«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет96/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

КТ. І. 1: 1) «Üze kök Teηri, asra jaγyz Jer» сөйлеміндегі «Teηrі» сөзін В.Томсен 
(242. 97; 1896,) В.В.Радлов (238, 1894, с.4–5; 1897, с.16), Х.Н.Орхун (232. 1936, с.22), 
С.Е.Малов (97. 1951. с.36) «көк аспан» деп аударған. Дұрысы байырғы түркілердің 
дүниетанымын, наным-сенімін білдіретін «Тəңір» (жаратушы) деген сөз.
2) «Jaγyz Jer» деген тіркесін В.Томсен «қара жер» деп, (1896. 250. 97), В.В.Радлов 
«темная земля» (238, 4–5; 112.16) деп аударған. С.E.Малов «темная земля» дей отырып, 
жақшаның ішіне сөзбе-сөз мағынасын «бурая» (қоңыр) деп берген (1951. с.36).
Байырғы түркілердің түсінігінде «қара», «қараңғы» – жамандық символы. 
Соның ішінде Тəңірі тұтып отырған жерге «қара» деген сөзді мүлдем қолданбайды. 
Өйткені Жер-ананы (Umaj, умай ybuq jer) қасиет, кие тұтқан. Мəтіндегі «jaγyz» сөзін 
М.Қашқари сөздігінде «қызыл менен қара түстің ортасындағы өң» (178. ІІІ. 9–12; ІҮ. 
728) деп түсіндірген. Бұл қоңыр өң. Қазақ тілінде бұған байланысты мысалдарды 
көптеп кездестіруге болады. Мысалы: «Қоңырат (этноним), қоңыр қой, қоңыр қозы, 
қоңыр үйрек, Байқоңыр (жер аты), т. т. с. с. Сондықтан біз «jaγyz» деп аудара отырып, 
қазақ тілінің қазіргі нормасына сай «қара жер» деп алдық.
3) «türük» Күлтегін, Білге қаған, Тұй-ұқұқ, Күүлі-Чор, Онгин ескерткіштеріндегі 
мəтіндерде 
деп жазылған.
В Томсен, В.В.Радлов, Х.Н.Орхун, С.Е.Маловтар «türk» деп оқыған. Кейін 
В.Томсен (246), Т.Текин «türük» (250.231–258), Г.Клосон «türkü» (1963. с. 84) деп 
оқыған. Біз Т.Текиннің оқылуын қабылдадық. Себебі графикасының мəні, жоғарыда 
айтқанымыздай, байырғы түркі графикасын зерттеген барлық ғалымдар бірауыздан 
ük, ök/ kü, kö деп транскрипциялауды ұсынған. Бұл байырғы түркі тіліндегі дауысты 
дыбыстардың үйлесу сингармонизміне, соның ішінде қыпшақ тобының фонетикалық 
үйлесіміне дəл келеді.
4) «il/el» Бұл сөзді В.Томсен – «il» (249. 97), В.В.Радлов «эл» (238.5; 112. 16), 
С.Е.Малов – «il» (97.28), Т.Текин – «il» (250.232), ДТС (45. 168–169) «el», барлық 
қыпшақ тілі тобының халықтарында «el» (137.340) дейді. Сондықтан біз В.В.Радлов 
пен ДТС-тің транскрипциясын қабылдадық. Алтай тілдері тобында да, түркі тілдеріне 
туыс манчжур, моңғол тілдері топтарында да «el» деп (137.142) қолданған. М.Қашқари 
сөздігінде «el» деп жазылған (178.І.48–25; ІІ.10–14; 25–8; 238–15; ІІІ.21–7, 123–8; 
221–8). «Ел» сөзінің аудармасын жоғарыдағы зерттеушілердің көбі «племенный 
союз» (тайпалық одақ) деп аударған. Біз «мемлекет» деген мағынасын алдық. 
Өйткені мемлекет болмаса, төр (өкімет – власть) құрылмайды. Тайпалар бірлестігінде 
(племенный союз) мемлекеттік құрылым болмайды. Байырғы Түркі қағанатында мем-
лекеттік құрылым түзілгені мəлім. Түркілердің түпкі мақсат-арманы да мəңгілік ел 
(мемлекет) орнату еді.
5) «törü» сөзін В.Томсен «құрылым» (249.97), В.В.Радлов «правительственная 
власть» (112.с.16), С.Е.Малов (установление» (97.с.36), деп аударған. В.В.Радловтың 
аудармасын қабылдадық. Себебі: а) Шыңғысхан империясы байырғы Түркі қағана-
тының құрылымын сол қалпымен қабылдаған. Түркілердің «tör» (өкімет) деген 
атауын өзгертпей алған; б) М.Қашқари сөздігінде tör – үйдің төрі, құрметті орын (МК.
ІІІ. 133), «Құтадғу білікте» – «өкімет» (QBK. 852);
Моңғолдың құпия шежіресінде – «өкімет» (МНТ §112), Х–ХІ ғасырлардағы 
орта ғасырлық түркі деректерінде де «tör» сөзінің мағынасы «өкімет» (SuV. 1214; 
OMT.51).
КТ.І.2: 6) Күлтегін ұстынының 12-жолындағы 
(qop) деген сөзді алғаш рет 
В.В.Радлов «aqup» «совершать набеги» (239) деп оқыған еді. Бұған В.Томсен қарсы 
болған, сөйтіп өзі «qоp» – көп (249.97) деп оқыған. В.Томсеннің сынынан кейін 
В.Радлов Күлтегін мəтінін қайта қарап, (238.с. 216–218): «qop» сөзін «көп» деген 
мағынада оқуға келмейді, себебі «көп» сөзі кейінгі түркі тілдеріне парсы тілінен 
ауысқан. Түркілер өздері üküš, telim, tola деп атайды – деп, бұл сөзді «aqup» деп оқуды 
ұсынады. 

деп жазылған мəтінді «aqup» деп оқи келе, 
сөзінің оқылуының 
үш вариантын ұсынады (238.216–218).
В.В.Радловтың мұнысы орынды сияқты. Күлтегін мəтінінің 2-жолы Білге қаған 
мəтінінде өзгеріссіз қайталанған. Күлтегін мəтініндегі 
сөзі Білге қаған мəтінінде 
деп таңбаланған. Күлтегін, Білге қаған, Тұй-ұқұқ мəтіндерінде 
24 рет қайта-
ланған. Aл 
Күлтегіннің 2-жолында екі-ақ рет кездеседі. Оның өзін кейінгі 
(Күлтегіннен соң 2 жылдан кейін орнатқан) Білге қаған мəтінінде 
деп өзгертіп 
таңбалап отыр. Олай болса Күлтегін мəтінінде 
сөзінің алғашқы əрпі -ның орнына 
жаңылып таңбасымен тасқа теріс қашалған сияқты. В.В.Радлов осы жаңылысты 
сезгендіктен 
сөзін транскрипциялаған кезде күмəнданған. Біз КТ.І.2-жолындағы 
деп таңбаланған сөздің Білге қаған мəтініндегі дұрыс жазылуын пайдаланып 
аударуға тырыстық. 
сөзін біз үш түрлі вариантпен оқыдық. Өйткені таңбасының 
өзі uq/qu, oq/qo деп транскрипциялануға тиісті.
а) 
. КТ.І.14. КТ. І.30; КТ.ІІ. 10.10; Туй.36; БК.І.3-жолдардағы 
-көсемшені 
білдіреді. Бұл сөзді «qоup» деп транскрипцияладық. Қазіргі қазақ, қырғыз, ноғай, 
башқұрт, татар, ұйғыр тілдерінде «қоп», «қобу» деп қолданылады. М.Қашқари 
сөздігінде (МК. ІІ. 4; І. 97, 120, 42, 258) «көтерілу», «өздігінен көтеріліп тұру» деген 
мағынаны білдіреді. Ендеше бұл сөздің архаикалық мағынасы «көтерілу, тұру, қарсы 
тұру, жауласу, күресу» деген мағына бермек. «Qoup» көсемшесінің грамматикалық 
тарихи өзгерісі *qoγup~qoup~qop~qobu болуы мүмкін. 
б) КТ.І.30; 38; КТ.ІІ. 1; КТ.ІІІ. 2,3,9, 10; БК.І.3.28; ІІ. 12-жолдардағы 
таңбаны 
«quup» деп транскрипциялап, қазіргі қазақ, татар, башқұрт, қырғыз, алтай тілдеріндегі 
«quup», М.Қашқари сөздігіндегі «qow-dy» (МК.ІІ. 16, ІІІ. 183) сөзінің мəніне сүйене 
отырып «қуды», «қуып бағындырды», «бағынышты болу»деген мағынада аудардық. 
Қараңыз: -quup baz qyldym=қуып (бағындырып) тату (бейбіт) қылдым (KТ.I.30)-susin 
quup ölürtim= қолын қуып өлтірдім (БК.І. 28).
Грамматикалық тарихи өзгерісі *quγu~quu~qu 
в) KT.I. 34. 41; KT. II. 14-жолдардағы 
кескінді «uqup» деп транскрипциялап, 
қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, алтай тілдерінің «uqup» лексикасын, М.Қашқари 
сөздігіндегі «qop/qup» сөзінің (МК.ІІІ. 193-23), моңғол тілінің «uq, uquju» (парықтап) 
мағыналарына сүйене отырып «ұғу, түсіну, парықтау» деп аудардық. Қараңыз: – 
«türük begler uqup bilersiz» – Түркі бектері ұғып білерсіз (KT.І.34). – «barqyn, bedizen, 
bitig tasyn, bičin jylqa, jitinčaj jiti otuzqa alqadymyz» – Барықын, мүсінін, бітіг тасын 
(ұстын) мешін жылы жетінші айдың 27 күні алқадық (аяқтадық) (КТ.ІІ.14). Кезінде 
В.В.Радлов та 
(uqup) деп оқып, «слушать, слышать, понимать» (129.217) деп 
түсініктеме берген. Қыпшақ тілі тобында оqu, uq, u γu (оқы, ұқ, ұғу) сөздері осы 
сөзінің жаңа формасы. Моңғолдар күні бүгінге дейін түсіну, тыңдау, парықтау деген 
мағынада «uqu» сөзін қолданады.


 448
449
7) Бұған дейінгі транскрипция жасаған ғалымдар 
сөзін «qondurtmys», 
«qonturtmys» деп оқыған. Біз u кескіннің uq/qu, oq,qo мəнін кіргізіп «qoondurtymys» 
деп созылыңқы дауысты дыбыспен оқып транскрипция жасадық.
КТ.І.3: 8) КТ. І.3. 
сөзіне кескінді ük/kü, ök/kö деп транскрипцияладық. Онда: 
«köök» деп оқылады.
9) «Idi oqsyz köök türük anča olurur ermis» деген сөйлемді В.В.Радлов «жили 
голубые турки, не (имевшие) правящих знатных родов» (112.17), В.Томсен «Si Lion 
entre ces deux (points eхtremes) s’ etendaient en souvеrains Les Turcs Bleus»(249.98), 
С.Е.Малов «обитали (восседали), устраивая «голубых» тюрков, которые были 
(тогда) без господина и без родовых представителей» (97.36) деп аударған. «Oq» 
сөзі нің бірнеше мағынасы бар. Мұндағы «oq» М.Қашқаридің сөздігіндегі (МК.І.48) 
мұралық» сөзінің мағынасымен үндеседі. Орта ғасырдағы көшпелі халықтар бүкіл 
бүтін ру, тайпа, елді қағанатқа еңбек сіңірген батырларға, хан тұқымына мұралыққа 
үлеске (удел) беретін болған. Бұл – ол адамдардың мұралыққа (наследствие) алған 
иеліктері (вассал). Сондықтан біз «idi oqsyz köök türük» – «Иесі иеліксіз көк түркі» 
деп аудардық. «Oq» сөзі ары қарай грамматикалық өзгеріске түскенде «oγušy» болып 
өзгерген, «oqym» деп атамаған. Қараңыз: «oγusy bodunym» (KT.II.7; KT.IV.1,6.7; 
K.I.25.31) «иелік, мұралық халқым» деп əлденеше қайталаған. On-oq=Он – иелік, 
oγusym – иелігім, мұралығым, т.с.с. мағына береді. 
10) «Bujruq» сөзін В.В.Радлов «военачальников», «наместников» (112,17), 
В.Томсен «otticiers» (249.98), ДТС «приказный (45, 121), С.Е.Малов «их приказные 
были мудры» (97.36) деп аударған. «bujruq» сөзін қазіргі түркі тілдеріндегі мағына-
сымен алған. Теркин (Тариат) ескерткішінің мəтінінде «teηride bolmyš el etmis qaγan 
ičreki boduny altymyš.ič bujruq bašy ynanču baγa tarqan» – Тəңірден болған Ел-етміш 
Білге қаған ішкі (Орда) халқын алды. Орданың бас қолбасшысы Ынанчу баға Тархан 
(Терк.21) деп байырғы түркілердің əскери қолбасшыларын анық көрсеткен. Сөйтіп, 
бұл сөйлемді «қолбасшысы да білікті болған» деп аудардық.
КТ.4: 11) 
нұсқаны В.Томсен «qytaj» деп оқып, «қидан» деп аударған. 
В.В.Радлов Тұй-ұқұқ мəтінен бастап кескінін «ни» – деп оқығаннан кейін «қытани» 
деп транскрипция жасап келді. Біз В.Томсеннің оқылуын қабылдай отырып, «qyytaj» 
деп транскрипция жасап, «қидан» деп аударуды жөн көрдік. Мұндағы кескінінің өзі 
«qу» деп оқылады. Оған қоса (у) дыбысы жазылғандықтан «qyytaj» (қыытай) деп 
транскрипцияладық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет