Аждаһа—аздаһа, айдаһар, алып жылан
Антектік, әнтектік /ж.с./—қателік, кемшілік
Аңқа /к.с./—кеңсірік, тамақ қуысы
Әбжылан [ әб /п/—су]—фольклорлық шығармаларда суды
мекендейтін улы жылан
Әйдіңгер /ж.с./—атақты, үлкен, әйгілі деген мағынада қол-
данылады
Әләй /ж.с./—1. жол; 2. дүлей
Әмеңгер /к.с/—қазақ дәстүрі бойынша, жесір әйелдің күйе-
уінің орнын басуға құқылы қайын не қайынағасы
Әндігер /ж.с./—қадірлі, құрметті
Базына—өзім деген адамға айтылатын наз, өкпе, тілек.
Бақастық /ж.с./—көре алмастық, қызғаншақтық, күншіл-
дік
Бақшы /т/—ақын, жырау, бақсы
Бардам /с.е./—Күйлі, әл-ауқатты
Бек /з.б./—таулы жерде өсетін айыр жапырақты, тамыры
жеуге жарамды өсімдік
Ботташық—сәбізге ұқсас, көпжылдық шөптесін өсімдік
Бөблік, боплік—мәтінде құлақтандыру, хабарландыру ма-
ғы насында
Бөгенай /ж.с./—түр, тұлға, дене бітімі деген мағынада
Бөктергі—ұсақ жәндіктерді аулайтын ақсары жүнді жырт-
қыш құс
Бұла—еркін, ерке, қағусыз өскен, еш бейнет көрмеген
(адам, мал)
Дәулескер—майталман, шебер. Мыс: дәулескер күйші
Дерітіп (дерту)—1.ісіну, сыздау; 2. Пісіп жетілу, толысу
СөЗДІК
374
күй аңыздар
Дилы—күйлі, қуатты
Дутар—өзбек, ұйғыр, түрікмен, тәжік халықтарының қос
ішекті музыкалық аспабы
Ексе /с.к./—Ересек, мосқал
Жәрмеңке—үлкен базар, көшпелі немесе маусымдық сауда
орны
Достарыңызбен бөлісу: |