Жойдасыз /ж.с./—үлкен, жойқын, ерекше деген мағынада
Зәңгі—1. Жергілікті әкімдердің ең кішісі, старшина; Қы тай
қазақтары арасында қолданылған ең төменгі әкімшілік лауа-
зымы. 2. Қара нәсілді адам, негр. 3. Қызметші, құл. 4. Саты,
басқыш.
Зәрезап—мезі болу, шошыну, жалығу, запы болу
Зоң /з.з./—қарғаның түрі
Зүбәржат /а/—жасылдау түсті, жылтыр, асыл тас
Ибадат—инабат
Кебенек /к.с./—малшылар аязда, жауын-шашында киетін
жұқа киізден тігілген сырт киім.
Күбі—айран, іркіт, қымыз пісуге қаймақтан май түсіруге
арналған ағаштан жасалған, ауыз жағы тарлау келетін піспегі
бар ыдыс.
Қарқара—1. құстың бір түрі; 2. мәртебе, мерей; 3. қауыр-
сын
Қаукерік—аңқау, аңғал, әңгүдік
Қоғамдау—топтау, жиыстыру, басын біріктіру, шоғырлау
Қормал /с.ж./—жанашыр, қамқор адам
Қузау—қуза етістігінің қимыл атауы. 1. Бір нәрсені қозғау,
қаузау. 2. /ауыс./ Мәселе көтеру, қозғау салу
Қылшан—/к.с./—ертедегі батырлардың жебе салып жүруі
үшін жылқының қылынан істелген оқ қабы, қорамсақ
Қысырақ—үйірге қосылмағандықтан қысыр қалып құ лын-
дамаған байтал, бие
Ләббай /а/—құп; құзырыңа әзірмін
Лепес /ар./—айтылған сөз, лебіз
Летаргілік—мәтінде бірнеше тәулік үйқы мағынасында
Мағұрланып /ж.с./—маңғазданып, бойына тоғытпай деген
мағынада қолданылады
Мәзһап
/а/—жол; діни мектеп; ағым; бағыт
Мосыағаш—/к.с./—ілгегіне шелек, шәугім іліп тамақ пісі-
ретін үш тағанды темір құрал
374
375
ғылыми қосымшалар
Достарыңызбен бөлісу: |