«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет94/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

ОНГИН ҰСТЫНЫ
Оа.І.1: 1) «jamy». Онгин мəтінінде 
(jamy) деп қашалған. Мұны С.Е.Малов
Бұмын деп өзгерткен. Мəтіннің түпнұсқасындағы «jamy» қаған Бұмыннан бұрын 
болған қаған. «Бұмын» деп ешқандай ғылыми негізсіз өзгертудің қисыны жоқ.
Оа.І.3: 2) «Балбал» кешен – иесінен жеңіліс тауып, соның иелігіне өткен тайпа 
көсемдері мен халқының атынан қойылған қара тастар.
3) «juluq». С.Е.Малов (97.8), Х.Н.Орхун (232.28) «jоluq» деп транскрипция жасап, 
бұл сөзді «жертва» деп аударған. Біз «juluq» деп оқыдық. «jul» – жұлу (МК.ІІІ.9–12; 
28–8; МШУ ІІ.2). -uq – сын есім тудыратын жұрнақ. М: buz+uq=buzuq (сынық); 
qyl+yq=qylyq (қылық); jar+uq=jaruq (жарық); ač+uq=ačuq (ашық). Ендеше «juluq» 
сөзінің мағынасы «жұлыс, керіс, бүлік».
Оа.І.4: 4) «Yšbara» С.Е.Малов (97.9), Х.Н.Орхун (232.28) «šabra» деп транскрипция 
жасаған. Біз «yšbara» деп оқыдық. Байырғы түркілерде «šabra» деген лауазым жоқ.
1) «Jabγu» С.Е.Малов (97.9), Х.Н.Орхун (232.28) «joγa» деп оқыған. «Joγa» – бейіт, 
мола. Мағынасы сөйлеммен үйлеспейді. Түпнұсқада «jabyu».
2) «Ajmaγlyγ». С.Е.Малов (98.9), Х.Н.Орхун (232.28) «jumyylyy» деп оқыған. 
Түпнұсқада «ajmaγlyγ» – аймағымен, əулетімен деген мағына береді.
3) «El etmis jabγu oγly yšbara tamγan čor jabγu inisi bilige yšbara tamγan tarqan 
ajmaγlyγ bes jetmis ečim ataam» – Ел-етміс ябғу, оның ұлы Ышбара Тамған-чор 
ябғу (Ел-етміс ябғу), оның інісі Білге Тамған-тархан аймағымен (əулетімен) алпыс 
ата....», деген сөйлемдегі Ел-етміс ябғу кім? Осы кешен иесіне дейін алпыс бес атаға 
жеткен. Олардың басында Ел-етміс ябғу тұр. Б.з. 716 жылына дейін «қаған» атағына 
«еl» атағын қосып атаған Ел-қаған Бұмын, Елтеріс қаған Құтлұғ қана. Бұмын қаған 
атына қосылып жазылған «еl» сөзі қытай нұсқасындағы «или кехан» дегеннен (22.
І.221, 228) жаңғыртылған. Қытай тарихшылары алғашқы «ел» сөзін ғана бөліп алып 
«или кехан» деп белгілеген болуы керек. Түркілер өздері «Ел-етміш» деп атаған. 
Оның дəлелі – осы Онгин ескерткішіндегі біздің сөз етіп отырған лауазым атауы. 
Түркілердің 300 жылдық тарихында «ел» атауын атағына қосып атанған үш-ақ қаған 
бар. Олар:
а) Алғашқы Түркі қағанатын (империя) орнатып, негізін қалаушы Ел-етміс Бұмын 
қаған (б.з.546 ж).
б) Екінші, көк Түркі қағанатын орнатушы – Елтеріс Құтлұғ қаған (682 ж.).
в) Біріккен Түркі қағанатын орнатушы – Ел-етміш Білге Тұрайын қаған (б.з. 745 ж.).
Оа.І.5: 8) «Jeti eren». Х.Н.Орхун бұл тіркесті «yeti er» (жеті ер) деп аударса, (233. 
128), С.Е.Малов «семь мужей (предводителей) (98.10) деп аударған. Бұл арада «Jeti 
eren» тіркесі жай ғана «жеті азаматты», «жеті басшыны» көрсетіп отырған жоқ.
«Жеті ерен» – этноним, Таң империясының қол астына кірген оғуз тайпаларының 
ішіндегі «жеті ерен» атты тайпа. Бұл тайпа қазақ ұлтының құрамындағы «жеті ру» 
тайпасы болуы мүмкін. Бұны тереңдеп зерттеу қажет.
Оа.ІІ.11. 11) «Fqui jurup» = 
сөзді С.Е.Малов «qaljurup» (беситься, сильно 
гневаться) (98.10) деп оқыған. Біз aqyl/aql деп оқып, «ақыл» (ЮгА
260
; QBN7224
4
; МК. 
ІІІ. 172) деп аудардық. Juryp-жұмсап.
«Онгин ұстыны» да Қ.Сартқожаұлының «Орхон мұралары» кітабында (Астана, 
2003) жарияланған мəтін бойынша берілді.
Қ.Сартқожаұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет