440
441
сөзі о баста сақалдылар дегеннен шыққан, Хəн əулетінен кейінгі жылнамаларда жал-
пылама шетелдік деген мағынаны білдірген. Түркілердің ху деген қытайлық атауды
“соғдақ” деп атауы да қисынды.
Каң елі – ғылымда бұл елді Самарқант елі деп қарайды. Алайда «Уейнаманың»
осы баянында Самарқант елі, яғни “Семізкент” деп жазылған. Біз түпнұсқа негізінде
«Каң елі» деп атауды жөн көрдік.
Келентау – тау аты. Қазіргі қытай тілінде “Чиляншəн” болып айтылады. Бұл тау
жөнінде «Цыхəй» деген энциклопедияда: “Кең мағынадағы Келен тауы Гəнсу өлкесінің
батыс бөлігі мен Чиңхəй өлкесінің солтүстік-шығыс
бөлігіндегі таулы өңірдің
жалпылама аты. Ол моңғол тілінде “Тəңір” деген сөзден ауысқан. Хыши дəлізінің
оңтүстігінде болғандықтан, Нəншəн (Оңтүстік тау) деп те аталған” деген анықтама
берілген. Ежелгі қытай тіліндегі дыбысталуына моңғол тіліндегі гэлэн (келен, келең)
сөзіне жақын келеді. Мұны жапон ғалымдары kilan, kilin деп те дыбыстаған. Келен
тауын қазіргі Тəңіртаудың (Тянь-Шань тауы) шығыс саласы деп қарайтындар да бар.
Демек, ол түркі тілдерінде Тəңіртау деп аталған.
Достарыңызбен бөлісу: