372
күй аңыздар
Үгедей, Өгедей /1186-1241/—Шыңғыс ханның үшінші
ұлы, әрі мирасқоры. Жас кезінен бастап әкесінің жорықтарына
қатысқан. Шыңғыс хан империясының 1229-1241 жылдар ара-
лығындағы «ұлы ханы» болған.
Ағалары Жошы мен Шағатай
арасында үнемі дау туа бергендіктен Шыңғыс хан үгедейді алға
шығарып, екі ағасын оған бағынуға міндеттеді. үгедей білімді
әрі ақылды адам болған. Мемлекет іргесін нығайту мақсатын-
да ел
астанасы Қарақорымды салып, халық санағын жүргіз ді.
Жылдам хабар алу үшін пошта қызметі ұйымдастырылды.
Ықылас Дүкенұлы /1843-1916/—күйші, қобызшы, компо-
зитор. ықыластың атасы Алтынбек айтулы зергер,
ұста болған
адам, ағаштан қобыз, домбыра жасап, өзі сол аспаптарды жақ-
сы тарта білген. ықыластың күйшілік
дарыны ерте ашылып,
7-8 жасынан бастап-ақ қобыз ұстап, әкесі тартқан күйлерді
тез игеріп алған. оның күйлерінің ырғағы өзінен бұрынғы
күй шілерге ұқсамай, адам көңілінің
тоқсан толғаулы сырын
жыр етті, уақытты, замана тынысын, өмір шындығын шертті.
оның «Қорқыт», «Кертолғау», «Қоңыр», «ықылас», «Қазан»,
«Қамбар—Назым», «Жезкиік», «Шыңырау», «Аққу», «Ер-
ден», «Жарым патша», «Бес төре», «Жалғыз аяқ» т.б. толғау
күй лері бар.