» “Кушан” деп те жазылған. 
Иероглифтың ерте орта ғасырдағы оқылуы “ға”. Демек “қай” болуы ғажап емес. 
«Сүйнаманың» 83-бумасында: “Қай елінің астанасы Намықсудың оңтүстігінен бір-
неше ли жерде, ежелгі Каңгу жері. Ханының əулет есімі – Жау-у, Каң елінің ханына 
туыс, жанама аты – Дүн. Астанасының аумағы 2 ли. Соғысқа жарамды адамы мың. 
Ханы қошқар пішінді алтын тақта отырады. Шығысынан кебұт еліне дейін 150 ли, 
батысынан Кіші Бұхара еліне дейін 300 ли, шығысынан Гуажоуға дейін 6750 ли” 
деген дерек хатталған. 
Бұхара (Əн елі) – қазіргі Бұхара (Бұқарақ) қаласы. «Сүйнаманың» 83-бумасында: 
“Бұхара елі – Хəн əулеті тұсындағы Парфия елі. Ханының əулет есімі – Жау-у. Каң 
елінің ханының туысы, жанама аты – Шэлидың, қатыны Каң елінің ханының қызы. 
Астанасы Намақсудың оңтүстігінде, қаласы бес шеңберлі, өзен суы айналып ағады. 
Сарайлары күмбез пішінді болады. Ханы 7–8 чы биіктіктегі түйе пішінді алтын тақта 
отырады. Сарай зияратында хан қатынына қарама-қарсы отырады. Үкімет жұмыстарын 
үш уəзір жамғарады. Əдет-ғұрпы Каң елінікіне ұқсайды. Тек қана айырмашылығы 
апа-қарындастарына некелене береді… Яңди патша таққа отырғаннан кейін тектеуіл 
шабары Ду Шинмəнды батыс өңірге елшілік сапармен аттандырды. Ол осы елден 
қайтарында бес түрлі реңкідегі тұз алып қайтты.
Елдің батысынан жүз лидей жерде мыңдай отбасысы бар Биго деген ел бар. Ол 
елде əмірші жоқ, Бұхара (ханы) басқарады. Да-йеның 5 жылы елші салып көпшір 
тапсырды, сонан былай арадағы қарым-қатынас үзілмей келеді” деп, ал «Жаңа 
Таңнама» 221-бума, 146 (2)-баянында: “Əн дегеніміз Бұхара (bu xuаt немесе bu xаt)” 
деп жазылған. Ерте орта ғасырдағы қытай тілінде “t” көбінесе түркі тілдеріндегі “р” 
дыбысын бейнелейді. Демек, bu xuаt, bu xаt дегендер Бұхар сөзін білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет